|  |  |  | 

Көз қарас Тарих Қазақ шежіресі

Демографиялық сараптама

433572084_2863313410498894_1426595884755053902_n
1-ші сурет қазақтар;
Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен.
1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады.
1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар:
БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды:
*ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы;
*Ұйғырстан автономиялық респубиликасы;
*Шынжаң автономиялы респубиликасы.
ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша:
*Федерециялық тұрпат;
*Автономиялық облыс және окург тұрпат;
*Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты.
Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік Қашқария бөлігінде ұйғырлар біріккен федерациялық автономиялық одақтас респубилика жариялауы керек еді. Бірақ орталық үкімет қазақтар мен ұйғырлардың бірігіп үлкен күшке айналуынан алаңдады.
1954-55 жылдары комиссияның ұзақ талқылауынан кейін орталық билік аймақ дәрежелі автономиялық обылыс, аудан дәрежелі автономиялық регион құруды мақұлдап, өз саясатын құп көрді. Сонымен бірге ұлттық автономияның атауын “Шынжаң” деп тұрақтандыруды көздеді. Талқылауға қатысқан өлкелік үкімет басшылары Б.Шаһиди мен С.Әзези аталған атау бойынша сын-пікірлерін ұсынды. Мысалы, С.Әзез Шынжаң атауына Шынжаң ұйғыр автономиялық деген анықтауышты бірге қосайық десе, Б.Шаһиди ұйғыр атауын қосуға болмайды, өңірде ұйғырдан бөлек тұрғылықты халықтар да тұрады, Шынжаң не болмаса Тияншань автономиялық регионы атауы идеал деп пікір айтты.
Өткенде шетелдік ұйғыр мамандарының ұлттық межелеу бойынша жазған тарихи жазбасын оқыдым. Онда қытай билігі ұйғырстан респубиликасын стратегиялық жақтан әлсірету үшін қазақтарға (және басқа ұлттарға) автономия беріп ұйғырды бөлшектеді депті. Сонымен бірге 1949 жылы ұйғырлар 70% еді дей келе, біртұтас ұйғырстан құрылуы шарт депті. Аталған мақалада автор көп шындықты ескермеген. 433545912_2863313420498893_3232790557960164917_n
2- ші сурет ұйғырлар;
Соның ішінде маңызды екі шындықты тіптен ескермеген:
Бірінші, 1949 жылы 70% ұстайтын ұйғырлардың 95%-і өлкенің оңтүстік бөлігі Қашқарияда орналасқанын айтқысы келмепті. Мысалы, 1946-47 жж ұйғыр депутаты Ю.Алыптекин мемлекеттік және өлкелік парламентте Қашқария ұйғырларын солтүстік аймақтарға көшіру, егістік жер беру мәселесін көтерген. Оның пікірінше ұйғырлар тарихтан бері егін шаруашылығымен айналысады, 95% ұйғырлар ауыз суы тапшы Қашқария шөлдерінде өмір сүруде, мемлекет арнайы бағдарлама қабылдап егінші ұйғырларды солтүстік сулы шұрайлы аймаққа көшіріп, жер айыруы тиіс-, деген. Яғни ұйғыр халқының басым санды Қашқарияда тұратынын сол кездегі ұйғыр депутаттарының архивтік құжаттарынан-ақ дәлелдеуге болады.
Екінші, 1880 жылдары Шығыс Түркістан бөлініп бөлшектеніп Шынжаң деген атаумен қытай билігі (мәнжүр) құрамына кірген кезде ұйғырлар Дихуа окургіне қарады. Ал, Қашқарияның саяси әкімшілік салмағы мейлінше әлсіреді және әлсіретілді. Бірақ қазақтар басым тұрған негізгі аймақтар Дихуа окургіне бағынышты болмай, жеке-жеке әскери губернияға салық төлеп тікелей Пекин орталық билігіне бағынды. Тек 1914 жылы Іле, 1916 жылы Тарбағатай, 1919 жылы Алтай мәжбүрлі түрде Дихуа окургіне қаратылды. Нәтижесінде ұйғырлар осы уақытқа дейін өз жерінде 95% болып келсе, жаңадан үш әскери окург қосылған соң 95% дан 60% ға дейін жалпы көрсеткіш азайды. Қазақтар да бұған дейін жеке әскери губерния құрамында 70-80% болып келсе Шынжаң провинциясына қосылған соң жалпы көрсеткішке шаққанда 10-20% ке дейін түсіп қалды. Аталған демографиялық көрсеткіштің өзгеруі 50 жылда тек қана әлеуметтік теңсіздіктерге жол ашты. Қазақтар мен қытайлар, ұйғырлар мен қытайлар арасында ұлтараздық өршіді. Бір күн тоқтамады.
Ұлттық статистикалық санақ бойынша талдау жасап көрсек, 1928 жылы өлкелік үкімет санағы бойынша қазақтар 470 мыңды көрсеткен. 1935 жылғы санақ бойынша қазақтар 500 мыңнан асқан. Бұр ресми үкімет санағы. Ал, статистиканы анықтайтын үкіметтік емес жеке ұйымдардың санақ нәтижелері болған. Соның бірі 1935 жылы Үрімжіде құрылған қазақ-қырғыз ұйымының ішкі санағы. Онда үкіметтің ресми санақ көрсеткішінен әлде қайда басқаша көрсетілген. Мысалы 1941 жылдары қазақ-қырғыз ұйымының санақ межелеуі бойынша 900 мың қазақ бар деп көрсетілген.
Үкіметтің санақ нәтижесі бойынша 1944 жылы қазақтар 400 мыңға кеміп 1928 жылғы көрсеткішке де жетпеген. Оның мынадай себептері бар:
Бірінші, Саяси және әлеуметтік түрлі себептерге байланысты қазақтардың іргелес провинциялар мен өзге аймақтарға көшуі артқан, сол себепті үкіметтің санақ мекемесінің қазақтардың демографиялық ахуалын анықтауы қиынға түскен;
Екінші, 1930 жылдың соңын ала үкімет саясатына наразы қазақтар қарулы қақтығысқа жол ашты. Қарулы қақтығыстың соңы ұлт-азаттық төңкеріске айналды. Ресми үкіметтің кейбір аймақ, аудандардағы қазақтардың демографиялық ахуалын анықтауы мүлде қиынға соқты;
Шын мәнінде қазақтар 1928 жылғы санаққа араға 30 жылдай уақыт салып 1954-55 жылы әрең жетті. Бірақ 1955 жылдан бастап ұлы көш басталды. Кейбір аймақтардағы қазақтар 1955-62 жылдары кезең-кезеңі бойынша Қазақ СССР-ға қоныс аударды. Көшкен қазақтардың орнын өскен қазақтар жауып отырды. Соның өзінде 1980 жылдарға келгенде қазақтар табиғи өсім нәтижесінде миллионнан асты. 1990 жылдан соң бір жарым миллионға, 2000 жылдары 1 миллион 600 мың да 800 мың айналасында болды. Дегенмен, 1990 жылдан кейін қазақтардың жылдық өсім көрсеткіші азайды. Оның екі үлкен себебі бар:
Бірінші, үкіметтің жоспарлы туу саясаты бойынша көп балалы болу мүмкіндіктері шектелді;
Екінші, 1998 жылдан бастап Қытайда әлеуметтік және экономикалық реформалар мен дағдарыстар орнады. Нәтижесінде жұмыссыздық көбейді. Қазақ жастары қазақтар жаппай қалаға ағылды, күнкөріс үшін түрлі жұмыстар істеді, кеш үйленді, аз балалы болды;
Үшінші, Қытайдағы әлеуметтік және экономикалық дағдарыс артқан соң қазақтардың Қазақстанға көшу үрдісі артты. Әсіресе 2001 жылдан бастап Қазақстанға көшу науқаны қарқынды жүрді;
Төртінші, 2000 жылдан бастап Қытайдағы қазақтардың урбанизация көрсеткіші артты. Қалада жоспарлы туу саясаты қатты бақылауда болды. Қала қазақтарының туу көрсеткіші төмен болды.
Есесіне 1991-2019 жж арасында Қазақстанға қоныс аударған Қытай қазақтарының саны 250-300 мың адамды құрады. Қазақстанға түбегейлі қоныс аудармаса да уақытша тұрғандар саны яғни қолында заңды ықтияр хаты (вид на жительство) бар азаматтар саны жарты миллионға жеткен. Бір қызығы ықтияр хат қолдаушылар арасында 15-20 жыл бойы ықтияр хатпен Қазақстанда тұрақты тұрып жатқан азаматтар да кездеседі.
Қорыта айтқанда қытайдағы қазақ демографиясы тарихын зерттеу өте маңызды. Өкінішке қарай, үкіметтің ресми санағына сүйене отырып ондағы қазақтардың нақты санын анықтау қиын. Сол себепті қытай билігінің ресми санақ нәтижесіне күдікпен қараймыз. Дегенмен кейбір жөнсал деректер мен ауызша мифтерге сеніп қазақтардың демографиялық үлесін қолдан жасауға болмайды. Тәуелсіз, тарихи және ғылыми нақты зерттеу толық жасалмаған соң тұспал да көбейетіні шындық.
Ескерту: демографиялық сараптама кейбір деректерді ұсынбады, қысқаша жазылды.
Елдес ОРДА
18.03.2024

Related Articles

  • «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай)

    «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай)

    Қазақ халқының даңқты перзенті, ұлы жазушы Мұқтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды. «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай) Шұбартауда дүниеге келді. Жондағы Жобалай Керейдің ең үлкен Аруағы Жобалай бидің ұрпағы еді. Байқотан би, Томан би, Бегеш шешен, Уәйіс, Төлеу ақын… Атағы Аталарынан асып кетті… Тірісінде олай деген жоқ… Бұл сөзді дүниеден өткен соң біз айтып отырмыз… Өмірінің соңғы кездері шетте өтті. «Үкіметке, басқаларға да өкпем жоқ, өкпелейтін олардың жағдайы жоқ!» (М.Мағауин) деген еді өзі бертінде. Астары ауыр, еңсеңді езердей салмақты сөз… Данышпан адам неге елден жырақ кетті. Бұл «Оңаша жатқанды ұнатамын, Елімді ел қылмасын ерте сезіп… Елден кеттім жырақ…» (Шәкәрім) дейтін кетіс сияқты. Сонда да «Көк

  • Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка.

    Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка.

    “Сұхбатты” енді ғана оқып шықтым. Әзірге, сипаты туралы аз сөз: Әлбетте, бұл – журналистика стандарттарына сай, шынайы, нағыз сұхбат емес. Конституциялық құқығы тең, екі саналы азаматтың өзара пікірлескен, еменжарқын әңгімесі емес. Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка. Пәленбай адам түзеп-күзеген, ананы да, мынаны қамтуға тырысқан, аяғында жаны жоқ мәтіндер жиынтығы туған. Тоқаев айналасындағыларға: “осыншалық жасанды кейіппен халық алдында көрінуім ұят болады, қойыңдар, айналайындар, қателессем де өз болмысыммен шығам” деуге түсінігі жетпегені өкінішті. Былтыр “Егеменде” “сұхбаттасқан” Дихан Қамзабек те, биыл “Ана тілінде” “әңгімелескен” Ерлан Жүніс те, кешіріңіздер, ешқандай да интервьюер емес. Иә, біреуі терең ғалым, екіншісі тамаша ақын, бірақ, өмірінде бір

  • 1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада, Даниялық ғалым В.Томсен құлпытастағы бітік жазудың құпиясын ашты. Ғылыми жаңалық еуропа қоғамын дүр сілкіндіреді. Тосмен алғаш «түрік», «күлтегін», «тәңірі» деген сөздерді шешіп оқиды. Бітіктастағы жазудың келесі беті қытай иероглифімен бәдізделген-ді. Томсен иероглифтегі есімдердің реттік (қайталану) жилігіне қарап отырып келесі бетіндегі құпия таңбаларды біртіндеп сөйлете бастайды. Сол дәуірде шығыстану соның ішінде түркітану саласы жеке ғылым ретінде абройлы зерттеу нысанына айналды. В.Томсен таңбаны шешіп құпиясын ашқанымен көне түрік тілін білмеуші еді, сол себепті «бұл мәтінді оқыса Радлов оқиды» деген. Көп өтпей Радлов, Томсен шешкен таңбаның ізінше мәтін жолдарын оқыған. Сонымен жұмбақ күйде қалған тастағы бітік жазуы сөйлей бастаған… 25 қараша күні маңызды күн. Бітік жазу күні құтты болсын!

  • ОТАМАННЫҢ АҚЫРЫ

    ОТАМАННЫҢ АҚЫРЫ

    Шағын сараптама (Жанабіл Смағұлұлының қазасына арнаймын) Бірінші, ХХ ғғ.-дағы Қытай қазақтарының интеллигенциясын үлкен масштабта үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең 1911-12 жылдардағы саяси төңкерістен кейін қалыптасқан қазақ интеллигенция. Бұл кезеңдегі интеллигенцияны екі санатқа бөліп қарастыруға болады. 1) Рухани ағартушы интеллигенция; 2) Саяси интеллигенция. Рухани ағартушы интеллигенцияның өзін екі топқа бөлуге болады: бірінші топ, жәдиттік мектептің ағартушылары; екінші топ, қазақы дүниетанымның ағартушылары. Ал, бұл кезеңдегі саяси интеллигенцияны да екі топқа бөліп қарастыра аламыз. Бірінші топ, қазақтың дәстүрлі саяси билік жүйесі негізінде қалыптасқан саяси интеллигенциясы; екінші топ, 1914-1922 жж. шығыстық білім беру жүйесі негізінде қалыптасқан саяси интеллигенция. Екінші, шығыстық білім беру жүйесінің интеллигенциясы 1912 жылғы Пекинде өткен президент сайлауынан соң қалыптаса

  • Шоқай Торғайұғлы

    Шоқай Торғайұғлы

    “Ақмешіт уезінде белгілі қазақ ақсақалдарынан Шоқай Торғайұғлы 23-нші декабрде опат болды. Қазақша атқа мінген жұрт кісісі болғанның үстіне өнер, білімнің керектілігін ерте сезіп, заманға лайық істерге кіріскен адам еді. Мұстафа деген баласы осы күні Петербор университетінде оқып жүр” “Қазақ” газеті, №46, 1914 жыл Суретте: Шоқай Торғайұлы. Сурет Н.Гродековтың кітабынан алынды. Серікбол Хасан

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: