|  | 

Көз қарас

Қытайдағы қазақ мәселесі және Жарқын7

 

Қытайдағы қазақ мәселесі бүгінде ушығып тұр. Бірақ, ол өртті үрлеп отырғандар да бар. Иә, мақсаттары отты үрлеп өшіру, бірақ, ол үрлегенге өшетін емес, асқына жанатын өрт. Сол өртке өртенетін мына жақта отырған үрлеушілер емес, ана жақта жатқан қарапайым қазағымыз. Сол үшін отты үрлемейік, үрлеп, асқындырушыларға (өздерін ел үшін еңіреп жүргендер деп атайды тағы) тоқтау айтпасақ ертең сол екі миллион қазақтың бүгін 200-і, деп отырғанда бәрінен айырламыз. Екі жақта әкелі балалы, ер әйел бөлінеді. Жаутаңдап тірі жетімдер қалады.
Қытайдың шетелмен қарым қатынасында ішкі мәселеге араласпау деген өте қатты ұстанатын заңы бар. Қазақ мәселесін мемлекеттік дипломатия арқылы ғана шеше аламыз, әйтпесе, бес қазақ емес бес мың қазақ шулағаннан Қытайдың тас керең құлағы, «тастай ішкі саясаты» еш өзгермейді.
Кезінде Қытайдағы ұйғұр мәселесі дәл осылай ушыққанда Түркия президенті айғай салды, қызды қыздымен әскер кіргіземін, – деді. Бірақ, оны Қытай елегенде жоқ… Ал, сонда, біз шуласақ қытай именеді деп ұрандап жүрген ағайынның қай сасқаны…. (екі жыл өтпей Қытай мен Түркия ішікі істерімізге қол сұқпаймыз деп, Қытайдағы ұйғұр мәселесіне Түркия, Түркиядағы курд мәселесіне Қытай араласпайды,- деп қол қойысып тынды Бейжіңде.)
Қытайдағы қазақтар мәселесі неге ушықты? Қытайда түрмеге жабылғандарға қытайдың басты айыптары қалай? Біз шулаған сайын оларды не күтіп тұр? Дәл осы сұрақтарға биыл екі мәрте Қытайға барып көріп келген адам ретінде жауап қайтарайын… (бір рет барып келгенде жазған өлең парақшамда тұр.)
Қытайдағы ең басты соттау дінге, сосын вичат әлеуметтік желісіндегі жазба, пікірлер, суреттерге байланысты. Телефондағы әңгімелерге байланысты, Қазақстанға үгіттеу мәселесі бар. (Бұл мәселе біз үшін адамның өз құқы, бірақ, Қытай заңымен басқа мәселе.)
Енді осы ретте бір мәселеге назар аударған дұрыс, бұрын вичат әлеуметтік желісінде, қазір ватцап әлеуметтік желісінде әр түрлі лекция топтары бар. Ол топтардың негізгі лекторы Жарқын7 атты құпия адам. Қытайда сотты болған, біраз адам кімінің кесірінен осы күйге түстің десе меңзеп береді. Естеріңізде болса осы фб әлеуметтік желісінде Анар Атабай атты фейк барын білесіздер, Жарқын7, Анар Атабай екеуі сол бір адам Серікжан Білаш деген үлкен кісі, ол кісіні де біраз адам таниды. Ғұлама көреді біраз кісі…
Қытайдағы «күлтегін», «Сенқазақ» бастаған бүкіл қазақ сайттарының жабылуына да осы Жарқын7 деген адам тікелей себепкер екенін арғы жақтағы ағайын толық біледі. Қазір түрмедегілердің дені соның лекциясын тыңдаймын деп құрбан болғандар… Және сол жарты7-нің, “бүгін Қытайдағы қазақтар туралы жазбағандар, айтпағандар тексіз, шатадан, ойнастан туған оңбағандар”, – деп басталатын лекциясы бар, бірақ, “сол оңбағандардың” 200 емес, екі мың емес, екі миллион қазақтың тағдырын ойлап отырғанын қайдан білсін!
Ең үлкен қателіктері “Халықаралық ұйымдарға, Түркияға айтып, жазып, Қытайдағы қазақтардың статусын сондағы ұйғұрлармен теңестіру” – міндетін өздерінің басты мақсаты етіп алыпты. Сонда Қытай қазақтарын Қытайдағы терор ұлт тізіміне қосу басты арманы ма? Оның зардабы қаншалық үлкен болатынын көз қарақты жұрт білер, уақыт көрсетер.
Жә, бірді айтып бірге кетпейік, кеше Мұратхан Шоқан, Тұрдыбек Құрметхан, Serik Kerey, Маке Кемел аға, Ербол Бейілхан бастаған біразы дұрыс әңгіме айтып жатыр. Сол шулаудың ақыры жақсылыққа апармайтынын айтамыз деп бізде төмендегідей сатқынға айналып шыға келдік. Үнсіз қала салайын деп ақ ойлап ем, бірақ, жұрттың трагедиясынан батыр атанып жүргендер арғы жақтағы қазақты отқа тастап жатқанын ойланбаған соң сөйлеуге тура келді. Ойлары дұрыс шығар, бірақ, тәсілі халаралық саясат түгілі отбасының кикілжіңін де реттемейтін әпербақандық. Сол Жарқын7 нің кезекті тапсырмасы.
Ағайын, сәл сабыр, мені есекке теріс мінгізсеңіздер де, өздеріңіз білесіздер, бірақ, өзі дірілдеп, қалтырап отырған қазақты отқа тастамайықшы.
Көш елбасы саясаты, осы тәуелсіздік арқасында, елбасы арқасында елге келдік, аламыз деп емес, береміз деп келдік. Әліміз келгенше барымызды беріп жүрміз. Елбасы шетелдегі қазақты оттан арашалап алатынына еш күмәнсіз сенемін. Елбасы араласпады, – деп айту артық, елбасы араласпағанын сіз бен біз қайдан білеміз, күнде қасында жүрмеген соң…
Халықаралық саясат, оның үстіне алпауыт елдер саясаты эмоциямен, отбасындағы өсекпен шешілетін нәрсе емес. Ол дипломатиямен ғана шешіледі. Отқа май құйғанды тоқтатайық. Осы барыста Біздің билікте бұларға ескерту жасаса жəне бұқаралық ақпарат құралдары ақпарат таратуда абайласа деген өтініш.
Аятжан АХМЕТЖАН. (қалай атауды әркімнің өз ықтиярларына қалдырдым)

facebook парақшасынан алынды24862580_1231294806972184_9027028112206890374_n 24910119_1231294843638847_4728140014207455481_n 24991213_1231294713638860_4358608206297594733_n 24991609_1231294776972187_574378618520797590_n 24993266_1231294706972194_4236766709201117400_n

 

 

facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: