АҚШ Шығыс Еуропадағы әскерін көбейтеді
АҚШ әскери басшылығы “Ресей басқыншылығына” байланысты келесі жылдан бастап Шығыс Еуропадағы әскерін алмастыруды жиілететінін хабарлады. АҚШ әскери-әуе күштерінің генералы Филипп Бридлавтың мәлімдеуінше, қосымша бригада 2017 жылы ақпанда жөнелтіледі. Осылайша, Шығыс Еуропадағы бригада саны үшке жетеді. Әр бригададағы әскер саны 4 мың 200 адамнан 4 мың 700 адамға дейін жетуі мүмкін.
Осы жылдың басында АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер Еуропадағы операцияларға жұмсалатын шығынның төрт есеге көбейтіліп, 3,4 миллиард долларға жететінін хабарлаған. Жоспар бойынша, Шығыс Еуропада тұрақты ауыр әскери техника мен артиллерия орналастыру қарастырылған. АҚШ-тың НАТО бойынша Шығыс Еуропадағы одақтастары Ресейдің Украинаны аннексиялап алуына жауап ретінде аймақта альянс әскерін көбейтуге аса мүдделі. Қазір Еуропада шамамен 62 мыңға жуық америкалық әскер бар.
Азат Еуропа / Азаттық радиосы
Пікір қалдыру