Дүниедегі ең атеист қоғамнан шықса да, басқаларды жақтырмай: “О, Господи!” деп тұрады…
Кембридждегі тіл мектебінде бір мәскеулік қызбен оқыдым. Бір күні қала орталығымен келе жатсақ, қалың туриске қарап былай дейді: “Қыдырып келген елдің тілін ұқпай өз тілінде жол сұрап жатқан және дүкеннен алған затын дауласып қайтарып жатқан жұрт біздің елден ғана келеді ғой деймін. Осыларды екі сөзінен танимын, дүниедегі ең атеист қоғамнан шықса да, басқаларды жақтырмай: “О, Господи!” деп тұрады, сосын дүниедегі адам құқығы ең қатты тапталған мемлекеттен шықса да, “А что, имею право!” деп жатады”:)))
Ғалым Боқаштың facebook параұшасынан алынды

Пікір қалдыру