|  | 

Езутартар

Бөгенбай батырдың үш те төрт фотосы табылды десе де сене беретін сияқтымыз…

16711786_1116674068459298_2861129764632059174_n“Қытай қазақтарының архивінен табылған Қабанбай бабамыздың таза бейнесі” деп бір сайт батырдың суретін жариялапты.
450 адам лайк басып, пәленбай адам пікір жазыпты. Бір адам ғана фотоға күмән келтірген екен. Қалғандары “батыр бабамыз иманды болсын, қайран бабам-ай, тырнағыңа татымаймыз-ау, Қытайда талай сурет сақтаулы тұр екен” деп тамсаныпты. Сурет пе, фото ма, қай қазақтың архиві деп ешкім сұрамапты.
Бөгенбай батырдың үш те төрт фотосы табылды десе де сене беретін сияқтымыз:)

Асылхан Мамашұлының  facebook  парақшасынан алынды

Related Articles

  • «ШАЙТАННЫҢ ДАҢҒЫРЛАҒЫ…»

    ТҰРАРБЕК ҚҰСАЙЫНОВ («Демос» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі): Астанадағы Бекболат Тілеуханның үйінде болған кездесу кезінде болған бір қызық жайтты айта кеткім келеді. Отырыстың арасында намаз оқып алу үшін бәріміз көрші бөлмеге шықтық. Енді намазға сап түзеп тұра беріп едік, терезеден соққан самал қозғаған болу керек, қабырғада ілулі тұрған арнайы жасалған қымбат бағалы домбыра жерге тарс етіп құлап түсті. Құдайға құлшылық жасау алдында терең ойға бойлай бастаған біз селк ете қалдық. Өзін Халил ұстаздың алдында ыңғайсыз сезінген Бекболат «Шайтанның даңғырлағы-ай…» деп, жерде жатқан домбыраны жұлқи тартып орнына іліп қойды да, кінәлі адамша күйбеңдеп барып, қайыра кеп сапқа тұрды… (Т.Құсайыновтың «Мен қалай рухани жаңғырдым» кітабынан үзінді) Серік Абас-шахтың facebook парақшасынан алынды

  • Ақырет

    Исрафил періште кернейін ойнап, дүниеге заман ақырдың орнағанын хабарласа, қазақтар ғана оның сөзінен соң аза тұтпай, керісінше жаңа бір қызу талқылау бастап кетіпті. У да шу, айғай-ұйғайға таң қалған Исрафил көктен жақындап келіп тыңдаса, қазақтар “ақырет” деп айтқан дұрыс па, жоқ әлде “ахират” деген дұрыс па” деген мәселені шеше алмай жағаласып жатқан көрінеді. Ғалым БОҚАШтың facebook парақшасынан алынды

  • «Джуан колбасаны джонып джеп джатырсыңдар ма?»

    Қалтай Мұхамеджанов ағамыз жұмысқа келгенде: – Қалай, джігіттер, джағдайларың джақсы ма? – дейтін сол кезде «ж»-ға «д»-ны қосып айтатындарды кекетіп. Бір күні «Араның» жауапты хатшысы, марқұм Сайлаубек Жұмабековтің бөлмесінде жұмыстың соңында кішігірім «жетім қыздың» тойын жасап жатқанбыз. – Есікті жаптыңыз ба? – деген сұрағыма «қорықпа, қатырдым» дегендей Сәкең екі көзін бірдей жұмып, басын шұлғып, бас бармағын қайқайта шошайтты. Апыл-ғұпыл боп жатқанымызда кенет есік сарт етіп ашылды да, ар жағынан Қал-ағаң көрінді. Не істерімізді білмей қатты сасқалақтадық. Ауыздағыны жұта алмай, қақалып-шашалып тұрған пұшайман түрімізді көріп, Қал-ағаң сыр алдырмай әдеттегідей қалжыңға басты. – Қалай, джігіттер, джуан колбасаны джонып джеп джатырсыңдар ма? – деді түк болмағандай газет-дастарханымыздағы шала туралған, шынында, жуандау шұжыққа көзін

  • ҚОРДАЙ мен БОРБАЙ

    Марат Токашбаев Менің Әділбай Жаниязов деген рухани жақын адай інім бар. (Иә,иә, тап сол, «Гауһартасты» айтатын дударбас сері). Ұзақ жылдардан бері қолымнан келгенше қамқорлық жасап жүремін. Өзі Айды қолыңа алып беретін асаба, әуенімен жүрек қылын шертетін әнші, мықты музыкант, сырбаз сазгер, әруақты домбырашы, әзілдерін қосып айналасына шуақ шашып отыратын әңгімешіл. Мінезі бар, міні кем азамат. Аяқ астынан тауып сөйлегенде орысты омақастырып, қазақты қақалдырып жібереді. Соның бір әңгімесі есіме түсіп кетті. Былтыр Әділбайды Қордайдағы дулат-жаныстар тойға шақырып асаба етеді. Тойда жаныстардың шортик киген, жалаңаш сандары сыртқа тепкен бірнеше келіні қызмет етіп жүріпті. Тойдың соңына таман қызды-қыздымен той иелері «Үлкен бір атаның баласысың. Енді мына дастарханға сен бер батаны!» десе керек. Сонда Әділбай

  • ҚУ- ҚУ, ДУ- ДУ

    Жұмат ӘНЕСҰЛЫ ҚУ- ҚУ, ДУ- ДУ ( Жұматтың әзілдері мен қалжыңдары)   «Беті бес елі қалың ұятсыз өсекші арамызда жүр екен ғой!» Ауылдағы жаңалықтарды үйден үйге жеткізіп отыратын бір ақ әйел бар. Оны жұрт “Қаражорға” деп атайды. Aуылға бір “жаңалық тараса “Кім айтыпты” деп сұрағанда, “Қаражорға” айтты” десе, бітті, “Ә,ә! Қаражорға айтса, қалт айтпайды” дейді екен жұрт. Содан ойда жоқта Қаражорғаға бір бәсекелес шығады. Соңғы кезде көрші қаладан жеткен “жаңалықтар” пайда бола бастайды. Сосын Қаражорға өзінен басқада “жаңалық” айтушыны іздеп, көршісінен: “Кім айтып жүр бұл әңгімені?” деп сұрайды. Көршісі: “Ауылсоветтің қатыны жексенбі сайын қалаға барып келеді, сол айтты” десе, Қаражорға: “Көтек! Беті бес елі қалың ұятсыз өсекші өзіміздің арамызда жүр

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: