|  |  |  | 

Көз қарас Тарих Қазақ шежіресі

1933- жылы Қашқар қаласында құрылған Шарқи Түркістан

94146862_1687224601441120_4077837900115345408_n

Шамасы 1905- жылы белгілі бір ғылми еңбекте көрсетілген қытай картасы. Қытайда ол кезде манжурлар билік құрып жатқан кез. Картада Шыңжаң өлкесін “Шығыс Түркістан” және “Жоңғария” деп екі түрлі әкімшілік аумаққа бөліп көрсеткен.

1933- жылдың қараша айында Қашқар қаласында құрылған Шарқи Түркістан ислам респубиликасы үкіметінің ұлттық армиясы. Үкімет өте қысқа уақыт өмір сүрді.

Сыртқы себеп: Алпауыт күштердің аймақтағы сыртқы саясаты тұрақсыз болды; Жанжал күштер ымыраға келді;

Ішкі себеп: Біріңғай ұлттық тұтастық болмады; Ішкі алауыздық көп болды;

Жанама себеп: Әскери қуат әлсіз; Ұлттық рухани-саяси қуат төмен; Исламдық фанатизм басым;

Аталмыш уақытша үкіметтің президенті Түркия, Анлгия сияқты елдерге дипломатиялық хат жолдады; Ауғаныстан әмірлігінен саяси және қорғаныс көмегін алды. Ішкі ұлттық валюта айналымға салынды. Көрші елдермен визалық режим орнады. Тәуелсіз мемлекетке тән қандай нышан мен белгі бар соның бәрі орындалып жатты, бірақ үкімет бірер ай ғана өмір сүрді. 94238555_1686414724855441_7559757372902604800_n

1928- жылдан бастап өлке орталығы Үрімжіде саяси қан төгістер басталды. 1933- жылға дейін саяси тұрақсыздық белең алды. Қашқариядағы қытай, дұңған әскери күштері өлке орталығы Дихуа (Үрімжі) мен Құмылға жетті. Былайша айтқанда өлкенің оңтүстігі әскери қорғаныссыз қалды, бұл уақытша үкіметті Қашқарда жариялауға ыңғайлы мүмкіндіктер берді. Бірақ Қашқарияда ұлттық ұйысу 20- ғасырдың жаңа талаптарына сәйкес келмеді. Біртұтас ұлттық қозғалыс, ұлттық жаңғыру баяу жүрді. Оның орнында діни фанатизм мен діни ескішіл күштер басым еді. Олар жалаң діни ұрандарды ту етті. Нәтижеде уақытша үкімет мұсылман бауырлас Дұңғандар жағынан тас-талқан күйреді.

Үкімет күйреу кезеңіне аяқ басты, уақытша үкіметтің тұлғалары ұлттық тұтастықты сақтап қалу үшін өлкенің саяси тізгінін ұстаған қытай губернаторымен ынтымақтасуға мүдделі болды. Сонымен екіжақты құпия келіссөз жүріп жатты. Келіссөз қысқаша мынадай:

* Қашқарияда бөлек провинция құру;

* Ұйғыр провинциясын Шыңжаң өлкесінен бөлу;

* Провинция орталығы етіп Қашқар қаласын бекіту;

* Ұйғыр провициясының легитимін қабылдау үшін Мәскеуді ара ағайындық куәға шақыру;

* Қашқария провинциясының губернаторы ретінде Қожанияды бекіту;

тбсс(1)(1)(1)

Келіссөзден соң Мәскеу-Шыңжаң өлкесі-Қашқария үшжақты келсімге қол қойды. Сонымен Қашқарияның алты үлкен қаласы Шыңжаң өлкесінен бөлініп ұлттық автономиялы республика болудың аз-ақ алдында тұрды. Мәскеу делегаты бекітілген құжатты қол қойылған келсімшартпен бірге Мәскеуге әкетудің дайындығын көріп жатты. Қожанияз Қашқарияның әкімшілік шекарасын бөлу жұмысын ұйымдастырып жатты. Шыңжаң өлкелік уақытша үкіметі солтүстік Шыңжаңда жаппай орын алған Қазақтардың саяси толқуын сабырға шақырумен әбігер болып жатты. Өлке қазақтарында бірқанша саяси мақсат болды, олар:

* Ат төбеліндей аз топ өлкедегі уақытша үкіметпен отаса алмады, бірақ біртұтас ұлттық саяси революция да жасай алмады. Сонымен қытайдағы мұсылмандар элитасын жағалап өлке аумағынан отставкаға кетті;

* Шәріпқан Көгедай бастаған зиялы саяси ұжым өлкеде орын алған ауқымды жылдам бағамдай отырып ұлттық автономия жариялауды көздеді. Соның негізінде Нань Кинге екі нұсқа хат дайындалды. Мәскеу Сарсүмбе арқылы Нань Кинмен келістіретінін айтты;

тб94242396_1687224721441108_2913772029117202432_n

Арада бір-екі ай өткен соң Қашқарияны шыңжаң өлкесінен бөлу жоспары да, Қазақтардың жеке автономия болу мақсаттары да тас-талқан күл болды. Алпауыт күштердің аймақтағы сыртқы саясаты күрд өзгерді. Қазақтар да, Қашқариялықтар да өлке орталығы Үрімжіде жаңа коалициялық үкімет құруға мәжбүр болды. Бірақ, Қашқария мен Қазақтың саяси лидердері өлке мен аймақтың саяси тізгінін өздері алды. Сонымен барлық саяси күштер Үрімжіге жиналды. Бұл 1934-ші жыл еді.

Қашқариядағы үкімет құлаған соң:

* Ұйғырлардың саяси күші әлсіреді, әскери соққыны қатты алды, есеңгіреген саяси ерік-жігер 1944- жылғы ұлт-азаттыққа дайындықсыз тап келді. Егер саяси ерік-жігерін бір сәтте шығармай немесе шыққан сәтте жоғалтпай сақтаса 1944- жылғы ұлт-азаттық күрес басқаша өрбитін еді;

* Ұлттың саяси тұлғалары тас-талқан болды. Біртұтас ұлттық идея, біртұтас ұлттық қозғалыс орын алмады. 1933- жылғы үкімет ағзалары жан-жаққа кетті. Бірі бағынды, бірі Ауғанстанға асты, бірі Индия, Кашмирге кетті. Және бірі ішкі қытайға отставкаға кетсе, кейбірі Жапонияға көмек сұрауға барды.

Eldes Orda

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: