|  |  |  | 

Жаһан жаңалықтары Көз қарас Саясат

Қытайдың саяси жүйесіндегі саяси командалық топтар мен тұлғалар

40106734_1183771581786427_4861118597784666112_n

Қытайдың саяси жүйесіндегі жік-жікке бөлінген саяси командалық топтар мен тұлғалар қытайдағы барлық жағдайға тіке ықпал жасайтын басты себеп екені қаймана жұртқа анық. Саяси команда мен олигархтар арасындағы астыртын бақастық пен күрес керек десеңіз ең төменгі атқарушы билікке дейін көрініс беріп жатады. Әр команда өз жақын жақтасының көп әрі білікті, сенімді болуын қалайды. Сонымен бірге қытайдың саяси билікте жік-жікке бөлініп бақас болуының тағы бір себебі- байлық пен билік арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы себеп болып отыр. Қытайда ұлттық капитализм еркін даму жолына түскісі келеді, ал көне сүрдек коммунист билік шет-шетін ернеулеп, ұлттық капитализмнің ағытылып жүгенсіз кетуінен бек қатты алаңдайды және тежеп отырады. Алда жалда капитализмның басы ноқтаға симаса, ол- кәртең коммунисттерді биліктен аластайтыны рас, тіпті құқықтық жаза тағып дело тұрғызуы да ғажап емес. Сол себепті, қытайдағы басы ноқта-жүгенге симаған ұлттық капитализм, ұлттық буржуазия мен ескішіл коммунист билік арасындағы күрес жалғаса береді, тіпті ұзаққа созылуы да мүмкін. Қолында тізгіні бар бірбөлім биліктегі реформашылдар мен жаңашылдар да түбегейлі реформа жасауға әлі дайын еместіктерін сездіріп келеді. Зәудеғалам, реформа басталып кетсе, сеңді сейілту қиын, партия тағдырына қауіп төнеді. Ал партияны сақтап қаламыз, партияның ғана мүддесін көзге ұстап реформаға ілгі танытпаймыз десе мемлекет тағдыры қауіпте қалады. Сондықтан партия мен мемлекетті тең сақтап тұру үшін жік-жік олигархтардың бақай қулық бақастықтарын әскери тәртіппен ғана қолда ұстап отыр. Елде әскери тізгін бөліске түссе, билік пен партияның тағдыры бұлыңғыр дей бер. Онда қытайда адам нанғысыз реформалар жүргізіледі… Реформа аясында билікке ұлтшылдар да келуі бек мүмкін. Егер ұлтшыл күштер қытай билігіне келіп жатса қытайдағы кейбір солақай саясаттар жалғаса беруі де мүмкін. Десе де унитарист және федералист күштерді де ескеру керек. 40139904_1183771801786405_5063525966765096960_n

Қытайдың соңғы бес жылдан бергі саясаты осындай қытайдың жікшіл күштерін тазалаумен әбігерленіп жатыр. Партия ішіндегі бір топ жікшілдер өзіне саяси бақталасқа айналады деген барлық күштердің баламасын зорлықпен тегістеп жатыр. Зияны орасан зор! Партия- өз сенімнен айрылды, жас қытайдың партияға сену қаблеті нөлге тең. Екіншісі, адами капитал азайды, ұраншыл, даңғой жандардың бағы жанды, шын жандар тасада қалды. 40128108_1183771721786413_3563284857956073472_n

Шыңжаң өлкесі- қытай саяси командаларының талас-тартыстағы өңірі-дір. Қай олигарх Шыңжаңды қолға келтірсе сол команданың нарқы жүреді. Сондықтан 1912-2017 жж арасындағы Шыңжаң өлкесінің төрағасы, партком басшысы, губернатор және оның артында тұрған саяси элита мен команда өте маңыз саналады, оны жіті қадағалап отыру керек. Партия ішіндегі саяси жікшілдердің астыртын күресін бақылап, сараптап отыру- біздің ситуацияны дер кезінде түсініп, тамырын ұстауымызға жәрдем береді. Қытай стратектерінің қолдан жалған ситуацсия жасап реакциямызды байқап отыруынан да сақтану керек.

Eldeç Orda40227178_1183771491786436_8882318012548382720_n

40167815_1183771528453099_4970441638775095296_n

Related Articles

  • Қытайлар Ғұндарға 80 жыл бағынған

    Ғұндардың әскери мемілекетінің құрылуыБіздің заманымыздан бұрынғы 215 жылы Ғұндардың кошпенді-әскери мемлекеті құрылды. Ұлыстың қағаны Түмен болды. Түменнің Бақтұғ( Модон) атты тах мұрагері болды, Түмен оны тах мұрагерлігінен қағып көршілес Нүкүз(月氏)дерге аманатқа жіберді, артынан екі ел жауласқанда Нүкүз ханы Модонды өлтірмек болды, Модон Нүкүздердің бір жүйірік атын қолға түсірдіде ұстатпай Ғұндарға қашып келді. Түмен тәңірқұт оған түмен(10000) жасақты басқартты, Модон ысқырма жебені жасап шығып жасақтарына: «Мен жебені қалай атсам сендерде солай атасыңдар атпағандардың басы кесіледі !» деп әмір етті. Бір жолы өзінің сайгүлігіне қарата оқ атты, өзімен қосыла атпағандарды сол майданда шауып өлтірді. Тағы бір жолы тіпті өз бәйбішесіне қаратып оқ атты, қосыла атпағандарды тағы да өлтірді. Түмен тәңірқұтпен бірге аңға

  • Иманипедагогиканың қажеттілігі және алғышарты

    Педагогика əрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі жəне құралы болған педагогикалық процестің мəні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын жəне оның бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесі. Осы негізде педагогика тəлім-тəрбие процесінің ұйымдасу теориясы мен технологиясын, педагог іс-əрекетін (педагогикалық қызметті) жəне оқушылардың əрқилы оқу жұмыстарын жетілдірудің формалары мен əдістерін əрі олар арасындағы оқу істері төңірегінде туындап отыратын қарым-қатынас, ықпалдастық стратегиялары мен тəсілдерін нақтылап, ашып отырады. Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін — тәрбиелеу қажет. Дәл осы тәрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл үдерісті кәсіби білімді адамдар басқарады. Тәрбие жөнінде

  • Бойыңа ойың сай болғыр, дәудің аты дәу ғой қашанда 

    Batyrkhan Kurmanseit Аргентинаның Буэнос-Айресында өткен “Үлкен жиырмалық” (G20) елдері басшыларының саммиті нәтижелеріне қатысты қабылданған ортақ мәлімдемеде бүгінгі таңдағы ең маңызды әлемдік мәселелердің бірі болып отырған АҚШ-тың протекционизм саясаты жайында ештеңе айтылмады. Оның орнына тараптар “Ең алдымен Америка” дегенінен қайтпай отырған президент Трамптың талабымен Дүниежүзілік сауда ұйымын реформалауға қатысты келісімге қол жеткізді. “Біржақты саясатты қолдауға емес, көпжақты әріптестік жүйесін күшейтуге күш салу керек” дегенді бүгінге дейін қайталап келген G20 елдері басшылары осы жолы өз позицияларын қорғап қала алмады” деп жатыр көп эксперттер. Саммиттің жабылу рәсімінен кейін өткен пресс-конференцияда “Еркін сауда қағидасын сақтап, протекционизм саясатын жүргізбеудің маңызды екені туралы бірлескен мәлімдемеде неге ештеңе айтылмады” деген сұраққа ұйымдастырушы ел Аргентинаның президенті Маурисио Макри

  • Қытай туралы бір жұтым ой

    Eldes Orda Ақш-Қытай текетіресі қытай қоғамын екі жікке бөлуі бек мүмкін. Жалпы бұл қытай xалқының Ақш-қа қарсы пиғылы ма әлде билік басындағы қытай коммунистерінің Ақш-қа қарсы текетіресі ме? Меніңше бұның арасында айырмашылық бар. Ондай болса мынадай болжау жасауға болады: Біріншісі, Ақш-қа қытай компартиясы бақталас болса, Ақш міндетті түрде қытай компартиясына саяси балама бола алатын кез-келген анти-компартияшыл қытай топтармен жаңа саяси мақсаттар қоя бастайды. Бұның соңы қытай қоғамындағы коммунист партияға қарсы іштей тісін қайрап жүрген топтардың күшін біріктіреді. Сондай-ақ, қытай коммунистік партиясының саяси оқшаулануын жыл сайын асқындыра береді. Тіпті, ең соңында компартия саяси қажетінен айрыла бастайды; Екіншісі, Ақш-Қытай саяси һам экономикалық дағдарысы қытай олигарxына немесе кландық топтарына күрделі таңдау жасауға жәжбүрлейді.

  • Алғашқы теңгеге Назарбаев бейнесі қалай түспей қалды?

    Асылхан МАМАШҰЛЫ Серікболсын Әбділдин.  1993 жылы қарашаның 15-інде Қазақстан өзінің ұлттық валютасы – теңгені айналымға шығарды. Сол кезде елдің Жоғарғы кеңесін басқарған Серікболсын Әбділдин теңгенің қалай басылғаны жайлы, дизайны қалай дайындалғаны туралы айтып берді. Теңге айналымға шықпас бұрын Қазақстан соңғы сәтке дейін Ресейдің рубль аймағында қалуға тырысты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Ғасырлар тоғысында” атты кітабында рубльді сақтап қалуға деген ұмтылысын “рубль аймағының бұзылуы (ортақ валюта – ред.) ТМД елдерінен алшақтауды тездетер еді. Ал Қазақстан бұған дайын емес еді” деп түсіндіреді. Кітапта Назарбаев “1992 жылы Ресейде барлық баға босатылды. Сол кезде іске кірістік. Мен Қазақстан валютасын шығаруды бастау туралы құпия жарлыққа қол қойдым” деп жазды. Алайда Азаттық тілшісімен сұқбаттасқан Жоғарғы кеңестің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: