|  |  | 

Мәдениет Руханият

Мейрамға орай бір қисса!

6ccea822f620a10c9b4c70ecd14bb7dc

. Қой Ыбырайым мен Ысмағұлдың құрбан шалу оқиғасына куәгер болған. Екі пайғамбардың жанқиярлық махаббатын көріп, көзіне жас алыпты. Көктен қошқар түскенде Ысмағұл қуанғаннан қошқардың басын сипап, көзінен өпкен екен. Содан бастап қойдың көзі сыйлы кәдеге айналады. Қой көзін құрметті қонақтардың біріне ұсынуы содан екен.
Аңыздарда қой Меккенің топырағынан жаралды делінеді. Меккенің шөбін жеп, зәмзәм суын ішкен екен. Сондықтан оның тілі, таңдайы, езуі қасиетті саналады. Құрбандық оқиғасында Ыбырайым пайғамбардың алақанын иіскеген деп те айтылады. Қойдың мұрнын үй иесіне қалдырады. Қойдың тілі мен таңдайын ұсынғанда тілек айтып ырымдайды. Оны да сыйлы қонақтарға тартады. Біріне: «Шешен бол!» – деп тілін ұсынса, біріне: «Күміс көмей әнші бол!» – таңдайын береді. Қойдың езуін жегенде «езуімізден май кетпесін» деп ырымдайды.
Қойдың басын әкесі тірі адам ұстамайды. Ел арасында «әкем өліп қалады», «әкемнің басын қадірлемей кетермін» деген ырымдар бар. Мұның себебін діни аңыздарда былай деп тарқатады
Ыбырайымға көктен қошқар түседі. Ысмағұл аман қалған соң құрбандыққа тек қана мал шалу міндет болып бекиді. Ыбырайым қойды құбылаға қаратып бауыздайды. Періште Ысмағұлға қосылып, тәкбір айтып тұрыпты. Бұрын малды құрбандыққа шалғанда өртеп жібереді екен. Ыбырайым қойды бауыздап болған соң өртемек болады. Сол кезде Жебірейіл періште:
– Әй, Ыбырайым, құрбандықты үйіңе апар. Бір бөлігін өзің ал да, қалған екеуін жұртқа тарат. Ұлық Алла малға мұқтаж емес. Құрбандықты мұқтаж жандарға таратып берген – Тәңір алдында қайырлы іс, – дейді. Ыбырайым мен Ысмағұл құрбандықты үйіне әкеледі. Ажар анамыз ұлының амандығын көргенде көзіне жас алып, еңкілдеп жылап жібереді. Аллаға мадақ айтып, қазан көтереді. Бұған дейін жұрт малдың басын жемей, ит-құсқа тастай салады екен. Ыбырайым Ажарға:
– Көк қошқар ұлыңды аман сақтады. Жолыңа құрбан болды. Қойдың басын қадірлемей ит-құсқа тастай салған шүкірсіздік болар. Бұдан былай ең құрметті қонағыңа қойдың басын тартуды салтыңа енгіз, – дейді. Осыдан бастап сойылған қойдың басынан бөлек бақайларын да үйітіп, ішек-қарындарын да нәжістен тазалап, әдемілеп өріп, етпен бірге асатын болыпты.
Ас дастархан басына келгенде Ыбырайым қойдың басын алғаш мүжіген екен. Жанында Ысмағұл отырады. Ол басқа қол созғанда:
– Бұл – сенің құрбандығың. Басыңның амандығы. Әкең отырған жерде қойдың басын мүжігенің әдепсіздік болар, – деп тыйып тастапты. Осыдан бастап малдың басын әке отырған жерде баласы ұстамайтын болыпты. Аңыз бойынша, Ыбырайым дүние салған соң ғана Ысмағұл бас ұстайтын дәрежеге жетіпті.
«Бас ұстау атаңнан қалған, жамбас сыйлау қазақтан қалған» деген мәтелде бас ұстау Ыбырайымнан, жамбас сыйлау түркілік дәстүрден дегенді меңзесе керек.

Санжар КЕРІМБАЙ

facebook.com

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: