|  | 

Көз қарас

Үздік ойдың үзінділері

Үздік ойдың үзінділері
Арма әлеумет!
Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен.
Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым. Ол кісілерге баласындай еркеледім, менің еркелігімді көтеріп маған білім берді. Теориялық білімнен практикалық қоғамның нақты жұмыстарына араласқанымда мені тағы да дарынды, қабілетті кісілер анандайдан танып елге, мемлекетке адал жұмыс жасауыма мүмкіндік берді.
Қазір елде жұмыс жасап жүргенімде мына біршанша мәселені түйгендей болдым:
Бірінші, отандық ғылымда соның ішінде әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында кейбір тоқырауға бет алған пәндерді (ғылымды) байқадым. Мысалы, Қазақстан тарихының ежелгі дәуір кезеңін зерттеу белгілі деңгейде әлсіреген. Осы сала бойынша отандық мамандар бар, бірақ саусақпен санарлық және жасы орта жастан жоғары жасамыс мамандар, ал жастардан жоқ. Буын сабақтастығы үзілгелі тұр. Осы сала бойынша ежелгі көшпенділер өркениеті, тарихы, этнографиясы тағысын тағы кешенді зерттелсе өте керемет болар еді. Қытайда, Түркияда ежелгі дәуір кезеңдері жақсы зерттелді, кітаптар көп шықты.
Екінші, тағы да сол аталған ғылымдар бойынша орта ғасыр кезеңі әлі де болсын кешенді зерттеліп, үлкен ғалымдар шоғырын қалыптастыруды қажет етеді. Жошы Ұлысына дейінгі 9-11 ғасыр және Ұлық Ұлыс құрылғаннан кейінгі тарихи, саяси, мәдени ахуалы көрші елдермен дипломатиялық қарым-қатынастары, ноғай, өзбек және қазақ ордасының тарих сахнасына шығуы айта берсеңіз өте көп, масштабы үлкен. Осы кезеңді кешенді зерттеп отандық ғалымдар шоғырын қалыптастыру керек екен. Менің түсінгенім осы сала бойынша қалыптасқан өте білікті отандық ғалымдар бар, бірақ жасы қырыққа толмаған жас буын ұрпақ арасында сирек назарға аударылып буын сабақтастығы әлсіреген.
Үшінші, Іргелес елдерді зерттеу кешенді тұрғыда қолға алынбаса өте әлсіреген екен. Іргелес елдер деп мына екі мазмұнда түйіндеп отырмын.
1) Іргелес елдердегі қазақ тарихы;
2) Іргелес елдердің тарихы;
Іргелес елдердегі қазақ тарихы осыған дейін зерттелді, кәнігі мамандары да көп бірақ әлі де жеткілікті емес екені білінеді. Соның ішінде Қытай қазақтарының тарихы өте кенже қалыпты. Ал іргелес елдер қатарында Қытай тарихы соның ішінде Шынжаң тарихы кешенді зерттелсе, түрлі ғылыми экспедициялар ұйымдастырылса құба құп болар еді. Аталған сала бойынша мықты тарихшы, шығыстанушылардың қалыптасатынына дау жоқ.
Төртінші, отандық тарихшы, шығыстанушы мамандар өте көп, соның ішінде өз саласына байланысты шығыс тілдерін меңгерген, төтеше, шағатайша және ескі бітік жазуын (руна) игерген білікті маман аз екені білінеді. Шетелде жүргенде байқағаным аталған саланың студенттеріне шығыс тілдерін игерумен бірге шағатай, османлы және арап графикасындағы қолжазбаларды сауатты оқу тәртібі міндеттеледі. Осыларды игермеген жағдайда қорғатпайды. Өз басым шағатайша, төтешені ежіктеп болса да оқи алатын отандастарымды көрдім, бірақ шағатайша мен төтешенің лингвистикалық мән-мағынасы мен рухын түсінетін адамды өте аз көрдім, көбі қаріп деңгейінде оқиды, сәл таңбалық өзгешелік туындаса дұрысты бұрыс қып оқып содан контекстке қате тұспал жасайды, оның ең сорақысы ғылыми айналымға бұрыс қалпында түскені.
Бесінші, елде жүргенде бір байқағаным кейбір ортада мынадай жағдай бар екен. Сіз қанша жерден бір ғылымның анығына жетіп “мынау былай еді, мынадай еді” деп қанығын дәлелдесеңіз де қандайда бір шетелдік соны сіз құсап айтып оларды таңғалдырмайынша оны “солай екен” деп мойындамайды екен. Сіз айтсаңыз таңғалмайды да қабылдамайды, ал оны шетелдік бір ғалым дәл сіз айтқанды айтса оны шетелдік болғаны үшін таңғалысып тамсанып қабылдайды. Мысалы өзім он жыл шетелде жүргенде сол елді таңғалдыруым үшін ол елдің маманының қолы жетпейтін, мүмкіндігі мүлде келмейтін тың деректі айтып таңғалдырмасам, сол елдің маманы айтып жүрген кәдуелгі дүниені айтып ешқашан таңғалдыра алған емеспін.
Алтыншы, Қазақстанда отандық интеллектуалды ғылым базасы көбінше шетелге экспортталады екен. Бір түсінгенім отандық мамандар өз зерттеулерін шет тілінде жат елдің журналына шығарып жарысады екен. Қаншама білікті мақалалар төл зерттеу еңбектерін шетелдік журнал арқылы сол жақтың интеллектуалдық базасын қамдап жатыр десеңізші. Мысалы, Қазақстанда туған, мектеп пен университетті өз елінде тамамдаған азамат әбден қалыптасқан шағында ғылыми еңбегін отандық ғылым базасына емес, шетелге экспорттаса онда Қазақстанның ғылым мен білімге жұмасаған миллиард қаржысы қайда кеткені?. Және ол науқанға айналса не болғаны…
Елдес ОРДА
26.03.2024

Related Articles

  • ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    ЖАРАЙСЫҢДАР, ӘЗЕРБАЙЖАН

    Олар ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде орыс тілінде оқудан бас тартқан. Неге солай ? Өйткені олар қазақ тілін таңдаған! Қазір университетте қазақ тілі курстары ашылып жатыр. Айтқандай, Әзербайжандарға тілімізді қолдағаны үшін құрмет пен құрмет. Олар нағыз бауырлас халық екенін көрсетті. Бірақ қазір біздің қорғаныс министрлігіне сұрақтар туындайды. Бұған дейін барлық шетелдіктерді орысша үйретіп пе еді? Біреу не сұрайды? Әйтеуір, білім – қазақ тілін насихаттаудың ең жақсы тәсілі. Ал неге орыс тілінде оқытады? Ал кім үшін? Ең қызығы, осының бәрін тек Әзербайжандардың арқасында ғана білетін боламыз. Ал неге бұрын қазақша оқытпаған, ең болмаса кейбір елдерде. Неге сол қытай тілін орысша үйретеді? Руслан Тусупбеков

  • Украина(СБУ) «Паутина» стратегиялық операциясы

    Украина(СБУ) «Паутина» стратегиялық операциясы

    Бүгін Украина қауіпсіздік қызметі (СБУ) «Паутина» деп аталатын стратегиялық операциясын жүзеге асырып, Ресейдің әскери авиациясын нысанаға алды. Украиана тарабы операция барысында Ресейдің 41 соғыс ұшағы жойылған алға тартты. Олар Ресейдің А-50, Ту-95МС және Ту-22М3 сынды стратегиялық бомбалаушы ұшақтарын істен шығарып, 2 миллиард доллар шығынға батырған. Украинаның арнайы қызметі операцияны жүзеге асыруға бір жарым жыл бойы дайындалыпты. Операция барысын Украина президенті Владимир Зеленскийдің өзі бақылаған, ал оның орындалуын СБУ басшысы Василий Малюк пен арнайы жасақтардың үйлестірілген ұжымы атқарған. Украина тарабы алдымен FPV-дрондарды Ресейге контрабандалық жолмен жеткізеді. Артынша – ағаштан жасалған шағын үйлер жібереді. Дрондар сол үйлердің шатырының астына тығылған. Кейін бұл үйлер жүк көліктерге тиеліп, Ресейдің ішкі аумақтарына жеткізіледі. Дәл сәт

  • Тіл жөнінде талай жазылды ғой…

    Тіл жөнінде талай жазылды ғой…

    Бірақ бұрыннан айтылатын екі принцип сол баяғы өзгермейді. Себебі оны уақыт және өзге елдердің тәжірибесі дәлелдеді: 1. Заң, жарлық, ереже, шешімдермен тілге сұраныс туғызу. Онсыз тіл ешкімге керек емес. Тіл ақша табуға, білім алуға, өзгемен байланысқа түсуге қажет болғанда ғана сұранысқа ие болады, сонда ғана адамдар мәжбүрлі түрде үйренеді. Шетелде оқығың келе ме, IELTS, TOEFL тапсыр. Ол үшін ағылшын оқы. Халықаралық компанияда істеп, көп жалақы алғың келе ме, алдыңғы сөйлемде жазылған шарттарды орында. Сұраныс туғызу механизмі осылай жұмыс істейді. 2. Тіл иесі саналатын ұлт өкілдерінің принципшілдік танытуы. Яғни, тілің кең тарасын десең, оны кең қолдан. Үйде, түзде, басқа жақта. Англияда түріктің кафесіне кірсең, өзара түрікше сөйлесетін. Астанада үй жөндейміз деп

  • Karin Erlan мырза, қазақ тілі жойылып кетеді деп отырған ешкім жоқ.

    Karin Erlan мырза, қазақ тілі жойылып кетеді деп отырған ешкім жоқ.

    Karin Erlan мырза, қазақ тілі жойылып кетеді деп отырған ешкім жоқ. Сөйлеушілер саны 15 млнға жететін тіл алдағы кемі 1-2 ғасырда жойылмайтыны анық. Қоғамның талабы – қазақ тілі толыққанды мемлекеттік тіл функциясын атқара бастауы. Және ол бастаманың көш басында президенттің өзі мен мемлекеттік аппарат тұрғанын талап етеміз. Қазіргі ситуацияны қалкй бағалауға болады? Қазір қазақ тілі яғни мемлекеттік тіл шын мәнінде қосымша тіл, жанама тіл, аударма тілі ғана болып тұр. Оны неден байқаймыз? Ерлан мырза, қол астыңыздағы аппараттың құжат айналымына назар салып көріңіз. Тіпті күзетшілер мен тазалықшы санитарларға тарататын құжаттың өзі тек орысша жасалады. Оған толық сенімдімін. Бухгалтерияңызға назар салыңыз, барлық құжат тек орысша жүреді. Мемлекеттің кез келген бастамасына назар салыңыз,

  • “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық.

    “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық.

    “Алаш“ сыйлығы – өте қауіпті сыйлық. Алаш” сыйлығын алған соң Алаш үшін отқа да, суға да түсуге тура келеді. “Алаш” сыйлығын таланты мен күрескерлігі қатар тұрған ақын, жазушы алады. “Алаш” сыйлығының лауреаты Алаш көсемдері – Әлихан, Ахметтер сықылды Алашты алаңдатқан кез келген мәселеге ой-пікірін ашық айтады және ақ айтады. Жусан түбіне бұқпайды. Керек болса абақтыға да қамалады. “Алаш“ сыйлығының лауреаты “мен лирик едім”, “махаббатты ғана жырлайтын едім”, “тұмса табиғатты ғана сүйетін едім”, “тендерім бар еді, қызметте едім, қоғамда, саясатта шаруам жоқ” деп, биллиард ойнап, мерейтойдан мерейтойға шапқылап жүре алмайды. Өйтетін болса, өте зор қателікпен берілген “Алаш” сыйлығын Тұманбай атындағы, Мырзатай атындағы сыйлықтарға, тағы да басқа өзіне сай аға буын атындағы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: