|  | 

Тұлғалар

САЯСИ ПОРТРЕТ: ЕРЛАН ҚАРИН

erlan qaryin
Саясаткерлердің ішінде ұнайтыны ол – Ерлан Қарин. Болашақ Қазақстанның лидері болса екен деген тілек те жоқ емес! Ерлан Қарин жалғыз маған емес қазақ журналистикасында жүргеннің барлығына, орыс журналистеріне, шет елдегі қазақ жастарына тіпті Алматының бір түкпіріндегі еш мем.қызметкер бас сұқпайтын “Тіл мен Рух” клубының мүшелеріне де ұнайды. Неге!? Біріншіден, қандай қызметте болмасын БАҚ өкілдеріне ашық сұхбат бере білді. Жаңаөзен оқиғасы кезінде де өзгеше пікір айтты. Екіншіден, ақтар мен қаралар лагерьіне бөлінген біздің қоғамды біртұтас ретінде көреді. Үшіншіден, қандай қызметте болмасын “елге пайдам тисін”, “кірпішің болып қаланайын” деген ниетпен жұмыс жасайды. Оған толық көзім жетеді. “Төртіншіден” деп жалғастырып кете беруге болады…

МЕН ТАС ЕМЕС РУХ ІЗДЕП ЖҮРМІН

Талай тылсым тұншығып қалған үңгір –
Қанша жұмбақ өзіңде қалғанын біл!
Тас балбалдар күзетер босағаңды –
Тас жүректі жібітер жанға ділгір.
Ж.Ә.
Бабаларымыздың мұрасынан үрікпей, тәрк етпей оларды зерттеп, фотоға түсіріп жинап жүрген Ерлан ағаның “мен тас емес рух іздеп жүрмін” деген сөзі көпті аңғартады. Ерлан ағаның “Қазақ альманағына” берген сұхбатындағы мына бір сөзі есімнен кетпейді. Ерлан Қарин: “Өкінішке қарай, еліміздің солтүстік өңірінде мұндай тастар кездесе бермейді. Себебі, тың игеру кезінде көбісі техниканың табанына түскен. Қиратылған, ұрланған.” Көкшетаудағы ағалардан осындай оқиғаны мен де естідім. Балбал тас шыныменде бізге РУХ беретін секілді.

Постты үлкен қылып жазу әдетімде жоқ еді. Бірақ Ерлан ағамыздың тұлғасы, ұстанымы, бағыты бір постқа сыймайды екен. Басында ойланбаппын. Жұмекеннің бір өлеңінде мынадай жолдар барды:
“Төбелердің көңілі үшін, ғасырлық,
Кейде шыңның асқақтығын жасырдық” деген. Ерлан ағамыздың да биіктігін байқамай жүргендейміз немесе жасырамыз. Посттың соңында пост иесінің сұхбаттарынан бір-екі үзінді беріп жіберейін:

Ерлан Қарин: Астананың құрылысы неден басталып еді? Астана құрылысы Кенесары ескерткіші мен Еуразия ұлттық университетін салудан басталды. Осы екі нысанның құрылысы өзгелерден бірінші болып саналы түрде басталды ма, әлде кездейсоқтық па, мен оны білмеймін. Хан Кененің ескерткішінің бірінші болып қолға алынуының бір сыры бар. Әріптесім Берік Әбдіғалиев Кенесарының қазіргі Астананың орнында болған бекіністі ала алмай өкініште кеткенін, енді мына бейбіт күнде оны біздің алғанымыздай сезіледі деп айтатыны бар еді. Сол сияқты алдымен ең соңғы ханымыздың ескерткішін салуымыздың өте үлкен мәні бары екенін жиі айтуымыз керек. Астананың символы тек Байтерек қана болмауы тиіс.

Ерлан Қарин: Бір өкініштісі, біз тәуелсіз мемлекет құру кезеңінде ұлтшылдықтан үркіп, бас тарттық. Мемлекеттің дамуына бастапқы энергияны беретін – осы. Оны ұлтшылдық, ұлтжандылық деп қалай атасақ та бәрібір. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейін, бізде, ең алдымен, элитада, зиялы қауымда бір үрей қалыптасты. 20 жыл бойына осы ұлтшылдықты басып келдік. Тіпті оны ұлтжандылық деп жұмсартып, көпұлттылық деп өзгертіп, өзімізді-өзіміз алдап, сол ұғымды жоққа шығарып келеміз. Бұл кеңестік дәуірден қалыптасқан көзқарас – ұлтшылдықты жағымсыз фактор ретінде қабылдау кеңестік дәуірден қалыптасқан көзқарас. Ал бүгін осы бітеу өзінен-өзі жарылып келеді.

Қуаныш Қожабайұлы

Related Articles

  • ТӘҢІРІ ҚАЛАУЫ ТҮСКЕН ЖАН

    Мандоки Қоңырдың туғанына 80 жыл толуына орай «Тәңірі мені таңдады»  Мұхтар Мағауин Мандоки Қоңыр Иштван – отаны Мажарстан ғана емес, күллі түркі дүниесі қастерлейтін ұлық есімдер қатарындағы көрнекті тұлға. Шыңғыс жорығы тұсында Карпат қойнауындағы мадиярлар арасынан пана тапқан құман-қыпшақ жұртының тумасы Мандоки Қоңыр оннан аса тілді еркін меңгерген, бұған қоса зерттеушілік қарымы ерен, Тұран халықтарының фольклорлық-дүниетанымдық санасын бойына дарытқан ғалым. Ол түркология ғылымымен дендеп айналысып қана қоймай, ХХ ғасырдың төртінші ширегінде Шығыс пен Батыс­тың арасында алтын көпірге айналды, миллиондардың ықылас алқауына бөленді. Яки ол халықтар арасын жақындас­тырған мәмілегер, озықтарға ой салған көреген еді. Замана алға жылжыған сайын мерейтой иелері туралы айтылатын жайттар естелік пен өткен шақ еншісіне көшеді. Көзі тірі

  • Нұралы батырдың кесенесі  жөнінде

    Кейінгі кезде Нұралы батырдың кесенесі жөнінде әртүрлі әңгімелер шығып жүрген көрінеді. Оның бірі Моңғолиядан келген бір туысқанымыз басқа бір белгілі жерлесіміздің Нұралы батырдың зираты деп кигіз үй сияқты саман кірпіштен қаланған  әдемі зираттың жанына барып құран оқығанына куә болғанын келтіріпті. Ол жігіттің  көргені де, айтып отырғаны да шыңдық. Өйткені 1982 жылға дейін елдің көпшілігі, оның ішінде  мен де солай  ойладым. Әңгіме түсінікті болу үшін мен сол кездегі оқиғадан бастап баяндайын. Мен 1961 жылы Семейдің  мал дәрігерлік институтын бітіріп келдім. Мені  сол кездегі  С.М. Киров атындағы  колхозға мал дәрігері етіп жіберді. 1962 жылы бұл колхоз «Горный» совхозына айналды. Біз бала кезімізден: «Нұралы атамыздың зираты С.М Киров атындағы колхоздың жерінде орналасқан,   Бабамыз батыр болған кісі, ал оның жанындағы қабырдың  ұзындығы жеті кез, біздің  бабамыздан  да  асқан

  • Алыстағы ағайынның Атамекенге оралу жолын тұңғыш ашқан қазақтың қаһарман қызы

    Ол кім дейсіз ғой, турасын айтсам ол Сағат Зақанқызы. Тоқсаныншы жылдардағы алғашқы көш Моңғолия қазақтартарынан басталған. Сол көшті алғаш бастаған адам Сағат Зақанқызы. Бұған ешкімнің дауы жоқ. Жарғақ құлағы жасттыққа тимей, сонау қиын-қыстау заманында алыстағы ағайындардың жолын ашқан осы адамды қазақтың қаһарман қызы атауымыздың өзіндік себебі бар. “Көш басшысымен көрікті”  “Көргені жақсы көш бастар”  дейді атам қазақ.   Осы екі ауыз сөздің астарына үңіліп қарасақ, онда, үлкен мән мағына бар екеніне көз жеткіземіз.       Бұрынғы ауыл көшінің өзінде, көш басшылары төрт түлік малдың өрісінің жағдайына қарай, әр мезгілдегі ауарайының өзгерісіне сай, көшіп қонуда бір басына жетіп артылар  үлкен жауапкершілік  жүктесе, Моңғолияда тұратын қандастарымыздың бір жарым ғасыр ғұмыр кешкен ел жерінен ,

  • КЕНЕСАРЫ ХАНҒА ТАҒЗЫМ

    Жүз елу жыл! Биыл Кенесары ханның шәйіт болғанына бір жүз елу жыл толды. Кенесары ғана емес. Наурызбай бахадұр сұлтан, Ержан сұлтан, Құдайменде сұлтан. Қыпшақ Иман батыр, Тама Құрман батыр, Дулат Бұғыбай батыр, Дулат Жауғаш батыр, Дулат Медеу би, қылыштың жүзі, найзаның сүңгісі болған тағы қаншама азамат. Қазақ Ордасының ең соңғы жарақты жасағында қалған үш мыңнан астам аламан. Бәрі де шәйіт болды.Кенесары ханның, оның ең соңғы жауынгер серіктерінің қасиетті қаны шашылған ақырғы сағатта төрт ғасыр бойы төре таңбалы қызыл туы желбіреген ұлы мемлекет Қазақ Ордасы шайқалып барып құлады. Алаш баласы сонау Үйсін, Ғұн, Түрік заманынан тартылған, Алтын Ордаға жалғасқан, Қазақ Ордасына ұласқан, Орталық Азия төсінде жиырма ғасырдан астам, ғаламат ұзақ уақыт

  • НКВД атқан ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ

    Сталиндік репрессия жылдарында Алаш қайраткерлерімен бірге атылған қазақтың қайсар қызы Шахзада Шонанова атылған қазақтың үш қызының бірі. НКВД жендеттерін Шахзаданың шыққан тегі шошытты, сондықтан айуандықпен әбден азаптап болғасын атып тастады. Сонымен Шахзада Шонанова кім ? Шахзада Аронқызы Шонанова-Қаратаева 1903 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым (Жымпиты) ауданында дүниеге келді. Әкесі Арон Қаратаев, алаш қайраткері, Ресей Думасына депутат болып сайланған Бақытжан Қаратаевтың інісі. Шахзаданың өзі Шыңғысханныі тікелей ұрпағы еді. Шахзаданың тегі былай: Шыңғысхан-Жошыхан-Тоқай Темір-Өз Темір-Өз Темір хожа Бадақұл ұғылан-Орысхан-Құйыршық хан-Барақ хан-Жәнібек хан-Өсік сұлтан-Қаратай сұлтан-Бисәлі-Дәулетжан-Арон-Шахзада. Шахзаданың анасының да тегі мықты, Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің немересі Хұсни-Жамал Нұралыханова. Қазақтан шыққан тұңғыш жоғары білімді мұғалима 1894 жылы Бөкей ордасында қазақ қыздарына арналған алғашқы мектеп ашты,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: