ТӨРТ АМАЛ
Кеденші пара сұраған кезде бір қушыкеш кәсіпкер жігіт: “Бір жұмбағым бар. Соны шешсеңіз, берейін. Шеше алмасаңыз, жолымды бөгемеңіз” депті. Әлгі кеденші қызық көріп: “Айтшы жұмбағыңды” депті. “Екіні екіге қосса да, төрт болады. Екіні екіге көбейтсе де, төрт болады. Осының себебі не?” деп сұрапты жігіт. Кеденші басын қасып ойланып қалыпты да, жауап айта алмай парасыз өткізуге мәжбүр болыпты. Бастығы шақырып алып: “Қанша түсті?” деп сұраса, әлгі кеденші болған жағдайды түсіндіріп, әлгі жігітті ақшасыз өткізгенін айтыпты. Бастығы қатты ашуланып: “Әй, су ми, ылғи айтам ғой саған, ҚОСУ мен КӨБЕЙТУДЕ не шатағың бар?! Сенің шаруаң АЛУ мен БӨЛУ емес пе!” деп ұрысқан екен:)))
P.S. Бүгін бір сыйлы ағамнан естіген анекдотым:)
Ғалым БОҚАШтың facebook парақшасынан алынды
Пікір қалдыру