|  | 

Әдеби әлем

Кекшіл қасқыр (болған оқиғаның ізімен)

01-08-16-wolf23

Бүгінде марқұм болып кеткен белгілі ақын Асқар Кіребаевтың көзінің тірісінде жазылған мына әңгімесінің танымдық жағы бар екенінде күмән жоқ. Сонымен бірге, оның ғибрат аларлық тұсы да бар. Сондықтан оны оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.

Бұл бала кезімде өзім куә болған оқиға еді.

Қарақұмдағы бір құдықтың басында екі үй едік. Көршіміз Дүйсен деген шопан. Сол кісі бір күні біздің үйде әкеме бір әңгіме айтып отырды. Осы жерден кө­рініп тұратын биік төбенің баурайында мал жайып жүріп, қас­қырдың апанына кездесіпті. Апанның алдында үш-төрт кү­шік ойнап жүріпті. Ертеңіне кетпен алып барып, інді ерінбей қазып, күшіктің бәрін ұстап алып, өлті­ріп тастапты.

– Ертең өсіп алғасын бұлар малға шабады, – деді Дүйсен.

– Әй, бекер қылған екенсің, – деді әкем оған ренжіп. – Қас­қыр көршісіне шабатын ба еді. Енді бәле болатын болды. Малыңа сақ бол! Тып-тыныш ұйқымды қандырып жүрген мені де қара­лай түнімен мал күзеттіретін бол­дың-ау.

Айтқанындай, екі-үш күннен соң Дүйсеннің екі-үш қойын қасқыр өлтіріп кетті. Одан соң тағы бір-екі рет. Жемейді. Қой­лар­ды тек тамақтап өлтіріп кете бе­реді. Жиырмадан аса малы шығын болды.

Ал ол үйден бірер жүз метр жерде отыратын біздің отар аман.

Бір күні түн ішінде Дүйсеннің үй жағынан шыққан ойбайлаған жаман дауыстан бәріміз өре түрегелдік. Дүйсеннің әйелі зар жылап жүр. Не болған?

Сөйтсек, қожайынның мал күзетінде жүргенін «зерттеп» алған қасқыр оның үйіне келеді. Киіз үй ыстық болғасын, түнеме­лік іргенің шиін ашып, киізін түріп қояды екен. Ол кезде шопан байғұста қандай жөні түзу үй бар. Шиі ысырылған ашық іргедегі керегенің сағанағы сынық та, ол жерде еңбектеген ересек адам еркін сыйып кететіндей тесік бар екен. Жанкешті қасқыр сол тесіктен кіріп, шопан әйелінің құшағында жатқан емізулі ба­ланы алған да қашқан ғой. Бала­ның анасы әуелі қорыққанынан үні шықпай қалып, сәлден соң есін жиып барып, ойбайын сал­ған екен.

Қасқыр тістеп кеткен бала тас қараңғы түнде қайдан табыл­сын, ертеңіне таң ата жыртқыштың ізі шықты. Үйден шыға бір төбеден асып, екінші төбенің басына шыққан соң  тама­ғынан тістеп өлтірген сәбиді тастап кетіпті. Жемеген. Денесін бүлдірмеген. Тек өлтірген. Өлге­ніне көзі жеткесін барып, сәби мүрдесін «енді ала қойыңдар» дегендей төбе басындағы ашық шағыл құмның басына, көзге түсетін жерге қалдырып кеткен.

Болған оқиғаның бары осы.

Дала тағыларының ең жырт­қы­шы да жүректісі – қасқыр. Олар ақылды да мәрт болады. Ол өз ініне тақау қоныстанған отарға еш уақытта тиіспейді екен. Бұл – көршісімен бейбіт өмір сүруді қалағаны. Сол заңды бұзған адам – Дүйсенді ол қанды құныкер сана­ған және оның иісінен кү­шікте­рін өлтіруші сол екенін қапысыз анықтаған. Сосын өзі­не-өзі ант берген: «Баладан баланың артығы жоқ. Қанға – қан!»

Ол және өзіне-өзі берген сертін орындап, өз балаларын өлтіруші­ден қан қақсатып тұрып кек алды!

1988 жылы Алматыдағы «Жа­лын» баспасынан менің балалар­ға арналған өлеңдер жинағым шықты. Мақтанғаным емес, кі­тап­тың ішінде көшпенді жұрты­мыздың салт-дәстүрін қамтыған жабдықтар, дала шөптерінің түр-түрі түгелдей қамтылған тәп-тәуір өлеңдер бар еді. Осы ұлттық-экзотикалық өлеңдерімнің жинағын бастауыш сыныптар мұғалімдері, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметкерлері өзіме де үлгертпей кітап дүкендерінен пышақ үсті­нен сатып алып кетті. Сол кітапта осы оқиғаны сюжетті өлеңге айналдырып бере отырып, түз тағы­ларының қасиетінен балаларды хабардар еткім келген. Өкінішке орай, баспагерлер дәл сол өлең­дерімді жинаққа енгізбей қойып­ты. Неге?

Кейінірек баспаға ба­рып, ондағы жігіттермен сөйлес­кенімде:

– Алдында бір отар қой тұр­ғанда, жанын жалдап киіз үйге кіріп, одан бала алып қашып, оны және жемей тастап кететін ол қасқыр ауыш па, әлде вегетариа­нец пе?! – деді олар.

Қасқырды суретінен ғана көрген жігіттерге мен табиғат за­ңы­ның күрделілігі, тілі жоқ болғанымен әрбір жаратылыс иесінің өзіне тән ақыл-санасы, жазыл­ма­ған бұлжымас заңдары бола­ты­нын қанша дәлелдесем де, тү­сіндіре алмадым. Ал әдебиеттің төңірегінде жүрген олардың түй­сігі осылай болса, көп нәрседен бейхабар, асфальтта өскен ұрпағымызды біз ата-бабамыз мекен­де­ген дала заңы мен ұлттық сана­ға қалай тәрбиелемекпіз?!

Жаныңды кейде осындай нәр­­селер де құлазытады.

Асқар КІРЕБАЕВ.

ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН

Related Articles

  • Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Елдес Орда Сурет: Автордың жеке архивінен алынды. Қазақ қоғамында жаңа интеллектуалдық кезең туып келеді. Бірінші, қазіргі қазақ қоғамында сенім мәселесіне қатысты пікірталастардың күшеюі кездейсоқ құбылыс емес. Бұл дегеніңіз әлеуметтік желілердің, ашық ақпараттық кеңістіктің және жаһандық интеллектуалдық ағымдардың ықпалымен қалыптасқан жаңа қоғамдық ойлау формасының көрінісі. Атеистік көзқарастардың ашық айтылуы, тәңіршілдік идеялардың қайта жаңғыруы және дәстүрлі діни орта арасындағы пікір қақтығысы зиялы ортада алаңдаушылық тудырғанымен, шын мәнінде бұл құбылыс қоғамның рухани әлсіреуін емес, саналы ізденіске бет бұрғанын көрсетеді. Екінші, ұзақ уақыт бойы қазақ қоғамындағы діни дискурс негізінен МОНОЛОГТЫҚсипатта болды. Уағыз айтылды, ал тыңдаушы тарап оны талқылаусыз қабылдауға тиіс еді. Сұрақ қою күмәнмен, күмән әлсіз иманмен теңестірілді. Мұндай ортада сенім дәлелдеуді емес, қайталауды талап етті. Ғылыми

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: