|  | 

Тұлғалар

ҚАЛИХАНДЫ ЖАБЫЛЫП ҰРЫП, ҚАБЫРҒАСЫН СЫНДЫРҒАН ОРЫСТАРДЫ ОЛЖАС ИТШЕ ТЕПКІЛЕГЕН ЕКЕН…

Айбек Оралхан суреті.28379401_1993697110885172_5881122810782499036_n
Олжас Сүлейменовтің найзағай намысты азамат екенін көпшілік біледі. Ол шығармашылығы мен ғылыми зерттеушілік жолында түркі нәсілінің орны әмәнда төрде екенін дәлелдей білді. Замандастарына, бауырларына жасаған қамқорлығы, жомарттығы мен намысын жыртуы да талай әңгіменің жүгі. Сондай оқиғаның бірін қазына тілді қаламгер, әйгілі драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қалихан Ысқақ “Келмес күндер елесі” роман-эссесінде былай суреттейді. Ол кезде жазушы Мәскеуде әдебиет институтында бір топ қазақ қаламгерлерімен қатар оқып жатса керек.
“Бір күні кешқұрым бөлмеме суретші Ыдырыс Қарсақбаев кіріп келді. Бір көзі шодырайып ісіп кеткен. Келіншегі Сара лағман созып, мені шақырып кел деп жұмсап жіберсе керек. Литинститутта оқитын ақынсүрей Предреев, Иванов бастаған бес жігіт баспалдақта кездесіпті де темекі сұрапты. Ыдырыс шылым шекпейтін. Жөнін айтса, әй-шәй жоқ құлақ-шекеден салып жіберіпті. Күнде көріп жүретін салбөксе бәдік жігіттер еді, оқығандарынан өтірік оқырануы көп, бірде келіп темекі сұрап, тағы келіп нан сұрап әкететін. Таныс болған соң, жігіттер, бұларың не деп реніш айтуға бармаймын ба, бір ауыз сөзге келместен есікті тарс жауып жабылып берсін…
Екі қабырғам сынып корсетпен жатсам… … Бұралып төсекте жатыр едім Олжас келе қалғаны. Америка сапарынан оралған беті екен. Хал-жағдайымды сұрады. Отырып шай ішкен соң сақал-мұртын қырды да сөмкесін ашып, әлі кір шалмаған қара шалбарды маған қарай атып ұрды. Америка сапарына әдейі арнап тіктірген екен. Төбелесемін деп жүргенде жалғыз кәстөмнің шалбары қапталынан қақырап түскен, тысқа шықпағаныма да біраз күн болған еді, Олжас келмегенде жалаңбұт қалғандай екенмін. Жымиып күлді де кетерінде:
-Старик, мынау дастарханыңды сүртіп, реттеп қоймайсың ба,- деп ескерту жасады.
Дастарханның алып-жұлып бара жатқан ештеңесі жоқ сияқты еді, дегенмен тәртіпке келтірейін деп асжаулықты көтеріп қалып едім, астынан қызыл құлақ кіл онсомдықтар еденге шашылып түсті. Тура жүз сом екен. Курсанттың бір айлық стипендиясы. Әрі шалбарлы, әрі ақшалы болып қарқ боп қалғаным. Кейін жігіттерден білдім, Олжас сол күні Предреев бастаған төрт-бес бұзақыны қонақ үйге шақырып, араққа тойғызыпты да Мәскеу каналының көк мұзына шығарып алып итше тепкілепті…

Айбек Оралханның facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Үрімжі аймағының уәлиі-Қадуан

    Бұл суретегі ақ шылауышты кісінің аты Қадуан (Қадиша) Мамырбекқызы. Сүйегі төре, Тарбағатай Майлы-Жайырда дүниеге келген. Алтайдағы “төрт би төре” Абақ жұртының соңғы xандарының бірі Әлен төренің зайыбы. Қадуан Мамырбекқызы 1962-жылы Үрімжі қаласында белгісіз жағдайда көз жұмды. Сол жылы (1962) Үрімжі қаласы Санжы облысынан бөлініп жеке қала ретінде әкімшілік шаңырақ көтерген еді. Бұны айтудағы себебім, Қадуан Мамырбекқызы бұрынғы Үрімжі аймағының уәлиі болған. Үрімжі аймағы құрамына 12 аудан қарайтын еді. Олар: Манас, Құтыби, Санжы, Мичуан, Бөкен, Жемсары, Шонжы, Мори қатарлы сегіз қазақ аудандары және Тұрпан, Пішән, Тоқсын қатарлы үш ұйғыр ауданы. Орталығы Үрімжі (ол кезде аудан дәрежелі) сонымен он екі аудан қарады. Қадуан Мамырбекқызы Үрімжі аймағының он екі ауданын басқаратын облыс уәлиі

  •   ЭТНОГРАФ БАЙАХЫМЕТ ЖҰМАБАЙҰЛЫНЫҢ ЖЕТІ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

    АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАЗУШЫЛАР КІТАПХАНАСЫНДА 2019 ЖЫЛЫ 5 СӘУІР КҮНІ ЭТНОГРАФ, ЖАЗУШЫ БАЙАХЫМЕТ ЖҰМАБАЙҰЛЫНЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЖЕТІ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ. ЭТНОГРАФ, ЖАЗУШЫ БАЙАХЫМЕТ ЖҰМАБАЙҰЛЫ  Ахетов Мамай Қаниұлы Дабыралы әрі ғылми деңгейде өткен бұл реткі жеті кітаптың тұсаукесерін Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі, «Тіл» орталығының жетекшісі Ахетов Мамай Қаниұлы басқарды.     Мазмұны бай, құндылығы жоғары, тарихымызды арыдан қозғайтын жеті кітаптың тұсауын кесу мәртебесіне ие болып, салтанатын асырғандар: Нұртілеу Иманқалиұлы Нұртілеу Иманқалиұлы. Қазақстан еңбек сіңірген Қайраткері, көрнекті теле журналист.   Ғалым Жайлыбай Ғалым Жайлыбай. Халықаралық алаш сыйлығының иегері, «Жұлдыз» журналының бас редакторы. Ислам Жеменей Ислам Жеменей. Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің «Тұран-Иран» ғылми зерттеу орталығының директоры, психология ғылымының докторы, профессор.   Нәбижан Мұқаметқанұлы Нәбижан

  • Көгедай ордасы

    Қытай дерегінде: «Көгедай қазақтың гүңі (сұлтаны), Әбілпейіздің алтыншы ұлы, Цяньлүнның 55 жылы (1790 ж.) патшаға сәлем бере келген, патшамыз оған асыл тас тағылған қос көзді тәж кигізген» делінген Көгедай ордасы (княздігі) – ХVIII ғасырдың соңында Қазақ Хандығы ыдырай бастаған мезгілде пайда болған, Жоңғардан босаған жерге қайта қоныс аударған қазақтардың қазіргі Қытайдың Алтай аймағы мен Шығыс Қазақстанның шығыс аудандарында құрған княздігі. Сипаты жағынан Еділ қалмақтары көшкеннен кейін құрылған Еділ-Жайық арасындағы Бөкей Ордасына ұқсайды, бірі батыстағы шығыстан келген Еділ қалмақтарынан босаған территорияға қайта қоныс тепкен қазақтар жағынан құрылса; бірі Жоңғар мемлекеті жойылып олардан босаған қазақ жерінде құрылды. Бұлардың айырмасы: Бөкей ордасы Патшалық Ресейге бағынса, Көгедай ордасы Мәнжоу империясына сырттай бодан болды. Атамекенге

  • Алматыда Оспан батырдың 120 жылдық мерей тойына арналған баспа-сөз мәслихаты өтті

    2019 жылы 20 наурызда Алматыдағы Ұлттық кітапханада қазақ тарихындағы Ұлт азаттығы көтерілісі басшыларының бірі – Оспан батыр Сіләмұлының (1899-1951) туғанына 120 жыл толуына арналған баспасөз конференциясы болып өтті. Тәуелсіздікке деген ұмтылыстарды дәріптеп, насихаттау, ұлттың ұлы тұлғаларын ардақтау – Елбасы тікелей қолға алып отырған Рухани жаңғыру бағдарламасындағы  басты қадамдарының бір парасы екені даусыз. Жиын барысында конференцияны ұйымдастырушы «Ер Жәнібек қорының» төрағасы Жеңіс Түркияұлы ұлт азаттығы жолында жанын қиған Оспан батырдың 120 жылдығын кең көлемде атап өтуде осы жылға арналған іс-шаралармен ресми таныстырып өтті. Атап айтқанда: Осы жиылыспен басталған бұл шара сәуір айынан бастап жас ақындар  арасында мүшәйра, БАҚ бойынша үздік жарияланымдар, Қазақ күресінен республикалық турнир, ақындар айтысы, университеттерде жастармен кездесу, батырдың

  • Тұрсын Жарқынбаев кім еді?

      Тұрсын Жарқынбаев Кеңестік саясаттың пайымынша –ұлтшыл, атаман Анненковтың әскері құрамындағы «Алаш полкінің» сардары, бай тұқымының өкілі. Ал, коммунистік қытай үкіметінің пайымынша, «жапон тыңшысы», «төңкеріске қарсы элемент». «Ертіс өңірі» газетінің 2009жылғы, 5-тамыздағы, №31 санында Р.Нүсіповтың «Алаш полкінің ақиқаты» атты мақаласын оқып отырып, аталмыш мақалада айтылған Т.Жарқынбаевтай абзал жан туралы оқырманмен ой бөліссем деп едім. «…Сөйтіп, үзіліп қалған арман жібі қайта жалғанды. Кешігіп келген мені қала мектебіне еш қағидасыз-ақ қабылдап, білімнің ұзақ сапарына өз қолымен қосқан – белгілі ағартушы, Алаштың асыл азаматы Тұрсын Мұстафин еді».(Қ.Жұмәділов. Таңғажайып дүние. 82-бет, Алматы, «Тамыр», 1999ж.)Бұл заманымыздың заңғар жазушысы Қ.Жұмәділовтың жүрекжарды лебізі. Әлде, Тұрсын ағамыз бала Қабдештің келбетінен болашақ қазақ зиялысының бейнесін таныған шығар-ау? Бұдан әрі,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: