|  | 

Әдеби әлем

Самал сыбырлайды

Жәди ШӘКЕНҰЛЫ

1465217_10152063695078695_754553710_n 

«Жәдидің үйеңкісі» хақындағы бұл қысқа хикая кезінде «Алтай газетінде» жарық көрген болатын. Менің туған жерді қимай мөлтілдеген жанарымның бір тамшысы еді. Ал, енді оқысаң, енді ойласаң, артта, алыста қалған туған ауыл, сол ауылдан үзік-үзік, оқтын-оқтын талып жететін самалдың сыбыры. Бәрі де арман.Сағыныш!

Иә, самал сыбырлайды…

 

 

Баяғы сол ауыл, араға он бес жыл салып баяғы өзіміз отыратын ауылға қайта көшіп келдік. Баяғы емес-ау, ауыл бейнесі мүлдем жаңарған.

Баяғы демекші, баяғыда…

Баяғыда жерден қазылған үйлер, төбесін мал басып кетпес үшін шымнан дөдеге жинап қоятын. Оны «жер лопы» немесе «жер кепе» дейтінбіз. Ол ескі мода болғасын, оның орнын төрт қабырғасы шымнан қаланган «шым үйлер» алған. Күндер өте о да модадан қалып, оның орнын «шарбақ үйлер» басты. Шарбақ үй дегеніміз, кәдімгі талдың жас шыбығынан аралық тастап, қос шарбақ тоқиды да бостыққа көң толтырады. Шарбақ үй дәуірінде қолы жеткендер «дөңбек үй» салатын. Мұның арғы жағы орыстан кірсе керек. Алтайдың Аққаба, Қомқанас сияқты орысты мекендерінен көп кезігуші еді.

Онан кейінгі жалпыласқан моды тамнан үй салу болды. Осындай үйлердің заманында машинадан ауыз ашуга болмайтын. Тұтас ауылда бірлі-жарым машина болса болды, болмаса ол да жоқ. бар болсада төбесін айлап-жылдап әрең көресің. Ойсыл қараның ұрқынан қалса зеңгі бабаның туқымына бұт артатын халық тасымал көлік ретінде сүйреткі шана пайдаланатын. Шана модадан қала бастаган дәуірде «тоцылдац арба» деген пайда болды. Құшақ толы ағашты кесіп, өзегін тесіп дөңгелек етіп, арба жасайды. Жүргендегі дауысына қарап «тоқылдақ арба» дейді. Оны да қолы жеткендер жасататын.

Кеште шам пайдаланбайтын отбасылар көп, ошақтың жарығымен кешкі су-суандарын ішіп алады да ұйқы қамына кіріседі. Ал, шам пайдаланғысы келгендер сынған кесенің тубіне не кесенің өзіне ерітілген қой майын салады да жіптен білте өткізіп от тамызады. Оны «май шам» деседі. Ал қолы жеткен пысықтар киросин шам пайдаланады.

Бұл – біздің баяғы ауыл.

Қазіргі ауыл…

Әуеде өрмекшінің торындай электр сымы, кірпіштен қаланған еңселі ақбоз үйлер, асвальт жолдарда машина қайшалысады. Сонда да өгіз бен туйенің әлі азаттық ала алмаған кезі.

Ассалааумагалейкум.

Уағалейкумәссалам, ой, Жәдимісің, соқталдай жігіт болып кетіпсің-ау, баяғыда сені балалар бақшасында «аю» дейтінбіз. Балпанақтай едің ғой, енді қарашы, ой тәубе, сонан бері талай заман өтіпті-ау.

Мен алгаш бас сұққан ұйдегі отағасы осылай қарсы алды. Ауыл құшағы қандай дарқан. Маған төрден орын берген отағасының аузы сөзден босар емес:

Жәди балам, сендер осы арадан кеткелі қанша уақыт болды екен. Айтпақшы, осында сенің үйеңкің де бар. Оны журт «Жәдидің үйенкісі» дейді.

Мен қарттың әжім жиектеген шүңірек көзіне таңғала қарадым. Күнге тотыққан қоңырқай жүзінде мейірлі жылылық бар. Жанары да еш бүкпесіз сыр ақтарып тұр. Ойға кеттім: «О, тәубе, сол баяғы бала күнімдегі үйеңкілер бар болғаны ғой, ол қалайша менің атыммен аталды екен?».

Менің үйеңкі еккенім рас еді, сонда ол менің атыммен аталғаны ма?!

О, бәлі, сен мұны білмейтін болдың ғой. Жә, ендеше, сен тыңда, мен айтайын. Осында отырған үйлерің есіңде ме?

Иә, әбден есімде.

Ендеше, сол үйлеріңнің алдында сен еккен көп балапан үйеңкілер бар еді ғой. Сендер көшіп кеттіңдер, орындарыңа біреу келіп отырды. Олар да ұзақ байыздап отыра алмады да үйеңкілер бағусыз қалды. Бірлі-жарымы қурап жалқау қатындар отынға сындырып әкетті. Сонан жалғыз үйеңкі тұрушы еді. Уақыт өте келе сендердің көне үйлерің құлап орны ғана қалды. Ал, әлгі жалғыз үйеңкі діңі жуандап саялы бүрін жайды. Оны ешкім елеп ескеріп те кетпейтін. Жазда бұзау-тайыншалар көлеңкесіне тығылып, балалар басына шығып бәбісек болып ойнайтын. Жуырда жер басқару мекемесі: «Осы арадан жол өткіземіз, үйеңкіні иесі кесіп әкетсін!» дейді ғой. Бірақ, бұған ешкімнің қолы батпайды. «Мәдениет төңкерісі» тұсында болса күмбезді күйретіп, мешітті қора қылған батырлар шаш ал десе бас алар еді.

Ендігі елдің санасы да оянған : Қазақ жалғыз ағашты кеспейді. Жалғыздың киесі атады. Жалғызды кессең, жалғыз қалып түгейсің; тамырың кесіліп, тағдырың таусылады, тұқымың құриды деп ырымдайды. Сөйтіп, үйеңкіге ие шықпай, бәрі де ат тонын ала қашып: «Бұл Шәкеннің Жәдиінің үйеңкісі» деді. Осылайша, үйеңкі әлі тұр. Бұл әңгіме ауыздан-ауызға таралып «Жәдидің үйеңкісі» аталып кетті.

Мен қайран қалдым. Қуанам ба, жоқ! Мұңайам ба, жоқ! Толқып барам, ойлар тағы сол ойлар.

Иә әкем де жалғыз жанын сан әлекке салды, не көрмеді. Балапанын аузына тістеген ана құсша бізді бағып-қағам деп онда көшті, мұнда көшті. Жоқ, көшті емес, көшірді. «Бай малшының ұлы, табы жат, халық жауы» деп шетке қағып, шекесіне шертті. «Ит жеккені» болмаса да, итше қудалап қоныс таптырмады. Қайда қиындық болса солай көшірді. Осы ауылға келе қалғанда ағайынның босағасында отырып ұжым жұмысының әредігінде жанталасып, тамнан үй салды. Көгала шыбын, көк маса, шілінгір ыстық, қожайындардың жекіруі, қара қазан, сары бала – оның қыр желкесіне таласа мінгесті. Ол бәрін көтерді. Қара жердің қайыспас белі оны көтерді.

Дөдегесі шымнан қаланған екі ауызды там үй бой көтергенде алтын сарайга кіргендей болдық. «Ортақ өгізден оңаша бұзауымыз артық, тіріде күркең, өлі де көрің кең болсын деген, қайран менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім» деп әкем де мәз, шешем де мәз.

Бастауыш сыныпты тауысып, толықсыз ортаға қадам тастаған менің де еңбек етуім керек. Қолымнан келгені де сол шығар. Ертіс жағалауының құмдағындағы қалың балапан үйеңкіден он түп, бұтақтан алты тал қада әкеліп есік алдына ектім. Құдықтан су тасып құйдым. Енді сол он алты түп үйеңкіден жалғыз түп ғана қалыпты. Жалғызға жұрт тиіспейді екен-ау. «Атадан алтау туса бір жалғыз» болып мен қалдым. Әкем болса Тағдыр тауқыметін бір кісідей тартты. Тартты да ақыры соның тақсыретінен көз жұмды. Оның жаралы жанын жалғыздықтан ешкім де құтқара алмады.

Ал, маған тағдыр не сый көрсетер екен…

Түнімен түрлі ойларға шырмалып жақсы ұйықтай алмадым. Көз алдыма әкем марқұм келеді. Бозторғайдың шырылы мен бәбісектің «азаны» оятып, ертемен тұрдым. Әкем айтатын:  «Таңертең ерте тұр балам, таңның алғашқы арайымен, майда самалымен жер бетіне бақыт ырыздыгы шашылады» деп.

Орнымнан тұра далаға беттедім. Баяғы жұртқа келдім. Мұжыла құлаған ескі там үйдің алдында бұтағын кең жайған құшақ жетпес үйеңкі тұр. Жап-жасыл жапырақтары орда болып төмен төгіледі. Бұтақтарына ақ сүңгі болған аттың басы ілінген. Қазақ аттың басын жерге тастамайды, оны киелі санап биікке іледі. Менің үйеңкім де тұлпарлардың бас сүйегіне толыпты.

Балауса үйеңкілердің арасынан әкем күлімсіреп қарап тұр: «Балам, үйеңкілеріңді жақсы бағып-бапта. Ол кейін өзіңе сая болады, ұрпағыңа сая болады» – дейді. «Әке, мен оны бағып-баптаймын-ау; десе де сахараның жайын ауыз түйелері аязда аузын жылытпаққа оны қайыра сындырып кетпес пе!? Өз үйеңкімді өзіме кестірмекші болған жаңадан жол салушылар бір күні трактордың тісін салмасына кім кепіл?! Жалғыздықпен жаны құлазыған сені аямаған тағдыр – жалғызсырап өскен ұлыңды, жалғызсыраған жанның жалғыз үйеңкісін аяй ма?!» деп шағына жылағым келді менің.

Жалғыз үйеңкімнің мың сан жапырағын Ертіс бойын өрлей соғатын қоңыр самал желпіп тұр.

«Жоқ, жоқ, оған ешкімнің қолы батпайды. Ол сенің кіндік қаның тамған қасиетті жерге тамыр тартқан, сенің кір жуған шәрбат суыңнан нәр алған, ұрпағыңның ұрпағына қалуга тиіс» деп сыбырлайды самал маған. Әкем айтқан таңғы бақыт ырыздығы болып сыбырлап тұрған самал емес пе екен?!

 

Жәди Шәкенұлының «Ақылнама» кітабынан

 

kerey.kz

Related Articles

  • АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҮРІМШІДЕН ҚАЙТЫП КЕЛЕ ЖАТҚАНДА

    Болған оқиға ізімен Болған оқиғаның ізімеН…   Алаш жұртының бір емес, бірнеше съезі өтіп, Әлиханның Колчактан беті қайтып, “Енді қайтып тәуелсіз ел боламыз” деп жүрген кез еді. Семй Алаш қайраткерлерінің ордасы еді. Семейде жүрген Ахмет Байтұрсынов бастаған бір топ алашордашылар Қытай шекарасындағы Үрімші қаласына барып, ондағы қазақ жұртының хал жағдайын біліп қайтуға жолға шыққөан. Ол кезде Үрімшінің көбі қазақ еді Үйлері негізінен саздан құйылған. Орта Азияның көп қалаларын еске салғандай. Біраз үлкен кісілер мен жастар Ахаңның төте әліпбиімен кітап газет оқиды. екен. Ахаңды бұрын көрген адамдар да кездесті. Дегенмен, Ахаң Үрімші қазақтарының тәелсіз автономия құру туралы ойлары да жоқтығын байқаған. Соныменг, Үрімші қазағының және Қытайға жақын басқа ұлттардың басты тұрмысы

  • БІР АУЫЛДАҒЫ  ЕКЕУДІҢ ТАҒДЫРЫ

      Жұмат  ӘНЕСҰЛЫ   ( Махаббат туралы әңгіме) “МЕН СЕНЕН БАСҚАНЫ ӨЛГЕНШЕ  КӨРМЕЙМІН ДЕП СЕРТ БЕРІП ЕДІМ ӨЗІМЕ” “ДЕДІ БУЫНЫП ӨЛЕЙІН ДЕП ЖАТҚАН МАЙСА ДЕГЕН ҚЫЗ.. Бұл БАЙТӨБЕ деп аталатын ауыл. БҰРЫН ҮЛКЕН ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ БОЛҒАН.ОҚУ АЯҚТАЛЫП, МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕР МЕКТЕПТІҢ ЖАНЫНДАҒЫ АЛМА БАҒЫНДА МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРДІҢ ТОЙЫ МЕН  СЫНЫПТАС ЖАРАС ПЕН МАЙСАНЫҢ ТОЙЫ БІРГЕ ӨТЕІЗІЛЕТІН БОЛҒАН. ЖАРАСТЫҢ ƏКЕСІ ФЕРМЕР, АЗДАП ЕГІСТІГІ БАР. Ал Жараспен біргн оқыған Əміренің əкесі əкімшілікте қызмет жасайды, əрі жеміс өсіреді. БҰЛ ЖАРАС ПЕН МАЙСАНЫҢ ҮЙЛЕНУ ТОЙЫ БАСТАЛАЙЫН ДЕП ЖАТҚАНДА БОЛҒАН ТРАГЕДИЯ. ЖАРАС ПЕН МАЙСА МЕКТЕП БІТІРІП,, ӨЗ СЫНЫПТАСТАРЫМЕН МЕКТЕПТІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ҮЛКЕН БАҚТА ҮЙЛЕНУ ТОЙЛАРЫН МЕКТЕП БІТІРУ ТОЙЫМЕН ЖАЛ,ҒАСТЫРМАҚШЫ ЕДІ. МЕКТЕПТІҢ БАҒЫ АЛҚЫЗЫЛ ГҮЛМЕН ЖАЙНАП ТҰР. оҒАН ТҮРЛІ ТҮСТІ ЛАМПАЛАР ҚОСЫЛҒАН. сЫРТЫНАН

  • МӘҢГІ ҚАЗАҚ(ертегі фэнтези) 

    ҚАЗАҚТАРҒА ЖАСАлып жатқан  ҚИЯНАТ КӨП БОЛҒАСЫН, « Мәңгі қазақ» атты әңгіме жазсам деп жүретін едім. Осыдан бір күн бұрын сол әңгіменің сюжетіне келетін түс көржім. Кешеден бері жазуға кіріссем бе деп жүр едім, сәті бұгін түскен сияқты. ЖҰМАТ ӘНЕСҰЛЫ Өте ертеде емес, бүгінде емес, ғылым докторлары Санжар мен Балжан институтта қызмет ететін.Өздерінің лауазымдарына қарай қарапайым екі қатарлы жақсы салынған коттеджде тұрды.Интеллигент адамдар өмірдің қиындықтарына көп мін бере қоймайды ғой, Өмірлері мәнді, жайлы өтіп жатты. Жақсылықта көп күттірген жоқ, Санжар мен Балжан ұлды болып, коттеджде шағын той өтті. Неге екенін қайдам, әке шешелері ақылдасып, ұлдарыныі есімін Аңсар деп атаған. Аңсар ертедегідей тез де өскен жоқ, кеш те өскен жоқ. Тәрбиелі жігіт болып

  • СУ ІШКЕНДЕ ҚҰДЫҚ ҚАЗЫУШЫНЫ ҰМЫТПА

    (23 – әңгіме) БАЙАХМЕТ ЖҰМАБАЙҰЛЫ — Біздің заманда сендерше киімнен-киім таңдайтын жағдай қайда, жамап-жасқап, тон, шалбар кисек те жететін. Сөйтіп жүріп аянбай еңбек еттік. Бүгінгі күн басатын жолды ол кезде айлап жүрдік, тіпті бүгінгідей дүниенің төрт бұрышынан хабар тауып отыратын жағдай қайда? — деген қария немересінің жұмыстың қырын білмей, тік қасық болып өсіп келе жатқанына наразы бейнесін аңғартып, өз өмір кешірмесінен кеңестер қозғаған. Немересі: — Ата, сол дәуірде туған өздеріңіздің сорлы болған тәлейлеріңізден көрмейсіз бе? Оларыңызды бізге айтпаңыз, —демей ме. Ашудан жарыларман болған қария: — Е, ондай болғанда «Ұрпақ үшін бақыт-байлық жаратсам» деп тер төгіп, жан қиып, азып-тозған ата-бабаларың сендерге айыпты болғаны ғой. «Теңдік үшін» деп әкем оққа ұшты. Ал

  • Мұхтар Мағауин: ОРАЛХАНДЫ ДА, ҚҰДАЙЫҢДЫ ДА ҰМЫТҚАН ЕКЕНСІҢ…

    яғни, Д.Исабековты тәубаға түсіру рәсімі Республика президентінің қолынан биік марапат алып, желі көтеріліп тұрған Д.Исабеков, мына біз сияқты пендесіне көңіл бөліп, «Мұхтар Мағауиннің бүкіл позициясы маған ұнамайды» деген түйінді тақырыппен сұхбат беріпті – Nege.kz, 10.ХІ.2022. Бір заманда таныған, білген, енді көзден таса, көңілден өшкен жазарманның, тәрізі, қырық-елу жыл бойы іште булыққан жүрекжарды толғамы. Жарыққа шыққан кезде біз тарихи-танымдық «Алтын Орда» кітабын дендеп, қажетті тынысқа Эрнест Хемингуэйдің ескі жұрты – жылы теңізге бет түзеген едік. Енді міне, екі аптадан асқанда қайрылып соғуға мүмкіндік таптық. Артықша қажеттіліктен емес, әлдебір әуесқой ағайындар дүдәмалда қалмасын деп. Алдымен, айқайлы сұхбатты оқымаған бүгінгі жұртшылық үшін, ең бастысы – Д.Исабеков бауырымыздың мүбәрак есімін кейінгі заманға ұмыттырмай жеткеру

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: