|  | 

Руханият

Отандық композитор Мұстафа Өзтүріктің рухына  арнап күй шығарды.

mustafa26

 

Қазақстанның белгілі спорт қайраткері, аты аңызға айналған тұлға өз өмірінде Қазақстанда таеквандо мектебінің негізін қалады, адал ізбасарларын тәрбиеледі. Рухы мықты, өз идеяларына берілген Мұстафа Өзтүріктің бейнесі композитор Шолпан Қорғанбекті “Тарлан” аспаптық туындысын шығаруға шабыттандырды.  Бұл шығармада Мұстафа Өзтүріктің бейнесі кең ауқымды және әсем көркемделген. Домбыра үніндегі лирикалық бастама кейіпкердің туған жері туралы, өзінің барлық білімі мен дағдыларын туған халқына қалай жеткізуге болатындығы туралы ойларын жеткізеді. Бүкіл ансамбльмен орындалатын шығарманың жылдам бөлігі Мұстафа Өзтүріктің ерік-жігер, рух күші, батылдық, адалдық сияқты қасиеттерін аша отырып, жігерлі, екпінді шырқалады.

Шығарманың авторы Шолпан Қорғанбекшығарма туралы былай дейді: Қазақстанның аты аңызға айналған тұлғалары, ерекше тұлғалар мені жігерлендіргендей болды, олар біздің қуатты және бай шежіремізді құрайтын тұлғалар деп айтуға болады. Осылайша Әл-Фарабидің, Абайдың, Сұлтан Бейбарыстың, Шыңғысханның, Бөрте, Кейкі батырдың, Бауыржан Момышұлының, Бекзат Саттархановтың музыкалық портреттері дүниеге келді, Мұстафа Өзтүріктің тұлғасы да мені музыкалық арнау жазуға шабыттандырды. Маған өзім бастан кешірген сезімді, мықты адамның өмір бейнесі мен қызметіне деген қызығушылықты дүйім жұртқа жеткізгім келді. Бұл мақтаныш пен таңдану сезімі. Әрқашан музыка құралы ретінде кейіпкердің адами қасиеттерін, оның бастан кешкендерін, ойлары мен күшті рухын жеткізгім келеді….Тыңдаушы менің музыкалық шығармамды ризашылықпен қабылдайды деген сенімдемін.

Қазақстанның Гиннесс рекордтар кітабына енген «Қорқыт» этно-ансамблінің өнерпаздарының орындауында қабыл алыңыздар!

Related Articles

  • Адамдардың сізді езіп тастауына жол бермеңіз

    Шебер бір суретшінің оқушысы өз оқуын тәмәмдапты. Оқуын тәмәмдаған оқушысына ұстазы былай депті: “Ең соңғы салған суретіңді қаланың ең көп адамдар жиналатын алаңына қойып қой. Суреттің қасына да бір қызыл түсті қалам қой. Адамдарға суреттің ұнамаған жерін сызып қойюын өтініп бір хат қалдыр”, депті ұстазы. Оқушы ұстазының айтқанындай жасап болып, бірнеше күннен кейін суретті көру үшін алаңға барады. Адамдар суретті қып қызыл сызып тастағанын көреді де адамдарға ренжіп ұстазының жанына жылап барады. Ұстазы оған ренжімей сурет салуды жалғастыруына кеңес береді. Оқушы тағы да сурет салыпты. Ұстазы тағыда адамдар көп жүретін алаңға апарып қоюын айтады. Бірақ бұл ретте суреттің жанына бір құты толған түрлі түсті қалам қоюын және ұнамаған жерлерін өздері

  • МӘҢГІ ҚАЗАҚ(ертегі фэнтези) 

    ҚАЗАҚТАРҒА ЖАСАлып жатқан  ҚИЯНАТ КӨП БОЛҒАСЫН, « Мәңгі қазақ» атты әңгіме жазсам деп жүретін едім. Осыдан бір күн бұрын сол әңгіменің сюжетіне келетін түс көржім. Кешеден бері жазуға кіріссем бе деп жүр едім, сәті бұгін түскен сияқты. ЖҰМАТ ӘНЕСҰЛЫ Өте ертеде емес, бүгінде емес, ғылым докторлары Санжар мен Балжан институтта қызмет ететін.Өздерінің лауазымдарына қарай қарапайым екі қатарлы жақсы салынған коттеджде тұрды.Интеллигент адамдар өмірдің қиындықтарына көп мін бере қоймайды ғой, Өмірлері мәнді, жайлы өтіп жатты. Жақсылықта көп күттірген жоқ, Санжар мен Балжан ұлды болып, коттеджде шағын той өтті. Неге екенін қайдам, әке шешелері ақылдасып, ұлдарыныі есімін Аңсар деп атаған. Аңсар ертедегідей тез де өскен жоқ, кеш те өскен жоқ. Тәрбиелі жігіт болып

  • Кәрі жілікті босағаға неге іледі?

    ( білуге тиіспіз, үйретуге тиіспіз…) – Қазанға ет салғанда алдымен «бісміллә»деп кәрі жіліктен бастап салады. Себебі кәрі жілік еттің бәрін ұстап тұратын қасиетке ие. Оны шақпайды, құда табаққа салмайды, қонаққа, бөтен, жат адамға емес, керісінше үй иесіне немесе ағайынға береді. Өйткені «кәрі жілікте шаңырақтың құты бар» деп ырымдайды. Сонымен қатар, өсіп келе жатқан қыз балаға «оң жақта отырып қаласың» деп ұстатпаған, ал, ұлдарға «сүр бойдақ боласың» деген сенім бойынша жігітке де бермейді. «Ертеде бір байдың қорасын қырық қарақшы торуылдапты. Бірақ, қанша тырысса да, малын ала алмаған екен. Байдың қорасын қарулы жасақ күзетіп тұрыпты. Бірақ, таң ата қарауылдар көзден ғайып болады екен. Ұрылар тылсым жайды түсінбейді. Ертесіне біреуін тыңшылыққа жұмсайды. Ол

  • СУ ІШКЕНДЕ ҚҰДЫҚ ҚАЗЫУШЫНЫ ҰМЫТПА

    (23 – әңгіме) БАЙАХМЕТ ЖҰМАБАЙҰЛЫ — Біздің заманда сендерше киімнен-киім таңдайтын жағдай қайда, жамап-жасқап, тон, шалбар кисек те жететін. Сөйтіп жүріп аянбай еңбек еттік. Бүгінгі күн басатын жолды ол кезде айлап жүрдік, тіпті бүгінгідей дүниенің төрт бұрышынан хабар тауып отыратын жағдай қайда? — деген қария немересінің жұмыстың қырын білмей, тік қасық болып өсіп келе жатқанына наразы бейнесін аңғартып, өз өмір кешірмесінен кеңестер қозғаған. Немересі: — Ата, сол дәуірде туған өздеріңіздің сорлы болған тәлейлеріңізден көрмейсіз бе? Оларыңызды бізге айтпаңыз, —демей ме. Ашудан жарыларман болған қария: — Е, ондай болғанда «Ұрпақ үшін бақыт-байлық жаратсам» деп тер төгіп, жан қиып, азып-тозған ата-бабаларың сендерге айыпты болғаны ғой. «Теңдік үшін» деп әкем оққа ұшты. Ал

  • Қапсәметұлы Өмер Мырза

    Қапсәметұлы Өмер Мырза: 1998 жылдары Нигде университетінің аспаптар кафедрасының оқытушысы болып тағайындалды. Ол осы жерден міндетін тоқтатып, Қазақстанға оралып Алматыда 10 жыл тұрып, 3 жылдай бұрын Ыстамбұлға келгенде дүниеден озды. Жастас болмасақ та құрдас болып кеткеміз. Әрі туысым болады. Суреттегі ұстап отырған домбыра маған Қазақстаннан сыйлыққа тартылған еді. Осы домбыра ілулі тұрған жерден жерге түсіп шағылып қалған да Өмер мырзаға осыны жөндеп беруін өтіндім. Ол маған асықпасаң әйтеуір өзіңе қайтып тапсырып берем деген еді. Сонымен Нигдедегі шеберханасына апарып қойды да 7 жылдан кейін қайта қалпына келтіріп әкеп берді. Сонда мен Өмермен әзілдесіп не деген ахырын адамсың дегенімде ол, “алдымен бір шертіп көрші, мен сенің шағып алған домбыраңның бөлшектерін күнге күйгізіп,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: