|  | 

Шоу-бизнис

Қытайда жұлдызға айналған Димаш

Димаш Құдайберген Қытайдағы байқауда ән айтып тұр. (Сурет әншінің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды)

Димаш Құдайберген Қытайдағы байқауда ән айтып тұр. (Сурет әншінің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды)

22 жастағы қазақ әншісі Димаш Құдайберген Қытайдағы Singer 2017 әншілер байқауына қатысып, музыкалық телеарнадан көрінген бетте сенсация жұлдызға айналды.

Димаш Құдайберген өз елі Қазақстанда Қытайдағы телевизиялық таланттар жобасына шыққанға дейін аса танымал болмаған еді.

Бірнеше аптадан кейін ол Қазақстанға танымал адамға айналып оралды. Оны әуежайдан күтіп алуға Ақтөбедегі жергілікті билік өкілдері, қаптаған фанаттар, телеоператорлар барды.

Ақтөбеліктер Қытайдың Singer 2017 (I Am a Singer) байқауының бірінші айналымында француз тіліндегі S.O.S. D’UN Terrien En Détresse әнін айтқан жерлестері жеңімпаз атанғанда қатты қуанды. Мұнан соң, ақпанның 25-і күні ол байқаудың үшінші айналымының жеңімпазы болды.

Оқи отырыңыз: Қытайдағы өнер байқауында танылған әнші

 

Алты айналымнан тұратын бұл байқау Қытайдың Hunan TV телеарнасынан қаңтардан сәуірге дейін апта сайын көрсетіледі. Бұл – Қытайда өтетін талантты әншілердің жыл сайынғы байқауы. Жеңімпаздар көрермендер берген дауыс санымен анықталады.

Өткен аптада Димаштың Қытайдың Weibo әлеуметтік желісіндегі фанаттары 244 миллион адамнан асты.

Димаштың Қытайдағы Weibo әлеуметтік желісіндегі парақшасы. 1 наурыз 2017 жыл.

Димаштың Қытайдағы Weibo әлеуметтік желісіндегі парақшасы. 1 наурыз 2017 жыл.

 

Weibo желісінің Wanna есімді қолданушысы Kazakhheartthrob сілтемесі арқылы «Мәдениетаралық қатынастар профессоры менен «Бір белдеу – бір жол» жобасы (Қытайдың Азия мен Еуропа елдерін жалғайтын, сауданы дамытатын транспорттық дәліз салу жобасы) туралы не ойлайтынымды сұрағанда мен «Димаш» дей жаздадым» деп жазды.

Weibo-дағы екінші бір қолданушы Димаштың суретін жариялап «Мен сені сүйем» деген. Есімін Ван Фэн деп белгілеген тағы фанат «Димаш Гуандун провинциясына келіп қашан ән айтады екен?» деп сұраған. Гуандун – Қытайдың оңтүстік-шығысында орналасқан аймақ.

Оқи отырыңыз: Қазақ әншісі “Славян базарының” бас жүлдесін иеленді​

 

Димаш та фанаттарының көңілін қалдырмауға тырысады. Ол Гонконгта жекпе-жектің «супержұлдызы», әлемге танымал актер Джеки Чанмен кездескенде «армандар орындалады» деп мәлімдеді. Димаш Құдайберген Джеки Чанның пайдалы кеңестер бергенін, кунг-фу йогасының бірнеше би қимылын үйреткенін хабарлады.

Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі өзінің 656 мың «досына» «Бүгін менің өмірімде тариxи есте қалатын ерекше күн! Атақты актер Джеки Чан мырза мені теледидардан көріп, кездесуге шақырды! Кездесуде актер маған өзінің эксклюзивті күртешесін және арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты! Ал мен актерге қазақтың шапанын жауып, домбыраны сыйға тарттым!.. ол шығармашылығымды бақылайтынын айтты» деп хабарлады.

Димаштың ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар, қарындасы Раушан, інісі Әбілмансұр.

Димаштың ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар, қарындасы Раушан, інісі Әбілмансұр.

 

Ол өзін Қытайдағы фанаттары қоршап алған видеосын да жариялады. Оны әуежайда, көшеде жүрген жерінен көрген жұрт қоршап алып, селфиге түсіп, қолтаңбасын сұрап жатады.

Димаш Құдайбергеннің атағынан ақша жасай бастаған қытайлық кәсіпкерлер де бар. Кейбірі әншінің суреті басылған және қазақ тілінде «Мен сені сүйем» деген жазуы бар қағаз пакеттер шығара бастаған. Қытай базарынан оның аты жазылған кондитерлік өнімдерді де байқауға болады.

Димаш Құдайбергеннің ресми өкілдері әншінің халық саны Қазақстаннан 75 есе көп Қытай еліндегі ондай бизнес ұсыныстарға қарсы емес екенін айтады. Алайда олар кондитерлік өнім мен қағаз пакеттер шығарып жатқан кәсіпкерлердің әнші имиджін пайдалануға рұқсат алмағанын мәлімдеді.

Өзінің жеке өмірін көп жарнамаламайтын Димаш Құдайберген қазірдің өзінде атақ-даңқ пен телевизия тарапынан шектен тыс қызығушылықтың түрлі зардабын да көріп жатыр. Қытайдың кейбір журналдары Димаштың “бұрын жүрген қызы” деп Instagram желісіндегі курстасымен түскен бір суретін жариялап үлгерді.

Ал Қазақстандағы кей ақпарат құралдары Қытайдағы Димаштың фанаттары онымен бірге жүру үшін ұшақ билеттерін сатып алған деген ақпарат жариялады. Димаш Қытайдағы ән байқауы өтіп жатқан кезде Қазақстанда өткен универсиадада ән айту үшін еліне бір рет келіп-кеткен еді.

"Жас Қанат - 2012" байқауының жеңімпазы Димаш Құдайберген. Астана, 20 мамыр 2012 жыл.

“Жас Қанат – 2012″ байқауының жеңімпазы Димаш Құдайберген. Астана, 20 мамыр 2012 жыл.

 

Димаш Құдайберген Ақтөбеге Қытай журналистерін де ерте келген. Олар қазақ әншісі туралы деректі фильм түсіріп жатыр. Ақтөбе әуежайында оны облыс әкімі, басқа да шенеуніктер қарсы алды, ондаған қолдаушылары әндерін айтып, оның аты жазылған плакат көтеріп, есімін айқайлап тұрды.

Димаштың әншілік дарынын ата-анасы ерте байқаған. Сөйтіп ол бес жасында жергілікті музыка мектебі табалдырығын аттайды. Содан бері ол халықаралық және жергілікті ән байқауларында бірнеше рет жүлде алған. Оның ішінде Беларусьтің Витебск қаласында 2015 жылы өткен «Славянский базар» ән байқауы да бар.

Фарангис Наджибулланың мақаласы ағылшын тілінен аударылды.                                                                                                                Азаттық радиосы

Related Articles

  • Алматыда зілзала болса, ең алдымен қандай үйлер қирауы мүмкін? Сәулетші Айдар Ерғалимен сұхбат

    Пётр ТРОЦЕНКО Алматының жоғарғы жағындағы көпқабатты ғимараттар. 18 шілде, 2022 жыл Қазақстандық сәулетші Айдар Ерғали егер күшті жер сілкінісі болса, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан Алматы қаласы қандай қиындықпен бетпе-бет келетінін, совет кезінде салынған үйлер қазіргі заманғы көпқабатты ғимараттармен салыстырғанда жер сілкінісіне төтеп беруге неліктен әлсіз екенін айтты. 23 қаңтар күні Алматыда жер әдеттегіден қаттырақ сілкініп, елді дүрліктірді. Бұл оқиға кең ауқымдағы табиғи апатқа қала билігі мен тұрғындар қаншалықты дайын деген әңгімені қайта қоздырды. Жұрт әсіресе төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ерте хабарлау жүйесі дұрыс жұмыс істемегенін, СМС-хабарламалар дер кезінде түспегенін де сынға алды. Жер бірінші рет сілкінген сәтте Алматы тұрғындары жапа-тармағай үйден сыртқа қарай жүгірді, кейбірі тіпті сырт киімін де кимеген

  • Цифрлі теңге “жаңа экономика” құруға көмектеспек

    Блокчейн технологиялары Қазақстанды жемқорлықтан барынша тазартып шыға алады. Бүгін Мемлекет басшысы бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін цифрлық теңгені пайдалана отырып, ақшаны таңбалау кілті туралы айтып өтті. Цифрлі теңгенің ең мықты жері осы. Программаланған токен болғандықтан ақша кімнен кімнің қолына өтті, бақылап отыра аламыз. Мысалы, мемлекеттік тендерлердің барлығын цифрлі теңгеге ауыстырып, осы тендерлік цифрлі теңгені қолма-қол ақша ретінде шешіп алу мүмкін болмайтындай жасап қоюға болады. Сонда біз тендер жеңімпазының ақшаны қалай жұмсағанын, кімнен тауар алғанын, кімдерге қанша айлық төлегенін көріп, содан үлкен BIG Data базасын құраймыз. Дәл осы кезде, мемлекеттік ақшаға мүмкіндігінше қазақстандық тауар алынғандығын бақылап, мәжбүрлеп отыруға мүмкіндік бар. Осы арқылы жемқорлықты атымен жойып, отандық бизнеске мықты қолдау көрсете алмақпыз.

  • Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді. Құраманың Еуро-2024 додасына шығуға мүмкіндігі сақтаулы

    Руслан МЕДЕЛБЕК Қазақстан құрамасының ойыншылары жанкүйерлерге алғыс айтып жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында Солтүстік Ирландияны жеңді. Астанадағы матчта жеңіс голын “Ақтөбе” шабуылшысы Максим Самородов салды. Қазақстанның келесі жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына шығуға мүмкіндігі әлі де сақтаулы. Матчтың 27-минутында Абзал Бейсебековтің алаң ортасынан шығарған пасын Максим Самородов әдемі голға айналдыра білді. Максим қатты келген пасты аяғымен тоқтатты да, қарсылас қақпасының сол қапталына бағыттаған. Солтүстік Ирландия қақпашысы Бэйли Пикок-Фаррелл қолын созғанымен жетпеді. Доп қақпада. 30 мың жиналған стадион тулап сала берді. Гол авторы Максим Самородов (10-нөмерде) мен Қазақстан ойыншылары голды тойлап жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Осы голдан кейін Солтүстік Ирландия шабуылды

  • 1 440 000 ТЕҢГЕ, Ұшақ, пойыз, автобус кешіксе өтемақыны қалай алуға болады?

    Самат Мусабаев Жазда қозғалыс көбейеді. Елдің ішіне де, сыртына да саяхат, демалыс, балалардың каникулы деп тыным таппаймыз. Қозғалыс көбейген соң жолаушылар тасымалында қиындық туындап, желіден үнемі реніш пен ашуға толы жазбалар оқып тұрамыз. Ұшақтың кешігуі, пойыздың кестеден қалып қоюы секілді оқиғалардың аптасына әлденешеуі белгілі боп жатады. Менің айтпағым да осы мәселеге қатысты: Жақында әріптес ағам Еділ Жаңбыршин екеуміз ел жаққа бірге ұштық. Маңғыстауда кездесулеріміз жоспарланған еді. Астана әуежайына біз уақтылы келгенімізбен, Air Astanaның ұшағы уақтылы ұша қоймады. Уақтылы дегенде жарты сағат, бір сағат дегенге етіміз әбден үйренді ғой. Енді бұлар екі сағат, үш сағаттап ұшпауды шығарыпты. Біздің ұшағымыз бақандай үш жарым – төрт сағатқа кешігіп ұшты! Отандық әуе компанияларының осы

  • ВОЯДЖЕР-2 ЗОНДЫМЕН БАЙЛАНЫС ТОЛЫҚ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

    2023 жылы 1 тамызда НАСА Алыс ғарыштық байланыс желісінің (DSN) Канберрадағы антенналар кешені Вояджер-2 жіберген үзік сигналды ұстағаны белгілі. Кешен зондқа екі градусқа бұрылып кеткен антеннасын қайта Жерге бағыттауға бұйыратын барынша күшейтілген команда жіберді. 19,9 млрд км қашықтықтағы аппараттың жауабын 37 сағат күтуге тура келді. 4 тамызда НАСА Вояджер-2-ден толыққанды ғылыми және телеметриялық деректер қабылданғанын хабарлады. Олар аппараттың қалыпты жұмыс істеп тұрғанын және күтілген траекторияда екенін мәлім еткен. Жақсы жаңалық тарихи миссияның 46 жылдығы қарсаңында келді. Вояджер-2 1977 жылы 20 тамызда ұшырылды. Ол — Күн жүйесіндегі төрт алып планетаның бәрінің тұсынан ұшып өткен жалғыз ғарыш аппараты. Voyager 2, өз сыңарынан алты жылдан соң, 2018 жылы 10 желтоқсанда жұлдызаралық кеңістікке енді.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: