|  |  |  | 

Көз қарас Руханият Қазақ дәстүрі

…ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз.

430482869_2852836848213217_3428381351575947937_nӘлеуметтік желіде осы отандасымызды қызу талқылап жатыр екен. Көбі сын айтып жатыр. Видео жазбаның толық нұсқасы жоқ, пікір-талас тудырған бөлігі ғана тарап жатыр екен. Соған байланысты өз ойымды айта кетпекшімін:
Бірінші, отандасымыздың видеосы, фотосы әлеуметтік желіде желдей есіп тарап жатыр. Ол азаматтың (азаматшаның) жеке құпиясы саналатын фотосы, видео жазбасы кімнің рұқсатымен тарап жатыр екен? Өз басым осы постты жазу үшін ол азаматтың (азаматшаның) видеодағы бейнесін қара бояумен өшіріп тастауды жөн көрдім. Және рұқсатынсыз фото бейнесін жеке парақшама салғаным үшін одан кешірім сұраймын. Діни ұстанымы, ойы бөлек болғанымен ол да осы елдің тумасы, біздің отандасымыз.
Екінші, отандасымыздың діни ұстанымына байланысты айтқан сөздері қоғамда қатты пікір тудырған екен. Тіпті оны “ұлт дұшпаны” есебінде күстәналап жатыр. Бұл қарындасымыздың (иә әпкеміз) көктен аяғы салбырап түскен жоқ қой, осы елдің тумасы, осы елдің өнімі. Неге біз салдармен күресіп жатырмыз деген ой туады?! Жауапкершілікті кім арқалайды?
Үшінші, Біздің айналамызда ар-ұятыма қорған болсам, ұжданымды қорлатпасам, әке-шешеме ұятты болмасам екен-, деген саф таза ниетпен Тәңірінің ақиқатын іздеп діни руханиятқа жақын болған қаншама қаракөз отандастарымыз бар. Тым құрыса сол отандас жандарға дұрыс діни құндылық сыйлай алдық ба? Соларға рухани азықты нақты көрсетіп беріп жүрміз бе? дәл керекті кезінде бәріне үлгердік бе, сұрақ көп әрине! Біз ұсына алмаған кезімізде жаттың құндылығы оларды іліп әкетті…
Төртінші, қандай дінге сенеді, қай мазһапқа ниетін бұрады өз ісі. Дінмен тіке күресіп дінді тұтынушы азаматтарды күстәналау дұрыс емес. Өйткені ол оның ішкі жеке сенімі. Дінмен күрескеннен көрі отандық діни құндылықты ұсынған дұрыс. 1991 жылдан бері ұлттық діни концепция дұрыс ұсынылмады, әлсіз болды, есесіне шетелдік діни құндылықтар күшті қызмет атқарды. Міне, отыз жылдан кейін олар нәтижесін беріп жатыр.
Бесінші, отандық діни құндылық өндірілмесе бұғанасы қатпаған өрімдей жастар жат діни құндылықтың тұтынушысына, құрбанына айналады. Ал салдармен алысу ешқашан оңды нәтиже берген емес.
Алтыншы, эмоциясына еркінлік берген және діни көзқарасын әлеуметтік желіде бүкпесіз ашық айтқан отандасымыздың діни ұстанымын мазақ қылудан келекелеуден аулақпын. Діни көзқарасына келіспесем де құрмет қыламын. Ниеті түзу, жүрегі мейрімді қаракөз қазақтың қызы ғой. Қыз баланы қалай құрметтеп еркелететін халық едік, сол дарқан мінезіміз қайда кеткен?! Әдептен аттап ойындағысын бүкпесіз айтып жұрттың қитығына тиген шығар, қателік тек онда ғана емес қой. Ол бар болғаны сіз және бізден кеткен тарихи қателіктің құрбаны! Бұғанасы әлі қатпаған жас қызбен жұлысып қайда бармақпыз?. Тәк ендеше жауапкершіліктің бір ұшы өзімізде тұр.
Жетінші, қоғамда діни сенім тақырыбы әдеп пен этиканың масштабынан шығып кетті. Діни тұтынушы да, сын-пікір айтушы да этика сақтамайды, нәтижесінде діни сенім жеке тұлғалардың адами психологиясына кері әскер етуде. Жан-жақтан қаумалаған сұрақтар мен кекесін комментариилар кесірінен діни сабыр жұқарып “арс” ете түсетін “жүйке” пайда болған. Яғни шамадан тыс мыжғылай беруден кейбір діни тұтынушы азаматтар “ерегесу” кезеңіне өтіп кетті. Сондықтан қоғамда “қайтесің ал” дейтін көңіл күй пайда болған. Бұл күймен ешкім ұшпаққа жеткен емес. Мейірім жетіспейді, діннің фундаменталды функциясы сол емес бе еді.
Сегізінші, біздің қоғамда түбегейлі шешімін таппаған қаншама түйіткіл бар. Руханиятты айтпағанда саяси, әлеуметтік, экономикалық және білім беру саласының мәселелері шаш етектен. Аталған мәселелердің көбі қоғамда ойып отырып ваккум қалыптастырды. Бұл ваккумның мысқал күші атом бомбасынан да күшті. Тұтас бір қоғам сол жойқын ваккумның құрбаны болды. Шөліркеген халық дінге ұмтылды, өйткені мәжбүр еді, бірі көшпенді өркениеттің рухани төл танымын идеал санады, біреулер орта шығыстың мәдениетін дін деп түйсінді, және біреулер басқа діни құндылықтарға бүйрегі бұрылып жүр. Бәрінің түп негізі таза ой, саф ниет һәм Тәңіріне деген риясыз аңқау махаббаттан еді. Сол кезде діни құндылық дұрыс ұсынылмады…
Тоғызыншы, біздің қоғамда кез-келген азаматтың сенім еркіндігі бар. Қандайда бір классик тарихи дінге сенсе де, сенбесе де еркі. Бірақ тарихи дінмен ашық күресу меніңше дұрыс емес. Күрескеннің орнына құндылық ұсынуың керек. Яғни мәдени, рухани һәм адами құндылық ұсынуың керек. Аталған өз құндылығыңды ұсына алмасаң, туған халқың импортталған жат діни-мәдени құндылықтың тұтынушысына айналады. Сол кезде кімге өкпелейміз?.
Оныншы, адамның тұлғалық бейнесі бәрінен жоғару тұру керек. Діни, саяси ұстанымына байланысты олардың адами хақы мен құқы бұзылмауы шарт. Мысалы, біреу үшін құдай шексіз, мекенсіз, бейнесіз, күйсіз болуы мүмкін; ал біреулер үшін құдай сиыр немесе тышқанның бейнесінде көрінуі мүмкін. Екеуіне де тең қарау керек. Біздің қоғамда тәңір мен құдайды бір-біріне қарсы қояды. Ол дұрыс емес. Тәңір бар жерде құдай, құдай бар жерде тәңір өлмейді.
Елдес ОРДА
04.03.2024

Related Articles

  • ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    Олар ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде орыс тілінде оқудан бас тартқан. Неге солай ? Өйткені олар қазақ тілін таңдаған! Қазір университетте қазақ тілі курстары ашылып жатыр. Айтқандай, Әзербайжандарға тілімізді қолдағаны үшін құрмет пен құрмет. Олар нағыз бауырлас халық екенін көрсетті. Бірақ қазір біздің қорғаныс министрлігіне сұрақтар туындайды. Бұған дейін барлық шетелдіктерді орысша үйретіп пе еді? Біреу не сұрайды? Әйтеуір, білім – қазақ тілін насихаттаудың ең жақсы тәсілі. Ал неге орыс тілінде оқытады? Ал кім үшін? Ең қызығы, осының бәрін тек Әзербайжандардың арқасында ғана білетін боламыз. Ал неге бұрын қазақша оқытпаған, ең болмаса кейбір елдерде. Неге сол қытай тілін орысша үйретеді? Руслан Тусупбеков

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

  • Украина(СБУ) «Паутина» стратегиялық операциясы

    Украина(СБУ) «Паутина» стратегиялық операциясы

    Бүгін Украина қауіпсіздік қызметі (СБУ) «Паутина» деп аталатын стратегиялық операциясын жүзеге асырып, Ресейдің әскери авиациясын нысанаға алды. Украиана тарабы операция барысында Ресейдің 41 соғыс ұшағы жойылған алға тартты. Олар Ресейдің А-50, Ту-95МС және Ту-22М3 сынды стратегиялық бомбалаушы ұшақтарын істен шығарып, 2 миллиард доллар шығынға батырған. Украинаның арнайы қызметі операцияны жүзеге асыруға бір жарым жыл бойы дайындалыпты. Операция барысын Украина президенті Владимир Зеленскийдің өзі бақылаған, ал оның орындалуын СБУ басшысы Василий Малюк пен арнайы жасақтардың үйлестірілген ұжымы атқарған. Украина тарабы алдымен FPV-дрондарды Ресейге контрабандалық жолмен жеткізеді. Артынша – ағаштан жасалған шағын үйлер жібереді. Дрондар сол үйлердің шатырының астына тығылған. Кейін бұл үйлер жүк көліктерге тиеліп, Ресейдің ішкі аумақтарына жеткізіледі. Дәл сәт

  • Тіл жөнінде талай жазылды ғой…

    Тіл жөнінде талай жазылды ғой…

    Бірақ бұрыннан айтылатын екі принцип сол баяғы өзгермейді. Себебі оны уақыт және өзге елдердің тәжірибесі дәлелдеді: 1. Заң, жарлық, ереже, шешімдермен тілге сұраныс туғызу. Онсыз тіл ешкімге керек емес. Тіл ақша табуға, білім алуға, өзгемен байланысқа түсуге қажет болғанда ғана сұранысқа ие болады, сонда ғана адамдар мәжбүрлі түрде үйренеді. Шетелде оқығың келе ме, IELTS, TOEFL тапсыр. Ол үшін ағылшын оқы. Халықаралық компанияда істеп, көп жалақы алғың келе ме, алдыңғы сөйлемде жазылған шарттарды орында. Сұраныс туғызу механизмі осылай жұмыс істейді. 2. Тіл иесі саналатын ұлт өкілдерінің принципшілдік танытуы. Яғни, тілің кең тарасын десең, оны кең қолдан. Үйде, түзде, басқа жақта. Англияда түріктің кафесіне кірсең, өзара түрікше сөйлесетін. Астанада үй жөндейміз деп

  • Karin Erlan мырза, қазақ тілі жойылып кетеді деп отырған ешкім жоқ.

    Karin Erlan мырза, қазақ тілі жойылып кетеді деп отырған ешкім жоқ.

    Karin Erlan мырза, қазақ тілі жойылып кетеді деп отырған ешкім жоқ. Сөйлеушілер саны 15 млнға жететін тіл алдағы кемі 1-2 ғасырда жойылмайтыны анық. Қоғамның талабы – қазақ тілі толыққанды мемлекеттік тіл функциясын атқара бастауы. Және ол бастаманың көш басында президенттің өзі мен мемлекеттік аппарат тұрғанын талап етеміз. Қазіргі ситуацияны қалкй бағалауға болады? Қазір қазақ тілі яғни мемлекеттік тіл шын мәнінде қосымша тіл, жанама тіл, аударма тілі ғана болып тұр. Оны неден байқаймыз? Ерлан мырза, қол астыңыздағы аппараттың құжат айналымына назар салып көріңіз. Тіпті күзетшілер мен тазалықшы санитарларға тарататын құжаттың өзі тек орысша жасалады. Оған толық сенімдімін. Бухгалтерияңызға назар салыңыз, барлық құжат тек орысша жүреді. Мемлекеттің кез келген бастамасына назар салыңыз,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: