|  |  | 

Тұлғалар Әдеби әлем

ҒҰЛАМАНЫҢ ІЗБАСАРЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ ХАТЫ

Aqt qaj web

Армысыздр барша Қазақ жұрты:

Біз Қазақ руханиятын бір игі жаңалықпен қауыштырдық. Абайдан кейінгі Қазақтың рухани

ақылман биі, Моңғолия, Қытай, Түркия, Еуропа қазақтары ең ұлы дәнішпаннің бірі ретінде зор

құрмет тұтқан тұлға __ Ақыт Үлімжіұлына арналған арнаулы сайт Қытайдың Ши-Ан(Шанши

провинциясы), Нанкин(Жияңсу провинциясы), Чаңчүн(Жи-Лин провинциясы) қалаларында

тұратын қазақ жастарының ортақ ізденісімен ашылды. сүбелі жобамен қалыптасқан сайтымыз __

<<Ақыт әлемі>> сайты деген атқа жайғасты. мешін жылының әз басынан бері қарай дайындалған

бұл жоба міне дәл бүгін екі жақтағы жұртқа бірдей шүйіншілесуімізге бұйырды. менің атым Мұса

Тәбітайұлы, ғұламаның ұзақ уақыт күл төгіп, ши орған мекені Алтайдың Шәкүрті деген жерінде

1992жылы 20қыркүйекте өмір есігін аштым. қаршадай күнімнен туған топырағымда өткен

аталарым аңызын жиі толғайтын тұлғалардың бір үмітінен шықсам деген балғын ой жүрегімде

толқып жүрді. міне, бүгін шуақты ойым жарыққа шыққаннан бері әуелі жұртыма алғыс білдірем.

Ақыт Үлімжіұлы өзі жасаған сұрғылт заманының ойы ашық, көкірек көзі айпара тұлғасы болды.

Ақыт Үлімжіұлы __ 1868жылы сарша тамызда Шығыс Түркістандағы Алтай аймағы Көктоғай

ауданының Қайырты өзені бойында дүниеге келді. даңғайыр ғұлама Араб, Парсы, Моңғол,

жазбашалық Шағатай, Көне Түркі, Өзбек, Орыс тілдерін меңгерген. Шығыс философиясы мен

көшпенділердің өркенді әдебиетінің қайнарларына қанған. хакімнің тұңғыш кітабы 1891жылы

Ресейдің Қазан қаласында <<Жиһанша>> деген атпен басылып шықты. 1907жылы қажышылаған

Алтай мырзаларымен бірге Араб түбегіне барғаннан кейін сол арада қалып қойып бір жыл тұрады

әрі Мысыр, Дамашық, Бағдат, Жиде, Мәдина, Меке қалаларын біршама аралайды, сонымен

ғұлама сандық-сандық бағалы кітаптарды алып Алтайға оралады. 1912жылы Өр-Алтайдың

Қарақас, Молқы, Сарбас, Жәнтекейдің Шақабайы қатарлы Керейдің төрт кесек руының билері бас

қосып Ақытты Өр-Керей(осы төрт ру Өр-Керей деп аталады) елінің үкім бекітер қазысы етіп

сайлайды, сонымен бірге сол кезеңде Ақыттың атында Алтайдағы Шәкүрті деген жерде үлкен ақ

мешіт салынады, бұл мешіт медреселік роды да атқарған. кейін ол Қобда(МХР) жерінде Күйтүн

мешітін тұрғызады. оның 1914жылға дейін Қазан,Петербург, Ташкент қаларындағы баспалардан

<<Сәйфлмәлік – Бәдиғұлжамал>>, <<Әбибат Ақидия>>, <<Сейтбаттал қазы>>, << Керей ишаны

Мұхаммет момын>> қатарлы жалпы 11 кітабін бастырады. бәр жұртымызға танымал

<<Айқап>>журналының да А.Алтайский деген атпен тұрақты авторларының да бірі болады . ол

Қазақ әдебиетіне ең алғаш болып өлең роман үлгісін алып келуші. асыл ата өмірінің соңына дейін

Өр-Алтай елінің бас қазысы, орталық мешіттің имамы болды. Ақыт Үлімжіұлы тұңғыш рет <<Құран

- Кәрімді>> Қазақ тіліне тәржімалады. абыз 1940жылы тамызда Қытай Гоминдан үкіметінің

жендеттерінің азаптауында Урумчи түрмесінде құрбан болады. атамыз Қалман, Ғазез, Мақаш

сынды айтулы ұлдарды өсірген.

бұл жолғы құнды жобаның сәтті атқарылуымен әз атаның ұрпаққа тастаған ұлағатын ұмытпас

балапандарының бар болғанынан екенін жұртымның сезінгеніне мерейіміз артуда. ғұламаға

арналған сайтта ең сүйсініп айтар бір жәйт – сайтқа жүктелген ғұламаның шығармаларын түгелдей

аудио түрінде дайындау жұмысын жақсы жасады. Ақыт атаны тану жұмысын кеңейту үшін бұл

сайтты арнайы құру мақсатымыздың жалғасы __ Қазақ еліне бұл ұлы тұлғаның толықтай таныс

емес екенін ескеріп, ұлық тұлғаны ұлықтауды Қазақ еліндегі барша зиялыларға жүрек

дауысымызбен жария еткіміз келеді. Ақыт ата ұлы Абайдың мұрасын Шығыс Түркістанға ең алғаш

таныстырған адам. ол Абайдың өлеңдеріне түсінік ретінде арнайы <<Ғақлия – Баян>> атты

дастанын жазған. осы бастамадан кейін Арғынбек Апашпай қатарлы ақындар жалғасымын жасап

Абай аты, Абай шығармасы Шығыс Түркістанға кең тарқала бастаған.

бұл сайтқа жетекші орын, ияғни, біздің алғашқы құрған сайтымыз : Ай-Куа аудиолық кітапханасы

деп аталады. бұл аудиолық кітапхана өз жұмысын 2014жылынан бастады. түрлі ақпараттық,

экономикалық, саясаттық қиншылықтарын жеңе отырып сәтті түрде дамып бұл күнге жетті. қазір

Ай-Куа аудиолық кітапханасы күллі Қазақ интернет әлеміндегі ең ірі аудиолық сайт. бүкіл

Қазақтың аудиолық әдебиеті мұнда толығымен қамтылды. біз ғұламаның сайтын алда кеңейтіп,

Ай-Куа кітапханасының бөлімше сайты орнынан тіптен ажыратын іргесін берік көмбекпіз. Ақыт

Әлемі сайтының гүлдеп ашылуына жазушы, шежіреші Баяхмет Жұмабайұлы, Ақыт

шығармаларының төрт томдығын баспадан реттеп шығарған баспагер Сімәділ Шүкенұлы, Зердел

Түсіпқанұлы қатарлы кісілер ат салысты. Шыңжаң телевизиясының теле жүргізушісі Панар

Ерғанқызы бұл сайттың дикторы болып міндет атқарды. өзім қазір Қытайдың Ши-Ан қаласындағы

Чаң-Ан университетінің 2курс студентімін. сөз соңында Қазақ еліндегі зиялы қауым ғұламаны тану

жұмыстарын жақсы өрістетсе деген тілектемін әрі сайт жұмысына ақыл-кеңес, білімдеріңізді

берулеріңізді күтемін. әрі осы сайттың техникалық жақтан баянды дами түсуі үшін экономикалық

жәрдем берем деген жұртымның зерделі мырзадарының осындай мәдени маңызды жұмыстарға

селқос қарамаса деген ниеттемін.

Құрметпен:

Мұса Тәбітайұлы ( <<Ай-Куа аудиолық кітапханасының>> бас редакторы, <<Ақыт әлемі>>сайтының

құрушысы)

ғұламаға арналған сайт әдресі: http://m.ahitalemi.com/

Ай-Куа аудиолық кітапханасы: www.aykwa.com

Хат сандығымыз (i-mail) : aykwa920@outlook.com

kerey.kz fb618592-5f41-45c7-9386-cdb65529497c

Related Articles

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

  • Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Елдес Орда Сурет: Автордың жеке архивінен алынды. Қазақ қоғамында жаңа интеллектуалдық кезең туып келеді. Бірінші, қазіргі қазақ қоғамында сенім мәселесіне қатысты пікірталастардың күшеюі кездейсоқ құбылыс емес. Бұл дегеніңіз әлеуметтік желілердің, ашық ақпараттық кеңістіктің және жаһандық интеллектуалдық ағымдардың ықпалымен қалыптасқан жаңа қоғамдық ойлау формасының көрінісі. Атеистік көзқарастардың ашық айтылуы, тәңіршілдік идеялардың қайта жаңғыруы және дәстүрлі діни орта арасындағы пікір қақтығысы зиялы ортада алаңдаушылық тудырғанымен, шын мәнінде бұл құбылыс қоғамның рухани әлсіреуін емес, саналы ізденіске бет бұрғанын көрсетеді. Екінші, ұзақ уақыт бойы қазақ қоғамындағы діни дискурс негізінен МОНОЛОГТЫҚсипатта болды. Уағыз айтылды, ал тыңдаушы тарап оны талқылаусыз қабылдауға тиіс еді. Сұрақ қою күмәнмен, күмән әлсіз иманмен теңестірілді. Мұндай ортада сенім дәлелдеуді емес, қайталауды талап етті. Ғылыми

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: