|  | 

Әдеби әлем

САХАРАНЫҢ АРУЫ (Қысқа әңгіме)

БАЙЫТ ҚАБАНҰЛЫ:
87025864_2768595449899429_1772114230862938112_n
Бірде Ұланбатыр қаласында халық өнерпаздарының біріккен өнер фестипалы өтетін болып соған қатысуға домбырамды көтеріп мен де бардым.
Монғолия елінің түкпір-түкпірінен келген не түрлі ғажайып сал-сері, өнер иелері бір қонақ үйіне орналасып он күн бойы күн-түн демей ұланасыр думанға бастық. Күндіз үлкен мәдениет сарайына барып өнер көрсетіп, кешке қонақ үйіне келіп той жасаймыз. Сол қызықты күндердің бірінде менің жиырма беске толған туған күнім шақ келген соң дастархан жайдым да көрші өнерпаздарды тойға шақырдым.
Онсыз да бастары ауырып ұрынарға қара таппай отырған өңкей сайыпқыран асау дарын иелері маған арнаған сыйлықтарымен қоса өз өз аспаптарын да көтере келді. Сөйтіп киімін шешкен жалаңаш адамның судан тайынбайтыны секілді көп кешіктірмей көңілді тойды бастап кеп жібердік.
Не болсын шіркін, ешбір қоспасы жоқ халықтың таза тұнық пәк өнері бірнен соң бірі ақ айрандай аспа төк шашылды-ай келіп. Тинамдай да кіршігі жоқ шексіз, шетсіз дала әуендері не бір сызылған сырнай тамақ әншілердің көмейінен төрт қабырғаның арасына сиыса алмай сығылыса тықсырылып құдірет болып құйылып жатты, шалқар бір шаттықтың тасқыны болып шашылып жатты.
Ох, сыйға толы, сырға толы, сиқырға толы халықтың ғажап ән, әуендері-ай де. Жел болып шалқып, айдын боп толқып, тау болып күңіреніп, нажағай болып жарқылдап, құлын болып кісінеп, бота болып боздайды-ау шіркін…
Сөйтіп той енді нағыз қыза бастаған шақ еді, тық, тық, тық… есік қағылды да артынша бір құшақ гүл, тәтті-тәпсек, арақ-шарап көтерген уыздай жас бойжеткен қыз көрінді.
Сонда білдік, қонақ үйінің екінші қабатында орналасқан сахара жақтың өнерпаз қызы біздің тойдан қалыс қалыпты. Мен алдынан жүгіріп барып кешірім сұрап, қолындағы дүниелерін алып төрге шақырдым. Рахметін айтқан ол сырт киімін шешіп ілгеннен кейін дастархан басына жақындап сыпайы ғана көпшілікке тәжім етті. Сосын баршамыздан ғафу өтіне маған бұрылып:
- Аға, тойыңызды тойға ұластырайын деп өзіңізден рұхсат сұрасам ниетімді қабыл алар ма екенсіз ә – деді, күлім қаққан әдемі от жанарын қадай иіліп. Оның дәл не дегелі тұрғанын дөп басып түсіне кетпесем де жайдары қыздың жарасымды жақсы ілтипатын бар шыныммен қабыл алып:
- Айналып кетейін қарындасым-ау, қарақаттай екі көзің мөлдіреп өңменімнен өтіп бара жатса «Өлім әкеліп тұрмын» – десең де рұхсат етіп қабыл алмай нем бар еді, айта ғой – дедім елжірей әзілдеп. Сөйтсем ол дағы бір әзіл сөздің тілмәші екен:
- Ойбай аға, кешірім етіңіз, жөн сегізді артыма қалдырып, онсегізге қадам басып өрт өмірдің қызығын енді бастаған шағымда сіздей авзал азаматқа өлім әкелетін мен немене, жынданып кетіппін бе. Өлім емес өзімді әкеліп тұрмын – деп маған үлбіреп піскен алмадай бетін тосты.
- Бәрекелді қарындас! Сен өзі отқа құйған майсың ғой сірә. Дүр-дүр етіп аспанға шапшып лаулап жанып жатқан жиырмабес деген өрт жалынға алай-дүлей ұйтқып соғып тұрған онсегіз деген боранды әкеп тұрсаң ол өлім емей не болушы еді айналайын. Қош, не болса да көріп алдым – дедім да оның аппақ жазық маңдайынан иіскедім.
Отырғандар шуылдасып шапалақ соғып шағын бөлменің төбесін ортасына түсіре жаздап айғайласып сүйкімді бойжеткенге қошемет көрсетті. Сонымен жиырмабестің дастарханына онсегіздің дастарханы қосылып той одан әрмен жалғасты.
Күмбірлеген күміс көмейден сыңғырлата ән төккен шашасына шаң жұқпас өңкей күреңтөбел тарландар жер танабын қуырып құлақты біткеннің құрышын армансыз етіп қандырды. Осылай сайраған сазды бұлбұл, сандуғаштар таң ағарғанда ғана амалсыз тарасуға бет бұрысты. Той тарқар алдында ризашылығын білдіріп бетінен сүйгісі келген жігіттерге сахараның ибалы аруы еуропалықтардың салтымен майысқан қолының сыртын ұсынды. Қыз сүйудің соңына ала мен де сірә құр қалмайын деп оның қолын сүйуге оқталып едім, ол кіп-кішкентай сүйкімді қолын теп-тез айландырып алақанын тосты. Мен:
- Қой қарындас, алақаныңнан сүйсем ұрдықшы болып кетерсің, сыртынан сүйейін – деп едім, ол жымың етті де:
- Ондай салттың бары шын аға. Бірақ мен кәзір ұрдықшы болғым келіп тұр. Жақсы ғой, осы бөлмеден шыққанда байқатпай сізді қалталай кетпеймін бе –демесі бар ма… Мен қарсылық еткем жоқ, жұп-жұмсақ алақанына ернімді тигіздім де бөлмесіне жеткізіп қойдым.
…Ертеңінде үлкен өнер сарайына барып өнер көрсетіп енді орналасқан қонақ үйіне қайтайын деп бірге кететін серік іздеп селтиіп темекі шегіп тұр едім, әлгі ділмәр шешен ерке қарындасым келіп жетті. Ана-мынаны сөз етіп жеңіл әзілдесіп тұрған соң мен оның нәзік сүйрек саусақтарын алақаныма салып аялап:
- Тентек ерке қарындасым, кеше көп адамның арасында ағаңды ұялтып қойдың ғой. Кәне бетіңді тосшы енді мен есемді алайын – деп бетінен сүйуге еңкеие беріп едім ол сәл ғана шегіншектеді де:
- Шын есеңіз кеткен болса – деп, қып-қызыл шиедей жұп-жұқа ерінін шошайтты. Дәл өйтеді ғой деп ойламаған басым сәл тосылып қалдым да:
- Айналайын ерніңнен сүйсем өсекші болып кетерсің – деп едім қыз аласы молдау мойылдай қара көздерін
бір төңкерді де:
- Пай, пай, пай ағасы! Алақанымды тоссам: «Ұрдықшы боласың» – дейсіз, ернімді тоссам: «Өсекші боласың» – дейсіз, егер мен басқа бірдемемді тоссам не деп бас тартар екенсіз ә. Жігітке ернінен сүйгізген әйел біткеннің бәрі өсекші болатыны рас болса мен өкінбей-ақ қояайын – деді де екі өкшесін көтеріп аяғының ұшымен созылып келіп менің мұртты ернімнен шөп еткізіп бір сүйді де айланып қонақ үйіне қарай жүгіре жөнелді.
Мен аңдаусыз жерде жалаңаш денемді жалын шарпып өткендей тырп етіп қозғалмай тұрып қалдым. Сәлден кейін ғана сағатыма қарасам кеш те болып қалған екен.
Үнсіз ғана жымың еттім.
2008
“АЙДАН ТҮСКЕН КӨЛЕҢКЕ” Кітәбінан
(Сурет интернет желісінен алынды, иесінен кешірім өтінем)

Related Articles

  • Майкл Ньютонның «Жан жиһаны» кітабының аудармасынан үзінді

    Нұрлан Сәдір Майкл Ньютонның «Путешествие души»/ «Жан жиһаны» кітабының аудармасынан үзінді ұсынуды жалғастыруды шештім: 2-ші уақиға Американың оңтүстігіндегі жазықта Сэллидің мойынына жақын қашықтықтан жебе келіп қадалған сәттен басталады. Өз басым, өткен өмірде кісі қолынан қасақана болған өлім сценаларына сақтықпен қараймын. Себебі түпсана сол азап әсерді жадында әлі де болса сақтайды. Маған екінші уақиғадағы Субъект тамағының тұсы өмір бойы мазалап келе жатқаны жайлы шағыммен келді. Бұндай жағдайларда арнайы терапия мен өмірлік бағыт-бағдарын қайта құру керек болады. Субъектілеріммен жұмыс жасағанымда, оларды өзін сырттай бақылаушы рөліне қою арқылы, ауруы мен күйзелісін бәсеңдету мүмкіндігін жібермеймін. 2-УАҚИҒА Д-р Н.: Жебе жаныңызға батып тұр ма? СУБЪЕКТ: Иә… тамағымды қақыратып жіберді… Мен өліп барамын (Субъект тамағын ұстап,

  • ҚАРАТАУДЫҢ ҚАРА БЕКЕТІНДЕГІ ҚЫС

      ЖҰМАТ ӘНЕСҰЛЫ (Тарихтың бір сабағы– әңгіме) ҚАРАТАУДЫҢ ҚАРА БЕКЕТІНДЕГІ ҚЫС Бұл 1917-жылдын кейін болған уақиға. Қаратаудың солтүстігіндегі Бетпақдаланың арғы бетіндегі көтерілістің у шуы басылып, , қызыл мен ақтың әскері Бетпақдаланы әлі ойқастап жүрген кез. Қаратаудағы қара бекет қыстың қиын кезінде, адасқан, не тоңған жолаушы  жылынып, есін жинайтын бекет еді. Осы бекетте елмен бірге көше алмай , елуден асқан әйел мен жасы он тоғызға толған қызы Қарғаш амалсыз осы Қара бекетті қыстап қалған. Олардың бір сиыры бар еді, соны күнделікті қорек қылып, күндерін көріп отырған. Түн қараңғысы түскен кезі еді. Кіре берісте байланған  жас бұзау мен қашар тұр, алдына салынған азғантай шөпті күрт күрт шайнап тұрған. . Бір кезде қойдың

  • ИТЕЛ(АТИЛ, ИТЕЛ, ИДЕЛ, ЕДІЛ) ҚАҒАН

    ИТЕЛ(АТИЛ, ИТЕЛ, ИДЕЛ, ЕДІЛ) ҚАҒАН Ител қаған Көкбөрғ аталған тұста, Көкбөрғ аты Көкбұлақ болып таралған тұста… Еуропаға Абақ таңба көтеріп барған ұлы Абақты атанып, Кейін келе ұрпағы Ақбақты боп есте қалатын. Ақбақтыдан Есен туды да, Есен-Абақты делінген, Есен-Абақты Есенбақты болып Карпаттың иығына көмілген…. Ителдердің жартысы Орал тауда тұрады, Ителдердің жартысы Алтайда ішіп бұлағын… Бірі башқорт ішінде, Бірі қазақтың қоңыр түсінде, Улап-шулап шығады… Қурайдан тартып қоңыр күй, Тарқатып ішіп құмарын… Еділден алақанымен көсіп ішкен кездерін еске ап, Селкілдеп билер “Жорғаға” Қозғалтып абақ тұмарын… Міне, осылай орман елінен тараған сұлу тарих, Ител қағанның аттары дала кілемін тұяғымен сырғытып ағылып… Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы

  • «Еркін сөз»-2021 шығармашылық байқауы жарияланды

      Жеңімпаз журналистер қомақты қаржылай сыйлыққа ие болады “Еркін сөз”-2021 шығармашылық байқауы жарияланды. Үздік БАҚ өкілдері журналистер мерекесі қарсаңында марапатталады. Шараның мақсаты журналистердің кәсіби білігін арттыру және қаржы саласындағы білімін жетілдіру. «Еркін сөз» байқауына қазақ тілінде мақала жазатын және хабар тарататын республикалық, халықаралық және аймақтық БАҚ өкілдері қатыса алады. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері “Үздік мақала”, “Сайттағы үздік мақала” және “Үздік телесюжет” аталымдары бойынша сайысқа түседі. Әр аталым бойынша тағайындалатын Бас жүлде – 500 000 теңге. Байқауға қаржы тақырыбындағы, оның ішінде банк саласына қатысты материалдар қабылданады. Бас жүлдеден бөлек әр номинация бойынша 1 және 2 орындар бар. Материалдар 2021 жылдың 01 қаңтарынан 2021 жылдың 05 шілдесіне дейін жарияланған немесе эфирге шыққан

  • Қатыш дөңі АЗАПТЫ КҮНДЕРДЕН ҚАЛҒАН ІЗ

    Жұмат ӘНЕСҰЛЫ 17-жылдың кезі еді, Патша құлаған. Увқытша өкіметінің құзыры жүріп тұрған кез. Елдің солтүстүгінде де, оңтүстігінде де көтерілістер болып, елдің аласпыран кезді басынан өткеріп жатқан ды. Қаратауды жайлаған Қоңыраттардың арасынан шыққан Қабақан есімді кісі аңшылықпен өмірі өткесін "ҚАПҚАН" атанып кетен. Сол Қабекең ер жеткен ұлы Садақбайды, қызы Хадишаны, сосын он бес шақты жақын туыстарын ертіп, елден бөлініп, Қордай жақтағы Тереңөзек деген шағын көлді мекен екткеніне де бір жылдай болып қалған. Тереңөзектің маңы қалықң қарағай , адам өтетін жер шамалы, өзекке келетін бір ғана жалғыз аяқ жол бар. Қапан аңшы адам аяғы баса бермейтін қуысты мекен етіп отырғанымен, тауға шыққанда , бір шама елдің анда санда Қордай асып бара жатқанын

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: