|  | 

Әлеумет

Маңғыстауда апатты жағдайда тұрған бірде-бір мектеп жоқ

05030Бұл туралы Маңғыстау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова мәлімдеді.

 

БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген ведомства басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып қана қоймай, биылғы жоспарымен де бөлісті. Оның айтуынша, облыста жалпы білім беру бойынша 146 мектеп бар, оның ішінде – 134 мемлекеттік, 5 – жекеменшік, 7 – кешкі ауысыммен оқытады. Ал шағын жинақты мектептер саны – 12. Өткен жылы оқушылар контингенті – 127 168 құрады, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 119590 болатын. Үш ауысыммен жұмыс жасайтын мектептер саны – 8, онда білім алып жатқан оқушылар саны 1939-ға жеткен. Өңір экономикасының дамуына қажетті мамандарды дайындау мақсатында облыс әкімінің 250 гранты бөлінген. Ең бастысы Маңғыстауда апатты жағдайда тұрған бірде-бір мектеп жоқ.

3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 93% құраған. Облыста 262 мектепке дейінгі ұйым бар, оның 40% жекеменшік. Өткен жылы 26 мектепке дейінгі ұйым іске қосылса, биыл 28 балабақша пайдалануға беріледі деп күтілуде.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен жылы алғаш рет облыстағы барлық білім беру ұйымдарында «Жасыл мектебім – жасыл мекенім» атты жобасы іске қосылды. Жоба аясында кезең-кезеңімен барлық мектептерде жылыжайлар салынып, мектеп аулаларын көгалдандыру жүріп жатыр. Аймақтың климаттық ерекшелігіне байланысты қолға алынып отырған бұл жоба меценаттар тарапынан қолдау тапты. Бұған қоса, аймақта 9 мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр», – деді облыстық білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова.

Сонымен қатар, осы айдан бастап оқушыларға өз кәсібін ашуды үйрету мақсатында облыстың 30 мектебінде «кәсіпкерлік негіздері» жаңа жобасы басталды. Жаңа форматтағы бұл жоба оқушымен қатар оның ата-анасын да кәсіпкерлікке үйретуге бағытталған және оқушыларды жас бизнес көшбасшы болуға тәрбиелейді.

Жаһандану заманында ақпараттық сауаттылықпен қатар, көптілді меңгеру мәселесі тұр. Осы орайда, ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан 600-ден астам мұғалім ағылшын тілі курстарынан өткен. Ал жергілікті бюджет қаржысына 300 ауыл мұғалімі ағылшын тілін меңгеруді жалғастыруда.

Зейнеп Тастемірова ағымдағы жылы атқарылуы тиіс жұмыс жоспарымен де бөлісті. Оның айтуынша, биыл «Білім үздігі-2018» облыс әкімінің премиясын өткізу жоспарда бар. Сондай-ақ, білім беру ұйымдары ғимараттарын ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізу, материалдық-техникалық базасын нығайту, «Баршаға  арналған тегін техникалық  және кәсіптік білім» жобасын жүзеге асыру, білім беру мекемелеріндегі робототехника лабораторияларының санын арттыру, дуальді оқытуды енгізу бойынша «жол картасын» іске асыру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кредиттік-модульдік оқыту технологияларын кезең-кезеңімен енгізу сияқты бірқатар міндеттер тұрғанын айтты.

 

Дайындаған Кәмшат Ізбасарова,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

 

Related Articles

  • Ауыл тойы – дархандықтың белгісі

    Шығыс Қазақстан облысы Күршім аунының Маралды ауылында дүркіреген той өтті. Нарық заманында жұмыссыздықтың салдарынан керқұландай жосылып, қалаға көшкендер ауылға деген ыстық ықыласын, сағынышты сезімін тілмен жеткізе алмайды. Себебі, кіндік қаны тамған топырақтың қасиеті тым бөлек. Осындайда жалпақ жұртқа жар салмай, үндемей үлкен іс тындыратын ауыл азаматтарын алқалауға тұрарлық. Маралдының марқасқалары 15 жылдан бері «Ауыл күні» мерекесін тойлаудан жалыққан емес. Осы ерекшелігімен ауыл азаматтары шығыс жұртына үлгі болып келеді. Ауыл клубында алдымен ас беріліп, марқұмдарға Құран бағышталды. Ресми жиналыста округ әкімі Фархат Өжікеновке облыс әкімі Даниал Ахметовтің, ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі 35 жыл қызмет етіп, зейнетке шыққан жоғары санатты педиатр Күлзикен Анапиеваға аудан әкімі Дулат Қажановтың құрмет грамотасы табыс етілді.

  • Дәрі-дәрмектің бағасы қашан реттеледі, Біртанов мырза?

    Бір отбасы бір жылда 26300 теңгеге дәрі-дәрмек алады. Жалпы Қазақстан бойынша бұл шығынның жылдық көлемі 120 млрд. теңге. Үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында дәрі-дәрмек бағасының 8,4 пайызға өсуіне байланысты ол тағы да 10 млрд. теңгеге артқан. Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров тұтас емес, таңдап алынғандықтан статистика органдарының бұл көрсеткіші жағдайдың толық сипатын бере алмайды дейді. Оның айтуы бойынша халықтың дәрі-дәрмекке шығаратын шығыны шын мәнінде бұдан әлдеқайда көп. Жуырда мемлекеттің дәрі-дәрмектер бағасын реттеуіне мүмкіндік беретін заң қабылданды. Алайда тиісті мемлекеттік орган заңды іске асырудың тетіктерін ойластырып, оны ырғалып- жырғалып енгізгенше дәрі-дәрмек сатушылар бағаны шарықтатып жіберген. Сондықтан дәрінің ең үлкен шекті көрсеткішін мемлекет жаңа бағаның деңгейінен анықтауға мәжбүр болады. Осыған алаңдаушылық білдірген депутат А.Қоңыров

  • Көз алдаумен көшіміз түзелмейді

      Жақсыбай САМРАТ Мемлекеттің халықтың әлжуаз тобын әлеуметтік қолдауы қуанарлық жайт болғанымен мәселені түбегейлі шешу үшін азаматтарымыздың экономикалық белсенділігін арттыруға ықпал етуіміз керек, дейді Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров өзінің Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовке жасаған сауалында. Бұл жерде ол ШОБ-тарды қолдау мәселесін арттыруды айтып тұрғаны белгілі, бірақ мемлекет олар үшін жай да жағдай жасап, миллиардтаған қаражатты жеңілдікпен несиеге беріп жатыр емес пе деп ойлаймыз ғой. Сөйтсек, экономиканың ұңғыл-шұңғылын терең білетін маманның көзімен қарағанда осының өзі аз екен. ШОБ-тың бүгінгі таңдағы ахуалына сарап жасаған ол 2019 жылдың 1 наурызындағы жағдайға сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 10 пайызға артқанын айтады. Үстірт қараған адам мұны жақсы

  • Алматыда көп балалы отбасыларға домбыра таратылды.

    Алматыда көп балалы отбасыларға домбыра таратылды. Қайырымдылық шарасы барысында қолдарына домбьра алған балалар ән-күйден шашу шашты. Рухани жаңғыру жобасы аясында ұлттық бұйымдарды насихаттап жүрген бастамашыл топ әр отбасына бір домбырадан сыйлауды жөн санапты. Алайда ынталы балалар көп болғанадықтан бір жанұяға екіден, үштен ұлттық аспап берілді. “Балалар телефон, теледидарға телмірмей, қоңыр домбырамен сырласса әлдеқайда пайдалы болмақ. Қазақ арман-тілегі, қайғы-мұңы мен қуанышын қос ішекке сыйдырған, қолына қоңыр домыра алса баланың арманы асқақ, ойы ұшқыр болады”, – деді игі іске ұйытқы болған ұлт жанашыры Салтанат Өмірәлі. Қазақтың көне мұраларын бүгінгі заманға сай ғып насихаттауды мұрат қылған Салтанат Өмірәлінің айтуынша бұндай шара әліде жалғасын табады. “Елбасымыз домбыра күнінде арнайы бекітіп берді. Домбыра күні қарсаңында

  • Қарағанды: Қазақ неге көтерілді?

    Қарағандыда орын алған қылмыстың басты себептері неде? Қоғамның наразылық танытуына қандай саяси, экономикалық, әлеуметтік және идеологогиялық алғышарттар итермеледі? Билік пен құқық қорғау орындары бұдан қандай сабақ алуы керек? Осы да басқа сұрақтарға Әміржан Қосанов, Айдос Сарым және Расул Жұмалы жауап іздейді.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: