|  | 

Жаһан жаңалықтары

Украина президенті Владимир Зеленскийді Financial Times “Жыл адамы” деп атады


Владимир Зеленский

Владимир Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленскийді Ұлыбританияның газеті Financial Times “Жыл адамы” деп атады.

Басылым Зеленскийді “украин халқының Ресей агрессиясына қарсы күресіндегі ерлігі мен төзімділігінің бейнесі” деп санайды. Financial Times Украина президентін “авторитаризммен күрестегі демократиялық әлемнің флагманы” деп сипаттаған.

Биыл 24 ақпанда Ресей күшпен басып кіргенде Киевтен кетпей қалған Зеленский “Мен батыр емеспін, бірақ халық алдында жауаптымын. Адамды сатып кеткенді жек көремін ” деп түсіндірген.

2021 жылы Financial Times басылымы “Жыл адамы” деп миллиардер, Tesla және SpaceX компанияларының жетекшісі Илон Маскті атаған.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Дереккөз: Владимир Зеленский G7 саммитіне қатысу үшін Жапонияға барады

    Владимир Зеленский.  Украина президенті Владимир Зеленский “Үлкен жетілік” елдері саммитіне қатысу үшін Хиросима қаласына барады. Бұл туралы Kyodo агенттігі, сонымен бірге The New York Times, The Washington Post және CNN Жапония үкіметіндегі дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлады. Reuters агенттігі болса мұндай мәліметті Еуроодақтағы дереккөзге сүйене отырып таратты. Киев әзірге мәліметті ресми түрде растаған жоқ. Зеленский кеңсесі президенттің сапарлауы мүмкін екенін жоққа шығармады, бірақ “бәрі ұрыс алаңындағы жағдайға байланысты” болатынын ескертті. Bloomberg мәліметінше, Зеленский Араб елдері лигасының Сауд Арабиясында өтетін саммитіне қатысқан соң, АҚШ әуе күштерінің әскери ұшағымен Жапонияға жетеді. Жақында Украина президенті Италия, Германия, Франция және Ұлыбритания елдерін аралап, Киевке қару-жарақтың жаңа партиясын жеткізуге келіскен. Зеленскийді Хиросимадағы саммитке Жапония премьер-министрі

  • Түрік бақыты – Кемалдың қолында

    Түркия бақытқа жете алады. Ол үшін Кемал Қылыштароғлының экономикадағы қасқа жолын таңдаса болғаны. Екінші тур – 28 мамыр. Сайлауға қатысқан Қазақстандағы Түркия азаматтарының басым бөлігі (48,86%) Қылыштароғлыға дауыс берді. Ердоған Қазақстаннан 44,38% дауыс алды. Қазақстанда жүрген Түрік азаматтарының іскерлік топқа жататынын ескерсек, Түркиядағы бизнес, кәсіпкерлік санаттың Қылыштароғлы жағында екенін көреміз. 1. Инфляция Қылыштароғлы алғашқы қадамын инфляциямен күреске жұмсамақ. Түркиядағы бизнестің басты жауы – инфляция және соның кесірінен орын алған девальвация болды. Қылыштароғлы Орталық Банкке толық тәуелсіздік сыйлауға бекініп отыр. Демек, тура біздегідей Орталық Банк базалық ставканы өсіреді, кредиттер қымбаттайды. Артынша инфляция сабасына түсуі тиіс. 2. Еуроодақпен визасыз режим Қылыштароғлы Еуропаға Түркияда парламенттік жүйе орнатамын деп уәде беріп отыр. Есесіне Еуроодақ

  • Ердоған егер жеңілсе. Батыс пен Путин Түркиядағы сайлауға не себепті алаңдайды?

    Тодд ПРИНС Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин Астанада. 13 қазан 2022 жыл. Түркияны 20 жылға жуық басқарған президент Режеп Тайып Ердоған алдағы сайлауда Батыс елдерімен қарым-қатынасты нығайтуды қолдайтын қарсыласынан жеңілуі мүмкін. Сарапшылар Владимир Путин Ердоғанның жеңілгенін қаламайды дейді. Өткен айда Ресей президенті Владимир Путин Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен видеоқоңырау арқылы сөйлесіп, НАТО-ға мүше әріптесін бейбіт мақсаттағы алғашқы ядролық жобасының басталуымен құттықтады. “Росатом” корпорациясының жетекшілігімен салынған “Аккую” атом станциясының құрылысына 20 миллиард доллар кеткен. Бұл Ердоған мен Путин арасында жылдар бойы қалыптасқан энергетика және экономика салаларындағы байланыстардың беріктігін дәлелдейді. Атом станциясының ашылу салтанатына Путиннің қашықтан қатысуы Мәскеудің шетелдегі ықпалын көрсету үшін ғана емес, қиын жағдайда қалған

  • Пентагон басшысы Ллойд Остин Украина премьер-министрі Денис Шмыгальмен кездесті

    Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль (сол жақта) мен АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин Пентагон ғимаратының алдында тұр. Вашингтон, 12 сәуір, 2023 жыл АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин 12 сәуірде Пентагонда Украина премьер-министрі Денис Шмыгальмен кездескен. Остин украин үкіметінің жетекшісіне АҚШ-тың Украина қорғаушыларына қауіпсіздік саласында көмек беруіне Киевтің айрықша ашықтық танытқаны үшін ризашылық білдірген. “Америка дауысының” хабарлауынша, Пентагон басшысы “Біз қауіпсіздік саласында көмекке ондаған миллиард доллар бөлдік. Одақтастарымызбен және серіктестерімізбен бірлесіп, HIMARS пен гаубицалар, NASAMS мен IRIS-T, Stryker мен Leopard және басқа көптеген жүйе бердік. Оның нәтижесі майданда айқын көрінді” деген. Шмыгаль Украина қарқынды әскери көмекке әлі мұқтаж болып отырғанын, әуе шабуылынан қорғану жүйелері, ауыр артиллерия, минометтер мен оларға оқ-дәрі қажет екенін айтқан.

  • НАТО Украинаға көмекті жалғастыра ма және Киевтің қарымта шабуылын қолдай ма? Альянс хатшысымен сұхбат

    Настоящее время НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг. НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг “Настоящее время” телеарнасына берген сұхбатында “Украинаға қолдау көрсету үшін қару жасауды көбейтпекке жұмыс істеп жатырмыз” деп мәлімдеді. “Себебі бұлай жасаған өте маңызды. Путин жеңсе, Украина үшін трагедия болмақ. Путин жеңсе, НАТО үшін де қауіпті. Сондықтан одақтастарыма айтарым: қауіпсіздігіміз үшін Украинаны қолдауымыз керек. Біз президент Путинге Украина жеңілмейтінін көрсетуіміз қажет” деді ол сұхбатында. Азаттық “Настоящее времяның” Йенс Столтенбергтен алған сұхбатын ықшамдап ұсынады. – Қазір майдан шебіндегі, соның ішінде Бахмут пен Авдеевкадағы жағдайды қалай бағалайсыз? Бұл шайқас Ресей мен Украина әскеріне қалай әсер етеді? – Алдымен Украина әскерінің кәсібилігі, ерлігі және шешім қабылдаудағы мықтылығы таңғалдырғанын айта кеткім келеді. Олар бүкіл әлемді таңғалдырды. Ал

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: