Қара тауда қара шал(роман)
Байахмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ
Беташар
Арбаның әрияйдай дөңгелегі,
Елімнің кейін қалды бір бөлегі.
Елімнің қалса-қалсын бір бөлегі,
Орыстың қорқытады зеңбірегі.
Барады ауылым көшіп көлме көлге,
Көлме көл алыс дейді көрмегенге.
Жан аман жетер болсақ көзеуліге,
Ай туып, күн шығады өлмегенге.
Халық әні
Тарихты жаратушы да, сол тарихты ертеңге жеткізуші де халық. Ескі дәуірдің талай сырын қатпарына бүгіп жатқан ұлы таулар мен бағы заманның пайымына куәгер болатын жапанда тұрған кары тораңғы сияқты белі қатып, тізесі иілген, көзіның нұры қашып, тірліктен түңілген кариялардың алтын кеудесінен көзі ашылмаған сүтті бұлақтай тініп жатқан шежірелердің күйін тауып сауып алар болсақ қана ертеңге игілік жаратып ізгілік жеткізеріміз шындық. Сондықтан қаншама тарихты қойнауына басып жатқан қасиетты қара таудан қаншама кешулерді бастан өткізіп, халық тағдырын қатпары қалың маңдайының ажымдарына бүгіп, ішіндегісін шығара алмай іш құста болып жатқан қаршал бар деп естіп ентіге жеткен жайым бар.
Изені мен жусанның иісі бұрқыраған тау қойнауына ене, аңғарлы алқап ішінде отырған жүпіні үйден ең әуелі абалай шыққан ақ мойнақ қара төбет қарсы алды. Оның соңынан тұңғиық далаға дабыл қаға келген келімсекті қарсы ала үй адамдары шығып иттен қорып, қалалық бітіміме таңырқасада, қазақи тілім мен діліме жатырқамай каукаулей үйге енгізді.
Тас үйдің есігінен енген жерден, тас пеште дүрілдей жанып жатқан арша иісі мұрныма жеткенде сарайым ашылып, тынысым кеңіп қалды.
Үйдің сол жағындағы іргеде селдір болсада дөңгеленте қойған бурыл сақалды. Шашын жуықта ғана тақырбастанып алдырағандықтан. Қауғадай болған қара құйқалы төбесінен, беті-аузына дейін айғыз тыртықтар мен қатпары мол ажымдар оның машақатты тірлігін әйгілегендей мен мұндалап тұр, әсіресе шүңіректеу біткен жанарының бояуы өшкіндеседе, өжетте тетіктігін аңғартқандай болып мен іздеген алпамсадай қара шал жатыр.
ـــ Ассалаумағалайкум ـــ деген аманымды, көкірегі саңылаулы кария аңқылдаған ақ пейілмен қабылдап:
ـــУағаликом уассалам, қане сәлемші болсаң төрлет, ـــ деп етінен арылған тамырлары барбиған салалы саусақты қолын созып. ـــ Балалар, сырмақ жайыңдар! ـــ деді, ыдыс-аяқ жақтағы тас мешке іргелеп салған қайырмаға арқасын берген ақсары кемпіргеде, ـــ Амансыз ба апа? ـــ деп қолын алып барып жайылған сырмаққа жайғастым.
Оюлы казекейінің алдыңғы оңырын әр жерден күміс түйме, танаға толтырып, аппақ кимешегі шатырдай болып отырған апамыздың, тек қайраттың белгісі тістерінен кусеп, етегі жайлып жататын қара қостардай, қыр мұрны мен аузын бір-біріне таятып еріндерін салбыратып жібергені болмаса жанары әлі отты, сергек көрінеді.
ـــ Ал жолаушым әлей болсын, адасып жүрсің бе, әдейі жүрсің бе? ـــ деді кеудесі сырылдап әрі-бері күркілдеп жөтеліп барып тоқтаған төсектегі кария жанарын өзіме аунатып.
ـــ Шөке есімді көпті көрген, көкірегі даңғыл кария отыр деп естіп ат терлетіп келе жатқан жайым бар, ـــ деген едім, бағанадан менің жүрісіме шешім таба алмай отырған үй адамдары әдейі іздеп келгенімді естіген жерден, қонақты күту әбігерлігіне кірісіп қарбаластап кетті.
ـــ Е, балам, шөкені іздесең не құдай алмаған, не тірліктен былай қалмаған қақпасың мен боламын, менен саған не шығады дейсің. Сорлы өмір, сормаңдай тірлік кешкенім мен артта қалған сойдиған соқпақты ізімді құм көміп, боран өшіріп көңілден жұда етпеді ме, ـــ деп ауыр күрсінді де, ـــ Бесіктен белім шықпай әкемнен де, шешемнен де айырылып жалқы өттім. Екі аяқты болып дүниеге келсем де, бір аяғымды беріп одан құтылдым ـــ деп. Іргесіндегі балдаққа бір қарап алды да, ـــ Тірлікке келгенде бүтін едім. Өн бойымда саутамтық жоқ отырған бейнем мынау ـــ деген карияның жүзы мұңға батып, жанары да жасқа кілегейлене қалғандай болды.
ـــ Ескінің көзіның бәрі ертеңнен із тастап кетіп жатыр дегенге келмейді. Тек естісі ғана еліне айтарын айтып кетері рас, дәл озыңыз айтқан сорлы өмір, сормаңдай тірлігіңіздің құшағында тұтас халықтың бадырайған ізі мен көріп-білген көзі жатпай ма, маған керегі сол іздің сорабы, ـــ деген едім:
ـــ Е.. Е.. Балам, жөн.. Жөн ғой, шешен де шежіре де емеспін, ـــ деген кария өзіме тұғырында отырған қырандай тігіле қарап алды да, ـــ Ең әуелі менің мына жан ұяммен таныс, ана отырған меш түбіндегі апаңды көрдің бе, жетпстің бесіне келіп отырған менің қарындасым нүркен, ал ана әбігерде жүрген қара жігіт осы үйдің иесі, менің жиенім молдан, әкеден жас қалсада әке жолын қуып тіршілікті болып өсіп осы үйдің түтінін өшірмей, шаңырағын шалқытып отыр, ал андағы қара пұшықты көрдің бе өкен деген менің ұлым, алла бұйырса, бір шүйке бас табылса шөкенің тұтынын түтетіп, артына ие болар мүрәгерім сол, ал анау келініміз молданың құдай қосқан жұбайы. Одан екі немереміз бар, қарындасым екі қызын ұзатып бір отау көтерді. Міне балалары да ақыл-есті болып өзімді қолына алып мәпелеп отыр. Адамда арман түгей ме, мына қарындасым балалардың әкесінің ол дүниеге ерте аттанып балаларының қызығын көрмей кеткеніне армандайды. Құдай берген жанды құдай алады. Оған адамның не амалы… ـــ деп, сөзін ақырластырған кария, арқасына биіктетіп жастық қойғызып, төсегінде отырып жайылған дастарқанға бата жасады да:
ـــ Шайыңды ішіп, жата-жастанып кеңес балам, ـــ деп мейірлене қарады.
Көргенін ұмытпай, естігенін көкірегіне мықтап сақтайтын, сөзге су жорға. Аңғарлы ақ көңіл қартқа кезігіп, кеңесте болу өзім үшін ғана емес, халқымыздың қатпары мол тарихынан. Тауқыметты тірлігінен дерек беретін жанды айғақтың табылуы, ел мен жердің мақтанышы ғой. Сондықтан төселе жатып. Абройлы қарттың аузынан шыққандарын болашақ ұрпаққа өтініп отырмын.
* * *
Ел күзеулікте отырған шақ, келін түсіру ұлан-асыр тойы ақырласқанына үш күн болсада тойдың салтанатын асырып, сайранына ортақ болуға туыс-туған, рулас жамағайындардың үй тігіп отырғанына он неше күн болған, осындай торқалы той, топырақты өлімде ағайынның төбесін көрсетіп, дұшпан көз болып, берекелілігін әйгілейтін орайы болғандықтан, бұндайда ‹‹қол сынса жең ішінде, бас жарылса бөрік ішінде›› де ындай сырт елге өкпе назының сиысын білдірмеуге тырысатын әдет қой.
Алайда әйел мен бала жүрген жерден не сыр жасырынып жатсын. Есік алдында асық ойнап жүрген бірнеше бала жалаң аяқтарымен қара жердің шаңын шығарып, асықтың қызығына әбден түскен екен, қаралық ойынның жаңжалы шығып екі баланың қызарақтасқан жаң-жалы көтеріліп шаң-шұң болып жатты.
Ауыл адамдары бір күндік тірліктің тағы бір қарбалас күйбіңіне түсті, үй ішінде бір топ әйел бастары қосыла шай үстінде кеңес құрып, біріның сөзін бірі жүптеп қыза түскен кеңестері мал еміп жатса да қаратар емес.
ـــ Әкем-ау, осы келінде бір сыр бар ма өзі, ـــ деді жаулығын жақтай тартып, бір тізерлеп отырған сопақша сары әйел.
ـــ Бетім-ау, соны деймін, қайнымның қиынын көрдің бе, қу жүгірмек әншейінде момын еді, ـــ деген сығыр көзды, орсақ тіс әйел ернін салып еткізіп:
ـــ Нелерің бар ей қатындар, бала озынікі болған соң болды емес пе.
ـــ Жасауын жақсы жасапсыз ғой өзі.
ـــ Құда жақта оңай жасамаған екен, сәукелесін көрдіңдер ме, алтынмен аптап, күміспен көптеген.
Әйелдердің осылай дүрілдесіп отырған кеңесін сырттан естілген ‹‹жау›› деген ашты дауыс бөліп, елең еткізді. Алғаш өз құлақтарына өздері сенбегендей құлақтарын тіге қалған еді анық естілді:
ـــ Аттан, аттан, жау келді-жау..!
ـــ Көтек.. Не дейді, ойбай ـــ деген әйелдер үйден дүркірей тысқа шыққанда, ауыл адамдары ұлар-шу, қасқыр тиген қойша өрлі-қырлы жүгірісіп, шулап-шұрқырап жүр екен.
Ауылдың түстігіндегі түйе мойын белегірден оқша атылып шыққан тор атты адам:
ـــ Жау, жау келді, жау! ـــ деп дауыстай ауылдың ортасынан құйғытып өте шықты. Сол дауыс мынау тыныш тірлікте жатқан беюәз жандарды бүйі шаққандай оятып қамдануға келтірмеді, төңірегінен андағайлай жеткен жау ауылды тырып еткізбей басып алды. Ат кеудесімен адамдарды соға, қылыштарын сермей, найзаларын үйіргенде талай бас денесінен айырылып, талай беюәз қан құшып шырқырап жанынан жұрдай болып кетіп жатты. Шулаған ит, еңіреген бала, азан-қазан төрт түлік мал бұл өңірді зарлы шуылға айландырды.
Шаңырағы ортасына күл болып түсіп жатқан үйлер. Әр жерде ұйлыға отырған топ-топ әйелдердің қолтығына үрейлене енген балалар шырқырап, бұйырылған орындарында отырмай жыбыр етіп қозғалғанның басы қағылып допша домалап түсіп жатты.
Өрлі-қырлы шапқылап, қылыштарын жалт-жұлт еткізіп сермей жүрген адамдар ішінде басына дуылға, үстіне тор көз сауыт киген мысық мұртты дембелше адам ат басын тарта, үзеңгіге шірене тұрып:
ـــ Ат сирағынан асқан еркек кіндіктілерді қырып тастаңдар! ـــ деп, ескеуілдей айғайлайды. Бұл сөз есер жауға тіпті дем болғандай тіпті құтырындырды. Бір демде әр жерде шулап-шұрқырап ұйлыға отырған әйелдер мен балалар болмаса, ауылда қол сермер еркек кіндіктілер бірдемеде көзден ғайып болды. Ендігі кезең топтасып отырған әйелдермен балаларға келгендей ашына зарланғандарын, өздеріне алая қарағандарын да, оқыс қимыл байқатқандарын қиша сыпырып, мынау бүгінгі д екі көзі оттанып алақ-жұлақ етіп тұрған әлгі жеңістігіне тіпті айқұлақтанып, есіре тиседі.
Мысық мұртты, сығыр көз батыр, топталып отырған әйелдер ішінен шешесінің бауырынан шыға жан ұшыртып бара жатқан бес жасар баланы көзі шалып қалып, тышқан көрген жапалақша ұмтылды. Көзі оттанған қара домалақ бала қарсы алдындағы қалың бұта бүргенге қарай кез құйырық ауызынан ініне жетуге жан дармен қашқан суырша борбаңдай қашқанымен әлгі мысық мұрт батырдың астындағы аты бір-ақ ырғып, балаға жетіп үлгірді, қанаты қатпаған ақ үрпік балапан балада осал келмеді, батырдан құтылып кетпекке бұлт етіп бұрыла бере, батырдың атының шау жайынан ала толғап тартып қалғанда ат үстіндегі батыр аттан ауып барып оңшалды да тым шапшаңдықпен атының тізгінін оңға қарай тартып қалған еді бала ат басымен бірге омақасып түсті. Жанба-жан орнынан тұруға қамданған баланың маңдайына батырдың қылышының ұшы тіреліп тұрып қалды. Дәл әзір батырдың қолындағы қылыш қаттырақ итеріп қалса болды, баланың жаны жұрдай болғалы тұр, бірақ неге екен батыр қылышын баланың маңдайына тіреген қалпы аз-кем тұрып барып тартып әкетті. Дәл осы қас-қағым сәтте батыр ـــ Мынау шыбын жанын аман алып қалуға бұта-бүргенге ұмтылған жас баланың өзіне қадаған отты жанарына, өжет мінезіне таңырқап көз қдыртты. Әсіресе кіп-кішкене болып өзін айламен аунатып кете жаздағанына, қылышын маңдайына тіреген сайын міз бақпай ұшқын шашқан қарақаттай отты жанарын өзінен айырмай өшіге қарағанын көргенде батыр қылышын тартып әкетті де:
ـــ Кел мін артыма! ـــ деді сұстана, бала тартынбады. Бетін жауған қанды тақыр тонның етегімен сүртті де, ат үстіндегі батырға қолын созып, шап беріп ат саурына жабыса кетті.
Батырдың артына кенеше жабысқан баланың аттың шоқырақ желісімен құйрығы қопаңдап барды. Бұл кезде ауылды басып алған жау қан сасыған ауылды артына тастап, мал-мүлікті олжалап масайрай шегіне бастаған болатын. Қан сасып кейнінде қалып бара жатқан ауылына қимастықпен мойын бұрған еді. Ат тұяғынан көтерілген шаңның аржағында, аспанды шарлаған қалың құзғын, қара қарғаларды көргенде сәбидің көзіне мөлтілдеген жас тола қалды. Оның көз алдына әкесінің кеше ғана өзін алдына мінгізіп алып ауыл аралатқаны, сүндетке отырғызып, осы ортада думанды той жасағаны. Әсіресе шешесінің әлгінде ғана өзін баурына қыса отырып, ـــ Балам мына жаудың түрі жаман, әкеңнен айрылдық, енді әкеңнің сенен басқа кімі бар, су ішерің болса аман қаларсың анау алда тұрған топ бүргенге жетіп тасалан, ـــ деп қанатының астынан ұшырған балапандай маңдайынан сүйіп қоя бергені. Дәл осы сәтті күтіп тұрғандай өзі әудем жерге бармай жатып артына шешесіне мойын бұрғанша, мына жендет батыр сайтанша пайда болып, шешесінің басын допша қағып түсіріп өзіне ұмтылғанын көрген. Осыны ойлағанда ‹‹шіркін азамат болған болсам мына жендетті бауыздап тастар едім›› деп, кектене көз жасын көрсеткісі келмегендей сүртіп-сүртіп қайраттана отырды.
ـــ Ұста, белімнен мықтап ұстап отыр! ـــ деді батыр зіркілдей өзіне.
Бала енді төңірегіндегілерге көз салды, жеңістің туын желбірете қайтқан жасақтар жайдары, бәрі де ырсыңдап келеді екен. Көбінде олжалаған әйел, бала міңгестіріп бір тобы дүние-мүлік өңгеріп алса, енді бір тобы алдына мал салып дүркіретіп айдап барады. Осындай тобыр ішінде бір жасақтың алдында еңіреп келе жатқан озымен бірге ойнап жүретін нүркен деген сарқызға көзі түсті. Енді ғана үштерге келген нүркен дода болып боздап келеді. Әлгі жасақ оны ‹‹жылама›› дегендей жұлқылап қояды. Баланың көз алды және жасқа толды. ‹‹Ол да әке-шешесінен айырылған болды ғой›› деп ойлады.
* * *
Адырлы алқапты бтырай қоныстанған шоғырлы ауылға сау етіп жетіп үлгірген жасақтар, шулап, шұрқырап бтырады да кетті.
Алты қанат ақ үйдің алдына жетіп үлгірген батырдың атын ұстауға екі адам әзір екен, олар батырдың өзінде аттан түсіріп алып, иіліп сәлем берді.
ـــ Әке… Әке… ـــ деген екі ұл, бір қыз бала үйден шыға әкелерінің алдынан жүгіре шығып батырдың құшағына енді. Балаларының шекелерінен иіскеген батыр бөлтірігін ерткен қасқырдай үйіне бет алды. Ал олжалап келген бала іркіліп артта қала берген еді.
ـــ Ана баланы үйге енгізіңдер! ـــ деді батыр әлгі екі адамға.
Қабағы қатулы батырды әйелі есік көзінен иіліп сәлем бере қарсы алды. ‹‹аман-сау келдіңізбе?›› ـــ деді сбырға жақын дәуіспен.
Батырға үлкен қызы есік ашты, үйге енген батыр сауыт-сайманын шешкен еді. Балалары, әйелі болып бірден алып кереге бастарына қатарластыра іліп үлгірді.
Олжалы бала әлем-жәлемі мол үй ішіне тосырқай еніп, өзіне үдірейе қарап тұрған батырдың балаларынада жасқана көз тоқтатты.
Батыр қолына құман мен су құйып жатқан әйеліне:
ـــ Мына олжаға келген бала, мықты бала болады, болмағанда жақсы қойшы болады, ـــ деп ескерте, дастарқанға жайғасқан батыр өз балаларынан тартып олжа балаға дейін дастарқанға отыруды бұйырған еді. Батырдың балалары әкесінің алды-артын орап, тізесін баса еркелей келіп отырды. Олжа бала да тосырқай дастарқан шетіне келді.
ـــ Мынаның аты бике, менің үлкен қызым, ـــ деді шашын төбесіне байлап, шашына шолпы, күрмелеріне теңге-моншақ тағып алған әлгіндегі өзіне есік ашқан қызын олжалы балаға таныстырған батыр: ـــ Ал мынау екінші балам бөке, ـــ деді өзінің іргесінде иығына жабысып отырған сығыр көз, семізше, жалпақ бет, сары ұлының кекілін сипай ـــ Мына жүгірмек көке деген балам, ـــ деді шекесіне тұлым қойған үш жастар мөлшеріндегі бауырсақ мұрын екі бетінің қаны сыртына теуіп тұрған кішкентәй ұлын таныстыра ـــ Ал мынау біреуіңе аға, біреуіңе бауыр, бүгіннен бастап осы үйдің баласы болады, аты… ـــ деп, іркіліп барып, олжалы балаға жылы шыраймен қарады да ـــ Жә… Сендерге ұйқас шөке болсын ـــ деген еді, олжа бала өзінің аты шөке емес арыс екенін ұғындырғысы келіп орнынан бір қозғалақтады да, әлдене ойына келгендей сөзін жұтып, өзін тежей қалды. Батыр жайдары бейнемен жарқылдай отырып:
ـــ Бүгіннен бастап бірің ала, бірік құла емес бәрің менің баламсыңдар, ынтымақты болыңдар! ـــ деп ескертті де барлығына шай ішуге нәсихәттәді. Батырдың бұл сөзі балаларының ішінде бөкеге айрықша әсер еткендей шөкеге сығыр көзіның астымен ызбарлана бір қарап қойды. ـــ Нан же.. Жеп, тойып іш! ـــ деді. Батырдың әйелі, жұқа сары өңі күлміңдеп балаға мейір көрсете, дастарқандағы құрт, ірімшікті оған қарай итере жақындатып қойды.
* * *
Шөке өзінің мына мүсіркеген бейнесіне іші удай ашыды. Мынау әкесін төңіректеп шолжаңдап отырған балаларды көргенде өз әке-шешесі есіне түсіп, әлде бір өксік ішін удай ашытып, шыдамын кетірді. Өкіріп жылап жіберейін десе мұнда өзін есіркейтін ешкім жоқ. Мына отырғандар шетінен жау, беттерінде күліп отырғанымен ар жақтары уадай ашып өшігіп отырғанын сәбиде болса сезіп, өзін барынша тежегенімен сол қыстыққан өксік еріксіз көз алдынан тарам-тарам жас ағызды.
ـــ Ойбай-ау, шөкеу, не болды саған, жылама, болды, әке-шеше, аға-бауыр деген біз, біз не көрсек сенде соны көріп, соны ішесің, неменеге жылайсың ـــ деді батырдың әйелі оның көз жасын сүртіп. Мұрнынан шырқылдап тұрған боғын қыса сыпырды да астындағы қызыл тулақтың астына сүре тастап жатып:
ـــ Болды, жылама ـــ деді батырдың үлкен қызы да.
Шөке бұдан ары мұң шағудың қажеты жоғында ұқты ма, алдында суыңғырап қалған шайын қолы дірілдеп келіп алды да, ар жағынан қыстап келіп тұрған өкініш, мұң, зар, өксігінің бәрін сол шаймен қоса жұтып жіберді де, тыныстап қалғандай болды.
Бала дегенің қарның тоқтығы мен әр күнгі ойыны қасырет пен қайғыны анда-мұнда есіне салмаса тез ұмыттырып жіберетін көрінеді. Шөке батырдың үйінде бір-екі күн тосырқап жүргендей болғанымен ұзамай бұл отбасының бір мүшесі болып сіңді де ауыл балаларымен бірге асыр салып ойнады да кетті. Әйтседе қойға кірген қотыр ешкідей ауыл балалары да өзін қақпайлайтын болды. Мұндайда шөкеде олардан қайта қоймай шап-шұп келіп болмағанда төбелесіп шыға келетін болды. Қанша айтқанымен сырттан келгеннің аты сырттан келген ғой? Бірер бала тиссе ғой мейлі, қаптап тиіскенде көпке қалай топырақ шашсын. Сондықтан көбінде қабағында кірбеңдік, жүзінде мұң бар шөке көбінде топты баладан бөлектеніп жүретін болды. Ең алғашқы топты балалармен ойнаған күні мына топты балалар өзін бірер желкелеп алған, сондықтан олардың ішіндегі бірнешеуіне әбден зыттанып қап бәлем деп жүретін. Әсіресе өзінен жасы үш, төрт жас үлкен ешкі бас, сойдаңдаған, қылқамойын балаға өшіккенін айтып сұрама.
Бүгін сол қылқамойын ішінде бір топ бала асық ойнап жүр. Шөкенің иірген асығының үшеуі алшы біреуі тәйкі түскенде қылқамойын жарылардай болып:
ـــ Қаралық, қаралық ойнадың ـــ деді иығымен шөкені қаға итеріп.
ـــ Қайдағы қаралық, шыдамас ـــ деді шөкеде тартынбай. Қылқамойын шөкеге оған ежірейе тебітіп:
ـــ Ей қаңғыбас неме ـــ деді тебіне, шөке оның аянбасын былды де алдымен қамданып қалуды ойлап, жерден бір уыс топырақты алып қылқамойынның бетіне шашып жіберген еді. Ойлағаны мұлт кетпеді, көзі, басын ұйқалап әлектенген қылқамойының ішінен шөке баспен сұзып жіберген еді. Қылқамойын сораң етіп шалқадан түскенде оның басы жұдырықтай тасқа тиерін кім білген қан дыр ете түсті. Судай аққан қанды көрген қылқамойын озандап еңіреп қоя берді. Көздері алақандай болған балалар ертеңгі келер пәлекеттен бастарынан алып қашқандай бет-бетіне бтырай бастады. Көкені жетектеген шөке еңіреп жатқан қылқамойынға қарамастан өз бетімен кете берді.
* * *
ـــ Бүгін қозыны бөке екеуің қайырмақтап келіңдер! ـــ деді шешелері. Өзінің шаруасы шыққан жәйін ұғындырып.
ـــ Мен бармаймын… Деді бөке қырыса.
ـــ Шөке қайтып жалғыз ие болады, бар, екеуің барып келіңдер.
ـــ Бармайым деген соң, бармаймын! ـــ деді қырыстанған бөке үйден шыға, шөке өзіне қайтерын білмей қарап қалған шешелеріне:
ـــ Болды, өзім жайып келейін, ـــ деген шөке, еш іркіліп тұрмай-ақ үйден шықты да үйшіктегі қозыларды шулатып өріске айдап кете барды.
Қырқалы далада қозысын беттетіп қойып, тас лақтырып, запқы ойнап жүрген шөкеге, қыр астынан жанында ерткен үш бала бар қылқамойын сайтандай шыға келмесі барма, шөке бұларды көргенде алғаш сасқалақтап абдырап қалды. Мұндайда олардан қорқып қозыны тастап қашуы ездік болады, ақыры неде болса келген бүлікке тәуекел деп қарсы келуге әзірленген шөке запқысына тас салып қамдана бастады. Қылқамойын айтқандай шөкенің қасына тебіте келген жерден екі ауыз сөзге келмей шөкенің кеудесінен итеріп шалқасынан түсіріп, теппекші болып жатқан еді.
ـــ Әй… Тарт аяғыңды! ـــ деген ашты дауыстан тоқтап қалды. Андайтында бикен жүгіртіп келеді екен.
ـــ Маңға неме, бауырыма неге соқтығасың. Әкем келсін бәлем. Үйіңнің ойранын шығартпасам барғой ـــ деді өршелене. Қылқамойын бикенке лам деп аузын ашпастан өз бетімен кете берді.
Бикен шөкенің қолынан тартып тұрғызып, шаң болған үстін қағып жатып:
ـــ Шешем жіберді, келгенім мұндай жақсы боларма, олар әкемінен зәредей қорқады. Біреу тиссе ‹‹әкеме айтамын›› десең болды, ـــ деп түсіндіре қозыны үйге беттетуге қайырмақтап айдап бара жатқан еді. Қозы-лақты белегізге айдап келгенде ар жағындағы үйлері көріне қалды. Әдетте бөке, көкелердің ойыны болмаса жым-жылас отыратын үй маңы байланған ат шоғырына тола қалған екен. Тіпті қараң-құраң адамдарда әбігерде жүр. Үйдің сол түстігіндегі абаға жылқы толып қалған екен. Бикен қолынан ұстап жетелеп келе жатқан шөкені тастай беріп ‹‹әкем келіпті›› деп жүгіре жөнелді.
Екі бұрымына таққан шолпылары мен теңге моншағы шылдырлап кетіп бара жатқан бикенді көрген шөкен өзінің әлде жөпелдемеде елеусіз қала бергеніне ме, болмаса алданыш тірлігінеме іші удай ашып ‹‹әке-шешем болса›› деді еріндері жыбырлап жанары жасқа толып.
Батыр үйінен шай, суанын ішіп шыққанша үйдің маңы адамға толды. Бәрі де олжаға ортақтасуға келгендер көрінеді. Кей бірі үйдің сыртынан ‹‹батыр аман келдің бе, олжа ортақ›› деп айғайлап қояды. Батырда асығыс тамақтанып үйден шыққанда оның алды-артын ылғи кедей-кепшіктер, кары-құртаңдар оралап ‹‹Олжа ортақ, батыр аш отырмыз, келінім ауырып жатыр еді, қайыр қыла көр!›› деп ілесіп бара жатты. Кердеңдей басқан батыр ‹‹асықпаңдар, бәріңеде береміз›› деп қатал сөйледі де, аба толы жылқыны азаматтарға бірден ұстатып шығарып шыңғырта жығып бауыздап жатты. Әпсәтте абдадағы жылқы да түгеді. Әлгінде қаптаған шоғырлы адамдарда жемтік сүйреткен қасқырлардай қаптап, тұлыптап, кейбірі етегіне салып бет-бетіне еттерді әкете бастаған еді. Міне үйдің маңы адамнан арылып қан-жын сасып қалды да, олардың орнын қарға, құзғын басты.
Ендігі ауылда қалған батырдың азаматтары қан-жындардың бетін жасыруға әлектеніп жүр. Шөке қозы-ылағын қамап, асықпай үйге енген еді. Жуынып-шайынып жеңілдеу киімін киініп алған батыр тамақтың әзірлігінде отыр екен. Есіктен енген шөкеге жалт етіп бір қарап алды да көзін тайдырып әкетті.
Шөке бүгін шешініп рахаттана отырған батырдың ет женді бтімінен қарап расында батырға лайық тұлғасын аңғарғандай сезді. Әсіресе сығырайған ұшқынды жанарынан қанпезерліктің нышанын байқап, бикенің ‹‹біреу тиссе әкеме айтам де›› дегенін есіне алып, мынау шоғырлы елге пана болса да, жендеттігімен қаншама адамды қырғындағанын, әсіресе өзінің шешесінің басын шауып өткенін ойлағанда кектеніп кетті. Кішкене жұдырығын түйе, тістері сықырлап өшіге қарағанымен амалы да жоғын ойлап батырдан бетін бұрып әкетті.
* * *
Кешкі астан соң батырдың үй іші тез ұйқыға кеткенімен шөке мазасызданып ұйықтай алмай төсегінде ұзақ уақыт дөңбекшіп жатқан еді. Сырттан әлде бір сыбыдыр естілді. Батырдың әйелі орнынан тез тұрды да ептеп басып барып есік ашқан еді. Есіктен бір адам еніп келген еді, батырдың әйелі оны құшақтап жылап жіберді. Демдерін іштеріне тарта екеу ара жыласып алған соң екеуі от басына келіп отырды. Ыдыс-аяқ жақта айран әзірлеп жүрген батырдың әйелі сыбырлап:
ـــ Қандай күйдесіңдер, өзіп кеттіңдер-ау ـــ деген еді, әлгі адам:
ـــ Не күй сұрайсың, әкеңде ол дүниеге кетті. Жеңгеңнен де айрылдым. Өз басым үш-төрт азаматпен дудбалақша далада өлместің күнімен жүрміз ғой.
ـــ Қайтем енді ـــ Әйел болып жаралған басым, қолымнан не келеді ـــ деген батырдың әйелі шара толы айранды әлгі адамға ұстатқан еді. Қылқылдата жұтып басына бірақ көтерді де шарасын және ұсынып жатып:
ـــ Сенің қолыңнан не келеді, әрі мынау күшіктерің бар, осылардың көз жасына аман бол, бірақ шешеңді, екі бірдей ініңді өлтірген мына жауызға түбінде жақсылық істемейтінімді айтып қояйын ـــ деді әр сөзін тісінің арасынан шығарып және бір шара айранды сылық-сұлық іше салды да:
ـــ Мен енді кетейін. Мына жатқан әлгі олжалап келген балама, е байқұс-ай бұл да жұдырықтай болса да шер көңіл, шемен жүрек байқұс ғой, әйтеу қарнын тойдырып, көз-құлақ болып жүргейсің! ـــ деген сөзін естіген шөке ‹‹әкем тірі болып келіп отырған жоқ па›› деп, басын көтергісі келіп өзін зорға тежеді. Орнынан тұрған әлгі адам, ـــ Азық-түлік бір нәрсе дайындай алдың ба, кетейін! ـــ деді тонының алдын түймелене есікке беттеп.
ـــ Абайлаңдаршы аға, мынаның жансыз жендеттері көп, оқыс етпесін ـــ деп азық салынған дорбаны қолына алды да батырдың әйелін құшақтап жылап тұрып есіктен тез шығып кетті.
Шөке мына бейсәуәт адамның батырдың әйелінің ‹‹аға›› дегенінен бағанадан бергі сөз-ләмдерінен білді. Әуелі батырдың бұлардың да отбастарын ойрандап, тіс-тырнағын батырып кеткенін аңғарғандай болды.
* * *
Зар желіп келе жатқан екі аттының бірі батырда, енді бірі он жастағы шөке.
Қанын ылғи да ішіне тартып жүретін батырдың бет еттері атқа желген сайын солқылдап түсіп қалардай болып келеді, өткір де сығыр жанарын ұзаққа қадап әлде бір ойға шомғандай. Аспанда пүштектеген бүркіт бірнеше рет айланып үшіп жүрген еді, батыр енді жанарын сол зеңгір аспанға қадаған еді, оның жүзіне сәл жылылық жүгіргендей болды да:
ـــ Жолымыз болады екен, ـــ деді. Мойынын шөкеге бұрып, ـــ Алдыңғы реттеде құр қол келдің. Бұл жігіттің салымсыздығы болады. Азамат беттеген бетәлісінән құр қайтпау керек! ـــ деген батырдың дауысы қатқылдау шықты, ـــ Бұл жолы не өліп, не олжамен келуің керек. Мен өзім барсам табанымнан кесіліп, желкемнен тартып тұрған жоқ. Бала бүркіттің салымын байқау, ـــ деді шөкеге сұстана қарап.
Шөкеніңде тотыққан өңі сұрланып батырдан қалыспай жүру үшін атын тебіне зар желдіріп батырмен қатарласа жүргенмен еш ләм деп тіл қатпады..
ـــ Сен неге сөйлемейсің? ـــ деді батыр шөкенің мына үнсіз қылығына іші псықандай. Бірақ шөке бұған бола ашылып кеткен жоқ. Батыр ашуланғандай атының бүйіріне саптамасының өкшесін қадай тебініп қалған еді. Оның аты бұрынғыдан бетер желе жортты.
Кешкі күн қып-қызыл болып ұясына еңкейіп барып ымырт ұйырылды. Аңғарлы алқапқа келген батыр атының дізгінін тартып мұнда қоналқыға түсті. Шөке аттан түскен еді екі аяғы ісініп, табаны жерге зорға басылды. Мұндайда әлсіздігін батырға білдірткісі келмеген шөке қашан да сыртқа шыққанда өзінің міндеті болған қанжығадағы қоржындарды шешіп, азықтарды әзірлеу жұмысына кірісті. Батыр екі аттың ішпектерін алып, белдерін босатты да ұзын жан арқанды шылбырларға жалғап жайылымға қойғанша шөкенің жайған дала дастарқаны да дайындап болғанымен көзден қайып болғанын көрген батыр төңірегіне абыржып қарап: ‹‹түзге кеткен шығар›› деген оймен өзін қайта кеңге салып дастарқанға жайғасып, калып қалармен тосқауылдаған еді. Шөке кешіккен сайын батыр сасқалақтай бастағанымен астындағы атын қалдырып жаяу кеткен шөкенің ұзай алмасында сезіп, тамақтанып болып ертоқымын басына жастанып жантаюға әзірленгенше, жерден шыққандай пайда бола кеткен шөкеге батыр таңырқай ‹‹астапралла›› деп шөкеге бажырая қарап еді. Иығындағы ала қапты батырдың алдына әкеліп тастай салған қабының аузына қол тыққан батыр қап толы ылғи сүрі ет екенін көріп:
ـــ Не, иіті жоқ па екен? ـــ деді таңырқай.
ـــ Бар.
ـــ Онда қайтып? ـــ деген батырдың сұрағына шөке қайтып жауап қайтармады. Батыр миығынан мырыс етіп күліп жіберіп:.
ـــ Бұл олжа емес, мынау бір менің қарнымды тойдырғанымен қара жұртқа не болат. Олжа деген бір ауылға ортақ болуы керек, ـــ деп ескертіп қойып, шөкенің тамақтанып дем алуын бұйырды.
Аспанда жамыраған жұлдыздарға қарап шалқалап қатқан шөке шаршағандікі ме тез ұйқыға кетті. Бірақ қанша ұйықтады белгісіз батырдың нұқуымен шошып оянған еді, аспандағы жұлдыздар әлі сөне қоймаған екен.
ـــ Көз шырымыңды алған соң болды. Енді айланба!, мен кешегі түнеген жердің маңында боламын ـــ деген батыр шөкенің атын ерттеп әзірлеп қойған екен. Шөке еш ләм деместен, есікпен-төрдей құлакердың үстінде қолтоқбақтай болып мінді де қараңғыға сүңгіп кете берді.
ـــ Абайла. Атың мықты. Сенімді ат ـــ деді. Батыр шөкенің сыртынан бәсең дәуіспен. Шөке әуелде айдаңдай жүріп, сүт пысырымнан соң желе жортты да көзеулі жерге таяғанда атының басын тартып және аяңға басты.
Батыр меңзеген бетәлісінән шөке жазбай тура шықты. Үйірлі жылқылар мимырт түннің тұнып тұрған дер шағында таң алдында жусап ұйлыға тұр, мүмкін күзетшісі де таң қараңғысындағы қара суыққа бұйығып ұйқыға бас қойса керек. Өлі тыныштық төңіректі тұншықтырғандай, сүйтседе күзетшіден айрықша сақтанған шөке жылқыға таяй барып, ат бауырына түсті де шеткері тұрған төрт айғыр үйірді қайырмақтап ауашалаған еді жалбас қасқа айғыр қайыруға ырық бермей үйірін айдап етектеп кетті. Енді қамданбаса басқа айғырларда оның артынан ырық бермей үйірлерін қайырып кетерін аңғарған шөке ‹‹бұйырса осы да болар›› деген оймен үш айғыр үйірді алдына сала келген жолына қарай қуа жөнелді. Жылқылар шұрқырасып кетті. Мұндайда өлген күзетші болса да оянып өзінің соңынан қуарын межелеген шөке алдындағы жылқыларды екі жылғаның арасындағы қыспақтан өткізіп жіберді де құрығын серт ұстап құлақ тұрып байырқалай қалған еді. Айтқандай ат тұяғының дүбірі естіле қалған еді. Шөке құрығын әзірлей тұрып құйын перен келген аңғал қуғыншыны көшіп жіберген еді, қуғыншы қалпақша ұшып түсті. Шөке қуғыншының ойнап шыға берген атын дізгіннен ұстай жетегіне алып кете берді. Шөке батырдың тосатын жеріне жеткенше таңда атып, төңіректі сүт сағым қыдырды. Ұзын тобырлы жылқы шұрқырасып, жердің шаңын бұрқырата шөкенің ырқына бойсұнып қотарылып келеді. Шөке алдындағы жылқылардың топанына қараған еді, шамасы тай-құлынымен елу тұяқтай байқалды. Өзінің тұңғыш сапарының бұлайша сәтті болғанына мәз болған шөке өзінше сәттілігіне батырға ұқсап аяғын үзеңгісіне шірене, құйрығын ерден көтере ерленіп келеді. Жетегіне алған қуғыншының атына көз салған еді, ор қызыл аттың жалын таңғы үпілдек желемік желпіп, төгілген көгілдыр құйрығын саумал ауа тарап тіпті батырдың айта беретін дүлдүліндей байқалды. Міне шөке батырдың ‹‹тосып аламын›› деген жон тауынада келіп жетті. Салмаланып жатқан таудың етегіне қарай жөңкілген жылқылар бірдемеде тауды жондап жосып барат. Шөке жылқыны алдыға салып жіберіп өзі биік қырқаға шығып батырды байқап төңірегіне көз салған еді, енді бір бүйірден құдия шауып келе жатқанын байқап жылқыны солай беттеді. Мына құрша жылқыны көргеніне ме әлде шөкенің аман-сау келгеніне ме батырдың жүзы жайдары екен. Шөке батырдың өзін жер-көкке сиғызбай мақтайды-ау деген ойда еді. Бірақ батырдан ондай алқау болмады, қайта қабағы түксие өзінің жетегіне алған олжа атқа сұқтана қарап:
ـــ Жігіт болдың ғой шөке, мына олжаң… ـــ деп, жұтына сөйлеп. Атты бір айланып өткен еді шөке батырдың ниетін біле қойды. Үнсіз ғана олжалы аттың шылбырын батырға ұстата салды.
Шұбалаң құйрық жирен аттың тізгіні қолына тиген батыр шойын денесін шөкеге бұрып, жанарымен ғана рақымет айтқандай қабағын көтеріп қойды да жетегіне алып, жылқының енді бір шетіне қарай қуысуға кете берді.
Мама ағашқа әкеп байлаған асау, тұрған орнын орғып қазып тыпырлап тұр, жүндері құндыз терісіндей жылтыраған қоңыр дөнен өмірінде басына ноқта түсіп көрмегендіктен шамырқанып әбден долұрып тпырлап, тік шапшып, осқырынғанымен мына сұмпайы батырдың айласынан аса алмағанына әбден ызақорланып алған көрінеді. Бағанадан кигіз есікті қайырып тастап кірген батыр, алты айрығынан кеткен терін сүртіп, тыныстағандай болды да, бір шара іркітті салқ-сұлқ жұтып алып, қайтып далаға шығарында асауға аңтарылып отырған семиә адамдарында сыртқа шығуды бұйырды. Әке әміры қашанда екі болмаған, үйден ере шыққан балаларына қараған батыр:
ـــ Ал, ана дөненге мінде үйретіп ат қып ал, ـــ деді ұлы бөкеге. Батырдың асауды шұрайлап әкеп ат ағашқа таңып жатқанында-ақ бір сұмдықтың боларын межелеп жұртта жинала қалған болатын. Енді мынау бесіктен белі шықпаған ұлына мінуін бұйырғанын көріп шулап-шұрқырап кетті:
ـــ Балаңыз жазым болады батыр, бұл қайткеныңыз.
ـــ Мынау, бала емес, қандай желтақымға ырық береме?
ـــ Құлдығым, ау, батыр! Баланы өлтіріп аламыз ғой, ـــ деді шыжалақ қаққан батырдың әйелі де жалбарына.
Батыр баласына қараған еді. Теке көзденген ұлында зәре қалмай тартыншақ өгізше шешесіне тығыла, ـــ Мінбеймін. Мінбеймін, ـــ деп жыламсырап тұрғанын көрген батыр ашудан жарылардай шатынап кетті.
ـــ Ынжық, ـــ деп ызбарлана тұрып төңірегіне көз қыдырта келіп жанарын шөкеге кідірте қалды да:
ـــ Ендеше шөке сен мын! ـــ деді, бірақ шөкенің аты аталғанда мына тұрған елдің бірі де бөкеге ара түскендей ешкімі жан ашырлық білдірмеді. Қайте ‹‹қайтер екен›› дегендей тыныстарын тарта өзіне сұраулы қарағандарын көргенде шөке қорланып кеткендей ызаға булығып кіп-кішкентәй жұдырығын тас түйіп тістене қалған еді. Дандайтын тұрған батырдың әйелі:
ـــ Ол да бөкең сияқты емес пе, атпал азаматтар тұрмайма, соларды неге? ـــ деп быжалақтағанын батыр елегенде жоқ, ‹‹шөке, мін тез!›› деді қатаң үнмен. Шөке өзінің жан ашыры жоқ нақ жетім екенін дәл қазір аңғарғандай намыстанып кетті. Іші өзегі өртеніп әлде бір өкініш пе, жыгер ме қолқа-жүрегін сорғылап шыдамын алды. ‹‹өлсем өлмеймін бе, тәуекел дейін›› деген ойға мықтап бекіді де топтан суырыла шығып ат ағаштағы асауға беттеді. Тағы да, батырдың әйелінің дауысы соңынан діріл аралас шықты:.
ـــ Шөке балам, байқашы қарғам, ـــ деп қалды. Шөкенің мына өзін аялаған сөзді естігенде жан дүниесі тебіреніп кетті. Бейне шешесі соңынан тілек тілеп тұрғандай жанары жасқа толды. Егер артына қарар болса көз жасы ағыл-тегіл кетіп батырдың әйелін барып құшақтап, оған еркелегісі келді. Бірақ, дәл қазіргі көз жасын көрсеткісі келмеді де артына бұрылмай алдыға тарта берді.
Шөке ат ағашта дол ұрып тері бауырынан моншақтап тұрған дөненге таяғанда жыртқыш көргендей тік шапшыған дөнен ат ағашты жұлып кетердей жұлқынып қорыс-қорыс етеді. Шөке дөненге ақырын таяй-таяй келіп қолын созған еді. Осқырынған жануардың денесі дірілдеп сілейіп қалды. Дөненді сипалап тұрған шөке кейіне қараған еді. Өзін құрбандыққа арнағандай болып тұрған ауыл адамдары тұтас үдірейе қарап тұр екен. Батыр елден алдыға таман шықты да, ‹‹енді қайтемын›› дегендей тұрған шөкеге қасындағы пышағын қынымен лақтырып жіберген еді. Шөке пышақты қағып алды. Дөнен мына оқыс қимылға қорс етіп оқыранып барып тағы шірене тартынып тұрып қалды. Шөке дөненді және сипалай тұрып шапшаңдықпен лып етіп қарғып мінді, дөненде өз өмірінде бұлайша басыну, қорлауды көрмегендіктен шыдамы кетіп тік шапшығанша шөке дөненнің басындағы ноқтаның шылбырын пышақпен қиып үлгірген заман дөнен запқының тасынша атылып бірдемде артына түйдек-түйдек шаң қалдырып ауылдың батысындағы қырқадан аса көзден ғайып болды. Шу асау тарпаң дөненнің үстінде кенеше жабысқан шөке дөненнің жалын құшып еңкейген қалпы көзден ғайып болды. Шөкенің мына батыл да, ерлігіне батыр ғана емес жиналған ел болып таңырқап дүрлігісіп кетті.
ـــ Акау, недеген жүректі бала.
ـــ Жә.. Атқа недеген мықты.
ـــ Осы баланың көкборысы барғой деймін. Асаудың жанына барғанда асау дірілдеп тұрып қалмасы барма.
ـــ Аман болса болды ғой, байқұс бала.
Батырдың бірнеше азаматтары да шөкенің соңынан баруға аттарын әзірленген еді, батыр оларды тоқтатып тастады. Шөкені алқаулар мен мақтаулар бәрінен де бөкеге соққы болып жасытып, әкесіне жаутақтап жасқана қарай берді.
Арда шай қайнатым уақыт өтіп, ауылдағы әлгіндегі дыбыр тосластап ел үйді-үйіне тарасқан кезде астындағы дөненді мойнына қағып мініп келе жатқан шөке ауылдың шығысындағы белегірден асып түсті, бұл кезде батыр балаларымен бірге өз ұйының төрінде түскі тамаққа отыра берген кез еді. Шөке қара түнек болып үйге еніп келгенде ең әуелі батырдың әйелі шөкені бас салып бауырына қысып:
ـــ Алла, қарғам-ай, аманбысың, ـــ деп бас салып бауырына қысты. Шөке әлде нені ойланып келгендей төр алдындағы батырға сұқтана қараған еді. Батырда өзінің оны қатерге айдағанын мойындағандай одан көзін тайлықтырып әкетіп, орнынан шапшаң тұрып, әлгінде алас ұрып айғұлақтанып тұрған дөненнің іргеде байлаусыз, екі құлағы салпиып тұрғанын көріп, күліп жіберді де екі атқосшыны шақырып:дөненді жетектеп суытуды бұйырып, қайта дастарқанына жайғаса шөкенің алты айрығынан кеткен терін сүртіп, шара толы сусынды інге құйған суша қорылдата кеңірдегіне құйып жатқанын көрген батыр оған рахаттана қарап қалыпты.
* * *
Тағы бір жаз өтіп, қылышын сүйреткен қыраулы көз қыстқа кетті. Тау қойнауында отырған қыстаудағы ел өз-өз тіршілігімен болып, мынау қаﮬарлана қырына алған қыңыр қыстан қалай мал-жанды аман алып шығу бұндағы ауыл азаматтарының маңдай алды жұмысы болып қарбаластықта жүрді.
Тас қыстаудағы. Тас мешке жаққан сарқидың иісі бұрқырап, жалыны үй ішін божытып тұр. Неше күннен беріп шөкенің әбігері өзіне бір тері шақай әзірлеп, бір қаршаңғы жасап алумен болатын, міне бүгін әр екеуінде болды. Әуелі тері шақайды аяғына киіп, бауын мықтап байлап, жерге басып көрген еді. Әрі дәл, әрі жап-жақсы көңілдегідей істеп алғанына өзіне-өзі мәз болып жымиып қойды. Енді табанына тері шегелеп әзірлеген екі шаңғыны қолына алды да далаға беттеді.
ـــ Қайда.. ـــ деді батырдың әйелі.
ـــ Шаңғымды сынап көрейін.
ـــ Мен де барамын ـــ деді көке..
ـــ дала суық, тоңасың, ـــ деген шөкенің сөзін бикеде жөптеп:
ـــ Суықта тоңасың. Екеуіміз бір жерге барамыз, ـــ деп алып қалды.
Шөке далаға шыққанда қыстың суығы денесін тітіркендіріп жіберді. Күртік қарды әндете басып ашық аспан астында ақ бүркенген дала қойнауына сүңгіп бара жатқан шөке әудем жер жүріп барып кейініне мойын бұрған еді. Тас қыстаудың моржасынан көтерілген көк түтін шұбалаңдап көк аспанға сіңіп жатыр екен.
Шөке биік жота басына осымен үшінші рет шығып қайта сырғанауға әзірленіп жатқан еді қылқамойын бастаған бір топ бала сайтандай пайда бола қалды.
Дөң басында тұрған шөке қылқамойынның етекте өзіне қастық сайлап орналастыру жасап жатқанын оның қимылынан-ақ байқай қойды. Мұндайда шегіншектесе одан қорыққандық болады, сондықтан тәуекелге келіп, шақайының да, шаңғысының да құдыретын бір көрсеткісі келіп, шөке биік жотадан томен қарай артына ақ боран тастап томен қарай құдиғанда бір топ баланы қылқамойын өзінің өтер жолына арқан керіп тұрғанын көріп абыржып қалды. Мына тебінмен арқанға келіп соғылар болса мерт болары мұнда, ал қылқамойын андайтында қасқыр соғып алардай қолына құрығын серт ұстап ол тұр. Көзды ашып-жұмғанша жетіп үлгірген шөке қылқамойынды оп-оңай алдап соқыты. Құйғытып келе жатып шаңғысын шорт бұрды да қылқамойынның бұрылғанына үлгіртпей қолындағы таяқпен қағып қалпақтай ұшырып, енді арқаннан айланып өтуге бұрыла бере өзі де тәлтіректеп барып ұшып түскенде аяғындағы екі шаңғысы екі жаққа ұшып кетті де, өзі қарға көміле барып түсті де апыл-құпыл орнынан тұрғанша балалар оның екі шаңғысын ала қашты, шөке мына басынуға ашудан жарылардай болды. Қашан да соңына түсіп жүрген қылқамойынды неде болса бұл жолы келістіріп тарттырып өзінің кереметін көрсетіп қоюды ойлап, қашып бара жатқан балалардың алдын тосу үшін тұмсық айланып жетуге ұмтылды.
Сай іші ойдым болғандықтан сығылған қардан тез өткен шөке қарсы алдындағы беткейге аюдың құнжығынша борбаңдап жан дармен жүгіре шығуы қате кетпеді. Олжалаған қаршаңғыларына мәз болып келе жатқан қылқамойын бастаған балалар бұлтарып қашуға үлгірмей қалды. Шөке запқысына жылқының қатқан попайын әзірлеп тұрған болатын, сөзге де келмеді. Запқысын ире қоя бергенде қылқамойының шекесінен келіп тиген попай қанын бұрық еткізді. Қылқамойын қан жауған басын шеңбектеп отыра кетіп, мынау сай ішін басына көтере бақырып-шақырғанын көрген серіктері қолдарындағы шаңғыны жерге тастай салды да тұрған орындарында сілейіп тұрып қалды. Ашуға әбден буырқанған шөке екі баланы екі жаққа лақтырды да қылқамойынның кеудесіне міне кеткен еді. Мына көкжалдан құтылмасын білген балалар еңіреп жалбарына кетті. Қылқамойында жеңілсін мойындап жалбарына еңіреп:
ـــ Шөке, кешір, бізді артыңнан айдап салған бөке болатын ـــ деді.
Шөке қылқамойынның мына сөзіне шынымен сенбеді. ‹‹не дейсің›› деді тағы жұлқылап, қылқамойын тағы соны айтты. Шөке қас жауының бір ұйада жатқан балапан болып шыққанын енді біліп таң қалды. Қылқамойынды босатып жіберді де өзі бұл сөзге әлі де сенбегендей ойланулы қалды. Аяққы қыстаудағы бүркітші қарттың ‹‹қырандар екі балапан шығарсада ашыққанда әлдісы әлсызын шұқып жеп қояды›› дегені есіне түсті. ‹‹иә, кім әлді, кім әлсызын әлі-ақ көрерміз›› деді іштей, ызбарлана күбірлеп…
ـــ Екінші жолымды тосатын болсаңдар көргіліктеріңді көрсетемін! ـــ деді қылқамойынға айбарлана.
ـــ Тақсыр, енді жоламаймыз. Құдайға рас ـــ деген балалар маңырап сала берді де, ауылға қарай жан дармен жүгіріп кете берді.
* * *
Тас қыстаудың ыстығынан ба, түн бойы шөкенің мазасы кетіп ұйықтай алмады. Себебі оның бүгін ‹‹асудағы›› тойға барғанында кезінде өзі олжалағанда бір олжаланған ауылдасы үш жасар сарқызды көріп қалғаны бар. Алғаш шашына қызыл жүн жіптен лентә байлап, көне тоздау көкшулаң көйлек киген қызды көргенде өз көзіне өзі сенбей таңырқай қараған. Талдырмаш денелі ай көзденген мұңлы жүзды сарқыздың жүзінде еш күлкі нышаны жоқ. Айтау ауылдың топты балаларымен бірге жамыраған жас төлдей дүркіреп жүгіріп жүрді. Шөке оны тосып алып өзін танитынын айтып сөйлегісі келгенімен батылы жетпей амалсыз қайтқан. Енді сол әлсіздігіне ызаланып өкініп жатып зорға көз ілген болатын. Енді міне даладан шыққан шәңкілдей шыжалақтаған әйелдің дауысы оятып жіберді.
ـــ Әлгі жетімегің түбімізге жететін болды. Мына жалмаузыңды жоғалтпасаң елдің сар жұлдызы ғой мына пәлең, ـــ деп дол ұрған әйелдің дауысын, шөке тани кетті. Қылқамойынның шешесі екен. Шөке алда батырдан қандай жаза көрерін әбден білді. Болмағанда батырдың жондай тиер қамшысы дайын.
ـــ Не, не болды сонда айтшы шәбеленбей! ـــ деді батыр әйелге.
ـــ Бөке. Бөке дедім ғой шеше, ـــ деген қылқамойынның да дауысы болбырай шықты.
ـــ Әй, бөке, шөке шығыңдар үйден! ـــ деген батырдың аюша ақырған дауысы бөкені ұйқыдан шошындыра оятты. Зересі кеткеннен дірілдеп-қалшылдап өңі қуқылданып, киімін зорға киінді.
Шөке бәрінеде тәуекел деп есіктен шыға келген еді батыр өзін ішіп-жермендей болып қадала қарап тұр екен. Басын таңып алған қылғамойын өзін көрген жерден ит көрген мысықтай жасқаншақтап шешесінің кейініне ығыстай берді.
ـــ Не деп түр мыналар? ـــ деді батыр шөкеге.
ـــ Жо.. О.. Қ.. Шөке емес. Бөке, бөке болатын бізді айдап салған, ـــ деді шөкеден бұрын қылқамойын шыжалақтап.
Киімін шала киінген бөкеде істің насырға шауып өз арамзалығының әшкерленгенін білді ме? Есіктен судан шыққан тышқандай салындысы суға кете сүлмірейіп шыға:
ـــ Әке.. Бұдан кейін, бүйтпейін, кешіріңізші әке, ـــ деді еңірей тұрып жүрелей кетті.
ـــ Не болды тағы да құдай, не болып қалды: ـــ деп шыжалақтай шыққан батырдың әйелі балапанын қорғаған қызғыштай үйінен асығыс шыға келген еді. Әйелін бір жағына сілкіп тастай берген батыр бөкені үлкен саптамасымен теуіп, теуіп жібергенде алғаш ‹‹ыш›› етіп шыққан бөкенің үні дым өшті де жылан құртша екі бүктетіліп ирлеңдей жатып қалды. Байқұс шешесі атылған күйі ұлының үстіне жата кетіп ендігі соққыны өз денесімен тосты. Батырдың әйелі бөкеге жүгіргенде шөкеде батырдың алдын кес-кестей тосып, отты жанарын батырға жасқанбай тіке қадап тұра қалған еді. Батыр оның мына өжеттігінен әлде нені сезгендей ‹‹былай›› деп ақыра.!
ـــ Мына қасқырлардың бір-бірімен түзу талассын. Араға бізді арандамай, ـــ деген қылқамойынның шешесі қылқамойынды жетектеп өз жайына кете берді.
Батырдың қан толған жыртиған көзіне өзінің отты жанарын қалай қадап тұра қалғанын шөке өзі де аңғармады. Қаққан қазықтай қарсы алдына сілейіп оның аюша ақырғанында елемеді. Батыр шөкені жолынан сиырып тастамады. Әлде нені ойлағандай кдіріп барып шегініп кетті.
Бөкені үй адамдары қаумалап көтеріп үйге енгізіп кетті. Шешесі байқұс еңіреп жүріп төсегіне жатқызды да оның бетіне суық су бүркіп жүріп есін әрең жиғызды. Бөкенің тынысы тарылып, ар жағынан келген сырыл мен жөтел бірдемде оның жан терін шығарды. Шөке бөкенің мына бейшәрә бейнесіне жаны ашып онымен бірге қиналып аялай оған таямақ еді, өз кемшілігін сезіп мүсеуреген бөке өзін көрген сайын майрылып бара жатқанын сезіп, оның көзіне күйік болғысы келмей үйден шығып кетті.
Шөке сол шыққаннан қыстаудың терістігіндегі кептерлер мекені болған тауға беттеді. Ол ‹‹шатаңдағы›› тау үңгіріне қонақтап жүретін кептерлерден екі кептер зақпымен оп-оңай түсіріп алып ізінше үйіне қайтқанда бесін уағы болып, күн еңкейіп мынау қыстауларына таудың ар жағына жасырынған күн көзі түспегендіктен әләкеуім жапқан еді.
Шөке қолындағы екі кептердің жүнін жұлып ішін тазалап, батырдың әйеліне ұстатып жатып:
ـــ Бөкенің жөтеліне көк кептер жақсы болады, асып беріңізші! ـــ деген еді. Шешелері мекіреніп кетті.
ـــ Ой, қарғам-ай, бұл жөтел емес. Қабырғасы сынып кеткен ұқсайды. Балыгер әкелуіміз керек, ـــ деді жанарындағы жасын жаулығының ұшымен сүрте.
Батыр сол кеткеннен үйге әлі оралмады. Оның ұзап кетпегендігі үйдегі тұрған сауыт-саймандарынан да белгілі. Әйтседе оның қайда кеткендігі қай уақытта келетіндігі белгісіз болғандықтан шөке атты ерттеп, бәлігерді шақырып келетін болып аттанып кетті.
Сол кеткеннен шөке түн қараңғысында зорға оралды. Өзін төрт көзбен күтіп үркердей болып отырған үй адамдары шөкенің қасына ерткен бәлгері жоқ жалғыз оралғанын көріп абдырап қалды.
ـــ Таба алмадың ба? ـــ деді әуелі бикен.
ـــ Таптым. Тәңертең келетін болды, ـــ деген шөке үстіндегі киімін шешіп жатып:
ـــ Көрім болды ғой, әй, қарғам-ай шаршадың ғой, шәй құйшы бикен! ـــ деді шешесі.
Бикен отта тұрған шәугімді шоққа қойып дастарқан әзірледі.
ـــ Сендербірәз мызғап алыңдар бөкенің жанында мен боламын, ـــ деп төсек салудың әбігерлігіне түсіп. Шөке қанша ұйықтағаны белгісіз шарық етіп ашылған есіктің шарқылынан ояна кетті, үй іші әләкеуім жарық екен. Басқа балаларда бастарын шошына көтерді. Өңі сұсты, көзі отты батыр есіктен енген жерден бөкенің қасында отырған әйеліне сұқтана қарап мелшиіп қалыпты. Бір сұмдықтың басталарын сезген батырдың әйелі де қалшылдай орнынан тұрып. ‹‹не.. Не болды›› деді. Сүрепетсіз бейнеде:
ـــ Не.. Не болды. Не болғанын сен білесің, ـــ деген батыр екі аттап келді де әйелінің шашынан қанды тұяғын іліп жіберіп тысқа қарай сүйрей жөнелген еді. Шыжалақтаған әйел бір көзі бөкеде, жетекке үйренбеген хаюандай тырмысып тартыншақтаған еді. Батыр жуан саптамамен әйелдің ішінен теуіп қалып қаңбақтай ұшырды. Жендет әкенің қаﮬарынан жасқанған балалар шешелерін қорғауға батына алмай шулап-шұрқырап бір бұрышқа тығылды.
ـــ Ағаң келіп жүр екен ғой ـــ деді, доңыз айбатын сыртына салып, тістенген батыр. Екі бүктеліп жатқан әйеліне. Батырдың әйелі енді өзін өлім ғана күтіп тұрғанын сезгендей тіс жармай бағанағыдай емес қайсарлана батырға қараған еді. Батыр босағада қынабда тұрған қылышты суырып алып әйелге ұмтылды. Шөке істің нақ насырға шабарын енді сезді. Мына қан пезердің әйелінің басын дәл өзінің шешесінің басынша қағып алудан тайнбасында сезіп, батырдың қылыш ұстаған қолына жармаса кетті. Батырдың қылышы әйелінің басын қағып түспеседе шөкенің қолын тартып қалғанның өзінде байқұс әйелдің бетіне қылыштың ұшы тигенде маңдайдан бетке дейін қистап тіліп түсті де әйелдің алдын қан жуып кетті. Балалар шулап, шұрқырап бөкені тастай беріп шешелеріне ұмтылды.
ـــ Қоя… Бер… Қолымды.. Иттің… Күшігі! ـــ деген батыр. Оң қолына жармасып тұрған шөкені де обып жіберердей бұлқынған еді. Қолына қорғасынша жабысқан шөкеге бір қарап алды да, беті талаурап, көзі қанданып үй ішін көзімен бір шолып өтті де, қылышын тастай беріп бұрылып кетті. Шөке жерге түскен қылышты алды да босағадағы қынабына салып қойды.
Дол ұрудан көзі қанталаған батыр есін енді жиғандай екі аттап есіктен шықты да кете берді.
Батырдың үйден шығысымен үй іші тынышталақалғандай болды. Бырқылдап, сұңқылдаған өксіктер болмаса, бір-біріне мүсіркеу қарасқан балалар бетін қан жауып бүрісіп отырған шешелеріне қарай ұйлығысты. Батырдың сілтеген қылышы әйелінің оң жақ шекесінен қиялай тіліп кеңсірікті кесе сол беттен осып түскен екен. Бір тәуірі қылыштың ұшы ғана дарығандықтан тым бата тимеген көрінеді. Беттен аққан қанды құрым киіз күйдіріп жүріп әрең тиған балалары шешелерін де ыңырсып жатқан бөкенің жанына жатқызды.
Сиыр түс мезгілінде бәлгерде келіп үлгірді, үйге енген жерден сүреңсіз үй. Кірбең тартқан балалардың қабағынан-ақ, балгер мұндағы көңілсіздікті аңғара қойды. Әуелі бөкені тексеріп екі қабырғасының ішіне қарай сынып кеткенін айтты да ескі етіктің қонышының астарына қарағайдың жабысқақ шайырын жағып бөкенің қабырға тұсына жапсырып алды да, қоншыны бүрістіре ұстап қайта тартқанда ішіне сынып түскен қабырғалар сыртылдап орнына келген заман бөкенің тынысы кеңіп, жадырап сала берді.
ـــ Бірер күннен соң мына жапсырған нәрсе өзі түсіп қалады. Қозғамаңдар! ـــ деп ескерткен балгер енді батырдың әйелінің бетін көріп ем-домын әзірлей отырып:
ـــ Есер батыр не елін. Не ерін арандайды. Шамасы қатынға қаптал еркек болғаныңа болайын. Қайда кеткен ол антұрған, әулекі? ـــ деді батырдың әйелінің жарақатына ашына.
ـــ Өзім жығылып оқыс болып… ـــ деп тағы да жендет ерінің қорлығы мен зорлығын жасырғысы келген әйелге қараған балгер оның шып-шып шығып тұрған қандарын дәрі сеуіп тиып, тыртықты бітіретін дәрілерін сеуіп жағып жатып:
ـــ Ойбой, қарғам-ай, бір күн ши, бір күн туырдық жасырады, одан кейін не жасырады, сен намыстанғаныңмен хаюанға намыс жүреме, ـــ деп кескін сөйлеп отырып бикенің әзірлеген шайына отырған балгер мынау елдің бәрін қара аюша қорқытатын батырдың жер-жебіріне жеткен бәлгердің бата сөйлегеніне шөке таңырқай қарап қалыпты.
ـــ Мен қайта айланып жүрмеймін қарақтарым. Дәрі-дәрмекті айтқан бойынша істете беріңдер! ـــ деп ескерткен бәлгердің ақысын дәметіп отырғанын сезген шөке үн-түнсіз үйден шығып кетті де қорада тұрған бірнеше марқа қозының бірін еш кімнің рұқсатынсыз жетектеп әкеліп есік алдына маңыратып байлап қойып қайта үйге келгенде. Сырттағы қозының дауысын естіген бәлгердің қас-қабағы керіле, кетудің қамына кірісті.
ـــ Қой өріске кеткен. Қозы да болса азсынбаңыз деді шөке бәлгерді шығарып бара жатып.
ـــ рақымет, бәлгер, балалардың бергені ғой, алыңыз! ـــ деді батырдың әйелі ыңғылдай отырып.
* * *
Қыстың күні, төңірек аппақ қармен қымталып жатыр. Көрші қыстауда ‹‹жиын, той болады›› екен дегенді естіген шөке де бүгін солай беттеді.
Екі жердегі тастан салған үй мен бір дөңбек үйден басқа есік алдынан тіккен екі киіз үйдің бәрі құжынаған адам. Қыстаудан ауаша жамбы ату майданында азаматтар өнер көрсетіп шулап шұрқырайды, тағы бір топтасқан адам шоғырлары арасында палуан салынып, аударыспақ ойнаудай күш бәсекесіне түскен атан жілік азаматтардың өнерін тамашалаған ел мәре-сәре. Шөке алғаш жамбы атқан жерге бара қалған еді. Жамбы атуда алдына жан салмай екі тайтұяқ ұтып алған батырдың екі езуі екі құлағында екен. Жамбы ату ақырласа сеңше соғылысқан ел палуан, аударыспақ болып жатқан өңірге төңкерілді. Тобыр елмен бірге шөкеде солай беттеген еді, топ ішінде батыр өзін көріп қалып ‹‹шөке›› деп дауыстағанын, шөкеде естіп қалып батырға мойын бұрған еді. Батырдың мұндай жайдары бейнесін бұрын-соңды көрмеген екен.
ـــ Бергел! ـــ деді өзіне қолын бұлғап.
Шөке оған таяй бергенде батырдың сыртынан келген тағы бір азамат сәлемдесе кетті де құдалардың шақырып жатқан хабарларын жеткізген еді.
Батыр шақырып алған шөкені тастай беріп әлгі шақырушымен ілесе жөнелді. Шөке мына шақырушының ‹‹құда›› дегеніне таң қалды. Батырды ‹‹құда›› дп тұрма жоқ батырды ‹‹құда›› шақырып жатқанына таңырқап, не де болса батырдың еніп кеткен киіз үйіне барып білгісі келді.
Шөке мұнда келсе есікке дейін сығылған адам жол берер емес екен. Балалар киіз үйді айлана туырдықтың тесіктерден сығалап жүр екен. Шөкеде бір тесіктен ішке көз жіберсе, киіз үйдің ортасына темір меш орнатыпты да, темір мешті айлана отырған адамдар төрдегі негізгі қонақтарға жамырай қарасып түр. Төр алдындағы қонақтардың ортасында батыр да отыр екен. Шөке нақтап көрмекші болып үлкендеу саңлау іздеп жағалап келе жатқанда, әлгі сары қызға кезігіп қалды. Ол да жабыққа жабысып тұр екен. Шөке алдыңғы өкініші есінде бұл рет сары қызды көргенде батылданып кетті.
ـــ Мені танисың ба? ـــ деді сар қызға жақындай келіп. Шөкеге қарап жымия қараған сары қыздың құйқаланған шашындағы күрең лентәсі түсермен болып салақтап тұр екен. Сары қыз шөкені танымайтынын білдіріп басын шайқап қойды.
ـــ Мен сені танимын ـــ деген шөкеге сары қыз тосаңсып:
ـــ Қалай? ـــ деді сбырға жақын үнмен.
ـــ Үйің қайда?
ـــ Өзің танимын дедің ғой. Білетін шығарсың ـــ деді. Әлгіндей емес ашыла түскен сары қыз.
ـــ Әке, шешең барма?
ـــ Бар.
ـــ Жақсы адамдарма?
Қыз кбіртіктеп жауап бергеннің орнына өз бетінше жүгіре жөнелді де кілт тоқтап артына бұрылып.
ـــ Біздің үй андағы ‹‹тұмсық қорада›› ـــ деді де беттеген жағына қайта жүгіріп кете берген еді, оның шашында түсермен болып жүрген шаш буғышы түсіп қалғанын байқамады. Көне тоз көк көйлегі желбірлеп ұзай берді. Шөке оның лентәсін жерден алып басын көтергенше сары қыз көзден ғайып болыпты. Шөке алақанындағы көк лентәні ұстап тұрды да қойын қалтасына сүңгітіп жіберді.
* * *
Бірнеше күннен бері батырдың үйі қарбаластыққа түсті. Осы қарбаластықта шөкелерде жінігіп, етектегі қызыл шіліктен отын арқалап әбігерге түсті. Шөке бұл қарбаластықтың жайын отынға барған жолында бөкеден естіп білді. Хуық арада бикені ұзататын болып жатқан қарбаластық екен.
Әдетте ‹‹қызыл шілік›› тен жалынды отын қажет болғанда ғана отын әкелмесе бұлайша жінікпейтін, себебі:қыстаудан құдиып түсетін аңғардың етектеп барғанда аңғарлы шатаңның бауырында өскен ит тұмсығы өтпейтін шіліктен бір арқа отынды алып қайтып қыстауға беттегенде мүттемге қайқайыс болғандықтан адам тұрған атан өгіздер пысылдап жүріп әрек шығатындықтан мынау қораның қиы, төңіректегі сарбалақ, сексеуілде жетіп асар еді.
Шөкеге бүгін отын арқалап қайтарында бикенмен бірге қайтты:
ـــ Шаршап кеттің ғой шөке, менің отынымның үстіне қой, мен көтерейін! ـــ деген еді шөке оған ұнамады.
ـــ Ендеше біраз дем ал. Теріңді басшы! ـــ деді бикен оған жалына. Шөке биіктеу қабақшаға отыра кетті. Бикен жанынан күрең қызыл торғын шыт алып шөкеге ұсынып, !
ـــ Теріңді сүрт! ـــ деп бәйек болды. Шөке шытпен терін сүртті де, шытты қайтып бикенге берген еді. Бикен алмады:
ـــ Сен бетіңді сүртіп жүр ـــ дегенде бикенің дауысына діріл араласып, жанарына жас шариланып мөлтілдей қалды да:
ـــ Мені әкем ұзатам деп жатыр былдың бе? ـــ деді өкси, әншейінде жанарында мұң жасырынып, мүсіркей жүретін бикенің іші толған шер екенін шөке енді білді. ‹‹бейшәрә әкенің зорлығынан аса алмай қалған болды ғой›› деп ойлап, өзі де іштей егіліп кетті.
ـــ Сен тұйық, бұйығысың шөке, талай рет көп сырымды айтайын деген едім, ـــ деген бикенің сөзіне шөке таңырқай бикенге қараған еді. Өзін батылдыққа тежеген бикен көзжасын сүрте отырып:
ـــ Менің шешем де кезінде өзің сияқты олжаға келіп, осы әкемізге әйелдікте қалған екен. Байқұс шешем құдаласып отырған жерінен айрылып мұнда келгенде мен іште екенмін. Сондықтан ба, міне мені аяп, обалсынбай еркімнен сырт біреуге атастырмақ.. ـــ деген бикен, ـــ Сені шешем жанындай көреді. Ағасы да көп тапсырған екен. Ылғида өзіме ‹‹қам көңіл. Шер жүрек бала ғой, аялап қой›› деп тапсырып тұрады. Ана бөке ғой балалығы болар, кдейде асып, әспенсіп кететіні бар, ал көке ғой өзіңді жанындай көреді, ـــ деген бикенің сөзін естіген шөкенің қолқа жүрегін бір ұры мысық тырнап жатқандай, өзегіне дейін ашып, көз алды жасқа толып, бикенді де аяп кетті.
ـــ Шешең мейірімді адам ғой, ол кісінің ағасы өлді деген еді, әлі тірі болды ғой? ـــ деді шөкенің дауысы да дірілдей.
ـــ Ағасы тірі. Алдыңғы рет жансыздар ағасының мұнда келіп жүргенін айтып қойыпты. Бұл әшкерелеуді шешемнің ағасы да сезіп қойған ба? Қолға түспей кеткен еді. Бірақ оның жақын бір серігі қолды болып өлген екен ـــ деген. Бикен ـــ Шөке сен ақылдысың ғой, бөкеге өкпелеме, ол албырт. Әлкеуде, бірақ, ертең-ақ түсінер де түзелер ـــ деп ескерте кетті.
Шөкенің ойына өз шешесінің басының шабылуы, ауылдың ойрандалуы, батырдың бөкені теуіп қабырғасын сындырғаны, әйелін қылышпен шапқан жендеттіктері оралып зыттанып кетті. Жұдырығын тарс түйіп:
ـــ Әкең жендет, жек көремін ـــ деген еді, бикен бұған шамданбады.
ـــ Әкем де саған өмір берді. Өмір берген деген мейір төккен деген сөз, арқыраған аюдай ал кеуде ерлердің, ақылгой ақсақалдардың сөзін тыңдамағанда неге екен, сенің сөзіді тыңдап, алдынан тоссаң бетіңді қақпайтынына шешем де таңырқап ‹‹Осы баланың бір шарапаты бар›› деп қояды. Бұны да түсін ـــ деді.
Шөке бикенің бұл сөзінөз жүрегінен шыққан сөздей түсінді. Өйткені өзі де анда-санда батырдың өзін бұлай аман алып қалғанына таңырқап сырына жете алмайтын.
ـــ Мені ертең-бүрсігүні ұзатқалы отыр шөке. Мына беретін жері бір көксоққан дейді, ـــ деген бикенің жүрек дүрсілі шөкеге анық естіліп тұрғандай болды.
ـــ Бұл қайсы, алдыңғы реткі жиын-той болған жер ме? ـــ деді шөке. Сол жолғы батырды ‹‹құда›› деп шақырған жерді есіне алып.
ـــ Мен көріп, білмеген адамдар, аяққы қыстауда. Ұрлықтан басқа өнері жоқ біреулер дейді.
ـــ Енді қайтесың.
ـــ Өз сүйген жігітім бар. Мені соған қосу, сенің қолыңнан келеді! ـــ деді бикен шөкенің қолын қыса.
ـــ Менің, қайтып?
ـــ Ертең кеште ол белгілі жерден тосады. Сен мені үйден ептеп шығарып жіберсең болды. Мына сөзге шөке аз-кем ойланып барып:
ـــ Онда мен ертең ауыл балаларын жинап алып ақсұйек ойнап ұлан-асырын шығарайын. Осы орайда кетсең болды ғой.
ـــ Атты қайтем.
ـــ Атты күндіз мен ерттеп мал қайырамын да, қыстаудың аяғындағы қабақшаға қойып кетейін…
ـــ Болды қарғам, шөке, сендім өзіңе ـــ деген бикен орнынан тұра, шөкенің бетінен сүйіп бауырына қатты қысып, ـــ Осылай болсын ـــ деді де, басқаларға сыр алдырмау үшін отынын көтерді де одан озып кете берді.
Айтқандай осы кеш бұлт бүркеткен қошқыл кеш болды, әдетте жымыңдап тұратын жұлдыздар азайып, андайтында жеті қарақшы ғана айқын байқалады. ‹‹бл да болса бикенің жолының болғандығы ғой›› деп ойлаған шөке, бөке-көкені тастап ауыл балаларында жинап асыр салған жасырынбақ ойынын бастады. Қанша ойнап жүргені мен шөкенің назары бикенде еді. Шөке арада оның буыншақ-түйіншек алып үйден шығып келе жатқанын байқап қалды да, жүгіріп барып оның қолындағы буыншағын өзі алды да бикенді топ балаға қосып жіберіп өзі атты әзірлеп ат қоямын деген бағытқа жүгіріп кетіп лезімде қайта оралғанда бикен есі шығып қалғандай есік алдында әлі тұр екен. Жінігіп жүгірген шөке оның қолынан жетелей қыстауды айландырды да, ‹‹ал кет›› деп бұйырды да өзі топты балаларға қарай жүгіре жөнелді. Аяқ-аяғына тимей жүгірген сайын қадамын аша алмай қалғандай, жүрісі мандымай, жүрегі дүрсілдеп, қара тер басып, күзеулі жерге келгенде шөке атты үлкен тасқа бекітіп, буыншақ-түйіншегін де қанжығаға байлап қойғанын көріп еріксіз еңірей жүріп атына қонып өз жігіті тосып тұрған тұмсықшаға қарай тартып берді..
Шөке сол ойнағаннан түннің бір уағында діңкелеп барып үйлеріне оралды да шешелері әзірлеп қойған салулы төсектеріне кеіп жата кетті. Шырт ұйқыға кеткен и адамдарын тағы да сырттағы айғай-шу оятты, орнынан шапшаң тұрып қару-жарағын әзірлеген батыр:
ـــ Шөке, тұрдың ба, ілес маған, сендер үйді жығып, жүктерді артыңдарда батыстағы адырға сіңіп тасаланыңдар! ـــ деп бұйырып, екі аттап есіктің көзіне барды да, кейіне бұрылып:
ـــ Бикен қайда? ـــ деді ежірейе, тағы да әйелі сорлайдау деген шөке:
ـــ Кеше кеште маған көрші ауылға барамын деп айтып кеткен ـــ деді бала құстай саңқылдап.
ـــ Әкеңнің ـــ деп кіжінген батыр бір нәрсені сезінгендей бөлғанімен, дәл қазір оған мойын бұрып тұратын кеземесін аңғарып:
ـــ Жүр, болдың ба! ـــ деді шөкеге зіркілдеп.
Батыр мен шөке сыртқа шыққанда, дала тастай қараңғы екен. Шулап-шұрқыраған дауысқа құлақ салған батыр ‹‹ауылға жау тиіпті›› деді де, іргеде бетін сырдақпен жауып қойған ертоқымдарын көтере шығып ат қораға беттеді. Шөкеде өз ерін көтеріп батырға ілесті. Қорада тұрған екі атты батыр жетектеп шықты. Ерлерін тез ерттеп, асығыс атқа қонған батыр мен шөке желе жортып кете берді, оларға аяққы ауылдан айғай-шу, ұлыған ит, шулаған мал дауысы барған сайын анық естілді. Ұзамай әләкеуім қараңғылықтың терең түкпірінен елбеңдеген ноқаттар пайда бола қалғандай болған еді. Батыр қылышын қамдана бастаған еді. Қарсы алдындағы ‹‹Кім›› деген дыбысты батыр қалт кетірмей тани кеткендей қылышын қайта қынабына салып:
ـــ Біз, бермен қарай ـــ деді баяу дәуіспен. Қарсы алдыларынан кез болған үш азамат, тұмсықтағы үш қыстаудағы елді жау шауып кеткенін, жаудың бетәлістәрі қара тауды бет алған хабарын жеткізді.
ـــ Атаңа нәлет, ـــ деді батыр ашулана ـــ Мына жаудың ‹‹қара тауға›› беттегені бізді жаңылту, біз орта қыстаудың басындағы кезеңнен тоссақ олар сол маңнан кезігеді, жаудың айласы күшті, беті қатты екен. Сендер азаматтарды дереу жинап сол жерге дізгін ұшымен жетуін бұйырыңдрар! ـــ деп бір тоқтады да:
ـــ Қатын, бала көшіп адырға еніп тасалансын. Сен ـــ деді үш азаматтың біріне ـــ Қылышыңды мына балаға бер! ـــ деп бұйырды. Әлгі адам қылышын қынабымен шөкеге ұстата салды да өздері шауып кете берді. Шөке мен батыр желе жортып таң қылаң бере аттарының тізгінін тарта, быр дөңеске шықты да төңіректеріне көз қыдыртты, бірдемде таң рауандап, төңіректе ақ сәуле қыдырды. Батыр айтқан бәйге төбенің маңы адам легіне бірдмде толды. Батырдың бұйыруымен бе, жоқ өздері осылай дағдыланған ба топ-топ болған жасақтар төбе-төбеге топтасып кернәй-сырнайларын озандатып қоя бергенде, батыр бір топ адаммен дәл ортадағы бәйге төбеде айбаттана тұр.
Батыр айтқандай қарсы алдындағы қырғаққа бір топ адам пайда бола кетті. Батырдың жасақтары әр төбеде найзаларын жерге төпелеп дауыстап, төңірегін зел-зала етті. Қарсы жақтағы жауда бір төбеге шоғырланып айғай-сүрен көтерді. Қарсы жақтан көк боз ат мінген бір адам қылышын күн нұрына жарық-жұрық еткізіп топтан оза шыққан еді, батырда өз атының басын солай қарай қоя берген еді. Барған жерден қарсы жақтағы адаммен қақтығысып қалған еді, қарсыласын оп-оңай құлатып түсірді де атын ойнатып, найзасын үйре ‹‹жекпе-жек, жекпе-жек›› деп айбаттана айғайлап тұра қалды. Қарсы жақтан және бір адам ұмтыла шықты. Батыр найзасын етігінің басына тіреп бейғам тұрды да қарсы келген адам өзіне жуықтай бергенде өкірте аттан құлатып түсіріп өз тобына шауып келді де опты жасақтар ішіндегі біреуіне әлде нені айтқан еді. Ол адам қасындағы енді бір адамға құс қауырсынымен, тас рек сиямен қағаз жадырған еді. Қағазы бүктеген әлгі адам жебенің ұшына іліп, садаққа салды да, адырнаны кере тартып қарсы жаққа қоя берді. Ысқыра барған жебе қарсы жақтағы топты адамның алдына барып шаншыла түсті. Қарсы жақтың бір адамы ат үстінен еңкейе жердегі жебені іліп алып, қағазды атамандарына ұсынған еді. Топты адам үн-түнсіз шегініп кетті.
Тау артынан көтерілген күннің шүлен шуағы жер бетіне қуанышты жағдай әкелді ме, әлде мынау жазғытұрымның үпілдек қоңыр желімен қосыла жеңістің мастығы топты азаматты сергітіп жібергендіктен бе, бағанағыдай емес қабақтары көтеріліп, жанарларынан ұшқын шашып әлігіндегі батырдың ерлігін алқаса гуілдесіп кейінде қалған ауылдың жайын білуге қайтты.
ـــ Сен ـــ деді батыр шөкеге бұрылып, ـــ Үйді іздеп тауып, қыстауға қондыр! ـــ деп бұйырды да өзі топты адаммен бірге кете берді.
Шөке батырдың үйден аттанарда ‹‹адырға барып бекініңдер›› деген сөзін ойына алып солай беттеді. Сиыр түс кезі болды. Ашық аспаннан нұрын құйған күн көзінен маңайдағы қарлардың беті жылтырап бусап жатқанын, кей күңгей беттер аламықтап қалғанын байқаған шөке ‹‹жазда шығып қалған екен-ау›› деп қойды өз-өзіне.
Шөке жол бойы түнде ауылға тиген жаудың әлгіндегі тұрышқа беріп беті қайтқан топтың кім екенінің байыбына бара алмай әңкі-тәңкі болды. Бұл күнде моңғұл, қазақ, орыс дейсің бе, қазақ пен қазақ өз ара мал қуысып, жер дауымен жаға жыртысып, бас жару, барымта-сарымтамен бірін-бірі шауып, қырғындап жатқан оқиғаның көп екенін, әйтседе мұндай қанды оқиғаның мақсат себебі болатынын ескеріп, мүмкін алдыңғы рет өздері қуып келген жылқының иелері болуы мүмкін деп ойлады. Деседе, жаудың ‹‹аяғы төрт ауылды шауып кетті›› деген түндее кезіккен азаматтардың сөзін есіне алғанда бейғам ауылды шауып, беюәз қырғындап кететін жаудың кім болғанына басы қатты. Айтпақшы шабылған төрт ауыл деп отырғанының біреуі сары қыздың ауылы ғой, шөке енді есін жиғандай, жанары шекшиіп, танауы желбіреп кетті. Аттың басын тура солай бұрды да желе жортып, бірде қосаяқтап шауып ет пысырым уақытта сар қыздың ауылының үстінен түсті. Ауыл басындағы белегірді асып түскен шөкенің көзіне мор болып өрттеніп күлге айналған қыстау кезіккенде денесі бір ысып, бір суып мелшиіп тұрып қалды. Бірақ оның мына күйреген ойына қорадан шыққан бір пәнденің қылпы жүрегіне үміттің отын ұялатты, кімде болса тіл алуды ойлап атын тебініп жеткен еді, киіз сүйреп келе жатқан бүкір кемпір, иілген белін зорға жазып шөкеге күн сала қарағанда түнерген қара қошқыл бетін ажым айғыздап киімдерді қан соқта өзіне ежірейе қарағанда мына кемпір шөкенің көзіне ертегілердегі жалмауыз сынды көрінді.
ـــ Қайдан пайда болған немесің, жау шауып елді қырып кеткен соң батырсынған боқтышақ немелер ـــ деді кемпір ежірейе. Бұл сөзге шөке тіл қатпап еді.
ـــ Не мелшиіп тұрсың, шақыр адамдарды анау бес бірдей өлікті мен қайтып жерлеймін! ـــ деген кемпірдің сөзінен шөке енді есін жинағандай::
ـــ Қырып кетті ме, қане? ـــ деді атынан түсіп жатып. Кемпір кейініне бұрылып, көң қораны иегімен меңзеп:.
ـــ Түнде өзім түзге шығып кеткенімде үйді жау басып келді де мұндағыларды үлкен-кіші демей есік алдына шығарып алып лақша бауыздады да, жалғыз сар қызды ғана олжалап кетті, менің не амалым, бәрін де көзіммен көріп амалсыз қала бердім ـــ деді кеңкілдей жылап.
ـــ Не, сар қызды алып кетті ме? ـــ деді шөке қайталай. Кемпір басын изеген еді. Шөке қайта атына қонды да келген ызымен шаба жөнелді.
ـــ Үй, мына неме құтырған ба, шақыр ана тірі пәнделерді бар болса! ـــ деп кемпір айғайлап қалды. Шөке сол шапқаннан тұп-тура тәңертеңгі жаумен жекпе-жекке түскен майданға келді. Бірақ жау тұр ғой жаудың өлігі де, сынық бұрауы да көрінбейді. Шөке сары қызды алып қалмаққа жаудың шегінген жағына қарай шаба жөнелді. Сар қызды сөзсіз осы жаудың әкеткеніне көзі жетіп отыр. Сондықтан сөзсіз сар қызды олардың қолынан құтқарып алып қалуға бекіп, атына қамша басты.
Шөке сол ет қызуда жаудың соңына түсемін деп ұзап кеткенін қарны ашып, шөлдегенінде бір-ақ білді. Түн қараңғысы бірдемде үйіріліп, төңірек мең-зең күйге енгенде, ол кейін қайтқысы келді. Бірақ, сар қызды әкеткен жау қанша ұзады дейсің, ‹‹тұяқтыны-тұяқты жібермейді›› дегендей олар ұзамай тұрғанда қуып жетеріне сеніп ары қарай тарта берді, бірақ көзге түртсе көргісіз қазан түптес қараңғы түнде енді алдыға да, артқа да кетуге жүрмей аялдап алуды ойлап атынан түсіп, қылышының ұшын кетіп бара жатқан бағдарына қаратып қойды да, ат көрпені астына салып, шылбырды беліне байлап мызғап алуға жата кетті.
Төңірек сыбдырлаған, сыңсыған дыбыстар шөкеге ұзаққа дейін ұйықтатпай әбден зәресін алды. Маңынан әр жерден жалт-жұлт еткен қызыл, жасыл сағымдар бірде көрінсе бірде жоғалып кеткенін көргенде тіпті үрейленіп ұйқысы шырадай ашылды. Онсызда атының шылбырын аяғына байлап қойып жатқандықтан әлсын-әлі жұлыққан атта оған ұйқы берер емес, таңға жақын атының бір мезет сілейе тұрып жусаған шағында шөкенің де көзі ілінді. Әлден уақытта ‹‹тұр›› деген дыбыстан шошып оянды. Өзі батырдың үйінде жатқандай алғаш бейжәй көзін ашқан еді. Өзінің жапан-далада жатқанын, қызара көтеріліп келе жатқан күн көзінен байқап сасқалақтап орнынан тұрғанша қасында қатқан қазықтай мелшиіп тұрған екі адамды көріп шошып қалды. Шөке қалайда қылышын қамданбақшы еді. Тас мүсінше сілейіп тұрған екі адам өзін тырып еткізбей байлап үлгірді.
ـــ Қоя беріңдер, менде нелерің бар! ـــ деп шөке болқынғанымен оны елеген еңгезердей екеу болмады. Атына діңік еткізіп мінгізді де, астындағы аттың дізгінін өздері жетектеп кете берді.
Қарымды екі азаматтың бұлайша байлап алғанына шөкенің қолынан келері шамалы еді. Сондықтан оларға ілесуден басқа амалы да қалмады. Өздері арада тіл қатыспай астарындағы аттарын зар желдіріп келеді. Күн арқан бойы көтеріліп, жер бетіне ашты сәуле қыдырды, қыстың ызғары шөкенің өздері тұрған маңда ғана екен. Бұл өңірдің жазы шығып, жер бетінің көктеген көгі ірі қараның аузына ілінетіндей болыпты. Күн көтерілген сайын шөкені шөл мен аштық шыдамын кетірді. Еріндері кеберсіп, қарны шұрылдап өзеурей бастады. Клапара киген божбан қара азамат атының басын ірке аяңға салды да, қатарласа келген жұқа сары, тоқал тымақты азаматқа мойнын бұрып:
ـــ Ана баланың қолын босатып қой! ـــ деген еді. Әлгі азамат шөкенің қолын шешіп жіберді. Шөке жіп бунап, ісіне қалған қолдарын керіп, уқалап құрыш-құрышын жазғандай болды да:
ـــ Қарным ашып, шөлден өлетін болдым ағатайлар ـــ деді. Қалайда бір мейірі болар дегендей азаматқа кезек-кезек мүсеурей қарап.
ـــ Не ғып жүрген баласың, қайдан келесің! ـــ деді әлгі божбан қара.
ـــ Үйімнен адасып қалып жүрмін, ـــ деді шөке өтіріктен, божбан қара жанторсығын алып шайқап-шайқап алды да шөкеге ұсынды. Шөкеде торсықты шайқаған еді шылдырлаған дыбыс шықты. Торсықтағы екі ауыз толым ашыған айран шөкенің көзін шырадай жандырды. Және түбін сарқа басына көтерген еді ештеңке шықпаған соң торсығын божбан қараға қайтарып берді. Жұқа сары қойнынан екі тал малта құрт алып шығып шөкеге ұстатты. Шөке ат үстінде құртты ұртына салып бүлкілдетіп келеді. Осы кеткеннен суыт жүрген екі адам өздері қайда барады, шөкені қайда апаратынында айтпастан үдіре тартқан бойы көз ұшындағы жатаған қара тауға кешкі ымыртта жетіп үлгірді. Олар етегі созыла түскен қара таудың бауырындағы бір жылғаны өрлеп барып, жылып аққан болымсыз суы бар бастау басына келіп түсті де, қанжығаларынан қоржындарын шешіп, тостаған, ағаш қалақ, дорбадағы талқан, ет сияқты тамақтарды алып шығып азықтанды, шөкеге де бір тостаған талқанды суға илеп ұстатты. Шөке еш тартынбай соғып алды да бастау суынан қанғанша ішті. Екі азаматтың әлденеден сақанп от жақпай, суық сумен қоректеніп отырғанынан шөкеге күдіктеніп қалды.
ـــ Сен ұйықтай бер, біз аттарды азырақ оттатып алып жатамыз, ـــ деді божбан қара шөкеге. Онсызда шөкенің кірпігі қатып, діңкесі құрып отырған еді, отырған жеріне қисая кетті. Ұйқысы шырадай ашылды. Ол мына бейсәуәт екі адамның өзін сұраусыз, бетәліссіз әкетіп бара жатқанынан күмәндәніп қашып құтылсам деген арам ойдың жетегіне түсіп ұйықтағансып қыбырсыз жата берді. Шөкенің ұйқыға кеткенін көрген екеуі сыбырлап кеңесіп отырды.
ـــ Әбден шаршаған екен байқұс, тез ұйықтап кетті.
ـــ Осыны әуіреленіп апарғанда ала ма?
ـــ Неге алмайды, алдыңғы рет бұданда кішкенелерді алды ғой.
ـــ Әскерге жарамаса, жұмыс орнына салады.
ـــ Өзі қандай қайсар неме, жақ кірісін ашпайды екен.
ـــ Ода нең бар, алдаусыратып апарып, аларымызды алып кетсек болды емес пе.
ـــ Аттарды матап жатайық, түн ортасы болды.
Екі азамат аттарды бір жерге матап, шөкенің жанына келіп қисайды. Шөке бұлардың мақсатын әбден білді. Енді құтылмаса сорлағалы тұрған болашағын еске алғанда нар тәуекелге келді. Екі азамат ұйықтады-ау деген кезде, шөке бұлардың ұйықтағанының шын-өтіргін білгісі келіп, жөтелді. Басын көтерген еді екі азамат сезбеді. Шөке орнынан ақырын тұрып өз атын шешіп алды да шарт етіп шапшаң қонып лып беріп қараңғыға сүңгіп жоғалмақ еді. Аты екі аттамай жатып омақасып түсті де өзі ат мойнынан аса құлап түсті. Шөке енді білді. Әккі немелер үш аттың аяғынан бір-біріне дұзақтап байлап қойған екен. Шөке жамба-жам орнынан тұрғанша екі азаматта жетіп үлгіріп тепкілеп, басы-көзің демей қамшымен шықпырттай келіп.
ـــ О, иттің ғана күшігі, қайда бармақшы екен ـــ деп, дойыл қара кіжіне тепкенде шөке тек басын құшақтап бетін қорғағаннан басқа амалы да қалмады. Жұқа сары өлміші болып қалған шөкенің екі қолын бұрынғыдай артына қайырмай алдына салып байлап тастады да, өздері азық-түліктерін жиыстырып атқа қонғанша таң да рауандады. Екі азамат атқа қонғанда шөке бір-ақ білді. Арқаның бір үші дойыл қараның тақымында екен де, өзін көшке жетектеген иттей соңынан жаяу ілестіре жөнелді. Сүт пысырым желген аттылардың артынан ерген шөкенің буыны құрып, аяғы онда бір, мұнда бір тиді. Екеуі артында ат желісіне ере алмайтын адам бар-ау деп қарап та қоймай зар желіп барады. Шөкенің әлі әбден құрып шамасы да кетті, қанша қайрат қылғанымен аяғы шалына екпетіне түскен еді. Сүйретіліп қалды. Екі жендет бұған қарар емес. Тастақ даланың тасын бауырымен сыпыра, қараған-бұтаны жапыра сүйретілген шөкенің есі де шығып кетті. Егер жуан қараның астындағы ат үркіп кесе көлденең болмаса өзінің өлгенінеде қарар емес. Атының басын әрең тежеп, кіжіне атынан түскен божбан қара:
ـــ Иттің баласы іздегенің осы ғой ـــ деп бір қабат терілерін жер сүріп қып-қызыл шақа болып тұрған шөкенің бүйірінен теуіп жіберді де қолын байлаған арқанның ұшын шешіп еді. Жұқа сары келіп ауанатып оның ит талаған терідей түтеленген киімін тізе, басына дейінгі жарақатты көргенде божбан қараға ашулана сөйледі.
ـــ Енді не деп апарамыз мынаны, алмайды мына кейпімен ـــ деген еді. Божбан қараның есі енді жиналғандай үнсіз тұрып барып:
ـــ Мына күйі өзі де алмайды, қалсын осында ـــ дегеніне жұқа сары:
ـــ Атына артып қоя берейік, су ішерлігі болса аман қалар болмаса біздің қолдан аман кетіп құдайдың ажалына өлген болмай ма ـــ деген еді божбан қара бұны да құп көрді. Екеуі шөкенің атын қаңтарып тұрып, ерге көлденеңдете еңкейтіп артты да, ауып түсіп қалмауға, аяғы мен қолынан ат бауырынан тартып, арқанның бір ұшымен салмалап тартты да, аттың тізгінін қайырып сауырына қағып қалып қоя берген еді. Еркіндікке шыққан шөкенің аты бетәліссіз желе жортып кете берді.
Шөке екі азаматтың өзін мылжалап атына артып жатқанын біліп жатса да ‹‹өлсем осы екеуінің қолында өлгеннен, далада өлейін›› деген оймен ес-ақылсыз бейнеге еніп, былық-сылық қалпынан аумай жатқан болатын.
Аты мына жендеттерден құтылғанына мәз болғандай сауырынан қағып жібергенде әудем жерге дейін дүңкілдек желіспен кете берді. Ер үстінде екпеттеліп таңылған шөкенің ат желген сайын іші-бауыры езіліп әбден есі кетті. Басын көтеруге қолын-аяғын қыбырлатуға да дәрмені келер емес. Ессіз хаюан үстінде жабыр көрген иесі барында ескермей бетәліссіз тартып келеді. Кейде бойшаң өскен қараған, бұталардың арасынан өткенде өзі тепкіден талқандалған беттерін қараған, бұта усқылап удай ашытып барады. ‹‹өлгенім осы ғой›› деп ойлады шөке. Еңірегенімен амалы жоқ еді. Ат солқылдап желген сайын бас терісімен қоса бет еттері салақтап тынысын тарылтып жібергендей зықы кетті. Егер ат биіктеу қабақтарға тұрса шөке ептеп түскісі келіп жануарға анда-мұнда шықылықтап тоқта дегендей белгі бергенімен оны ұғатын қаракер жоқ, неде болса ылажын тауып ауып түсейін десе ат бауырына түссе анық біткені сонда, мөңкіген ат бірдемде мылжа-мылжасын шығарады. Ендігі бірден-бір ақыл атты тоқтатпай жүргізе беру. Жануардың діңкесі құрып, әбден болдырғанда барып ат бауырына аунап түсіп барып құтылу. Болмаса жылқы баласы жүре берсе қара тартып елді жерге жетер деген оймен ‹‹шу›› деп қояды. Желістен аяңғыға ауысқан қаракер түс ауа жазықтап барып, енді бір адырғаққа түсті. Шөкенің әбден діңкесі құрып шөлден тлі аузына симай өлмеген жаны келеді. Уақыт өткен сайын өзінің де тағдыры хауыпке ұшырарын сезген шөке, атты тоқтатқысы келмеди ‹‹шу›› деп қузаулап қояды. Маңайда не бар, қандай жер екені шөкеге белгісіз. Әйтеу еңкейген басы мына келе жатқан жерлері тастақты ма, жасаң ба, таулы ма, адырлы ма соны ғана аңғарып келе жатқан еді. Әлден уақыта шөкенің көзіне сиырдың жапасы, жылқының попайлары байқалды. ‹‹а, құдай, ауыл маңы болғай›› деді шөке іштей. Қаракер сыдыртқан күйі бастау суына келіп тұра қалып сіміріп жатыр. Шөке қанша ‹‹шу›› деп тыптырлағанымен әбден қаталаған қаракер шөлін қандырып алған соң барып басын судан бір-ақ көтерді де және аяңдады.
Шөкенің құлағына абалаған иттің, айғайлаған адамның дауысы естілді. ‹‹я, құдай, аруақ›› деді шөке көзіне жас алып.
ـــ Жат үй, құтпан.
ـــӘй, мынау не ей, сұмдық! ـــ деген адамдар дауысы шығып, бірнеше адам атты ұстап, өзін ат үстінен шешіп алды.
ـــ Ойбай-ау! Бейшәрә бала ғой мынау, сұмдық не ғылған бала? !
ـــ Үйге, үйге көтеріңдер, ـــ деген дауыстан соң шөке есінен танып кетті.
Шөкенің тамтығы кеткен киімі мен қан соқта болған бейнесін көрген үй адамдары әуелде абдырап қалды. Қаумалай үйге енгізіп оның аузына сусын тамызып әбігерге түсті.
ـــ Бейшәрә, бала-ай, не мұнша азапқа түсті екен. Не күнәсі бар еді байқұстың ـــ деген семиә әйелі шөкенің бетіне суық су сепкен еді, шөке тітіркене есін жинап көзін ашса төңірегінде қоралап отырған бейсәуәт адамдарын көріп, жан ашыр жандарға кезігіп аман қалғанын біліп көзінен жас моншағы домалап кетті.
ـــ Жылама қарғам, не мұндай күйге түстің қарғам, болды ештеңе етпейсің, аман қалдың! ـــ деген әйел қолындағы сусынды жұтқызып жатып.
ـــ Не болды балақай, орыстардың қолына түсіп қалған жоқсың ба? ـــ деген отыздардан енді асқан қияқ мұртты жігіттің сөзіне басын шайқап жауап берген шөке, жарым тостаған сусынды жұтты да басын қайта жастыққа қойып:
ـــ Екі бейсәуәт адам ұстап алды, екеуінің әңгімесінен не әскерге ме, әлде жұмыс орнына адам саудалайтындар екенін білдім де қашып құтылмақ болып ұсталып қалып осы күйге түстім.
ـــ Ой, ـــ деп жігіт санын қаға, кектене сөйлеп, ـــ Сол ант ұрғандар ғой, елдің ұл-қызын орысқа апарып напақа түсіріп, тірлік етіп жүрген. Шіркін солардың табанынан тіліп, қылтасын қияр күн болар ма екен, ـــ деді тістене.
Шөке осы күні жатқан орнынан қозғала алмай мынау жайдары, ақ еділ жандарға кезіккеннен ме, келістіріп ұйықтап, тынығып қалды. Тәңертеңінде екі қолы жансыздап ұйып, өн бойы зілдей болып ауырлап әрең қозғалғанын көріп қайраттана орнынан тұрды. Себебі бұлайша жата беруші намысы көтермеді. Өйткені мына үйдің көшуге дайындалып өзінің жағдайына бола байырқалап қалғанын буулы жатқан теңдер мен басын буған үйден байқады. Шөкенің бұл межесі де қате кетпеді. Түстерде оралған семиә азаматы кеште көшетіндерін айтып әзірлене бастады.
ـــ Сенің өзіңнің атың бар, бізге ауыртпалық жоқ, көшке ілесіп бірге жүрсең болды! ـــ деген күйеуінің сөзін бөлген әйелі:
ـــ Иә, біз у шісек у, су ішсек су ішерсің, балалар не көрсе соны көресің, ـــ деді қас-қабағын кере жайдары бейнемен.
Шөке дәл әзір осы елмен бірге кетпесе қайдан келіп, қайда тұрғанын білмеді. Өзін сынамаққа тысқа шығып харекеттенып көрген еді, тырысып, қара қотырланған жарақаттар шытынап айрылып жатқандай удай ашып барады белінен томен әрең қозғалып екі қолы жансыздап салданып қалғандай. Төңірегіне көз қыдыртқан еді. Бас-аяғы ат шаптырым шилеуітті сай ішіне бір табындай сиыр жатыр. Бұл маңда жалғыз бұл үй ғанәмес ауылдар барын, үріген иттің дауыстарынан аңғарған шөке неде болса осы ауылмен ілесуге бекіп үйге енгенде, дастарқан жайлып шай әзірленген екен.
ـــ Жә, бері дастарқанға кел бала, енді ешқайда барам деме, тағы кезбелерге қолды боласың, мына киімді ауыстырып киінде көшке ілес. ‹‹Көппен көрген ұлы той›› деген ақ көңіл семиә қожайыны көне тоз болса да бүтін-тақыр тон-шалбарды шөкеге берді, шөкеде тартынбады. Киімін ауыстырып шайға келіп отырды.
ـــ Атың кім болды?
ـــ Шөке
ـــ Ауылың шы?
ـــ Маралсуда.
ـــ Ит өлген жер ғой, әмбе жол қатерлы, төте жолды білер болсаң үш-төрт күнде жетерсің, ـــ деп кеңесе отырып, шайларын ішті де, ымырт үйіріле үйді жығып көшудің әбігерлігіне кірісті.
Шөке көші-қон жұмысына көмектескісі келіп еді, өз атын ерттегеннің өзінде екі қолы ауырсынып үй иесінің жардамымен әрең ерттеді. Сүйтседе иығымен тіреп болса да теңдердің бір жағын сүйеп, көш көліктерінің басын ұстап, түйелерді шөгерудей жұмыстарға жардамын тигізіп жүрді. Көш түн қараңғысында көшкендіктен шөкеге әуелде осы бір үйдің көші сияқтанған еді. Бір-біріне қосыла таңға жақын қараса қара жердің шаңын қопарған қалың көшті көрген шөке таң қала қарады.
Бірін-бірі қуып жатқан теңіз толқынындай бірінен соң бірі биіктеп, бірінен-бірі жарыса озып жатқан адырлы далада біріне-бірі қосылған көштің күн сайын топаны молығып жер қаптырып барады. Мұндайда кім қайда барады. Сен кімсің дейтін болмайды. ‹‹Кемедегінің жаны бір›› болып, жол азабы мен тағдырдың мазағына бірге төзуге бекіген пәнделер жүктері ауса бір-біріне жәрдемдесіп, бір нанды бөліп жеп, бір-біріне қамқор болып, алдыға тартып барады. Әр күні дұшпан көзінен тасаланып түн көшіп, күндіз далдалы жерге паналап бара жатқанына бүгін бесінші күн болды. Таң рауандап атты да, ел алдағы еңселі таудың қойнауына енуге асыға бөктерлей жөнелген еді. Кенет ойламаған жерден ‹‹аспандағы алланың жіберген жай оғындай күрс-күрс түскен жарылыстан елдің шырқы кетіп, үрейі ұшып торғай тозы шықты. Түскен жерін үй орнындай етіп ойып, қара топырақты бүркіп маңындағы адамды да, көлігінде көме салып тұрған сұмдық дүние елдің зәре-құтын қашырды. Шулап-шұрқырған мал, бақырып-шыңғырған қатын-бала, торғай тозы шыққан азаматтар бірді-біреу ұқпаған аласапыран тіршілік пайда болды да, тыныш дала бірдемде зар мен мұңға шомды.
Шөке мына апалаң-төпелеңде өзі ілесіп келе жатқан семиадан айрылып қалды, әйтеуір бір төп адамның ішінде тауды бетке алып шауып келеді. Тарс-тұрс қазандағы бидайша бытырлаған оқтар қайдан келіп жатқаны белгісіз, өздерінің маңайларынан ‹‹зуылдап›› өтіп, алды-арттарына ‹‹шоп-шоп›› етіп түсіп жатты. Қатарлас келе жатқан бірнеше адамның ат үстінде оққа ұшып ат тұяғының астында қалғанын шөке көзімен көрді. Әйтеу ес кетіп, жан шыққанда көзеулі таудың бөктеріне ілінгенде барып тыныштық пайда болғандай болды. Қойдан бөлініп қалған тобырдай, елден бөлініп шыққан өркердей бір топ салт аттылар естерін енді жинап, тізгіндерін тартысып, ойлығыса қалды. Топ ішінен алпамсадай денелі, бір көзі шапыраштау, бетін қою қара сақал басқан елтрі тымақты адам атының басын тартып кекіректете тұрып:
ـــ Тоқтаңдар, тоқтайық азаматтар! ـــ деп ел назарын өзіне аударып алды да, ـــ Енді қашқанды қояйық, мына жаудың беті жаман, ел артта қалды. Ондағы бала-шаға, ата-ана не болды, салт басымызды алып қашар болсақ барар жерімізге барып болар едік, мына тірлік, бұлыс сенделіс ‹‹қара қазан, сар бала›› деп жүрген жүріс ғой, кері қайтып елді білейік қалайық! ـــ деген еді. Топ ішінен тағы бір жалпақ сары, егделеу келген адам дауыстап:
ـــ Әуелі шолғыншы барып біліп келмей ме ـــ дегенше оның сөзін тағы бірі бөліп:
ـــ Осы біз неге қашамыз. Бізде тісті бақамыз ғой, неге соғыспаймыз! ـــ деді айқұлақтана.
ـــ Немізбен …соғысамыз, шиты мылтықпен пе, орыстың зеңбірегі бар тұрса…
ـــ Тартып аламыз, өзінің құралымен өзін атамыз, ـــ деді тағы да алдында сөйлеген азамат.
ـــ Жа, … әуелі елді тауып алайық, содан арғысын көрмейміз бе, ـــ деді әлгі шағыр адам. Осылайша топты азамат елге қайта қайтуға мәжбүр болды.
Тоз-тозы шығып, сай-сайда тарыдай шашылған елді азаматтар айғайшы бола жүріп қайта жиыстырды. Әке, баладан, әйел, жұбайдан айырылған ел мынау жапан даланы мұң-зарға толтырып, өлгенін жерлеп, тірлері бір-бірімен табысып шулап-шұрқырап жатты. Шөке өзі ілесіп келе жатқан семиәні байқастап еді таба алмады. Әйтеу елдің қамы деп бәйек болып жүрген азаматтармен бірге болып, солармен бірге тірлік көріп, түнде далаға түнеп шықты да, ертесі алға жылжыған көшпен бірге кете берді.
* * *
Ғасырет жамылып, қайғы бүркенген елдің тағы бір таңы атысымен төңірегінен атылған мылтық дауысынан тағы да дүрлігісіп кетті, үрке көшіп, табанда атқа мііп, қашуға әбден дағдыланған елдің алдынан айғайлаған екі адам байырқалатты.
ـــ Сабыр, елім сабыр, тоқтаңдар, тозбай тоқтаңдар! ـــ деп дауыстай келген екі адам көш алдындағы көш басшыларына тұмсық тірей тоқтады.
Екі адам тебінгілерін тепкілеп далақтап келе жатқанда-ақ азаматтар таяқ, қылыш, найзаларын әзірлей бастаған еді, көштің қарсы алдынан келіп тұра қалғандарын көріп таңырқаса қарасты.
ـــ Ау, қара ормандай қар жұртым, қаңғырмай, қапыда қалмай сөзге құлақ түріңдер! ـــ деп тоқтаған мұсқал денелі, қызыл сары азаматтың балдай тәтті тіліне көш адамдары қазықша қатып, сілтідей тына құлақ түре қалды. ـــ Қараңдар анау тауға, көз салыңдар мына маңға, бәрі жаныңды жалмаймын деп тұрған ақ патшаның әскерінің құралы түніп тұр, айтқанына көнбесең беюәз халық мерт болады, оданда сөзге келіңдер! ـــ дегенде тау-тасты қалқалап жол торыған бөрідей мылтықтарының аузын үңірейтіп, қара беріп жатқан әскерлерді байқаған көш басшылары мен ел азаматтары дағдырып қалды.
ـــ Өзің кімсің, жол тосып елге әукесі түсе қалған! ـــ деді алдыңғы рет шөкеге таныс шапыраш көз, қара сақалды адам алда тұрған екеуге ежірейе.
ـــ Біз де сендер сияқты азып-тозған жандармыз, қанымыз да қадамымызда бір қазақпыз, ең әуелі бізге сенбесеңдер орыстардың өздерімен тілдесіңдер, ـــ деген еді көш бастары мен азаматтар бір-біріне сұраулы қарап ойланып қалды. Ойланбасқа да амалы жоқ, мына анталаған жау аттап бастырмасы да рас.
ـــ Келсін ендеше, сөйлесейік! ـــ деді көш басшының бірі. Әлгі екі адамның бірі тымағын бұлғаған еді, белегірден төбе көрсетіп тұрған төрт-бес адам өздеріне қарай желе жетті. Бұлардың біреуі тілмаш, қалғаны орыс екен.
ـــ Мыналар үкімет адамдары, сіздерге айтары елді тоздырмай осы маңда қоныстаныңыздар, маңда қыстау да бар, тобыр болып қоныстанып қалсаңдарда болады, қашып қайда барасыңдар, енді алдыға жылжушы болсаңдар ажалдан басқа дәнеңе жоқ, ـــ деп әрі кесетіп әрі үрейлендіріп сөйледі. Мына келісімге көш бастары табанда келісе кетті.
ـــ Елге соқтықпай, еркіндігімізге тиспесе, мұнда қалғанды қойып туып-өскен мекен, күл төккен жұртымызға қайта барар едік, әуелі мұнда бірер ай ат көлікті тынықтырып, ел есін жисын, ـــ деді. Әлгі шапыраш көз қара сақал.
ـــ Ендеше ел қалаған маңынан қоныс алсын, ел ағалары болған адамдар бызбен ілесіңдер! Деді тағы тілмаш жігіт.
Бүтін сар дала да жыртылып айрылып келе жатқан көш, маңайына тарыша шашылып қалаған жерлерінен қоныс алып, қара қос, ит арқа, орама қалқа тігіп, орныға бастады.
Ел орнығып қара қостарын қалтқы етіп, қара қазандарына қара су қайнатсада күйіс қайтарған хаюандай тыныштала қалғанымен, тағы да барар жер, паналар үйі жоқ шөке далада қалды. Оның бар үміті сол өзін құтқарған қияқ мұртты азаматтың отауы еді. Бірақ мына жапан далаға жайылып кеткен елдің ішінен кезіктіре алмады. Әйтеуір андайтында қара қостарын қалқитуға дәрмендері жетпей арсы-күрсі болып жатқан кемпір мен шалды көріп оларға қолғабыс етіп жібермекке атынан түсіп көш көліктерін орналастырып үй мүліктерінде кіргізіп жіберген еді, көзі іріңдеген кемпір шөкенің жайын сұрап қадала қалды. Шөке ақ көңіл кемпір-шалға шынын айтты.
ـــ Үйім де, күйім де, әкем де, шешем де жоқ, ілесіп келе жатқан үйімнен айрылып қалдым, ـــ деген шөкенің дауысы да дірілдеп кетті.
ـــ Ой, қарғам-ай, біз де өзің сияқты жаны жара, көңілі қара жандармыз, екі бірдей баламыз зеңбіректің оғынан жазым болып, құдай қу басымызды қаңғыртып кетті, ـــ деді кемпір кемсеңдеп.
ـــ Қайда барасың, бол осында балам, ـــ деді шал да шөкеге әукесі түсіп, шөкенің басқа барар жері де жоқ еді. Амалсыз кемпір-шалдың қосын пана тұтып, отын-суына көмектесіп қала берді.
* * *
‹‹Ойбай орыстар осы елден алпыс адамды әскерлікке алатын болыпты›› деген хабар енді орныға бастаған мына елдің ішіне сумаңдап тарап елге және үрей әкелген еді. Міне бұл енді қаусет емес, шындық болып шықты да, сол бір елдің көш басшыларының бірі болып жүрген шапыраш көз қара бастаған бір топ адам ел аралап ‹‹қолыңнан бермесең, жолыңнан алады, алды-артымызды қоралап алған үкімет әскері айтқанына көнбесек жайпап салады. Еркек тоқты құрбандық. Екі ұлы бардың біреуін шығарсын, ептеп алпыс азамат шығарып берейік, су ішерлері болса аман-есен оралар›› деген нәсихәт жүргізіп шықты. Мұндай бұйрыққа қара халықтың иланбасына не амал, бірер баласын бермесе түтінін өшіруге әзірленіп отырғанын естігенде отының басын тарпып, қарғанып-сіленіп амалсыз қолынан жетектеп құрбандыққа шалуға мәжбүр болып жатты.
Шөке кемпір мен шалдың қосында осы әңгімені қозғаған еді. Кемпірдің ескі жарасы қозып сол екі ұлын есіне алып:
ـــ Сол әскерге бәләберуден қашамыз деп, ата жұрт қара қоныстан да, екі құлынымнан да айырылмадық па, құдайдың құтылытпасын білген болсам, сол әскерінен қоя беріп, құдайдың басқа салғанын көреді екенімін, амал не, ـــ деп кемсеңдеп, күңіреніп кетті. ‹‹аңның қасуына, масаның басуы›› дегендей, сырттан айқайлаған адам дауысына елеңдеген шал қосынан асығыс шыққан еді, аман сәлемдескен азаматтың бірі әскерге адам жинап жүргенін ұғындырғанын кемпір естіген жерден жыны қозып шыға келді де қосынан шыға:
ـــ Қайдағы бала? Екі бірдей ұлды құдай өзі алды. Енді мына шалды әкетсін! ـــ деген еді. Екі адамның бірі:.
ـــ Апа, үйдеріңіздегі баланы атаман алып келуді бұйырды ـــ деген еді. Шөкенің денесі бір ысып, бір суи бастады. Бұлардың басқаны емес арнайы өзіне келгенін естіп, төнген пәленің алмай кетпесін ойлап еріксіз қостан шықты.
ـــ Әй, атаманыңа айт, жалғыз баланы әскерге жібергенде өлмелі кемпір-шал қайтып тірлік етеміз ـــ деп шөкеге кемпір ара түсті.
ـــ Оны біз білмейміз апа, әкел деген соң келдік, оны балаңыз атаманға өзі барып ұғындырсын, ـــ деген азамат, шөкеге ‹‹Кел›› дегендей қырындап келіп, ат сауырын әзірлеп, үзеңгісінен аяғын шығара берді. Шөке мына ақ еділ кемпір-шалға разы болды. Олардың бұдан ары ара түсе алмасын сезіп, нар тәуекелге келді.
ـــ Мен барайын, бара көрейін, ـــ деді өз атын ерттеп екі азаматпен ілесіп кете берді.
Атаманның ауылында аз болса он неше үй тігіліпті де, адам шоғыры тым мол екен. Екі азаматпен ілесе келіп май ағашқа атын байлаған еді. Әлгі екеуі шөкеге қырық шоқпыт, туырдығын ыс басқан киіз үйді нұсқап солай енуін бұйырды. Ауылдағы адамдар бейне илеуде әбігерде жүрген құмырысқадай қарбалас екен. Екі азамат нұсқаған үйге шөке енген еді, бірнеше азаматтар отыр екен. Біріның көз алды домбығып жылағаны білінсе, бірнешеуі томсырайған қалпы келген-кеткенге сәлемі де жоқ, өз демдеріне өздері тұншығып отыр екен. Шөкеде үнсіз барып бір бұрыштан отыра кетті, міне осы томсырайту таңды да атырды.
Тәңертең ертемен тұрғызған азаматтарды су-суанын ішгізген соң атаман ауылынан әзірленген ат-көліктерін мініп аттанудың әбігерлігіне түсті. Шөке тағы да өзінің қара кер атын тауып мінді. Балаларынан тірідей айрылған ата-аналардың зарлана жылап қоштасқан ғасыретты үні мынау атаман ауылын мұңға батырды. Шөке өздерін бастайтын бірнеше орыс әскер, бір тілмашының атаманға қоштасып жатқанын да байқады. Атаман деп жүргені сол шапыраш көз қара сақал екен. Алғаш салт азаматтар тауға беттегенде азаматтарды елге қайтуға нәсихәттәған кезінде, ел деп еміренген азаматтың асқақ руч, айбынды жігеріне разы болған шөке енді бүгін мына елді орысқа қаратып ізінше кедей-кепшіктің ұлдары мен өзі сияқты жетімдерді құрбандыққа арнап әскерге ұстап бергенін көргенде оның іші толған арамза, сұмпайлық екенін сезіп жиіркене қарап, жолына түсті.
Зар жылап, балаларынан тірідей айрылған ата-ана қан жұтып екі бүктеліп қасыреттен басын көтере алмай еңіреп қала берді. Шөкенің іш өзегін құрғақ өксік сорғылап көз алды жасқа толып мына қан жұтқан қайғылы елдің қалыне іші удай ашып артына қарай-қарай кете берді.
Екі күн бойы жол жүрген шөке әбден болдырды. Бетіндегі, өн бойындағы жарақаттар қара қотырланып әлі сақаймаған, шөке ғана емес, мынау ата-анасынан, ел жұртынан айрылған алпыстай азаматтардың барлығы салындысы суға кетіп, сүлдерсіз мүлгумен келеді. Еркінен айрылып, езгіге бара жатқаны ғана емес, ертең ақ боранның өтіне, оқтың бетіне ұсталатын қалқан болып бара жатқандары бәрінің де есін алып ебін қашырып келе жатқандай. Өздерін бастап келе жатқан он неше орыс әскер, бір тілмаш ‹‹ер азығы жолда›› дегендей әр уаққы тамағын кезіккен ауылдың байларынан айрып, болмағанда иен тұрған жылқы, сиырларды қуа кетіп жәркемдеп алып азық етеді де, жылжып келеді. Мына он неше орыс алпыс азаматқа сенбегендей құралдарын қоқаңдатып, өздерін айлана қоршап айқұлақтанып, айбар шеге жүрсе, орыстардың орынсыз айғай, құр қоқанлоқысын көрген азаматтар да оларға өшіге тыржыңдап ит көрген мысықша ырылдасып келеді.
‹‹Күнде ойын, күнде той қайда›› дегендей жетпіс адамның тоя тамақтануы күн сайын қиындай түсті; тіпті кешеден бері бірер малды аужал еткен болмаса азаматтар ашыға бастаған соң, алпыс азаматтың ішінде пысық, сенімді деген төрт азаматты жақындағы ауылдан мал қуып әкелуге бір орыс әскері бастап кетті де басқалар оралғанша мынау қызғалдағы құлпырып, даласы түрленіп жатқан тау жынысындағы бастау басында аттарын жайылта аялдап қалды.
Шығыстан көтерілген қою қара бұлттар әукекесін жондарға артып, сыздау қабақтап тымырсыған ауаның соңы себезгілеген сірке жауынға айналды. Азаматтар түнере тұрған аспанға қарап тықырши бастаған еді. Бесін үйіріле мал қууға кеткен азаматтар екі тайыншасымен бес сиыр қуып келді. Азаматтар дағдылы әдетімен қасқырша талап, құртқа үймелеген құмырысқадай бірдемде бөліп-бөліп әкетті де лапылдата жаққан оттың жалынына қақтап жалмап салды. Құбылмалы тау ауасы да бұлтынан айығып тау ішін қараңғылық жапты. Жүргіншілер бүгін осында жатып қалды. Түнгі ұлы ұйқыда жатқан азаматтарды ‹‹тарс, тарс›› атылған оқ дауысы шошыта оятты. Орындарынан дүрліге тұрғанша:
ـــ Жатыңдар, қозғалмаңдар, жатыңдар! ـــ деген тілмаш пен орыстардың ұғымсыз дауысы шығып, дала тыныштала қалды. ‹‹екі азамат қашпақ болып білініп қалып орыстар атып тастапты›› деген хабар бірден бірге жетіп шөкеніңде зәресін алды. Шөкенің орай болса қашып құтылу өз ойында да жоқ емес еді, ‹‹неткен жауыздық еді›› деді өзіне-өзі күбірлеп.
Тәңертеңгі салқын тартқан тау ауасында орыстардың айқұлақтануымен азаматтар қайта атына қонып алға жылжыды. Шөкенің көзі жұртта беті жасырусыз сұлап жатқан екі азаматтың мүрдесіне түсті. Шүке ғана емес, бұны көргендердің бәрі орыстардың тағылығына кектенгендей.
ـــ Мына немелер бізді иесі жоқ жетім тоқты көріп қолы біліп жүргенін көрмедіңдер ме, бәріміздің де көрер күніміз ана екі өліктің кебіні, ـــ деді. Балуан денелі, қызыл шырайлы мұртты азамат сыбырға жақын дауыспен төңірегіндегілерге:
ـــ Аға, деді ұшқыр аттай делбелектеген аласа қара жігіт атын тебіне әлгі мұртты азаматқа қатарласа ـــ Аға, осы ғұрша азамат жүріп, неге бүкежектеп бұлардың алдында бөкенше желеміз, мойындарын шылша бұрап, жұлып алуға болады ғой, ـــ деп қалғанымен маңындағылар айтып қояма дегендей қуыстана жапақтап қойды.
ـــ Күбір-сыбыр сөзді қойыңдар, әңгімелеспеңдер! ـــ деді тілмаш орыстың сөзін дауыстап жеткізді, ـــ Бәрің көрдіңдер, қашамын деген адамның қылығын, кімде-кім қашса көрері сол. Сендер неге қашасыңдар, қарындарың тоқ, қолдарыңда құрал бар, жауынгер болу даңқ ғой, міне бізді көріңдер, ـــ деген тілмаштың жіңішке шіңкілдек дауысын әлгі мұртты азамат жақамай:
ـــ Әкеңнің ‹‹қарны тоқ›› деуін. Өлімге, оқтың өтіне апара жатырмыз дегенге тілі бармай тұр ғой, ـــдеді маңындағыларға естірте.
Осылайша бірде түнеріңкі, бірде қыршаңқылана келе жатқан мұртты азамат төңірегіндегі бірнеше азаматқа ‹‹Оратын тауып қашып құтылуды›› айтқанын шөкеде естіп қалып, олардың қатарында болып, тобынан айырылып қалмай келе жатты.
Бұл күні топты азамат сиыр жон қара адырғақтың қойнауындағы көне қыстауға барып түнеді. Екі азамат қашқан күннен бастап қоналқы жерге бірер сағат бұрын түсіп, әркім аттарын шылбырынан ұстап жүріп жайып, түнде аттарды он-өнбестен топтап ат күзетшісінің қолына тапсырып беріп барып ұйықтауды түзімдестірген. Онымен қоймай орыстар екіден-екіден күзетке тұратын болған.
Бүгін мұртты қара азамат буырқанып алыпты. Екі көзі оттанып, мелжемді денесін тым шапшаң қимылдатып, жатар алдында төңірегіндегілерге:
ـــ Бүгін әрекеттенейік! ـــ деді.
ـــ Күзетшіні қайтемыз?
ـــ Тәуекел дейік, менің жаныма екі азамат ілесіп күзетшіні жайратқан соң мылтық атамыз, сендер басқа орысқа тап берсеңдер болды!
ـــ Ойбай, мына жауыздар…
ـــ Орыстар ұйықтасын, тәуекел дейік.
Ымырт үйіріліп, екі орыс суырдың айғырындай қыстаудың бас жағындағы дөңге күзетке тұрды. Қырдың жібек самалы төңіректегі қараған, бұталарға үн қосып қоңыр күй сазын шертіп, куілдеп, уілдеген әуен шығарады. Әбден тәуекелге келген әлгі мұртты, балуан денелі азамат әбден сол ұрып нар тәуекелге келіп алыпты:
ـــ Шіркін қыстаудың тамын ептеп бір айланып кетсек ана екеуін оңай жайратар едің ـــ деді ашулана.
Шөкенің ұйқысы шайдай ашылды. Бейғам азаматтар қорылдап, бырылдап ұйқыға кетті. Шөке күтіп тұрған өмір мен өлім арпалысын ойлаған сайын өз жүрегінің дұрсылы өз құлағына шапқан ат дүбіріндей естіліп, тынысын тарта жатты. Әлден уақытта әлгі мұртты азаматқа ілескен төрт азамат бірден қыстаудың кейніне қарай ұмтылды. Әйтеу бәрі де армандаған қыстаудың кейініне аман-сау жетті. Енді не болады, мылтық өні шыға ма? Деген хабарды күткен шөке бастаған топты азаматтың тақаты әбден таусылды. Қанша уақыт өткені белгісіз, ‹‹тарс-тұрс›› мылтық атылып, ‹‹ұмтылыңдар, азаматтар, ұмтылыңдар›› деген айғаймен ұйқыда жатқан азаматтың мына әрекетті білгені бар, білмегені бар, көже қойырытпақтап араласты да кетті. Оқта атылып топты адам қараңғы түн астында ұларша шулады. Әйтеу орыстардың бәрін майданда өлтіріп тыныш тапты. Азаматтардың да он нешеуі шаﮬит болған екен. Бір мезет аласапыранға түскен азаматтар да бұл істен хабардар болып, ерленіп алыпты. Бірақ бірнеше азамат аттары қолдарына тие бет-бетіне бытырап жан сауғалап кете берді. Әлгі мұртты азамат бастаған бірнешеу қараңығда дауыстап айғай салды.
ـــ Бытырамаңдар, кетпеңдер, топтасып елге қайтамыз! ـــ Бұны басқалар естіді ме, естімеді ме, тобыр азаматтан айғырдың тезегіндей тоғыздай азамат қалғанын көрген мұртты азамат орыстардың атын жетектеріне алып, мылтықтарына ие болып, шаﮬит болған азаматтардың бетін түн. Күпілерімен қалқалап жауып, таңның атысымен өздері ауылды бетке алып кері қайтты.
Түркпенің түбінен, арыстанның аузынан сәті болып аман құтылған тоғыз азамат ет пысырым уақыт бір-біріне тыл қатпай сыдыра тартып келе жатты. Өздерінің ендігі ақылшылары да, ата қаздай жол бастаушы да сол мұртты азаматқа қарап ‹‹енді недер екен›› дегендей жапақтап келеді. Мұртты азамат өзінің бұл реткі жеңісіне шаттанғандай ерленіп, кеудесін асқақ ұстап үнсіздікті бала құстай саңқылдаған дауысы бөлді:
ـــ Құдайдан-құдай болып жендеттердің аузынан аман құтылдық. Енді ‹‹сен кім едің›› деп, бір-біріңе шүйірілмей, ‹‹тірі болсақ бір төбеде, өлі болсақ бір шұңқырда›› болып жарты нанды бөліп жеп, не болса да қытайды бетке алайық! ـــ деген еді. Қатарласа келе жатқан, ала көз, дүрдік ерін жігіт ‹‹қытай›› деп саңқ ете, мұртты азаматқа таңырқай қарап.
ـــ Сол босқан ордалы елдіңде бетәлсі қытай болатын. Аталарымыздың ‹‹Орыстікі темір ноқта, қытайдікі қайсы ноқта›› деуі де бекер болмас, әйтеу. Ол жаққа тыныштық дейді ـــ деген мұрты жігіттің сөзін бөлген және бір азамат:
ـــ Тура, солай кеткеніміз жөн, шынын айтсам әке-шешем өзім ішінде он неше баланы салттай қытайға өтуімізді орналастырып отырғанда осы күйге тап болмадық па, ـــ деген еді тағы бірі.
ـــ‹‹Орысқа ерсең ـــ Оқ, қазаққа ерсең ـــ Қан, қытайға ерсең ـــ Нан›› ـــ деуі де бекер емес, неде болса тәуекел дейі, ـــ деп қостады.
ـــ Ендеше, осы бара жатқан бетәлісіміз дұрыс па?
ـــ Алдағы бұлдырап жатқан бұлдыр тауды бетке алсақ болды.
Осылайша тоғыз азамат желдей есіп бұлдыр тауды бетке алды. Неше күндей жол жүрген аттар шиырығып әлғандігі ме, бауырлары тершіген сайын үдіре тартты. Жол-жөнекей жетектегі аттың бірін алып ұрып азық етті, алы де қуғыншы болар деген хауыппен сай-сала, аңғарлы өңірлерге бой таласай жүріп, бірнеше күн жүріп көзеулі көк өрім орманы тұтасқан тау ішіне ілінген азаматтар, таудың тас бұлағын көрген жерден көл көрген үйректей аттарынан құлай түсіп және бір атты жәркемдеп, от жағып еттерді істіктеп қақтап жеуге кірісті. Еріндері кеберсіп, жүдеу тартқан шөке, қолындағы бұтаққа ілген еттің қоңырсып қақталған иісі мұрнына барған сайын жұтына отырып ‹‹пыстау›› деп ауызына апара бергенде, ‹‹тарс›› еткен оқ дауысымен қарсы алдында отырған мұрты азаматтың қақ маңдайына келіп оқ тигенде шалқасынан түсірді. Азаматтар жамба-жан орынарынан тұра аттарына жеткенше және екі азамат оққа ұшты, аттарына ілінгендері сайды өрлей бітік орманды аралап қайқайысқа қарыса қашты. Оқ әлі атылып жатыр, аттар қарсыға қайқая қарысқанымен бірдемде ырсылдап жүре алмағандықтан азаматтар аттарынан түсе қорымдарды құлата еңбектей өрмелеп бара жатқан еді. Қатардағы жолдастар оққа ұшып қорыммен бірге етекке домалап кетті. Өлдім-талдым дегенде тау төбесіне шыға бір-бірін көздерімен толықтады. Төңірек ың-дыңсыз тыныштала қалғандай болды. Қатардағы төрт достарынан айрылған бес азамат алты айрығынан кектен терлерін сүрте еш бұйрықсыз алдағы екінші қарсыға қайта ұмтылды. Олар алдағы кезеңге көтеріле бере ары қарай жүруге алдары құзар шың болып қамалап қалды. Артына шегінуге жолдарын орыстар тосып, алдына жүрейін десе арғы жағы тік жалама, астында ақ бурыл өзен арқырап жатса, екі бүйірі алаңқыланып жадағайланып кететіндіктен қуғынға бойын тез алдырып алудан хауыптенып абдыраған азаматтар жыртқыштың қамауында қалған хаюандай ұшпа шыңның төбесінде дағдарып тұрып барып, дүрдік ерін, бадырақ көз азамат жөпелдемеде тапқан ақылымен естерін зорға жиғандай болды, дүрік ерін азамат қолындағы орыстан түскен мылтықты шөкеге ұстатып, масасына сұқ қолын іліп дұмын иығына тіреп, келген жағына қаратып жатқызды да:
ـــ Қылпын көрсең қолыңды басып қал ـــ деп ұғындырып, басқалардың іш киім, жейделерін шешкізіп арқан етіп есіп, бір-біріне жалғап мына шыңыраудан салақтап түсіп құтылуын, сақтық ретінде ағаш бұры, қарағай бұтағынан сал жасап ала түсуін бұйырды. Басқалар оның сөзін екі етпеді.
Көшпенді тірлікте өскен азаматтар жейде, дамбал, сияқты шүперек киімдерінен ілезімде арқан есті де бір-біріне жалғап жіптің бір ұшын қарағайға мықтап байлады да, жасаған салдарын көтере торына жабысқан өрмекшідей біріның артынан бірі ақ бурыл өзенге құдия салақтады.
ـــ Міне сенің салың, тездет! ـــ деді әлгі дүрдік ерін азамат шөкеге. Дәл осы кезде оқ атқан қуғыншыларда келіп үлгірді. Шөке де сұқ қолы басып тұрған масаны басып қалды. ‹‹тарс›› еткенде мылтық дұмы иығынан солқ еткізіп итергенде өзін кейін лақтырып жібергендей болды. Және масаны басқанымен мылтық атылмады. Құралды тастай салып жолдастары беттеген шыңырауға қарай ұмтылған еді. Аяғы шым ете қалды да, өзі екпетінен түсті. Қайтып тұрайын дегенше аяғының басы жылып сала берді. Балағынан қызыл қан сорғалап тұрғанын көріп зәресі қалмады. Сөйтседе еңбектей алдыға жылжып бара жатқан еді. Түлкіге түскен қыранның тегеурініндей бір қол өзінің желкесінен сүйрей жөнелген еді, өзінің қол-аяғы жерге тимей әлгі күшті қолдың көтеруі мен әлгінде жолдастары құдиған шыңның басына бірақ келді. Шөкеде енді көрді, арқыраған ақ жал толқын дол ұрып, сол толқынның жалымен жармасқан, ноғаттай болған екі бала кетіп барады, дұрдың ерін арқаның ортасында жан дармен томен құдиып кетіп барады, бір орыс келген күйі арқанды қылышымен шауып қалған еді, байқұстың шыңғыра төменге құдиып бара жатқанын көрді. Орыстар төменге неше рет тарсылдатып оқ атты да, ендігі кезек шөкеге келгендей, желкесінен күшікше көтеріп тұрған орыс тұздай көзін өзіне қадап бір нәрселерін айта, тепкілеп, жұлқылап етекке ала жөнелді. Соры қалың шөке және жауының қолына түсіп, мұртты жігіттің оққа ұшқан жеріне алып түсті. Орыстарда өздерінің аттарында сонда қалдырған екен. Мына қуғыншы бес адамның екеуі қазақ екенін шөке өзіне сөйлегенде білді.
ـــ Иттің күшіктері орманға өрт қойған қылмыстарың жетпегендей шекара бұздыңдар, енді сотқа түссеңдер мәңгі қараңғы түрмеде шірисің ـــ деп қасына келген аласа бойлы, тортбақ азамат жанынан пышағын алып шықты да шөкенің шалбарының балағынан өрлете тіліп жіберіп оқтың шөкенің балтырының қалың етті осып кеткенін көріп, темір торсықтағы суын шайқап-шайқап шөкенің балтырына құйып жіберген еді. Шөкеге оқ тигеннен мынау миқынатты болды. Ашығанда көзіне жасы да шығып, дәреті де кетіп шыңғырып жіберді. Шөкенің жылан құртша ирелеңдей қалғанын көрген орыстар мен қазақтарда мәз болып қарқылдап күліп алды да шөкені бір атқа мінгізді де әлгіндегі өлтірген адамдардың сүйегіне қарамастан олардың аттарды жинап жетектерін алып кете берді.
Орыстар шөкеге түсініксіз созбен сөйлеп келеді. Қазақтарда соларға қосылып күлісіп қояды. Түс ауа үлкен бір тұмсықшаны айлана бірнеше дөңбек үйге жетті. Алдынан далақтаған қасқырға ұқсайтын екі ит еркелей шығып шөкеге жыртық көздерімен қарап қояды. Онда да бірнеше орыс әскерлер бар екен, олармен шұрқырасып кетті. Әлгі қазақ әскердің бірі шөкені аттан түсірместен ары қарай ертіп алып, көз көрім жерде тұрған ескілеу дөңбек үйге қарай тартты. Бұның қазақ үй екенін есік алдындағы құрт жайған өресі, қора-қопшақтарынан таныған шөке іштей қуанып қалды. Қора жағынан бір ақсақал адам шыққан еді, өзін әкелген қазақ ақсақалға сәлем берген соң:
ـــ Мынандан айрылып қалмаңыз, аяғы жарақат емдеп қойыңыз! ـــ деп шөкенің тізгінін карияға ұстатты да өзі кейін кете берді.
Шөкенің атының тізгінінен ұстап қалған карияның өңі сүсті екен. Шүңірек көзіның үстіне міне тұрған ұзын қасы көзін толық көрсетер емес. Қоңқиған қошқар тұмсығының астында тәртіпке түсіре қойған шиыратпа мұрты пысықтығын аңғартып тұр, шөкені аттан түсіріп жатып:
ـــ Не қылған баласың? ـــ деген еді шөке үндемеді. Тек жерге түсе бір аяғынан ауырсынып қиыраң ете түскен еді. Шал оған оқыс қарап:.
ـــ Не, аяғыңа не болды? ـــ деген еді, шөке жыламысрап:
ـــ Оқ тиді, ـــ деді.
ـــ Оқ, оқ дейді, ـــ деген шалдың дауысы қаттырақ шығып кетті. Шөке мен шалдың даңғырына үй адамдарды да шықты. Отыздар шамасындағы тәпелтең қара жігіт карияның ұлы екен. Кария оған:
ـــ Балам, мына бала жарақаттанып қалған екен, үйге енгізіңдер! ـــ деп бұйырды. Осы күннен бастап шөке осы семиада қарны тоқ болып, қайырымды шалдың емдеуінде он неше күнде тәуірленіп кетті. Шал бұл өңірдің жайын, өзінің аң аулап, бүркіт салып, мына әскерлердің малын бағатын тірлігінен тартып, әскерлердің шекара қорғау әскерлері екенін түсіндіріп үлгірді.
Шөкенің қалын күнде ұғысып тұрған әскерлер шөке тәуірлене оны тәңертең өздерімен бірге орманға әкетіп қарағай кестіріп, кеште шалдың үйіне әкеп тастайтын болды. Шөкенің ендігі тірлігі таңнан тұрып ағаш кесіп, кескен қарағайларын сай тағанына түсіріп, жинаудай әбігермен болды. Бір жақсысы қарны тоқ, тірлігіне төніп тұрған хауып жоғына мәз болып әр түнін өткізіп жатты.
Карияның үйінен ылғида мұрынды жаратын ашты малманың иісі аңқып тұратын. Әсіресе малмадағы терілердің иі сіңіп бабына келгендегі қолқаны қабатын күлімсі иісіне кемпірі екеуі көбінде келісе алмай қақтығысып қалатыны да болатын.
Тістері арбиған талқы темірге иісі қанып бабына келген терілерді өткізген соң, енді қайыс тілуге отырады да, шәлекең қутыңдап жүздері жайнап сала беретін-ды. ـــ Кел шөке ұста, мынаның бір басын жарықтық қандай жұмсаған, ـــ деп өз ісіне өзі рақаттана отырып сар мойнақ пышақты алып шығып өлшеп қойғандай таспаларды тіле бастайды да жалпақтау тілінген бөлімін түйінге әзірлеп бөлек қояды да, жіңішке тілінгенін өрмеге әзірлейді.
Шалдың көмекші болып жүрген шөке де өрмеге қызыға үйренді. Ең алғаш ішіне қорғасын жүгірткен дойыл қамшы өрген шөкенің қамшысын көрген шал мәз болды. Қамшыны балаларына да, қазақ әскерлерге көрсетіп, ‹‹зерек, жұлымыр бала екен, үйреткенімді қағып әкетті›› деп алқап әлек болды. Ақ көңіл шалдың өз бойындағы енді бір қасиеты насыбайшы еді, тең-тең етіп әкеліп қойған қызылшадан насыбай ұйқалап шақшасын екі күнде бір толтырып отырған кария маңын шырт-шырт түкіріп сарқайрақтап тастайтын. Онысымен қоймай өзінің өрме өнерін мақтағандай шөкеге насыбайында мақтап, ‹‹бұл да қасиеты тіске құрт, мұрынға жел түсірмейді. Әсіресе жаныңда насыбай жүрсе далада жатып қалғанда маңыңа құрт-құмырысқа, бақа-шаян жоламайды›› деп мадағын жеткізде жүріп, насыбай атуға зауқы соқпаған шөкеге қасына бұлға орап бір уыс насбай салып жүруге дағдыландырып, ‹‹құрт-құмырысқадан аман жүресің›› деп нәсихәттәп көндірсе, дәл әзір қолында бүркіті болмаса да ежелде баптаған бүркіттерін мақтай отырып, құдай бұйырса жаз шыға басқы шатаңдағы өзім көріп жүрген бүркіттің балапанын алып баулыған соң қызығын сонда көресіңдер›› деп мәз болатын еді.
* * *
Таудың қары қанша қалың дегенмен көктемнің шүлен шуағынан тез кетті. Тұтиқыл жылынған күн көзінен, сай-сала неше күн ағыл-тегіл лайсаң өзен болып тынды. Көктемнің жауқазындар құлпырып жер көгере бастады. Орман іші қош иісті ауасын мүңгітіп жан-жануар, аң-құсқа жан бітірп, думанға бөленді. Шөке орыстардың айдауына тұсып ағаш кесетін жұмысын қайта бастады.
Бүгін шал дастарқан басында жайдары отыр, ол құлағын қайшылаған жүйрік аттай төңірегіне қылымңдай көз салады. Ең әуелі шөкеге көне тоз етігін көрсетіп ертеңінен бастап киіп алуды бұйырды. Кемпіріне тақыр шалбар әзірлетіп қойған екен. Оны да шөкеге беріп жатып:
ـــ Киіп көрші шөке, дәлме екен? ـــ деп кигізген еді, шалбар дәл бөлғанімен, шалбардың ұзын қайыс бауына таңырқаған шөкеге:
ـــ Еш ұзындық етпейді, қыста қаптал шапанды ышқырлап аласың емес пе. Беліңнен бір орай сал, ـــ деп оны қалай буынатынын көрсетіп те берді.
Шөке, бүгін аяғы да, ауы да жаңаланып қуанып қалды. Шай үстінде отырған шал ағынан ақтарыла отырып:
ـــ Ертең бір сәтті іске аттанғалы отырмыз, қыстай айтып жүрген әлгі бүркіттің балапанын аламыз, қыран бүркіт арада бір жыл жұмыртқаламай ұясын бос тастап, биыл жұмыртқалаған. Әйтседе жұмыртқасын жай басты. Әсылы наурыз айларында балапаны қара қанаттанып қоюға тиісті еді. Міне көкектің аяғы болды, балапандары енді қара қанаттанғанын ұйадан шығарған боқтығынан байқадым. Алла бұйырса тәңертең шығамыз, мына әскерлерде барып көмектесетін болды, шөке мына қызқтан қалып қалмай сен де бар! ـــ деп тоқтады.
Шөке осы күні түннің бір уағына дейін ұйықтай алмай жатып зорға көз ілді. Ол бүркіт балапанын ұясынан алғанды бұрын көрмеген, міне талайдан еститін қызықты хикаяны тәңертең өзі көзімен көрмекші.
Таң да атты. Бір атқа арқан кереге, азық-түлік артқан шал төрт әскермен шөкені ертіп шатаңға бет алды.
Тау жолы, қия беткейлі, жыныс орман, қорым тастардан зорға жүрген адамдар түс кезінде көзеулі жерге зорға жетті. Бүркіт ұясының астынан емес, үстінен барды. Секі тастың астында күркіреген тау суының астаң-кестең ағынының дауысы естіледі. Аспанда өзіне төнген хауыпты сезгендей бүркіт зеңгір аспанда шаңқылдап айланып жүр. Бүркіт ұя салған шыңның төбесіне ұйлыға тұрған адамдар шалдың амырымен балапанды қалай алулдың әзірлігіне кірісті.
ـــ дәл осы тңс. Дәл осы жер ـــ деді шал аяғымен шыңның бас жағын теуіп тұрып.
Бүркіт балапанын алуға әкелінген кереге дөңгеленіп, шелек форымда болды да астын қайыс арқанмен аяқ тұратындай етіп торлап шандып, бірнеше арқанмен салақтатын бауын мықтап орнатып болған соң барып, басын көтерген шал жанындағы жолдастарына бірден көз жүгіртіп келіп шөкеге қарады. Шөкенің жүрегі зу ете түсті. Шәлекеңнің өзіне ауыз салғалы тұрғанын сезе қойды. Кешеден бергі си, қолпаштаудың сырын шөке енді білді. Әуелі сұмпайы шал өзін ұяға түсіретінін мына ілесе келгендерменде айтып қойған ұқсайды. Бәрі өзіне жамырай сұраулы қарайды.
ـــ Балам, осы кереге мына алпамсадай немелерді көтере алмайды. Өзің жеп жеңілсің ғой, сенен басқа лайық адам жоқ. Керегеге түсесің, біз арқанды саумалап түсіреміз, ұяға жеткен соң арқанды сілкіп хабар берде, балапанды тоныңа бөлеп алып, қайта арқанды сілкіп белгі берсең болды, тартып алып шығамыз, ـــ деген шал майда тілін безеп зыр-зыр етті. Шөкенің ‹‹түспеймін›› деп айтуға амалы да жоқ, зорлап болса да түсіреді. Сондықтан, неде болса ерікті түскісі келді. Бірақ, оның өңі қудай болып қорқып тұрғанын байқаған шал, шөкені керегеге түсіріп, жанындағы пышағын және тасқа соғылудан қорғанатын таяқты ұстатып жатып:
ـــ Алаңдама, қорықпа, қазір ғана тартып шығамыз! ـــ деді.
Шөке керекеге түскен еді, басқалар керегені томен сырғытты. Шөке бағанадан төменге қарамаған еді, енді көрді, етекте иреңдеген өзен қорым қойтастарды аралай ақбурыл толқын атып ағып жатыр, бүтін аңғар ну орманмен көмкеріліпті. Сазырайған көк бет шың демін ішіне тарта өзін обып жіберердей мелшиеді. Торынан салақтаған өрмекшідей қабырғаға соғыла салақтаған кереге құдия жөнелді. Тірлігі жалғыз арқанға байланып бара жатқан шөкенің зересі қалмады. Маңдайынан тер сорғалап есі кетіп, ебі қашты. Өмірде орыстардың айдауына түсіп, бас бостандықтан айрылып жүргенде осы шалдай қамқор адам тапқанына мәз болып жүрген шөке бүгін сол мейірімді деген адамның өзін ажалға айдап салғанын ойлағанда өз әкесі мен шешесін есіне алып көзіне жас іркілді. Аспанда балапанына төнген хауыпке жаны шыдамаған бүркіт шырқырап айланып ұшып жүр. Не бір қоңыр аң, көкжал жыртқышпен шайқасатын қайран құдыретты тұз қыраны мынау сұмпайы адамзаттың керегемен түсіп келе жатқанына амалы қалмағандай шыр-шыр етеді.
Кереге томен жылыстап бүркіт ұясынада жақындады. Қара қанаттанған бүркіт балапаны да мына бөгде қылыққа ашуланып аузын арандай ашып шаңқ-шаңқ етеді. Әйтеу қос орнындай алаңқыға салынған бүркіт ұясын көрген шөке бұрынғыдай емес кеңіп қалды. Сұмпайы шалдың армандаған балапанын апарып берсем, ‹‹Мәз болатын шығар›› деп те ойлаған еді, кенет кереге бүркіт ұясына жақындай бере томен түспей тоқтап қалды. Шөке әлі де арқанды қоя беруін жетпегендігін білдіргісі келіп таяқпен арқанды ұрғанымен тырсылдаған арқан мыз бақпай тұрып алғанын көргенде сасқалақтаған шөке айқайлады. Арқанды сілкіді, бірақ жоғарыдан еш хабар болмаған соң, арқанның жақпар тасқа қыстырылып жүрмей қалғанында білген шөке өз өмірінің осы жартас бетінде аяқтарын ойлағанда көзінен жас моншақтап тәңір мен ата-анасының аруағына жалбарынудан басқа малы қалмады. Бірдемде тау ішін қараңғылық басты. Түнгі тау ауасының шытқыл желі шөкені тітіркендіріп жіберді. Күн бойы шыжылдаған бүркіттің қарасы да көрінбей зым-зия болды. Өзін көрген жерден шыжақтаған бүркіт балапанының да жағы семіп ұйқыға кеткендей. Ертеңгі таңнан үміттенген шөке көрер таңды көк бетке ілінген керекеге ішінде өткізді.
Әншейінде әудемде ататын таң бүгін сарылып алғандай шөкені әбден қажытты. Таудың түнгі салқын ауасы шөкені әбден қалжыратты. Қарны шұрылдап қасырет бүркенген шөке көрер таңды көзімен атырғанымен өзін құтқаруға асыға жеткен ешкім болмады. ‹‹егер арқан қысылып қалатын болса төбеден қосымша арқан түсіріп шығарып аламын›› деген шалдың уағдасы да орындалмады. Осының бәрін ойлаған шөке бүгін өзін құтқаруға ешкім келмесе жалама бетте қу сүйек болып қалғанша, арқанды қиып жіберіп құлап өлсем сүйегімді біреу ит-құсқа жем етпей жерлеп қояр деген бекімге келіп те болды.
Шөкенің құлағына өзен күрілімен бірге алдеқайдан адам дабыры естілгендей болды да елең етіп төменге көз салған еді. Төменнен бір топ адамның қарасы көрінді. Тани кетті, шал мен бірнеше орыстар екен. Қолдары ербеңдеп әлденені ақылдасқандай дағдарудан тентек болған тайыншадай шыр айланып жүр. Шөке төбесінен арқан тастауды айтып айғайлағаны мен оның дауысы жетер емес. Күн бойы шиыршық атып айналған етектегі топ кеш бата дағдарып қайтудың қамына кіріскені шөкеге белгілі болды. Енді шөкеде жалғыз ғана жол қалды. Егер ол арқанды томен қиып төменге құласа, төмендегілердің көзінше құлап өлсе жоқ дегенде сүйегін қарға, құзғынға қалдырмай әкететіне сенді де жанынан пышақты алып тырсылдап тұрған арқанға төсеп тұрып, көзін тас жұмды да кесіп жіберді. Жалғыз шыңғырған ‹‹шеше›› деген дауысының қалай шыққанын өзі де білмейді. Бұдан арғысын ұқпады.
Шөке көзін ашқанда шалдың үйінде жатыр екен, ауырмаған жері жоқ, денесі қозғалтар емес, әйтеу тірі екеніне көзі жетті. Төңірегіндегі өзін қоралап алған семиә адамдарын көріп көзінен жас парлап кетті.
Басы таңулы, бір қолы сынған екен оны да оташы қай уақытта таңғанын өзі білмейді, оң жақ бетінен қарағай бұтағы ырсиған түйреп ырсиған тыртық қалтырыпты.
ـــ Құдай қақты, аяқ жақтағы орманға келіп түстің балам, құдай қақты, су ішерлігің бар екен ـــ деп шал да қоңқлдап жүр, шөке осы жатқаннан бір жаз жатып әреңге сауықты. Шал өзі мінін мойындағандай шөкеге бар мейірін төге қарап, тітпі өмірдегі қуаныштары мен жуаныштары жайында да сыр шертісетін болды. ‹‹Кісі сөйлескенше, жылқы кісінескенше›› дегендей, кеңестерінің жарасқандары сонша екеуі де маралсулық болып шығып жақындаса түскені мен өкініштісі шалдың маралсуда аты шулы батырды танымайтыны болды да шөке тағы бір қулығына басып отырған шығар деп күдікпен қарады.
Шалдың өзінің кемістігін мойындағаны ма, әлде шынымен шөкеге әукесі түсіп осы отбасының бір мүшесі етіп алғысы келді ме? Әйтеуір ағынан ақтарыла қамқорлық көрсеткендіктен денсаулығы да қалпына келе бастады. Шөкеде жақсылыққа жақсылық еткісі келіп қарап жатпай шалдың өрмешілік жұмыстарына, мал-сұлдарына қарасып жүргендіктен, оның мына еркін қимылын көрген орыс әскерлері көз қызарлық еткендей ағаш қю жұмысына қайта алып кетті.
* * *
Таң бозынан орыс әскерлердің айдауына түсіп, күні кешке дейін орман қиып, шөке кештерде тұмсығынан шәншіліп түсетін болды.
Бүгін шөке өте жай оралды. Шалдың үйіне әзірленген жатар жайына келе құлап түсккен еді. Бірақ ұйқысы шайдай ашылып қиялы шарлап мазасыз күйге түсіп аунақшыды да жатты. Әсіресе, оның ойына туған жері ‹‹Маралсу›› ондағы бөке, көке сары қыздар түсті, әсіресе белгі болып қамыры қалмаса да көңілінде шешесінің қаны төгілген сол мекен оның көкірегінен бірде бір күн өшпеген. Бүгін сол туған жерге деген сағынышы көкірегіне жалын маздатып, кеңсірігін ашытып жіберді. Міне мынау өңірге келгелі де жылдан асты. Әйтеу қарны тоқ деген болмаса жат ел, жат жерде бір сайдың аңғарында ағаш қюмен күнін өткізуі, өз бақытын өзі тосқандық ғой. Бұл ой шөкеге бүгін ғана емес, жарақаттанып төсек тартып жатқаннан бастап миын тескен, әсіресе жан ашыр деп жүрген шалдың өзін бүркіт ұясына салып, ажалға айдағанын ойлағанда жүрегі шайлығып, қалайда бұл өңірден құтылуға тәуекелге келген. Алайда бұл жерден оп-оңа құтыла алмайтынында өзі біледі. Қашам деп қолға түссе ұрдымға кеткені сонда, өлгенде қандай мына орыстар өзін итке талатып өлтіретіні мұнда, егер құдай құлдырап құтылып кетер болса бетәлісі маралсу, мына шалдың айтысында ‹‹атты адам ай жүреді›› деген еді. Мұндай шалғайға шөке қанша күн, қанша ай тіпті жолын да білмейді. Осының бәрін ми елегінен өткізген шөке бұлайша жат ел, жат жерде ит көзі түтін танымас ғұмыр кешкеннен неде болса кетуге бел байлады. Ол орыс солдаттары ағаштарды жинатып алып, орман қорушыға білдіртпей ағаш алушыларға жасырын сатып ырғынға батып жүргенін есіне алды да, әншейінде әбиешік) орман қорушы (келе жатыр десе кірерге тесік таба алмай зым-зия болатын бостығын орай деп білді де осы әдысын ғана өзн құтқаратын бірден-бір шығар жол екенн аңғарды да тәуекелге келді.
Сар таңды осылайша сарыла атырған шөке күндегі әдетімен үш орыс әскердің айдауында ағаш кесуге кетті. Орман ішінде шөкенің ағашқа ұрған балтасының дауысынан басқа құрт терген тоқылдауықтың тұмсығының дірілі естіледі. Шөкенің істемшілдігі мен бір тоға мінезіне орыстарда үйреніп қалғандықтан тәңертең ағаш кесуге жіберсе тек түскі тамақта бірге болып кеште қайтарда бірге ертіп қайтарда болмаса, балта дауысына құлақ тұрып қана арағын ішіп қарталарын ойнап жата беретін дағдысымен бүгінде сай тағанында қалғанын көрген шөке тәуекелге келді де:
ـــ Әбиешік, әбиешік келді ـــ деп дауыстаған еді, сай тағанындағы орыстар сайды құлдай зытып бергенде өзі сайды өрлей қашты. Шөкенің бұлайша сайды өрлей қашуы алдыңғы рет бір орайдан өзі осы таудың төбесіне шыққанда, таудың арғы жағы жатағандап барып етектеген сайын орманы да сиреп кететінін байқаған. Ал шалдың айтуында да маралсу сол жақта дегені есінде, шөке шытырман орман ішінен жол тауып тау төбесіне шығуда оңай болмады, өлдім-талдым дегенде тау биігіне шыққан шөке артынан қараған еді. Өзін қуып келе жатқан ешікімді көрмегендіктен бойын кеңге салып, алти айырығынан кеткен терін сүртіп сай тағанындағы арқырай аққан тау суынан өтіп одан ары қарай көсіле жатқан орманды алқапқа тез сүңгіп кетудің қамына кірісті. Судан аман-есен өтіп, арғы бетке қайқайып бара жатып кейініне түскен қуғыншы әскерлердің иттерін ізіне салып қыр соңынан келе жатқанын байқап қалды. Шөкеде жан қалмады. Иісшіл иттер қайда еніп кетседе ізінен тауып ұстап беретіні мұнда, шөкенің мына қуғынынан қалай құтылу керектігі жөнінде миының мыңғы-дыңғысы шықты. Кенет оның ойына шалдың берген насыбайы түсті. Өйткені бір кезде батырда картейген иттің аузына насыбай тығып өлтіргенін де көрген. Сондықтан шөке өзінің ізіне насыбай сеуіп кетсе иттерді ізден жаңылтуға боларын сезіп, түйіп алған насыбайды алып ізіне себе шашып отырып бір мұнша жерге барды да өзі арқарай кеткенімен иттердің дауысы, адамдардың дабыры естіле бастағаннан қуғыншының таяп қалғанын сезіп қарағайдың басына шығып алды да әскерлер келетін жолға көз салды. Иттерді ізге салған әскерлердің ұзын пәлтелері далпылдап, құралдары мен пышақтары салпылдап сумаңдап келеді екен. Жерден басын алмай тіміскілеген үш бірдей иттер тұп-тура өз ізіне түсіп жан алғыш әзірейілдей қыр соңына қалмай тұп-тура бастап келе жатқан еді. Әне өзінің әлгінде насыбай сепкен ізінеде келіп үлгірді. Шөкенің жүрегі алас ұрды. Егер насыбайда өз ойлағанындай тәсірі болмаса өзінің құрдымға кеткені, иә құдай деді ол абдырап. Иттер біраз жерге дейін тіміскілеп кеіп шыдамы кетті ме, пысқырына тыпырлап шыр айналды да кейніне шегінгенін көрген шөке қуанғанынан жылап жіберді. ‹‹иә, құдай›› деді. Іштей күбірлеп, кешкі ымырт үйіріліп орман ішін әләкеуім қараңғылық басқанда қарағай басынан түскен шөке көз ұшында жатқан шетсіз, шексіз далаға жол алды.
Орманды таудың түстік жағы жазықтап барып, сиыр жон қырқаларға ауысты да ары қарай көсіле мұнартып жатқан бұлдыр тауды жүлгелесе содан ары туған жері ‹‹Маралсуға›› жететінін мөлшерлеген шөке әлі де тасалана жүруді ойлап ылғида жыра-жықптты, далдалы оңырмен алға қарай жүре берді. Төртінші күні шетсіз шексіз жазық далаға түскен шөкені қарынның ашуы мен шөл әбден меңдетті. Алғаш қасында жүрген шалдың кемпірі берген екі жарма құртты аужал еткен еді, ол да түгеді. Аяғындағы шалдың берген етігі жүрген сайын жұлығынан басылып, өкшесі тойтиып шыға келген соң енді етіктің екі қоншын жұлып алып, бір басын бүріп байпақша киіп алған еді. Бұл әдысы орманды өңірдің майда шүйгін шөбінде әрі жеңіл, әрі ебдейлі болған еді, тастақты өңірге жеткенде жарым күнге жетпей шұрық-шұрық тесіліп жұлқаланып қалды. Шөкені шөл мен аштық әбден діңкелетті. Буындары дірілдеп, жүруі мұң болғанын байқады да, бүйте берсе жапан далада арам өлетінін ескеріп, амалсыз кесіртке, шегіртке теріп жеуге мәжбүр болды. Алғаш кесіртке, торғайдың қызыл шақа балапанын шикідей жегенде кеңірдегінен өтпей қиналғанымен бірер жол жеген соң бұларда бал татып, көзін шырадай жандырды. Шөке алтыншы күні иен қалған бір тас қорға кезікті. Қораны іргелей салған төбесі ортасына түскен ескі тас қыстауға енді, қаңыраған қыстаудың қабырғасында жалғыз тал шегеден басқа дәнеңе жоқ екен, шөке бұлда бір кадеге жарар дген оймен әлгі шегені суырып алып қойын қалтасына салды. Бұл маңды тымтымдап аралап шыққан еді. Шұңқырда қақпыш болып қатып құрысқан қозы терісін көргенде жанары жарық етіп алтын тапқандай қуанды. Теріні қағып-сілкіп көрген еді. Иленбеген шикі тері екен. Шөке қу құмақ үгітіп екі тасты бір-біріне ұрып, от шығармаққа көп әуре болды. Еңбегі еш кетпеді. Әйтеуір ептеп от тұтатып алды да отты қоздата отырып, теріні қақтады. Құрысқан теріден қоңырсыған иіс шыққанымен ауызға салғанда күйік, кермек дәмінен басқа ештеңе ілікпеді. Неде болса жұлқылап жеп көрген еді. Шөкенің тамағынан өтер емес, жеуге келмеген тері ақыры сол жерде қалды. Осы күйбіңмен жүргенде міне ымырт үйіріліп, қыстау маңы әләкеуімдеп кетті. Шөке бүгін осы қыстауда түнеп ертең жолға шықпақ болып сол тас қыстауды панасынып бір бұрышына барып жатудың қамына кіріскен еді, оның көзіне сыртта әлде ненің қарасы байқалып қалғандай болды да, шошып кетті. Жыртқыш аюандар болып иен қорада жем болармын деп ойлаған шөке қораға жатпай төбеге шығып жатуды ойлап есік алдына шыққан еді. Қораның алдында лағын ерткен қара тоқал ешкінің тұрғанын көріп өз көзіне өзі сенбей бажайлап қараса шынында ешкі екен, шөке қуанып кетті. ‹‹өлмегенге өлі балық жолығады›› деген осы екен-ау деп ойлады да, ешкіден айрылып қалмайын деп басбалап ешкіні қораға қайырмақаған еді, ешкінің түнеп жүрген жері де осы болса керек, оп-оңай қораға еніп кетті. Шөке ешкіден айырылып қалмау үшін қораның есік көзінде жатты.
Таң атты, қораның бұрышында қара қасқа лағы бар, қара тоқал ешкі бырт-бырт күйсеп каперсіз жатыр. Шөке енді бұл ешкіні қалай ұстап, қалай байлап алуға басы қатты. Оның ойына шалдың кигізген шалбарының ұзын қайыс бауы оралды, қалтасындағы шегесін алып шыққан шөке шалбардың алдынан екі жерден тесті де қайыс бауды суырып алып одан екі қарыстайын тасқа ұрып қиып алып тесіктен жіпселеп өткізе қынай байланған еді. Ұзын баусызда шалбары белін қынай ұстай қалды. Жейдесінің екі жеңін жұлып алып жіп етіп есіп жіберіп қайыс бауға жалғаған еді. Екі ұшы құлаштай жіп болып шыға келді. Шөке ешкіні бұрышқа қамалай жүріп зорға ұстады. Тағыланып алған ешкі мойнына жіп түскенде тік шапшып шөкені әбден діңкелетті. Шөкенің ойына осы кезде бұл маңда тіршілік етіп жүрген ешкінің қалайда ішіп жүрген суы да барын ойлап қыстаудың төңірегін аралаған еді. Бір кезеңнің астында желкілдеген төбек ши ішіндегі болымсыз көзі бар бастауды тапты. Көзден шыққан болымсыз өлі су жарым арқан бойы жылып ағып барып құмайтқа сіңіп жоғалып жатыпты. Борық татып ластанған су шөкеге балдай татыды. Қанғанша ішті. Киімдерін де соға малшындырып алды. Бұнысы күн көзі көтерілгенде дымқыл киім аз уақытқа болса да өзін шөлге жібермейтінін ойлаған еді. Осылайша шөлін қандырып, қасына серік тапқан шөке тоқал ешкіні жетегіне алды. Түстікті бетке ала тартып кетті. Бұрынғыдай емес қасында серігі бар анау енесінен қалмай томпаңдап еріп жүрген лағы шөкеге тіпті сүйкімді көрініп серпіле жүрді.
Әуелі көңілді жолға шыққан шөкені аштық пен шөл діңкелеткенде тағы да буындары құрып, тілі аузына симай, тіпті көзі қарауыта бастады. Мынау мидай жазық сар далада күн көзі тіпті шаңқия қалды да сар даланың апшысын қуырып бара жатқан соң шөке көлеңкелеп дем алғысы келіп, бір жырашыққа түсіп отыра кетті. Шөке аяғына киген етіктің қоншы тозып кюге келмей қалған соң ендігі жерде шалбарының екі балағын кесіп байпақ жасап киген болатын. Мына тастақты дала оларды да қоймаған соң тікенді жерлерде аяғын қорғап әйтпесе дайым жаңаң аяқ жүргендіктен, аяғы, дізесіне дейін күс жарақат болып кеткен болатын. Сары жазықтың апшысын қуырған ыстық минан өткендіктен, тақыр тонның бір жеңін жұлып алып басына күләпәрә етіп киген болатын. Міне әзір шолақ шалбар, бір жеңі жоқ тон кір-қожалақ бейнесін көрген адам албасты деп шошырдай еді. Жырашықта отыра қалған шөке қасқа лақтың тоқал ешкінің бауырына өзінен бұрын ұмтылғанын көріп жамба-жам екпеттеп жата қалып тоқал ешкінің бір емшегін лақпен таласа еме бастады. Алғашқыдай емес, шөкенің емгеніне көнген тоқал ешкі де бұл күнде мекірене иіп беретін болған. Езуі көбіршіп, басын көтерген шөке көзі шырадай жанып, ауыр бір күрсінді де арқасын жырашыққа сүйеп ұзақ отырды.
Тоқал ешкі шөкеге әрі серік әрі азық беріп келгендіктен шөке тоқал ешкінің жайылысына мән беріп отырса тоқал ешкі де шөкені ес көреме тастай қараңғы түндерде де шөкемен қатарласа келіп жататын болған. Шөке тоқал ешкінің емшегін еміп шөлін қандырсада мына жазықтан кесіртке, тышқан да оңай кезікпей қарны әбден ашқан болатын. Сондықтан жырашықта дем ала отырып, қасындағы қыстаудан алған шегенің басын таспен жаншып жалпақтап пышақ пішіндес етіп алды да үлкен бір қару әзірлеп алғандай мәз бола отырып мызғап кеткен еді. Ешкінің маңыраған дауысынан оянған еді. Таң рауандап кеткен екен. Шөке орнынан тез тұрып бет алған жолына түсті. Бүгінгі жолы алдағы тастақты адырғақтардан бір басқа, құмайтты алқапқа түсті мынау жан баласының аяғы тимеген сар даланың ақ шөбі мен кемпір шаштары жайқалып тұр, сарбалақ сексеуілдері ормандай бой тартып күздің белгісін байқатқандай бүрлері сарқуаң тартып қалғандай білінеді. Құмайт далада шөкенің аяғына жұмсақ білінгенімен ешкінің шөлге шыдамы кетіп дамылсыз маңырап зарлағаны шөкеге әбден уайым әкелді. Егер ешкі өлсе шөкенің де өлгені. Сондықтан шөке су кезігеді-ау деген бөктерге қарай тартты.
Шаңған түс, мынау ми қайнатқан ыстықтан шөкеге төңірек түгел мұнартып, алыстағы қараған, бұталар атты адамдай ербең-ербең етіп көрінеді. Көзі қарауытып әбден діңкелеген шөке тоқал ешкіні сексеуілге байлады да енесінің бауырына каперсіз келген қасқа лақты ұстап алып көтерген күйі енесінен ауашалап әкеткен еді. Тоқал ешкі әлденені сезгендей зар қақты. Шөке лақты ауашалап апарып тізесіне басты да жанынан шегеден жасап алған жалпақ бас пышақ сымағын алып шығып лақтың кеңірдегіне тығып, тығып алды. Лақтың дауысын шығармау үшін бас бармағын лақтың аузына салып тілін мықтап басып, тұмсығын қысып тұрсада лақ байқұстың жаны зорға шықты. Атқақтаған қызыл қан құмға барып сіңіп жоғалды. Бауыздаудан көрі терісін сыпырып, етін боршалау шөкеге оңай болды. Екі тастың үйкелісінен шығатын от ұшқынына жылқының қу топайына тұтанған от алауы көтеріліп мынау тыныш та меңіреу далаға жан бітіріп, шөкенің өз бойында да күш-қуат бергендей болды. Шөке лақтың өкпе, бауыр, жүрегіне дейін қақтап тоя тамақтанып алды да, маздаған от іргесіне тоқал ешкіні әкеліп байлап өзі ұйықтап қалды.
Тоқал ешкі бүгін бұрынғыдан ерте таң қараңғысында зарлана маңырап шөкені оятып жіберді. Хаюанда болса бауыр еті баласынан айырылғанына зарланып тұрғанын шөке білседе, амалы жоқ еді. Бәрінен де лақтың өзінің несібесі болған желіндегі сүтке ортақтасуы, кейде өзіне қалдырмай еміп қоятыны өзіне қатты батып жүрген болатын. Сондықтан, өзінің аман қалып арманына жету үшін лақты құрбандыққа шалмасына амалы да жоқ еді. Тоқал ешкі зарлап тоқтамаған соң шөке орнынан тұрды да лақтың терісіне ораған етті беліне таңып, тоқал ешкіні жетегіне алып жолға түскен еді. Тоқал ешкі лағын іздеп жапан даланы басына көтере маңырауын тоқтатпай зарланып келеді. Шөкенің ендігі қорқынышы құмды даладағы шие бөрі сияқты топтасып жүретін жыртқыш аңдар болды. Сондықтан түндерде от жағып болмағанда шоғын жылтыратып қойып ұйықтамаса өзін жазым ететін хаупын білетін. Міне тағы бір түн келді. Бірақ бұл нешінші кеш, шыққалы қанша күн өтті, шөкеге мәлімсіз болып қалды. Тағы бір далдалы жерге қоналқыға түскен шөке тоқал ешкіні емген еді. Бұрынғыдай сүт шықпады. Сүйтседе таңдайы жібіп жадырап қалды. Әр күнгі дағдысымен от жағып лақтың терісіне ораған етті ашқан еді. Ет иістеніп әрі құрттап кеткен екен. Шөке енді еттерді түгел қақтап аалмаса азықсыз қалатынын ойлап, еттерді бөліп істіктердің басына іліп қоңырсыта бастады. Қақталған етке тоя тамақтанған шөке енді жантайған еді, тоқал ешкі өзін байлаған сексеуілді жұлып кетердей жұлқынып зар қаққан соң шөкеде әлденеден сезіктеніп басын көтерген еді. Маңында қоралаған шүйе бөрілердің жалтылдаған жасыл көзімен қыңсылап, шулаған дауысын естігенде зәресі қалмады. Шөке жамба-жам шоқтың үстіне отын салып отты маздатып үлгірді де бірнеше тұп сексеуіл, сарбалақ шыларжындарға жүгіре жүріп от қойған еді, төңірек жап-жарық түске бөленіп әлгіндегі шүйе бөрілерден бірі де қалмады. Осылайша таңды от жағумен атырған шөке таңның рауандап атысымен тағы жолға түсті.
Түн бойы ашық тұрған аспан таңының атысы мен түстіктен жөңкілген түйдек-түйдек қара бұлттармен тұтасқан еді. Міне сиіртүс бола аспанның ар жақ түбі дабыл ұрып, нажағай жарқылдады да бірдемде жаңбыр сіркіреп жауа бастады. Шөке алда көрінген қойтасты өңірге қарай жітірмелете басып, адам еңкейіп отырса зорға сыятын тас қуысына паналап отыра қалды. Шелекпен төккен судай сар етіп төгіп жіберіп, тиыла қалған еді. Көк жиегінен пайда болған кемпір қосақ мынау ен далаға сән беріп барып ғайып болды. Шөке үңгірден шығып мынау жатаған тау жылғасын өрлей жөнелді. Ылғал атқан ауа шөкенің сарайын ашып, өзін сергітіп жібергендей болғанымен аяғына байпақтап киіп алған киімі лайсаңда елжіреп, жүрісіне көлденең болған соң байпақты аяғынан сыпырып алып жалаң аяқ жүрген еді. Түс ауа салбырап жатқан аңғарлы сайдың басына әрең жетті, шөке енді теріскей тауды бетке алып, бір белегірдің үстіне шыға келген еді, көз ұшында қоралы қой байқалды. Өз көзіне өзі сенбеген шөке бажайлап қараған еді. Расында бір қора мал жатыр. Таяғына сүйеніп тұрған қойшыны да көрді. Шөкеден бұрын қоралы қойға тез жеткісі келгендей тоқал ешкі де маңырап, шөкеге жібер дегендей жұлына әлектенді. Шөкенің көзінен жас парлап кетті. Иен далада өліп ит-құсқа жем болдым-ау деген өкініштен арылып адамзатқа кезіккенде мынау азапқа толы тірлігін тас есінен шығарып ешкісін жетектеген күйі қойшыға тура тартты. Қойшы шөкенің қарасын ұзақтан байқаған көрінеді. Күн сала таңырқап тұрған жасамыс тартқан қойшы алдына келген қайыршы форымды адамға мелшиіп қарап қалыпты. Шөке қойшыға шағынғандай еңіреп қоя берді. Шөкенің көз жасын көрген қойшы есін жинағандай:
ـــ Ойпырым-ай, адамсың ба, албастысың ба балам. Не күн туған басыңа? ـــ деген қойшы неде болса ғарыпшылық көрген пенде ғой дегендей шөкені бауырына тартып арқасына қаға ـــ Жылама, менің де өзің сияқты балаларым бар, жылама! ـــ деп уата, тәртіпсіз өсіп жабағыланып қалған шөкенің шашынан сипай тұрып, ـــ Жә, балам, әбден титығың құрыған екен, мен қорықтық пысырып берейін, ـــ деп бәйек болып кетті. Шөке қойшының мына мейіріміне бөленгенде туған әкесін көргендей шағына еңіреген өксігін зорға басты. Қойшы мойнына асынған кере қабынан шара ыдысын алып шықты да, қой шетіне барып бірнеше қойды сауып келіп, дәндәкуден шақпағын алып шығып от тұтатты. Көкбектің қызуы жұдырықтай қара тасты тез қыздырды.
ـــ Балам-ау андағы ешкіні әлі ұстап отырғаның не, қойға қоя бер! ـــ деген қойшы от ортасындағы қара тасты алып шықты да, сыртын бұлмен сүртіп, сүт толы шараға тастай салған деді, сүт бұрық-сарық қайнап бірдемде басыла қалды. Қойшы шарадағы тасты ағашпен көтеріп тұрып алып тастады да шараны шөкенің алдына итеріп, ـــ Мынаны ішіп ал, қойдың алды бытырап барады екен, мен барып жиыстырып келейін, кеткің келсе осыдан үш-төрт тұмсық айланған соң бес үй кезігеді, ең шеткі қырық найза, қара қошқыл үй менікі. Сонда бара бер, ал менің тосамын десең осында жатып көз шырымыңды ал, кетерде өзім оятып ертіп кетемін ـــ деп қойын қайыруға жыти басып жөнелді. Шөкенің аузына мұндай тамақ тимегелі қашан, қорықтық аузына тигенде, жүйкесі босап сала берді. Әсіресе, мынандай ес-көз болатын қамқор адамға кезіккеніне бола ма, боыын кеңге салып, маңдайы терлей, мажаурап сала берді де неде болса қойшының озымен бірге оның үйіне барғысы келіп, басына қойшының кере қабын төсеніп мызғап ұйықтап кетті.
* * *
Қойшының қара қосының ортасына жаққан отты шөке мен қойшы қоралап отыр. Шөке әр жерден ырсиып тілінген, талаурап ойылған аяғына қой майын жағып отыр. Ашық отқа отын тастай отырған қойшы:
ـــ Осы шыққанда қайдан шыққан болдың? ـــ деген еді. Қойшының әлгінде ғана жабағыланған шашын ұстарамен сыпырып тақыр бастап тастағандықтан шөке от алауымен көкшулаң тартып жылтырап тұрған басын бір сипап қойып:.
ـــ Білмеймін, бір орманды өңірден, ـــ деді.
ـــ Әйелімнің пиғылына ренжіме, не көрсеңде бызбен бірге көріп жүре бер, ـــ деген еді. Үй ішін реттеп жүрген қойшының қара божбан қызы әкесінің мына сөзіне жарылармандай болып:
ـــ Әке, … ـــ деді бар еткен дауысымен әкесіне алая қарап.
Шөке мұнда келгелі қойшының майы сыртына шыққан тортпақ алакөз әйелі аузы бір тынбай ‹‹қайыршы бағатын кім едің сен, өзіміз жырғап отырғандай, қаңғырған қаңғы басты тамаққа ортақ етіп…›› деп абалаумен болса, мына қара қызы да өзін адам құрлы көрмей олай өтіп, бұлай өтседе соғып өтіп зықын алғандықтан шөке қойшының көңіліне бола болмаса кеткісі келген. Мына сөздерді қойшының әйелі де естіп қалған ба, әлде сол қитырғы мінезіне басты ма сырттан әкелген құшақ толы отынын от басына тастай беріп:
ـــ Үсік алып отырғандай отынды не мұнша өртейсіңдер? ـــ деп күйеуі мен шөкеге бірдей соқтығып алды да, қазан-аяқ жақты салдырлата жүріп ـــ Әй бала, жетім болсаң әке-шешеңді біз құндылыққа бергеміз жоқ, өзіңнің жалмауыздығыңнан көр. Қаңғырып, азып-тозсаң біз ит шеккенге айдады дейсің бе, өз сормаңдайлығыңнан көр, әкеңнің үйінде жатқандай екі күн шалқақтадың, біз не жырғап отырмыз, жатқыш болсаң іргедегі байдың үйіне барып жат! ـــ деп ауызына келгенін көкіп, тіліның сұғын қадап алды.
Көк езу әйеліне қойшы бірер рет ‹‹қойшы››, ‹‹болды енді›› деп зекіп қойған еді. Оны тыңдаған әйел болмады. Өршелене түскен қатынға ендігі керегі осы дегендей, қойшы орнынан атып тұрып босағада тұрған қамшымен әйелін басы-көзің демей тартып-тартып жіберді.
ـــ Өлтірді-ау, өлтірді-ау ـــ деген әйелдің шыжылдаған дауысы ашты шықты. Шешесіне көмекке ұмтылған қара қызын да қойшы қамшының астына алып екеуін бұрышқа тықты. Шөке орнынан тұрып, қойшының қолындағы қамшыға жармасып алып алды.
ـــ Әкеңнің, бұл немелер әспенсіп, не қазаныңа түсіп кетті ме, үйге адам келді болды тарылады да қалады ـــ деген қойшы ентігін әрең басып от басына отыра қалды. Қойшының әйелінің ойбайын естіген көршілерде жинала қалды. Шөке үйден жылыстап шығып кеткен еді, ере шыққан қойшы:
ـــ Қайда барасың? ـــ деді дауысы самарқау шығып.
ـــ Мен қайтайын аға, рақымет сізге.
ـــ Қайда қайтасың?
ـــ Маралсуға барамын.
ـــ Маралсу деген кең дала, осы тұрған жеріңді де ‹‹Күңгей маралсу›› дейді. Сен айтқан батырды әркімнен ұғыссам әсылы ‹‹қызыл қайың›› маңында ұқсайды. Дәл сол болса онда барар жерің бірер күндік ғана жол. Ертеңдер өзім жеткізіп қояйын, бүгін осында бол! ـــ деген деді шөке рақыметын айтып кетуді жөн көрді. Қойшы шөкенің ақыры кетуге мойын бұрғанын біліп ‹‹тоқташы сен›› деп үйіне еніп кеткен еді, көне тоз тері шақайын алып шыққан екен. Шөкеге шақайды ұсынып жатып:
ـــ Мынаны, мына байпақпен қосып киіп ал, біраз кеуіп қалғаны болмаса жаңа шақай, аз жол жүрген соң көндігіп кетесің, ـــ деп бір тоқтады да ـــ Айтпақшы ешкің қалып барады, оны… ـــ деген еді. Шөке байпақты киіп, шақайды аяғына тыңқитып тартып алды да:
ـــ Ешкі сізде қалсын аға, үлкен басыңызды кішірейтіп қамқор болып, үйіңізге әкеліп мейір көрсеткеніңізге рақымет ـــ деп қойшыға қоштасқан шөке аттанып кетті.
Шөке қойшы меңзеген қызылқайыңды бет алып келеді. Алғаш қойшының берген шақайы кеуіп қалғандықтан жүрісіне көлденең болып шоқырақтап әрек жүрген еді. Біраз жол жүрген соң расында орнығып жүрісі де оңалды.
Жалғыз аяқ соқпақ жөлет пысырым уақытта шөкені тобылғы, аршасы биік өскен қойтасты өңірге жеткізгенімен түгемес аңғарлы алқаптан шөке шыға лмай кеште осында түнеді. Бұл маңның бәрін де ауыл барын шөке түн бойы үрген ит, шулаған мал дыбысынан аңғарды. Таң атысымен бұта-бүргенді сайға түскен шөкенің ту сыртынан бір топ атты адам байқалды. Шөке тасалана қалмақ болып маңайынан далдалы жер іздеген еді. Ештеңке кезікпеді. Амалсыз қалған шөке бір топ ұшқаттың кейінін далдалап отыра қалды. Дүрдігіп ескеуілдей сөйлеп келе жатқан адамдар өз маңына келді де ат басын кілт тартып:
ـــ Кім болсаң да бері шық, ақымақ! ـــ деді елеурей, шөке олардың өзін көріп тұрғанын біле қойды да ұшқаттың артынан амалсыз шығуға мәжбүр болды.
ـــ Не қылған баласың?
ـــ Адасып…
ـــ Енді қайда?
ـــ Қызылқайыңға.
ـــ Кел бері, артыма мінгес деді, ـــ Бір азамат өзіне таяй үзеңгісін босатып:
ـــ Сонда қызылқайыңда кімің бар? ـــ деді әлгі азамат ат сауырына қонған шөкеге желе жортып бара жатып, топты аттының тұяғы бұта, бүргенді жапыра өтіп жолдың шаңын шығара жосып келеді. Шөке бұл сұраққа жауап бермеген еді.
ـــ Саған айтып келемін, ـــ деді әлгі азамат қайталап:
ـــ Білмеймін, ـــ деді. Шөке шорт кетіп, азаматтар бір-біріне сұраулы қарасып қояды.
ـــ Әке-шешең бар шығар? ـــ деді қатарласқан тағы бірі.
ـــ Бәтірдікін іздеймін, ـــ деді шөке.
ـــ Батырың кім?
ـــ Кім дейсің? Қызылқайыңды қанпезерде баяғы.
ـــ Е, е … білдім, әлгі тоқтан дейтін екен ғой, ـــ деп кектене сөйледі азаматтардың бірі.
ـــ Онда нең бар ей, бала? ـــ деді егделеу бір адам шөкеге ежірейе қарап.
Шөке мына тобырдың батырға қарсы екенін біле қойды да ‹‹әттеген-ай›› деп өкініп қалды.
ـــ Батырыңмен бүгінгі тойда кезігіп те қаларсың, ـــ деді. Енді бірі мысқылдай.
Желдей ескен аттылар бірдемде шоғыры он неше үйдің үстіне сау етіп жетіп барды. Мама ағашқа ат басын тіреген азаматтар ат ұстаушы екі азаматқа:
ـــ Мына баланы тоя тамақтандырып қойыңдар, қалған шаруа артынан ـــ деп тапсырды да кете берді.
Шөкені әлгі екі атқосшы бастаған беті ас үйге әкеп енгізді. Қатар асылған қазандағы еттің буы үй ішін бұлыңғырлатып жіберген екен. Қазан, ошақ жұмысымен жүрген бірнеше ер-әйелдерге ‹‹Мына балаға тамақ салып бер›› деп тапсырды да кете берді. Шөке алдына келген етке әбден тойып алып шығуға бейімделгенше отырғандардың біреуі өзінің жөнін сұрапта қоймаған еді. Енді міне тамақтанып болып тұрып бара жатқанда ешкім ‹‹қайда барасың›› деп те сұрамаған соң ас үйден шыққан шөке далада қайшалысып әбігерде жүрген дамдар ішінен батырды байқастап біраз тұрған еді көрінбеді. Шөке әлгіндегі азаматтардың екі атқосшыға ‹‹Мынаны тойдырыңдар, қалған шаруа артынан›› деген сөзін есіне алып, тағы бір тығырыққа тірер деген оймен ақырын баспалап ауылдан ұзай берді.
Шөке сол жүргеннен көп жүрмей-ақ мынау өзі өсіп-өнген жерлерін тани кетті. Батырдың бұрынғы қыстауының құланды болып қалғанын, өзінің балалығы өткен мына өңірді көргенде көз алдына жас келіп, іш дүниесі аласапыранға түсті. Құландыға айналған ескі қыстауды неше айланып шықты да, өзінің талай сырғанақ теуіп, мұндағы кірмәңдәй бастаған балалармен төбелескен қыстаудың бас жағындағы дөңге жүгіріп шығып төңірекке ұзақ көз салып бөке, бике, көкелерді есіне алды. Ол енді бір кезде өртке кеткен сары қыздың қыстауында барып көргісі келіп солай беттеді. Сары қыздың қыстауы тек тас үйіндісіне айналыпты. Күнге күйген қи үйіндісі тұр, қыстаудың өр жағында бірнеше тас қабыр көрінеді. Мүмкін сары қыздың сол күнгі оқиғада өлген семиә адамдары болуы мүмкін деп ойлады шөке. Шөке күн еңкейіп бес болып қалғанын байқап, қалайда ‹‹қызылқайыңды›› тауып алмағанда далада қалатынын ескеріп жедел басып кете берді. Ол жол бойы талай ойда келеді. Әсіресе, ‹‹ит арқасы қияннан, тауқыметты азапты тартып жүріп мұнда неге келдім?›› дейді өзіне-өзі. Мүмкін туып өскен жердің құдыреты ме, жо … әлде сары қыздың сағынышы ма? Әлде аз күн ас беріп өмір сүруге жетелеген батырдың дәмі ме? Шөке өзінің осындай жұмбақ ойының артын өзінің қан жұтып қасырет бүркенген қайғылы күндеріне ауыстырып алды, көз алды жасауырап, жүрегі сыздап сала берді. ‹‹әкем-шешем болса, болмағанда солардың белгі болар үйінді топырақтары қалмағаны-ай›› деген ойы шыдамын сарқып, тақатын кетірсе керек, ерікісіз еңіреп жіберді. Жапанда жалғыз еңіреу ол үшін дағдылы әдет еді, өзін зорға тежеді. Міне сол ата-анасын, ауылын құртып-жоғалтқан батырды неге іздеп бара жатқанына өзіне таңырқай кектене қалды, жоқ, ـــ деді ол ‹‹әке-шешемді өлтірген сол. Мен одан кек алуым керек, сол үшін келемін›› деді. Өзінің бетәлісін оңағандай қадамын нық-нық баса алға тартып келе жатқанда, қарсы алдынан он шақты адам сау етіп шыға келгенде шөке ешқайда бұрылып кете алмай аңтарылып тұрды да қалды. Тобыр адамның жүрістері сүсті екенін байқаған шөке жалт беріп қорым басып жатқан беткейге ұмтылған еді. Андағайлап ұмтылған азаматтардың алдын ала жеткен құла атты шөкені құрығының ұшымен итере омақастырды. Аттан шапшаң түскен бірнеше азамат шөкенің қолын да байлап, көзін таңды да ат сауырына салып әкете берді.
* * *
Топаны мол үй тігілген ауылға азаматтар дүркірей келіп түскен еді, шөкені желкелей сүйреп әкелген екі адам мосы тектес үш бұт ағаштың астына тұқыртып енгізді де сыртынан екі жерден қазық қағып салмалап арқан тартты да кете берді. Шөке мосы ағаштың астында қозғалуға да шамасы келмей таң атқанша бүк түсіп отыра берді. Таң атқанша анда-мұнда сыртылдатып желе жортып өте шыққан иттер болмаса жан баласы келмеді. Шөке бір таңды ұйқысыз мосы ағаштың астында құрысып жатып өткізді.
Таң атып ел түңілік аша бастады. Мал айдап, түрлі карекетпен болған ауыл адамдары өзіне үрке қарап өтіп жатты. Ұзамай екі адам келді де салмалаған арқанды шешіп мосы ағаштың астынан шөкені шығарып алған еді шөке иілген белі мен сірескен тізесін әрең жазып керіліп-созылып алып, екі қолтығынан дедектете екі азаматтың жетегінде алты қанат ақ ордаға келіп енді. Төр алдында отырған ақсақал-көксақалы бар алты-жеті адам өзіне жамырай қарасты. Шүйдесі шыққан жалпақ сары, дөңгелек сақал адам мөлшері осы үйдің иесі сынды шай құйып отырған ақ қуаша бәйбішені іргелей отыр екен:
ـــ Кімсің ей, бала? ـــ деді дауысын соза.
ـــ Атым шөке.
ـــ Қайдан қаңғып жүрсің? ـــ деді әлгі адамның дауысы алдыңғыдай емес ашығырақ шығып.
ـــ Ел жұртың, ата-анаң қайда? ـــ деді тағы бір теке сақал, сығыр көз шал.
ـــ Ешкімім жоқ.
ـــ Апарыңдар мынаны, ас үйге тоя тамақтандырыңдар! ـــ деген әлгі жуан сарының сөзін екі етпеген өзін мұнда әкелген екі азамат қайта қолтықтап үйден алып шығып кетті. Шөке есіктен шыға қолында шелек толы су көтерген қызға беттесіп қалған еді, бұл қыз шөкеге таныс адамдай сезілді. Бірақ, қайтып мойын бұруға әлгі екі азамат мұрса бермей ас үйге енгізді де ас әзірлеп отырған екі әйелге тамақ беруді тапсырып кете берді.
ـــ Отыр! ـــ деді божбан қара әйел, шып-шып аққан терін іргедегі орамалмен сүртіп отырып. Шөкенің алдына үлкен қара тостаған толы қалған-құтқан ет, сорпа суанымен молынан келген екен, тоя тамақтанған шөке ас үйден есің алдына шыға ауылға көз қыдырта тұрып, әлгіндегі өзіне кезіккен таныс қызды байқастады. Ойлап тұрса сол сары қызға ұқсайды. Бірақ, бойы зіңгіттей болған қыздың жүзы мұңды, қабағы түсіңгі көрінеді. Шөке әлгінде қыз еніп кеткен ақ ордаға барғысы келгенімен батылы бармады. Шөке тағы да ешкім тосу болмаса бұл ауылдан да жылыстап шығып кетпек болып, ауылды сырттап кетіп бара жатқан еді. Әлгіндегі қыз алдынан көлденеңдей өтіп, астыртқа жіти басып кете берді. Шөке енді таныды, сол сары қыз екен, дәл сол, шөке айғайлап тоқтатайын деді де, одан көрі ілесе барып кезігуді жөн көрді. Шөке төңірегіне көз салған еді. Өзін аңдып тұрған ешкім көрінбеген соң қыздың кейінінен ілесе кетті. Қыз сайды құдия түсіп тұмсықты айлана барып өзін тосып тұр екен.
ـــ Шөке, амансың ба, қай құдай айдап келді, бұлай? ـــ деді дегбірсізденген қыз шөкенің қолын ұстай алып. Шөкенің қолына қыздың ыстық қолы тигенде өн бойына бір от ағысы жөнелгендей өз беті ду ете қалды. Қыз шөкеге тесіле қарап сағынышын аңғартқандай дауысы жарықшақтана:.
ـــ Не, қайда кеттің, қайдан келдің? ـــ деген қыз сағынышына шөкенің жүрегі шыдамады. Жылап жібере жаздап барып өзін зорға тежеп:.
ـــ Мен не жырғап жүр дейсің, ит көрмеген қорлықты көріп мұнда әрең жетіп отырмын, ـــ деген еді. Қызда:
ـــ Менің де бұнда кімім бар, баяғы бірге өскен көне көз өзіңді көргенде төбем көкке жетердей болдым. Енді осында болатын шығарсың? ـــ деді төңірегіне жапақтаған қыз сөзін шапшаңдата.
ـــ Әлгі жуан сары сені асырап алған ба?
ـــ Иә, қазіргі әкем сол, жә … шөке, ол қатаң да жауыз адам, мына тұрысымызды көрсе табанымызды тіледі, және кезіге жатармыз ـــ деген сары қыз алды-артына қарамай ары қарай кете берді. Шөкенің айтар сөзі көп еді. Амал не сары қызды аялау, өзі де абайлау керек ғой. Сары қыздың сыртынан қарап ұзатып тастады да, өзі енді ешқайда кетпей не көрседе осында болуға бекіп ауылға беттеді.
* * *
Сары қыздың әкесі шөкені өзінің барымташыларының қатарына қосып алды. Бұл ауылдың тіршілік күйбіңі, топтаса отырған қырықтай түтін кедейді, мұндағы азаматтардың одан-бұдан қуып келген малымен асырап, күнелтеді екен. Әр күні қайдан әкелседе төрт түлік малдарды қуып келіп ауылды қызыл қырман етіп мәре-сәре болып жатса, кейде неше күн бойы тілдерін тістеп аш қалатын күндері де болады екен. Мұндағы отыздай жігіттің бірмұншасы жортуылға кеткенде қалғандары күні бойы қару өнеріне жаттығып әбігерде болады. Шөке алғаш жамбы атуда сар жалпақтың көзіне түсіп мұндағы белді азаматтардың бірі болып қосылған, шөкенің шалма тастау, тай-тайынша жығу дегендей өнері мен пысықтығы басқаларды тамсантып қана қалмастан өзінің сары қызбен кезігу орайына да, мұнда тұрақтап тұрып қалуына да ие етті. Шөкеге сенімі әбден артқан сары қыздың әкесі оны әрбір істе көп тосқауылдамай еркін қоя бергендіктен, шөке сары қыздың кезінде қалайдан қалай олжаланып кеткенін енді ұқты. Сары қыздың сол марқұм болған әкесі осы күнгі мына әке боп жүрген адамның ауылынан үш айғыр үйір жылқы қуып кеткеннің сыртында бір туысын жазым етіп кеткендіктен ашуға мінген мына саржойпан бір түнде шырт ұйқыда жатқан үйді басып кіріп, төрт бірдей адамын өлтіріп, қорадағы малын қуып, сары қыздың өзін олжалап кеткен екен. Олжаға түскен сары қыз мұнда келген соң, өзінің ол үйдің де қызы емес екенін айтып жаны аман қалып, қызға зар жоян сары ендігі жерде мейірі түсіп өзіне қыз етіп асырап алғанын түсіндірген сары қыз, өзінің әсілігі азандаған аты нүркен екенін ұғындыра келіп жуықтан бері әкесінің мынау топ азаматы ішіндегі барған жерінен алып келетін. Қарсы келген жаудың бетін қайтара алатын отыздай азаматтың атаманы болып жүрген жылпус қараға атастырып беруге уағда беріп жүргенін де жасырмады. Шөке нүркенің мынау аянышты тағдырына ашынып аһ ұрып тұрғанда, енді оны тағы біреуге бергелі жүргенін естігенде ішкі дүниесін қызғаныштың қызыл иті тырналап сала берді де сол күннен бастап түн ұйқысы қашып, ақыры нүркенге кезіккен бір жолы өзінің нүркенді басқаға қимайтынын айта келіп, осы ойын нүркенің әкесі болған сары жалпаққа да айтқысы келген еді, бұлай істеуін нүркен тосып қалды.
ـــ Әзір бүгін мені бергелі жатқан жоқ, әліптың артын бақ. Шынын айтсам ол азаматты өзім де жақтырмаймын. Оның бар қолынан келері канігі ұрлық. ‹‹ұрлық түбі ـــ Қорлық›› дегендей. Арам олжа. Әділетсіз тірлік оның қадамын қарға адым асырмасын білемін, ـــ деп зарланғанда, шөкеде ақтарылып:
ـــ Шынын айтсам нүркен, сенің тинамдай күніңдегі олжаға түсіп бара жатқандағы көз жасың мен жүрегіме жазған сырлы сезіміңді әсте ұмыта алмаймын. Әне сол көріністі сол бейнеден айырылар болсам мүмкін мортта кетермін, иә, иіліп барып түзелермін, әйтседе өзімнің шыдамымды алған сен туралы сырымды нар тәуекелмен әкеңе айтайын, болмаса екемізде осы жерден қарамызды ошырып кетсек, ـــ деді жанары шаттанып.
ـــ Тұман сейіліп, жол биігі көрінер деп күткенім қашан, бірақ, мына шыжым-бұғау бізге сірә да ырық бере қоя ма? ـــ деді нүркен де жанары жасауырап. Шөке нүркенің мына сөзіне тіпті шиырықты, кетсе келмес қиырға, бұларға құйрығында ұстатпай кететін сенімінде жасырмады. Сағынышпен зарыға табысқан екі жүрек ең соңы нар тәуекелмен оратын тауып қашып құтылып, мұраттарына жету бекіміне келіп болды. Нүркен сол бір далақпай ұрлықты ерлік санап жүрген азаматтан көрі, кедейде болса ертеңін ойлайтын шөкенің болашағынан үміттенді де, шындап шөкемен ілесуге келісті.
* * *
Шөке іргесінде жатқан азамат нұқып оятты. Шөке шырт ұйқыдан басын шапшаң көтерген еді. Үй іші қараңғы екен, не болды? … деді шөке таңырқай.
ـــ Байдың малын қуып, екі адамымызды барымталап кеткен екен, ـــ деді киініп жатқан азаматтың бірі.
Ауыздықпен алысқан аттарға қонған азаматтар сол ‹‹бай›› деп отырған жалпақ сарының бастауында жұлдыз маржаны жауған мақпал түнге сүңгіп кетті.
Таң рауандап атып анадайдан елбеңдеген екі адамның сұлбасы көрінді. Азаматтар қару-жарағын қамдана бастаған еді, таяп келген адамдар өз адамдары екен.
ـــЖау бәйге төбеден тосатын болды, ـــ деді бірі.
ـــ Кімдер екен? ـــ деді қабағы қатулы бай.
ـــ Аты шулы бүлікші де баяғы…
ـــ Әкеңнің ـــ деген бай қызыл саптамасының өкшесін атының бүйіріне қадай бәйге төбеге бет алды. Басқаларда байдың соңынан саусылдап ере жөнелді.
ـــ Қанша адам көрінеді?
ـــ Топаны елудей.
ـــ Басшысы сол бүлікші ме?
ـــ Жоқ, ұлы екен.
ـــ Біздің қолды болған адамдарды қайтпек екен.
ـــ Адамды да, жылқыны да тоғанақты да қайтарамыз, шарт:аяққа жығылып бұдан кейін мал қумайтын болып ант берсін, бұдан бұрынғы әкеткен малдың бәрінің озын-көзі жоғының санын толтырып қайтарсын ـــ дейді деді. Әлгі елшілікке барған екі азаматтың бірі.
ـــ Әкеңнің, оның аяғына жығылатын мен кім, ـــ деп міңгір ете түскен бай: ـــ Айтып қойғаным оның баласы он жеті, он сегіздегі жас бала дегенмен нағыз жылпус, алаяқтың өзі ـــ деп төңірегіндегілерге ескерте кетті.
Бай желе жортып тобырын ерте, бірдемде бәйге төбе басында үркердей топтасып тұрған адамдар легін көре өзі де бір төбенің басына ат тізгінін тартты. Қарсыдағы биік төбеге топталған адамдарда ат үстінде әлденелерді айтысып қолдарын сермеп сөйлеп тұр.
ـــ Ана алда тұрған құла атты сол бүлікшінің күшігі.. Жә.. ـــ деп аз кідірген бай азаматтарға көз қыдыртып тұрып барып, жанары шөкеге кідіре қалды да. ـــ Бүлікші баласын жібергені ерлігін елге танытсын дегені, жекпе-жекке шығып шаң көріп бағын сынасын деп отырғаны, қаршадай балаға мен шықсам иә, мына үлкендердің бірі шықса ‹‹баланы басынды›› деп, тұмар үкіметке арызданбасына кім кепіл. Сонда оның теңі сенсің, сенің де томағаң алынып, шыжымың жіберілсін барып тіресіп көр. Жолың болсын, аттан! ـــ деді әрі қатқыл әрі жанашырлықпен шөкеге.
Шөке байдың әмірын екі ете алмады. Оның орналастыруымен сауыт-сайман да кимеді. Қолына ұзын найза, тақымына шоқпар қыстырып, беліне қылыш асынды да алға шықты:
ـــ Айтып қояйын шөке, ـــ деді әлгі атаман бай жеңсең мал-жаның бәрі бізге тән, жеңілсең тұлдыр боламыз, ـــ деп ескерте аттандырды, шөке нүркенді айтатын кез дәл осы сәт болар деп ойлады. Дәл әзір байға егер жеңіп келсем, қызыңды маған атастыр дегісі келіп байдың бетіне жалт қарады да, ‹‹жеңіліп қалсам не бетімді айтамын, қоя тұрайын›› деп жанарын қайта тайлықтырып алдыға тартып кетті. Екі жақтың адамдары екі төбеде айғай-шу көтерді. Қарсы жақтан құла атты атаман бала аяңмен шықты. Шөкеде қайсы біреулерше андағайлап шапқан жоқ, қарсыдағы құла атты батырдың дағдысымен аяңдап беттеді. Найзасын серт ұстаған қарсы жақтың батыры бірнеше арқан бойы қалғанда шөке оны тани кетті, бөке екен, дәл бөкенің өзі.
ـــБөке, ـــ деп шөке дауыстап жіберді, бөкеде шөкені мүлт кетірмей таныды, ـــ Шөке.. Шөкемісің? ـــ деп атынан құлай түсті. Өліспей-беріспейтін қан майданға шыққан екеу аттарынан түсе бір-бірін құшақтасып жатқанын көрген әр екі жақтың бағанадан бергі айғайы өшіп таңырқай қарасып қалыпты. Бөке мен шөке құшақтаса еңіресіп кезікті.
ـــ Қайдан жүрсің шөке, қайда кеттің?
ـــ Ит көрмеген қорлықты көріп, өлмеген басым өздеріңді іздеп келгем. Мына ауылда болғаныма екі айдың жүзы болды.
ـــ Қой, қайт үйге, әкем де шешем де үнемі өзіңді айтып сағынып отырады. Көкеде аман.
Шөке біраз ойланып барып, кідіріп қалды:
ـــ Жо.. Қ.. Бөке, мен неге келіп тұрмын, ـــ деді күле тұрып, өздеріңе ана сар жалпақ маған барасың деп мені салып отырған соң келіп отырмаймын ба.
ـــБұл қарақшылар малымызды қуып тоқтатпады. Неше рет ескертсекте қоймады. Ақыры, олардың жайылыстағы малын қуып, екі жылқышысын ұстап, бір жерге сауғаға жөткеген қыруар дүние-мүлкін түсіріп алып отырмыз. Оларды енді мал қумасына уағда берсе қайтарамыз ـــ деді қатуланған бөке.
ـــ Жа, онда адамын, малын қайтарып беріп жолға саламыз ба?
ـــ Жо… Қ әуелі олар алдымызға жығылу керек еді. Көрмеймісің бұзақылардың қан жұтып, ел зарлатқан батырлары тұрса, іштеріндееі сұраусыз баланы алдыға салып отырғанын.
ـــОнда мен қайта барып ұғындырайын, рақаймен келісетін болсын, содан кейін, өздеріңе қайтайын.
ـــ Әй, ана антұрған оған көне қоя ма? ـــ деді бөке.
ـــ Адамым ғой, көнер. Оған керегі мал-мүлік емес пе, бүке шөкенің бұл сөзін жөн көрді. Әр екеуі де аттарына қонып өз-өз келген топтарына қайтысты.
Бағанадан әр екі топ екі батырға таңырқай тұрған. Енді үнсіз қайтқандарын көріп, тіпті байыбына бармады. Шөке өз тобына келе байға мән-жәйді жеткізген еді. Байдың беті көк талақтанып сала берді де ‹‹қайтыңдар!›› деді ақыра ат басын бұрып.
Осы күні ауылға оралған шөкені байдың адамдарды тарпа бас салды да тепкілеп мылжалап санына қылбұрау салып, шекесіне асық қыздырп басып ‹‹тоқтаның жіберген жансызысың›› деп жан түршігерлік қинауға салып, шықпаған жанын ақыры мылжалап зынданға салып тастады.
* * *
Төңіректі ақ қар қымтап жатқанымен күн райы жылы тұрды, зынданда жатқан шөкенің өн бойы күп болып ісіп, жарақаттарды асқынып тек жылтыраған көзі ғана бойында жанның барлығын аңғартқандай шүлдерсіз жатты. Әсіресе асық қыздырып шекесіне басқанда екі көзі сыртына салақтап шыққандықтан, сол зардап оңай қайтпай зындан аузынан төңкерілген қазандай көрінетін көк аспанды да неше күн бойы көре алмай әрек көрген. Жарық дүниені көретін көзден айырылдым-ау деген шөке көзі ақырын-ақырын қалпына келгенін көргенде мынау зынданға тамақ қалдықтарын лақтырып тастап беріп өлместің күнін көрсеткен жауының қылығына тым ренжіп те кетпеді. Бәрінен де зындан ауызына түскен қар мен жаңбырдан зындан түбі былығып құй-батпақтанып, үлкен-кіші дәрет араласып ластануы қанына батты. Өн бойы сау тамтық жоқ жарақат шөке мына қыстың суығынан әбден қалжырап, тағдырдың басына салғанына мойын ұсынып, шықпаған жаны зындан түбінде иленіп жата берді.
Шөке бүгін зындан ішіне үш кесек құрт келіп түскенін көріп, мүмкін нүркен болар деп те ойлады. Осы күні аспан тым ашық болып, аспандағы жұлдыздар жымыңдап тұрады. ‹‹өлмегенге өлі балық кезігеді›› дегендей, иттен қашқан қоянның зынданға түспесі барма, шөке қарны әбден тойып, күндегідей емес әлденіп қалғандай болды. Осы күні түннің бір уағында шөкенің құлағына ауылдың ұлар-шу болған шуылы естілді. Арлы-берлі шапқыласқан ат тұяғының дүбірі молығып, еңіреген бала, ойбайлаған әйел, шулаған мал дауысынан шөке ауылға жау тигенін сезіп жатты.
ـــ Осында ма? ـــ деді бір дауыс құлақ түбінен. Шөке жоғар қараған еді. Зындан аузында қылқиған бірнеше адамның басы көрінді де іле-шала арқан салақтап түсті.
ـــ Шөке.. Ай, шөке ұста андағы арқаннан! ـــ деп дауыстады. Шөке арқанды ұстап шыға алмасын аңғарып арқанның ұшын беліне байлап барып жоғары өрледі. Қарымды қол шөкені бірдемде жарық дүниеге алып шықты.
ـــ Шөке, ـــ деді қарсы алдында тұрған бөке. Шөкенің жұмыр басында қалқиғақ құлақ, жылтырған көзі болмаса басынан тартып бүтін денесі етінен әбден арылып, жанары алайып, тістері ақисып қалған екен, бөкені көріп жылаған бейнесін аңғартқанымен көзінен жас шықпай құр кемсеңдей берді.
Өз басы өзіне ауыр келіп, өн бойы жарақаттан сасып-борсыған шөкенің халын байқаған бөкеде жаны ашып кетті. Оны бір азаматтың алдына мінгізді де ауылға жөнелтті.
Осы күні жалпақ сары байдың ауылы шабындыға ұшырап, бөкелер жеңістік тапты. Шөкеден көз жазып қалған батыр бүгін зынданнан құтқарылып аман оралғанына ‹‹балам аман оралды›› деп ұлы кариялардың басын қосып тілеу жасады. Жер төсекте жатқан шөкенің мына етінен арылған кейпінен кісі шошырлық еді. Шаштары өсіп, жабағыланған, көзіның төңірегіндегі сүйектері шығып, жақ кірістері арсиып қалған. Өн бойында сау тамтық жер жоқ жарақат. Түгел ушығып іріңдеп кеткендіктен емші шақыртып дауалатты.
Шөкені ауылға алып келгенде жасамыс тартса да, жігері қайтпаған батыр бір аяғын сылтып басып алдынан шыққан. Самайын қылау шалып, маңдайын ажым торлаған батырдың бұл күнде шаршысы шығып, алқымы да салақтап боғағы көлгілдеп семіріп алған екен. Мойыны шалғай тартып басын екі иығының қойнауына шөгеріп жібергендей мықыр көрінгенімен өңі сол бұрынғы сүсті, қабағы қатулы бейнеден өзгермеген.
ـــ Ау, байқұс бала-ай, көрген күніңді-ай, ـــ деді дауысы озандай.
ـــ Қарғам-ау, амансың ба, соры қалың байқұс-ай, ـــ деп батырдың әйелі де бәйек болып алдына жетіп келгенде өз анасын көргендей шөкенің көзіне жас меруеті домалап, азамат болып қалған көкені бауырына тартып кеңкілдеп кеткен еді. Көкеде дода болып:
ـــ Әкеңнің, жауыз немелер, ـــ деп кектене шөкенің халыне жаны ашып буырқанып кетті.
ـــ Жылама қарғам, аман-сау үйіріңді тапқан соң болды, шикі ет ауырмаққа, жазылып кетесің, ـــ деп жұбатқан батырдың әйелі шөкемен бірге еңіресе.
Батыр шөкенің аман оралғанына бұл рет азаматтардың неше жылдан бері жан таптырмаған дұшпандарын жер қаптырып кегін алып, шерін таратып бергеніне ақсарбас атап, мал сойып, қонағасы берді.
Үй толы адам шөкеге жан ашырлық білдіре келіп орындарына жайғасып, бұл реткі жеңістің жайында, ертеңгі тірлік мынау заман жайында көсіле кеңес құрып дүрілдесіп кетті.
ـــ ‹‹жоғалып табылған мал олжа›› дегендей, ұлыңның табылғанына ел болып қуанып жатырмыз.
ـــ Мына ұлыңның да көкжалдығы бар еді ғой, алла амандық берсе жазылып қатарға қосылған соң еңбегіңді ақтайды.
ـــ уақытын біраз созып алғанымыз. Неше дүркін жіберген адамымызға дұрыс жауап бермей қоян-бұлтаққа салды емес пе. Асқынған кеуде рақайға келеді деп жүргенде қораға қайта шаппасы бар ма. Сор түртіп өз түптеріне өздері жетті.
ـــ Осы кешегі шабуылда олжаға қыз түсті дей ме?
ـــ Байдың қызы бар екен, ала келіпті ـــ деген сөзге көкірегінде болымсыз жаны болса да шөке елең етіп ‹‹нүркенді әкеп алған болды ғой›› деп ойласа да сөзге араласуға шамасы келмеді.
Аста әзір болып, қолға су құйылып, дастарқанға қонақтары қоралай отырғанда барып батыр дауысын көтере:
ـــ Төрт қаракөз отырғанда айтып қояйын, алпыс екі жылқы, елу төрт сиыр олжа бар, ақсақалдардың ақылынан өткенде төрт орынға бөлінді. Елу сиыр екіге бөлініп жиырма бесі елге таратылып беріледі. Жиырма бесі мұндағы батырлар мен азаматтарға әрі өздеріңізге таратылатын болды. Алпыс екі жылқының отызы батырдың сауғасы осында қалады. Жиырма екісі би, төрелерге, оны батырлардың сауғасы болды. Осыны ұғып алыңдар, ـــ деді. Андыз-андыз өскен сақалын самалай төңірегін барлай отырып.
ـــ Әлгі қызшы? ـــ деді аузын етке толтыра шайнаған, жанары жайнаған, елуді еңсерген ұры ит көз адам ырс-ырс күліп.
ـــ Оның билігі ұлымда, бөкенің билігінде, ـــ деді батыр әлгі ит көзденген адамды жақтырмағандай сіңәймен.
ـــ Ай халайық, ـــ деді тағы бір тәлтикен арық қара шал басындағы қызыл күрең тақиясымен терін сүрте отырып. ـــ Менің бір кем салиға ұлым бар еді. Мен малдан сауға алмай-ақ сол қызға ауыз салсам қайтеды, ـــ деген еді. Шөкенің жүрегі ойнақшып сала берді. Төсегінен басын көтергісі келіп еді, дәрмені келмеді. Бірақ батыр қатал келді.
ـــ Оның билігі ұлымда дедім ғой, ол мал емес, адам, әңгімелесейік, ертең ие шығама кім біледі, ـــ деп қыздан үміттілердің үнін өшірді.
Топты адам осылайша дуылдасып, тамақтанып далаға шықты да олжа үлестіріп жылқы, сиырларды жетектеріне алысып жан-жаққа әкетіп жатты.
* * *
Ауру меңдетіп жүдеу тартқан шөкенің маңында бөке бастаған бір топ адам қоралай отыр. Шөкенің жанарынан аққан жас алдын жуып, төңірегіндегілерді күйзелтіп жіберді.
ـــ Менің тұманды тағдырым арылатын күн болар ма, сірә деді шөке ұзақ үнсіздікті бөліп.
ـــ Құдайдан күшті, құдыретты еш нәрсе жоқ шөке. Бұл да құдайдың басқа салғаны. Саған дәл қазір өмір қажет. Өмірің болса басқа арманды ептерсің ـــ деді калпе болған қара мұртты, қара торы адам.
ـــ Е.. Шөке әтек болып қалу деген өмірдің тарам-тарам жолындағы бір тармағы ғана. Тірліктің талай ләззәтті шақтары бар, егер соларға ие болғың келсе, мына өміріңді жалмағалы тұрған дерттен құтылуға тәуекел де, ـــ деді. Батырда шөкеге қаталдай сөйлеп:
ـــ Мен де басқа амал не, тағы да мына тірлік тәтті, өмір сүру қиын, өлу оңай екен ғой. Өлгім келсе осыдан кейінде жетісетін көрінемін. Нар тәуекел ـــ деді шөке қайраттана. Мына отырғандардың шөкеден күткені осы сөз еді.
Калпе сырт киімдерін шешіп әзірлене бастады да шөкені қоралап отырған жігіттерге ым қаққан заман шөкенің қол-аяғын төрт азамат тырып еткізбей баса қойды. Калпеде қарбаластап арсы-күрсі күйбіңге кірісті. Шөке алғаш бір мезет қыңсылап қатқандай болған еді, ұзамай талықсып кетті, калпе қолына ілінген қан, шірінді еттерді іргесіндегі елегенге тастап отырып, тебенге сабақталған тарамыспен ен қалтасын тігіп барып, алдын ала әзірлеген аршаның күлін шынға толтырады да шөкенің жан жеріне сүндеттеген балаша төңкеріп тастап, ‹‹ұш›› деп басын көтерді.
Калпе қолдарын сақар сабынмен жуып жатып, су құйып тұрған көкеге, ‹‹қан-жынды ит жемейтіндей тереңдеу ор қазып жерге көміп тастаңдар›› деп ескертті де:
ـــ Ештеңе етпейді, сәлден соң есін жинайды. Бірер жеті де сақайып, жазылып кетеді, ـــ деді жабулы дастарқанға әзірленіп жатып.
ـــ Байқұс баланың соры қалың болды ғоы, еркектігінен айырылу ер жігітке оңай емес ғой, ـــ деді көрші ауылдан келіп отырған кария.
ـــ Бұл шынын айтқанда сол жендет жаулардың жазасынан қалған жарақат. Ұрып-соққаннан жарақаттанып ақыры қара қапталға айланып кеткен. Бұндай ауруға сылып алып тастаудан басқа амал да жоқ, ـــ деді келпе шайын сораптай отырып.
Шай құйып отырған батырдың әйелі мәкен шешей жаулығының шетінен додырай шыққан ақ шаштарын жиыстыра көз жасын сүртіп отырса, көке үй адамдарының шөке туралы бұл кеңесінің байыбына бармағандай таңырқаулы бейнеде кіріп-шығып жүрді. Калпе айтқандай шөке ет пысырым жатып есін жиды. Бірер күн қызуы өрлеп ауырғаны болмаса күн сайын жақсара бастады. Төртінші күннен бастап басын көтеріп, түзге де шығып-кіретін болып үй адамдарында қуантып тастады.
Шөке бүгін бөкені арнаулы шақыртып алды. Себебі ол қанша ауру жанына батып жатсада нүркенің олжаланып келгенін естігенде есі-дерті сол нүркенің тағдырында болған еді. Міне бүгін бөкені шақырып өзінің онымен болған уағдасын жасырмай айтуға мәжбүр болған. Бөке өзі отау көтеріп үй болғалы бір жылдан ассада бұл жолы нүркенге көзі түсе қалып тоқалдыққа алуға әкелгенімен мұндағы өз әйелі қиғылықтың үлкенін салып ‹‹егер нүркенді тоқалдыққа алсаң, сол күннен бастап кетемін›› деп көкбеттеніп алғандықтан шайпау қатынмен қанша алысқанымен тілін өткізе алмай, ақыры араға біраз уақыт салып ұмыттырып барып қайталауға қалдырған уақиғаны шөке естіп-біліп жатқан болатын. Шөке бүгін еңірей отырып бөкеге барлық жағдайды жайып салды. Шөкенің сөзін естігенде, алғаш от алып қопаға түсіп:
ـــ Жо… Қ мүмкін емес шөке.. Бұл қалай болғаны? ـــ деді ежірейе.
ـــ Біздің ғұмырымыз осылай танысып, солай өткен бөке, бүгін оны және өз басымды, бір-бірімызды табыстырғаныңа рақымет айтамын, әзірше нүркенің түгіне тиме де, тырнағыңды батыр ма! ـــ деп қадағалады.
Көп ойланған бөке, ақыры шөкеге жаны ашыды ма, әлде шынымен құрмет етіп, өз иесін тапты деді ме, нүркенді әкеп шөкенің көңілін сұратып, екеуінің ертең-ақ бақытқа кенелетіндеріне тілеулестік білдіріп кеткен болатын.
Шөке бөкенің мұндай кісілігіне разы болып, рақыметын айтты, деседе ойламаған жерден нүркенмен қауышып, күн сайын тәуірленіп келе жатқанда, басқа жарақаттың бәрі сауықсада, енді мына ‹‹қара қаптал›› дегені күн сайын кетеуін кетіріп ең соңы ‹‹текені құтыртқан осы екеу›› дегендей нүркенге деген адал ниет, шынайы жүрегін суытып, өмірге деген құштарлығына бұғау болған ауруды ойлағанда енді еркектігінен арылмай амалы жоғын ұққанда шөке нүркеннен айырылмай амалы жоғын ұғып, есінен айырыла еңіреді. Қырсыққанда барлық қайғыға бүркеніп, өмірден түңіліп, майы түгеген білте шамдай қарауытып жатқан шөкеге нүркен тіпті жақындап қасынан шықпауы шөке үшін тіпті соққы болды, шөкенің мұң ұялаған жанарынан, күн сайын жұдау тарта бастаған жүзын байқаған нүркен оған өмірге үміткерлікпен қарауға жігер, қайрат бере сөйлеген сайын бөкенің өзін әдейі желкелеуге нүркенді айдап салып отырған болар деп ақыры нүркенің көңілін суытпаққа дойыр мінезге басып, дөгір қимыл көрсетіп оны өзінен үркіткісі келгендей болғанымен одан жасып, жасқанып, беті қайтқан нүркен болмады. Сондықтан шөкенің соңғы амалы бөкенің нүркенді өзінен қожыратып кетуін айтудан басқа амалы жоғын ойлап:
ـــ Нүркенің жасынан бағы ашылмаған бейшәрә екенін, ылғи да олжамен есі кетседе алланың адалдыққа жақ болуымен жаны таза, көңілі пәк болып ылғида мейірімді жандардың қамқорлығына ие болып келе жатқанын, өзі сонау бала күннен көңілінің түкпіріне сақтап, өмірде қандай азап пен мазаққа ұшыраса да есінен бір күнде шығара алмай ақыры іздеп тауып, ендігі жерде бәр бақыт пен байлықты, адамгершілік пен ізгілікті осы қызға арнағысы келіп, байқұс оның көз жасын сұртып, көңіл кірін түрсем деп жүргенде мына күйге түскенін айта келіп, қолына қонғалы тұрған бақыт құсын ендігі жерде бөкеге арнап өтінгенін шынымен айтқан еді. Бөке іштей қуанып құп көрседе, шке алдында ішкі дүниесін ашыққа шығармай:
ـــ Бұлай деме шөке, бұның бәрі нүркенің еркінде, қалайда бәрін де өзің айтуың керек! ـــ деді бөке тайсақтап.
ـــ Қалайда бейшәрә қыздың ертеңгі бақытын азамат басыңа міндеттедім, рақатты күндерді өз қолымен жаратып берсем-ау деген ойым бар еді. Бұл арманыма қызылкөз тағдыр көлденең болды бөке. Енді мені әуіреге салмай оны менен қожыратып әкет, ـــ деп шөке жалына кетті.
Осылайша шөке нүркенге өз аузымен өз тағдырын айта алмаса да, бөке арқылы бар мұңын ақтара жеткізген. Бірақ, бөке бұның бәрін нүркенге айтты ма, айтпады ма, белгісіз, әйтеу жайдары жүзды қыз шөкенің қасынан шықпай келгіштеп келгіштеп, кешегі өткен күндер мен болашақты армандай әңгіме айтумен ақтарыла отырып қайтып жүрді.
Бөке нүркенді шөке меншігіне әкеткен соң іштей қызғанса да, амалсыз қалған. Енді шөкенің әтек болатынын естігенде іші күліп сала берген. Ақыры өзінің салауаты шөкені басып түсіп араға түскен жемді өзіне қаратқан тәңіріне алғыс айтты. Әдетте шөкемен бірге мұңайып, оның ‹‹нүркенге айтсаң›› деген арыз-арманын құлақ молдасы болып тыңдап ін тесігінен көрінген күзен жүзды жылан қараспен сығырая зымияндықпен қарап қойып, ‹‹шоқ, килік, біреудің несібесіне›› деп зәрлене отыратын бөке. Әсіресе шөкенің алдына қыз намысын қорғап, елдің ісін жүрегіне толғайтын ерлерше сөйлеп шөкені тіпті шымшылап алғанда, шөке шынымен бөкені алқап, жалына отырып, нүркенді қила тапсырып әлек болатын қылығына бөке іштей күліп отыратында. ‹‹бұл намысты, осы қамқорлықты бөке өзі нүркенге айтып шөкеден қожыратқанша шөкенің ауызынан қыздың өзі естіп барып қожырағаны жөн›› деп білген бөке нүркенге шөке жайында тіл жармай, шөкенің алдына келгенде:
ـــ Өзің тапсырған соң амалым не, ерікті нүркенің өзіне саламын. Ең жақсы өзіңде кеңескенің жөн. Кетем десе жолы әне. Қаламын десе айтқан тілегін орындауға азырмын, ـــ деп екі ұшты уағда берген болатын.
* * *
Кешкі ымырт үйірілген кезде, шөкенің батырдың өзіне арнап тіктірген үйінен шығып келе жатқан шөкеге нүркен кезігіп қалды.
ـــ Шөке.. ـــ деді кезіккен жерден нүркен жайдары бейнеде, ـــ Сен неге менен ат бойыңды алып қашасың? ـــ деді сыңғырлай күліп шөкенің жеңінен тартып.
Шөке нүркеннен қашып жүргені рас, әсіресе тәуірленіп орнынан тұрған соң нүркен көрінген жерден ат бойын аулақ салды. Бұнысы бәр істі ‹‹бөке жеткізген болса, енді қарар бетімде жоқ›› деп ойлаған. Дәл әзір қыз өз жағдайын не білмейтін. Иә, болмаса әдейі істеп тұрғандай сезінген шөке қабағынан қар жауа нүркенге қарап:
ـــ Не мұнша шаттанып жүрсің? ـــ деді.
ـــ Бұл ауылдың жастарымен үйірілесіп те қалдым. Сенің жайыңды жастар айтып жүр. Бәрін де естідім. Әйтсе онда не тұр, шаңырағымызды көтеріп тұтынымызды түтетіп отыра берейік. Әйтеу құдай мені сенің ғана аузыңа салып бергендей. Дүниенің ол шетінде жүрсемде ептеп саған қана бұйырып келе жатқанын білесің бе шөке, ـــ деп жарқылдап күлген нүркенің аңқылдақ қылығына қарай нүркенің әлі күнге дейін белсіздіктің зардабын түсінбейтінін аңғарды да:
ـــ Сен нені білесің нүркен… ـــ деген шөкенің сөзінің соңын діріл басып кетті де, нүркеннен ауаша кетпек болып бұрылғанша нүркен оның етегінен тарта арқарай жетелей жөнелді.
ـــ Сен неге бүйтесің шөке, кезінде ‹‹Кетсек, қашайық›› деген өзің, аллаға разлық ет, түркпенің түбінен қолды-аяққа тоқтатпай міне алдыңа әкеп беріп тұрғанда, ант ұрады деп қорықпайсың ба? ـــ деп жер-жебіріне жеткен нүркен алдында шөке қанша қайсарлық етіп тұрғанымен аласапыран болған ішкі дүниесіне ие бола алмай, көзінен жас сорғалап кетті.
ـــ Нүркен, ـــ деді шөке өзін тежей, ـــ Мен сенен неге қашамын, мына тағдыр мені аямады. Қанды шеңгелін батырып, енді міне кем салиқа етіп тыныш тапты. Озыңмен бақытым жанып, қарықым ашылады-ау деген арманым бары рас еді. Бұған тағдыр бөгет болып көнер емес, әзіргі қалым ондай тірлікке келмейтін болды ـــ деген шөкенің сөзінің соңы тағы дірілге айланып үзіліп қалған еді. Нүркен шөкенің сөзін әлі түсінбеген адамдай:
ـــ по,.. О.. Шөке, сен де осындай морт азамат екенсің-ау, мен ойлаған шөке ең қайсар, ең батыр, ержүрек азамат болуы керек еді ғой, өмір екеумізге нені сыйламады, бақыт дегеннің бұлдыр елесін көрсеткенімен ұстауға жоқ етіп, азап пен сорға барынша малшытқан емес пе еді, сен барлық бақыт, тірлік, болашақ әтек болған бақытсыздыңға байланып қалды дейсің бе? Өмір сүру үй болу, сол үшін ғана дейсің бе? Онсызда ер азамат сүйгеніне бақыт жаратуға, оны азап теңізінен құтқарыып түтін түтетіп, бір семиә етіп отыруға неге болмасқа. Мүмкін ондай тірлікте бізге азап сыйлар болса, ол азапты да жеңуге неге болмайды?! ـــ деп ашыла түскен нүркенің мына сөзіне шөке таңырқай әрі ойланып қалды. Деседе нүркенің өзін толық түсініп жетпей тұрғанын шалағайлығы бар деп ойлаған шөке қалайда осы орайда жете түсіндіре кеткісі келіп.
ـــ Нүркен-ау, сенің бақытты болуыңды мен қаршадайыңнан армандап келемін. Бақытың алда, дәл осы кейпіммен саған бақыт арнаймын деп азап арқалату мен үшін намыс. Сен әлі жете түсін. Ашық айтсам мен еркектігімен айырылған адаммын, ـــ деді шөке батылдана.
ـــ Мен емес, өзің түсінбей тұрсың, ـــ деді нүркен өршелене ـــ Бақыт деген онда тұрған жоқ. Бақыт деген мәнді тірлік, берекелі өмірде, ـــ деді ол да кесете.
ـــ Біз ертең үй ғана емес, үй толы балалы болуды ойлаймыз, елше ұл өсіріп, қыз ұзатып, келін түсіргіміз келмей ме?
ـــ Шыр еткен көрмей ғұмыр өткізіп жатқандар бар ғой. Әне оларды өз өмірінде құдайға да, адамға да жалынғанымен ешкімнің жаны ашымай өмірін тағы өткізіп жатпай ма, ал біз де құдай берсе ол арманға да жетеміз. Кешегі күн екеумізде олжалы бала болып басқа әке мен шешенің көңіліне медет. Өміріне жыгер болып келмеп пе едік. Бізге де елден, не жерден асырап алар бала табылмайды деп кім айтады. Ал бермеймін десе он екі мүшесі сауға да бермей жатпай ма? ـــ деген нүркен сөзі шөкені тырып еткізбей арыдан бір-ақ тартқанда нүркенің әр сөзі шөкеге дұрыстай сезілді. Шөке үнсіз қалды. ‹‹шөке.. Сен›› деп назданған нүркен шөкенің қолынан ұстаған еді. Шөкенің бойы елжіреп кетті. Нүркенің қолынан өзі де қыса ұстап тұрып барып ұйқыдан оянғандай селт етті де:.
ـــ Нүркен ойлан, біз әлі ойланайық! ـــ деп бұрылып кетті.
* * *
Батыр бүгін айғайдың көкесін шығарды. Кеше ғана алдарына жығылып, айыбын төлей келген қызы бикен мен күйеу баласына жақсы рай бермеген еді. Міне таң атпай сынықтан сылтау тауып қызымен қоса күйеу баласын қан жоса етіп қамшының астын алып сабап үйді басына көтерді.
Шөке бүгін бөкенің үйінде болған. Іргедегі үлкен үйден шыққан шұрқанды естіп жүгіре жеткен еді. Күйеу баласының кеудесіне мініп алып мылжалап жатқан батырдың үстінен түсті. Күйеу баласын ұлындай көріп құрметтейтын жосыннан аттап төркінім еді деп неше жылда сағынып сарғайып жеткен қызының зықын алған жолсыздыққа шөке ызаланып кетті. Қандай бір құдыреттың түртпегінде батырды желкесінен лып еткізіп жұлып алып, бір жағына тастай беріп, қан жоса болған күйеу баланы орнынан тұрғызды.
Қамшы тиген бикенің беті қан, шыжалақтаған мәкей шеше зар илеп жүрсе, қызы мен күйеу баласына ілесе келген бес жасар ұлы шошығанынан шешесінің етегіне еніп кеткен екен.
Шөкенің кейнінен іле-шала енген бөке шөкенің қарымды қолына іліккен әкесінің тор алдына барып маңдайымен сүріне барып түскенін көріп қалды да, жүгіріп барып әкесін сүйеп тұрғызып жатып, шөкеге өшіге қарап:
ـــ Сен … ـــ деді өңі сұстанып, көзі қанталап:
ـــ Ей, … сен маған қалайша бұлай қол тигізесің! ـــ деді батырда бақырауық түйеше барқырай шатынап, шөке өзінің ет қызуда артық қимылдап алғанын ойласа да енді жуып-шайғанға келмей қалғанын аңғарып, күйеу балаға бұрылды да:
ـــ Енді қайтып кет! ـــ деп өзі бұл даудан басын ауашалағысы келіп есікке беттеп бара жатқан еді, шөкенің күйеу балаға айтқан сөзі бөкенің шымбайына тиді:
ـــ Мына үйдің келгенін-кеткенін, үлкенін-кішісін басқаратын адам шыққан екен, ـــ деді ызбарлана. Шөке есік көзіне барып кейніне мойын бұрған еді. Әкелі-балалы екеуі өзін ішіп-жермен болып ызбарлана қадала қалған екен.
ـــ Бөке.. Болды, енді, тоқтат! ـــ деді мәкен шешей мына арбасудың артына алаңдап.
Шөке әкелі-балалы екеудің ішкі дүниелерін бірер жолда-ақ айпара етіп алғанына кектеніп кетті. Сөйтседе өзін тежей, үн-түнсіз үйден шығып кетті. Шөке үй сыртына шыққан соң да бөкенің ‹‹жанын бағып алмай, жалбыр тонның›› дегенін естіп қалды. Ойламсыз әке мен әңгүдік ұлдың мына сөзіне шөке кектеніп кетседе өзін тежеп алды. Әйтеу қашан көрсең бұлардың араларында шыжақ болып жүрген мәкен шешенің: ‹‹бөке, не көкіп тұрсың, тылмен жақты айырмасаң қайтеды. Жалбыр тон болса бағып жырғатқандарың ғой›› ـــ деп өзі үшін әкелі-балалы екеуіне тіліның сұғын қадай еңіреп жүргенін шөке жаны ашып кеңсірігі ашып ұзай берді де, осы ашуда нүркенмен кеңескісі келіп жыти басып солай беттеді. Нүркен өзі жатқан үйге ала қаппен бір қап тезек теріп әкеліп есік алдына төгіп жатқан үстінен түскен шөке: ‹‹нүркен›› деді таяй бере, маңдайынан сорғалаған терін сүртіп, шөкеге қараған нүркен оның ашулы бейнесіне қарап:
ـــ Не, не болды шөке? ـــ деді дегбірсіздене.
ـــ Асығыс едім, қолың тие ме?
ـــ Қайда? ـــ деді нүркен таңырқай.
ـــ Әңгімелессек.
ـــ Қазір ме?
ـــ Қазір.
ـــ Жарайды, ал кеттік, ـــ деді етегін алақанымен сарт-сұрт ұрып-қағып жатқан нүркен.
ـــ Жоқ, мен ат әкелемін сен әзірлене бер?
ـــ Иә, онда тездет менде сусын ішіп, терімді құрғатайын, ـــ деді нүркен жайдары бейнемен. Шөке кейніне кілт бұрылып жебелей басып кетті де, бірдемде екі атты ерттеп шығып келе жатқан еді оған бөке кезіге қалды:
ـــ Қайда, кеттің.. Мырза! ـــ Еді кекесін бейнемен бөке. Бұған шөке шамданған жоқ.
ـــ Қазір қайтып келемін, ـــ деді.
ـــ Қосардағы атың не?
ـــ Мені тектеуге шығып па едің бөке, ـــ деген шөке де оған тік келді.
Нүркен мен шөке аттарына қона ауылдан ауаша шығып бір төбешікке барып аттарын қаңтарып қойып ұзақ кеңесті.
ـــ Мен өзіңді бір жаққа әкету бекіміне келдім, ـــ деді шөке кеңесін төтесінен бастап, нүркен шөкеге аңтарыла қарады, ـــ Шыын айтсам өзіңді бөкенің кісілігіне тапсырып әлек болып жүріппін, әкесінен өткен қанқұйлы, ұрда-жыққа тапсырып жүрген мен де ес жоқ екен, ـــ деді ашулана. Шөкенің көңілін түсінгеннен бе әлде шөкенің өз көңілін енді түсініп жеткеніне ме, нүркен сұңқылдап жылап жіберді.
ـــ Мен өзіңе неше рет жалынғанмын, шынын айтсам бөкенің сен туралы ниеті арам, бұның бәрін айта берсем ағайын арасына от жаққандық болатын болып үндемегенмін, бүгін қотырды өзің тырнаған соң ашқаным, ең жақсысы бұл жерден басыңды алып қашқаның жөн, ـــ деді нүркен жылап отырып, шөке енді білді, нүркенде талай сұмдықтың жылытын білдіргенін ойлап:
ـــ Осы күйі кетейік нүркен! ـــ деді шөке өзінің осы ниетке жеткенін айтып. Шөке мен нүркенді аңдуылдап жүргендей бөке олар отырған дөңнің шығысындағы тұмсықшадан оқыс шыға келді де тура көздеріне қарай беттеді. Шөке оның енді не сұмдықпен келе жатқанына күдіктенгенімен отырған орнынан қозғалмай отыра берді. Жақындап келген бөке ыржыңдай тұрып:
ـــ Кім екен десем, құрғақ тұлыпқа мөңіреп отырған ғашықтар екен ғой, дәмені ит жеседе көңіл баяғыдай деген осы ғой, ـــ деп тіліның сұғын қадап алды. Енді шөкенің де аянары қалмағандай кектеніп кетті. Мұндайда әрі нүркенің жанында мөлиіп отыру да намыс қой:
ـــ Бөке.. ـــ деді дауысы қатқылдау шығып, ـــ Мен сені қалтасында жемі бар, көңілінде елі бар, өз бақытын адалдық, адамгершілікке қия алатын дәрменді азамат екен деп жүрсем, қотан айлана алмайтын қортық екеніңді қайдан білейін, ـــ деп салды. Мына сөзге бөкенің кесер басы қызарып сала берді.
ـــ Алтын тұғыр қойса да қаз қаңқылдап қона алмас, ـــ деген осы екен ғой. Ауызың асқа, иінің киімге жарып есіркегенді қоймай, біреудің аузындағысына таласқан нақ қортық сен емес пе, ـــ деді бөкеде әр сөзін тістене сөйлеп.
ـــ Қаңқылдаған қазға алтын тұғырдың не керегі, еркіндігі бар, теңдігі бар сазды көлім артық.
ـــ Амал не, әкем де нақұрыс, желқом салып, басқа көзге төпелей, тепкілеп контулақ ететін жабыны мәпелеп басқа шығарып.
ـــ Артым азап, алдым сор болса да әркімнің өз жұлдызы өзіне.
ـــ Сенің жұлдызың әркімнің есігінде тапталып шыққан ит сиер итаяқта көрермін көсегеңнің көгергенін қойып, кенезең кеуіп өзеурегеніңді… ـــ деген бөке сөзіне нүркенің шыдамы кетіп жылап жіберді.
ـــ Өрмекшінің торындай тоқылған ел мен жан ұяңның берекесін бүлдіру арам көңіліге оңай болғанымен адал көңілге симайды. Кедейлікпен, кепсеңдік жазмыштың құрыштай етіп құйып тастағаны деп ойлама, ертең-ақ бейшәрәсініп тұрған жандарыңның айы туып, күні күлері мұнда бөке, ـــ деген еді.
ـــ Ойпыр… Ым… Ай! ـــ деді атының басын бұрып, ай мен күнге қолын созған мырзам-ай. Қақпыш шақай, қатқан шалбарыңды оңап алшы әуелі, ـــ деді миғынан мырс-мырс күлген бөке атын тебіне.
ـــ Бұл табиғаттың тас кітәбіндә емес, адамның асқақ рухымен кілтін табатын ақиқат, оған сен бойлай да жетеде алмайсың.
ـــ Не болды, сендерге салғыласып, бұл ерегестен не өндіресіңдер! ـــ деді нүркен арашаға түскендей жыламсырап.
ـــ Қан жыласып табысқан едік, қан ұстастып айырылсудың алды ـــ деді шөке ашуда.
Шөке мынау өмірде құлын-тайдай тебісіп өскен, бір ұйада мейірге бөленіп, егер-егеспен ертеңіне ентелеп келе жатқан бөкеге көңілдегісін сарқа айтып алғанына кеңіп қалғандай бөкенің ту сыртынан көзімен ұзатып салып отырған еді. Атының басын кілт тартқан бөке ердің қасына ілген садағына қанжығадағы қорамсақтан бір жебені салып адырнасын кере тартып екеуіне кезеп тұра қалғанда нүркенің зәресі кетіп шөкеге тығыла бергенімен шөке міз бақпай қасқайып отыра берді. Бөке кілт қолын бұрды да жебені қоя бере салған еді. Зулап жеткен жебе қаңтарулы тұрған шөкенің атының үстіндегі тоқал ердің қасына дір етіп қадала қалған еді, бөке өзінің айбатын асырғандай мәз болып ыржың-ыржың күліп жолына түсіп кете берді. Шөке бөкенің қаны қарайып өліспей, беріспейтіндігін ұғындырып кеткенін аңғарды да, орнынан шапшаң тұрып ер қасында шаншылып тұрған жебені жұлып алып садағына салды да олда зулата қоя берген еді. Жебе жеткен жерден бөкенің шошақ тұмағын ала түскенде бөкенің астындағы ат жалт берген еді. Бөке ауып қала жаздап барып оңалды да, артына мойын бұрып, жерден еңкейе тұмағын іліп алып желе жортып кете берді.
* * *
Тұтқиыл атылған оқ дауысы батырдың ауылын аласапыранға түсірді. Қырғи тиген топ торғайдай дүркіреп қотарылған ел шулап-шұрқыраған ауыл адамдарын ат кеудесімен соға келіп, батырдың қамданғанына да үлгіртпей ордасының маңдайшасынан құрал аузын үңірейте сұғып жіберіп, ‹‹қыбырламай орындарыңда тұрыңдар, әйтпесе мүрдем кетіремін›› деген дауыстан үй ішінде бейғам отырған батыр, бөке, шөке, көке болып бір бұрышта үрпие қыбырсыз қалды.
Бұл күнде қазақтар ішіне қайдан келседе мылтықта пайда бола бастаған еді. Мылтық дауысын естіген батыр алдыңғы рет күйеу баласын ұрып қуып жіберген соң аты шулы құдасы бүлік саларынан алаңдап жүрген болатын, міне ойы дәл келді. Айтқандай тұмар бастаған бірнеше адам сау етіп үйге еніп келді. Бойы еңгезердей, сүйекті, қоңқақ тұмсық құмар сарқуаң мұртын екі құлағына қарай тәртпеке түсіре иіріп қойып ـــ Ұстаңдар аналарды! ـــ деді қасындағы азаматтарға, сол-ақ екен, бөке мен батырды бас салған азаматтар қолын артына қайырып, екі аяғын жылқыша тұсады да, аяғындағы байлау мен қолындағы байлау аралығына тұтамдай ағашты салып жіберіп бұрағанда басын кегжитіп, аяғын шалқалата тартқан бұрау олардың құлында-құлынын шығарды. Шөке енді таныды. ‹‹Ойбай бикенің барған жері бардам, батыр ел екен, атасы орыстарға ‹‹жалақшы›› болып жол бастайды екен де, оның айтқаны алғыс, қара деген қарғыс екен, азаматтары бірден мылтық ұстайды›› деген батырдың құдасы, бикенің атасы осы екенін танып ара түскісі келіп:
ـــ Құда.. Құда, кешіріңізші ـــ дегенше енді бір азамат оның құлақ шекесінен қара мылтықтың аузын төсей қойды да ‹‹қыбырламай тұр›› деді зекіп.
Батырдың әйелі де шөкенің ‹‹құда›› деген сөзінен есін жинағандай еңіреп сала берді.
ـــ Құда-ау, айып бізде, ат-шапан айыбыңды алып, шыбындай жанымызды қия көр құда, ـــ деп зар иледі.
ـــ Тентіреп кетпей, теңін тауып барған қыздарың іргемді аттағалы әке-шешем деп етегін жасқа толтырып, сағыыш зарығын бассам еді-ау деп әрең келгенде сондағы көрсеткен сыйлардың сол ма, қане әлді-әлсызды желкелей берсе көр желкелегенді, немерем анау, жыртқыш көріп қайтқандай барғалы шошып ауырып жатқаны, ол жазатайым болсын бәлем, жер түбіне бір-ақ тықпасам атым ошсын, ـــ деген тұмар екі аттап, бөкенің алдына келді де, қылышының ұшымен иегінен көтере қайқайтқанда-ашулы құдасының сол күнгі ұлына көрсеткен зтпен қылышын шұрқылтайынан қорс еткізіп тығып ала ма деген бөкенің өңі күн жеген шүперектей болып көзі жасқа толып кетті.
ـــ Әспенсіген неме, жуас ауыл, момын елге қоқаңдап құйрығың теңкиіп алған екен, әдебіңді басып қояйын, ـــ деген тұмар қылышты кеңірдегіне батыра түскен еді, батырдың әйелі тұмардың аяғына жабыса кетті.
ـــ Кешірші, құда-ау, кешірші, айыбыңды алда, кешір! ـــ Бұны елеген тұмар болмады. Бұрауды шыңғырта бұрағанда басы мен құйрығын қайқайтып айбар шегіп жатқан кесерткідей қайқыйғанда барып бөкенің кеңірдегінен қылышын түсірді де, енді батырға бұрылды. Батырдың бұрауын бұрағанда доғаша иіліп байқұстың белі опырылманға жетіп, көзіның қарасынан ағы дендеп, маңдайынан аққан тер бүтін жүзын жуып, шығар-шықпас есі қалғандай ыңқылдап жатыр еді. Тұмар оның қайқиған белін қызыл саптамамен басып қалған еді. ‹‹бақ›› деген дауысы шығып кетті:
ـــ Тонды ұлыңды қанға малшытып, қызыңның шашын жұлып, нағашым деп келген сәбидің жүрегін шайлықтырған антұрған, малғұн ـــ дегенде шешесінің құшағында тұрған көке тұмарға оқша атылған еді оны тұмардың екі азаматы ұстай алып иығынан баса қойды.
Шөке тұмардың бұлай айғұлақтануы батырдың үйін қырып-жайпай кету емес, ‹‹судың да сұрауы болатынын››, ‹‹иттің иесі, бөрінің тәңірысы бар›› ын ескертіп танытып қоймақшы екенін аңғарып қыбырсыз тұрған еді. Тілін тартпай жұлынған көкені шынтақтан қаға үнін өшіре қойғанын, оны көрген шешесі мүкейдің шыжалақтап, ‹‹құдай-ай, құдай, өлтірді-ау, қайттым-ау, қу құдай›› деген зарын естігенде шыдамы кеткендей болған шөке басына төселіп тұрған азаматтың құралын жұлып алды да қайтып тұмардың жігітінің басына кезей:
ـــ Болды құда, жетер енді, бірге-бір, есеңді жібермедің, ـــ деді қабағы қарс тұйылып.
Шөкенің ұлына ара түсіп құтқарғанын, келіні бикенді де құтылтып шығарып жібергенін, әрі байқұстың мың өліп, мың тірілген кешірмесін келінінен естіп білген тұмар, оның қазіргі шапшаң қимылына сүйіне қарап екі аттап жанына келді де:
ـــ Мына неме басыңа тышып, бақыт құсыңа талассада тағы да мейір көрсетіп тұрсың, осындай кісілігіңді осы антұрғандар түсінеме осы? ـــ деп саспай тұрып-ақ, шөкенің қолындағы мылтықты босатып алды да, ـــ Өзіңе рақымет айтам балам, сенің ара түскеніңді ұлым жеткізді, құда боламын, рақаймен өтемін дейді екенсіңдер ертең өзің, келінімнің шешесін, басқа дос-жарандарыңды ертіп дәмге барыңдар! Егер бармайды екенсіңдер он күн тосам одан кешіксеңдер бұл маңда тірі тұрам демеңдер, өздерің де дұшпандықтарыңды әйгілегендерің! ـــ деп кесете бұйырды.
Шөке тұмардың алып денелі, өңі қорқынышты адам екенін қасына келгенде байқады. Онымен қоймай бүгінгі мына жазасы, соңында дәмге шақыруының барлығы ‹‹ақылдылық›› деп ойлады да, үнсіз басын изеп мақұлдық білдірген еді. Тұмар мәкей шешегеде мойын бұрып, ‹‹Келістік осылай құдағи›› деген еді, шайлы жүрек, биліксіз шеше жан тәсілімнің аз алдында жатқан күйеуі батырға қараған еді, тұмар:
ـــ Ой, бо.. Ой.. Құдағи, есірікке қараған ақылыңа болайын, ـــ деді мысқылдай.
ـــ Болады құда, болады, ـــ деді батылдана түскен көзі жасты мәкен шеше қауқалақтап.
Тұмар азаматтарына тек ишаратпен ғана үйден шығарып кетті. Шөке батыр мен бөкенің байлауын шешіп алды. Көкеде есін жинады. Ат тұяғы дүбірінен тұмарлардың аттанып кеткенін аңғарды. Ауыл адамдары да батырдың үйіне жабырлап келіп жатты. Мүсіркеңгі, сағы сынған әкелі-балалы екеу жиналған елге кібіртіктей қарап, жасқаншақтай берді.
Батыр тұмарлар кеткен соң орнынан неше күн бойы тұра алмай төсек тартып жатып қалды. Бөкенің үсікке шалынған тоқтыдай құйрығы бұраңдап, белін зорға көтеріп әреңге жүрседе, жүзы талақтанып әбден ашуға булыққаны беп-белгілі.
ـــ Қарғам шөке болмаса, қара құйынша келген дүлейлер қырып кетер еді, ـــ деген шешесінің сөзін көке жүптей ‹‹шөке ағам нағыз батыр екен ғой›› деп әкесі мен бөкені мұқатқандай болған еді. Бұған бөке жарылардай:
ـــ рақымет… Шөке бірге-бір болды, ـــ деді дауысы қарлыға.
Шөке бөкенің мына сөзіне жарылардай ашуланды. ‹‹бір кезде мен сені қатерден құтылтқан едім, мынау соның бодауы болды›› деп тұрғанын түсініп тұр. Бұндай ойды өзі ойлап көрмеген шөке ‹‹есептескен ел болмайды›› деген рас болса, мынау туыстық борыштылық, адамгершілік емес ‹‹бірге-бір›› деуін қарашы деп ойлады да, бөкеге алара қарап, ар жағынан түйдектеліп келген зөдерін төгіп жіберейін деген еді, оның көңілін тағы мәкен шеше түсіне кеткендей:
ـــ Бөке, сен неге көкіп сөйлей бересің, екеуің бір үйде бір итаяқты жалап өстіңдер ғой, біріңнен біріңды кем көрмей егіз қозыша өсірген едім, енді ылғида қызғаншақ иттей ырылдасуды бастайсыңда тұрасың, менің алдымда мұндай берекесіздікті көрсетпе! ـــ деп қатаң келді.
Осы күннің ертесінде батырдың мақұлдауымен шөке, мәкен шешей, бөкенің әйелі, көке, нүркен бастаған он бір адам жол азықтарын толықтап алып тұмар құданың ауылына аттанып кетті.
* * *
Шөкелердің тұмар ауылына шыққанына үшінші күн. Тұмар жарым күндік жолдан азаматтарын алдарынан шығарып қошәмет білдіріп алды.
Тұмар ауылы сырт көзге салтанатын асырып, айбатын асырып алған екен. Қатар тігілген тоғыз киіз үйдің өр жағында екі бөлек дөңбек үй тұр, құдаларға әзірлеген үйдің дүние-мүлкі көз тартады, ауыл маңындағы төрт түлік малдың топаны тым мол көрінеді. Тіршілік күйбеңінде жүрген ауыл адамдарының қас-қабағынан-ақ берекелі де іргелі ел екені айтпай-ақ көрініп тұр.
Құда, құдағилар мұндағы үлкен орда атанатын тұмардың үйіне келіп түсіп көкқасқа тайға бата жасаған еді. Арт-артынан отаулар мен көршілер шақырып, үш күн бойы ойын-той, дыр-думан болды. Осындай қарбаластық арасында тұмар шөкені ауашалап шақырып жатыр деген соң, жекелеп шақыруында бір сыр бар-ау деп күдіктене келген еді. Тұмардың жанында бикенің күйеуі де отыр екен, сөзді әуелі сол азамат бастады:
ـــ Сізге борыштармын, бикен өзіңді көп айтады. Біздің бүгінгідей үй болып қосылуымызға да, бұл рет жуан жұдырықтан да аман алып қалып, жардам қолыңызды созғаныңызға рақыметымды айырым айтуға шақырып отырмын, ـــ деген ұлының сөзін тұмар жүптей:
ـــ рас, әуелі рақымет айту, мінер атың, киер тоның дайын, ең әуелі мені ұрда жық, әпер бақан адам екен деп қалма, мақұлыққа мақұлықша жауап қайтармасаң сөзің өтпейді, міне құдағи бастаған өздеріңді шақырып отырмын. Бұным иттікке адамгершілікпен жауап беру ـــ деген тұмар, ерніне салған насыбайын шырт-шырт түкіріп алды да, ـــ Сенің жайыңды бізге бикен әбден түсіндірген, қабыл көрсең ауаша шақырғанда айтар зәредей ақылым бар. Көну-көнбеу еркіңде. Сен үшін батырдың ауылында тұрудың енді қажеты қалмағандай. Жөн көрсең нүркен екеуің осында қалыңдар, қалған жұмысты жүре жүріп көрмейміз бе! ـــ деп тынды.
Шөке мына сөзге ойланып қалды. ‹‹ырылдасқан тірлік. Енді оң бетін бермейді›› демекші тұмардың бұл айтқаны да рас, бірақ дәл бұл жолы шеше орнында жүрген ақ көңіл, мейірімді мәкейді жалғыз жіберіп өзінің қалып қалуы орынсыз екенін ойлады да:
ـــ Бұл ақылдарыңыз орынды, деседе, дәл осы жолы нүркен мұнда қалсында, өзім мәкей шешейді жеткізіп тастап барып қайта оралсам да кеш болмас, ـــ деген еді. Әкелі-балалы екеуі де дән разы болып:
ـــ Солай болсын онда, бикен әпекең, мынау жездең жамандық көрмейсің шөке, ـــ деді орнынан тұрған тұмар қалбырақтай.
Құда-құдағилар төртінші күні сиыр түс мезгілінде аттанды. Бикен шешесінен жылап айрылды. Топаны ондай ірі қара мал айдап, бір түйе жүкпен аттанған құда-құдағилар ауылдан ұзай берді. Бикенің қасында нүркенді өзін қимастық сезіммен ұзатып тұрғанын шөке аңғарып:
ـــ Ал көріскенше күн жақсы ـــ деп желе жортып ұзай берді.
Құмар ауылынан көңілді қайтқан мәкен шешей жол-жөнекей адамгершілікті ауылға келген қызы бикенің бақытты боларына сеніп ауыз жаппай мақтаумен болды. Артынып-тартынған шөкелер батырдың ауылына үшінші күні кеш оралды. Батыр мен бөке бұларды құтырына қарсы алды. Ең әуелі айдап келген он неше ірі қараны бауыздатып санын сан, қолын қол етіп ит-құсқа тастатып, жемтік етіп көмдіріп тастаса, мақұлық батыр мәкей шешейді еш жазықсыз аттан түспей жатып қамшының астынан алған еді, шешесіне арашаға түскен көкені де еш жазықсыз желкелеп жіберді. Бақ таластық басын айландырып, өшіктіре бастаған әкелі-балалы екеуге шөке бұл рет жасқанбай ұмтылды. Әсіресе әйелін басы-көзі демей сойылдап жүрген батырдың қолындағы қамшыны жұлып алды да тізесіне салып екіге опырып лақтырып жіберіп:
ـــ Бұл қай құтырғаныңыз, ‹‹таз ашуын тырнап алады›› дегендей. ‹‹ерегескен ел болушы ма›› еді. Жіберген өзің, енді не жетті? ـــ дегенше бөке шөкенің ту сыртынан келіп дойыл қамшысымен басына орай тигенінде бейғам тұрған шукенің бетін қан жауып кетті.
ـــ Тексіз, қортық, қаңғыбас, әкемнің жағасынан алатын кім едің сен? ـــ деді айғұлақтана үзеңгісіне шірене тұрып.
ـــ Еліңнің берекесін, кеңірдегің мен нәпсіңнің құлына айналдырған нағыз қортық сен, ـــ деді шөкеде бетіндегі қанды сүртіп жатып.
ـــ Ұстаңдар мынаны, табанын тіліп тұз сеуіп, өзін сірілеп тастаңдар! ـــ деді бөке айғайлап.
ـــ Еркекше сөйлесең қайтеды, ـــ деді шөке тілін тартпады.
ـــ Ой, азбан, қаныңды ішіп, қасыретыңды тартқанда сонда көресің.
Тобыр адам бөкенің амырымен шөкені тырып еткізбей байлап алған еді. Шөке сондада тілін тартпады.
ـــ Біреудің басына құштар болған адам, өз басының тағдырынан жұда болмаса игі, ـــ деген шөке сөзі бөкеден гөрі батырдың ескі жарасын тырнап кеткендей болды. ‹‹Мына антұрғаның көкейінен зыт өшпеген ұқсамай ма›› деген батырдың маңдайынан сұп-суық тер бұрық етті де, шөкенің отты жанарынан жасқана берді.
Шөкені тыртыстырып байлаған адамдар сүйрелей ‹‹жаза үйі›› дейтін. Батырдың айырым тіктірген қараша үйіне енгізіп алып кетті.
* * *
Тұмар ауылынан шөкенің аттанып кеткеніне жетінші күн болды, әлі оралмағанына нүркен алаңдай бастаған еді, тұмар тыныш жатпай жансыз жіберіп біліп келуге аттандырған еді. Ұзамай шөке қолды болып, сірленіп, қинауға алынып жатқан хабары тұмарға жеткенде мына батырдың елдесу емес, жауласуға бел байлағанын ойлаған тұмар тәуекел деп ауылына ат салудан басқа жол жоғын ойлап әзірлік көре бастады.
* * *
Жеңсіз күрмені теріс кигізгендей шылғи түйе терісін шөкенің кеудесіне кигізіп арқасынан көктеп тастаған түйе терісінен жасалған сірі күн өткен сайын шөкенің тынысын тарылтып, шыдамын кетіре бастады. Жазғытұрымғы күн көзінен түскен жылудың сіріні құрыстыруының әлсіздігіне көңілі олқысынған бөке, шөкенің үстіне су құйғызып, екі аяқ, екі қолынан азаматтарға кердіріп тұрып ортаға жаққан оттың қызуына қақтатып, сіріні тіпті де кептіруді бұйырды. Қол-аяғы байлаулы шөке мұндай қорлыққа көмбесіне амалы да жоқ еді, от жалыны өзін қара терге түсіріп, қошқыл түтін қолқасын қауып, ыстық өткен сайын құрыса түсетін сірі екі бүйірін бүре түскенде тыныстап дем алуы әлсіреген шөке талай рет есінен айрылып кетседе қайсарлығына басып жата берді.
Бөке шөкені басын шауып немесе бір жебемен атып қана мүрдем кетіргеннен гөрі осылайша шыбын жанын қинап таубасына келтіріп өзін мойындатқысы келгенімен барған сайын қайсарланып өз ?? Шөкеге бүгін өзі бет екі кезігуге келді. Есіктен талтаңдай еніп, ???? Сөйлеген бөке шөкенің мына кейпіне мысқылдай бір күліп алды да:.
ـــ Кезінде құтқарғаным, дәл осы азапты өз қолыммен тарттыру болатын. Енді міне, мына бейшәрә халыңды көргенде шерім тарап, мұратыма жеткендей болып отырмын, ـــ деді. Өңі қара талақтап.
Сақал-мұрты қаптай болып кетседе, көзі отты шөке, бөке алдында өзін әлі зор ұстап, қайтатын емес:
ـــ Сенің ерлігіңді білемін, бала күніңде де басқалардың астында жатып: ‹‹тұрсам, көрсетем›› дейтін ынжық болатынсың, әзір азамат болсаң да әлі сол қалпы келесің, әйтпесе байлап-матап алып, ерленіп отырғаныңнан ұялуың керек ғой, ақымақ, ـــ деді.
ـــ Астында жататын өзіңсің шөке, нең қалды сенің? Сөйтіп жүріп қатыннан дәмелі ақымам.. ـــ деді бөкеде тістене.
ـــ Ол біздің еркіміз, қолың жетпеген соң ішің күйіп барады ғой. Ондай перизәтті саған қор еткенше өз қолыммен бауыздап жанын жаﮬаннамға қоя берсем деп әкеткенім арас.
ـــ Қасыңа екі күн жатса үшінші күні өзі-ақ қожырап шыққанда көрермін әуселеңді, ـــ деген бөке әлі де сағы сына қоймаған шөкені жазалай түсуді бұйырды да үйден шығып кете берді.
* * *
Кешкі ымырт ұйырылып, мал қораланып ел орнына отырған шақ, шөке жатқан үйге тұтқиыл көке асығыс еніп келді де:
ـــ Аға…. ـــ деп өзін бас салды, ـــ Қандайсың аға, шешем жіберді. Өзі қал үстінде жатыр, мына жендеттердің таяғынан бас көтере алмай ақыры өлетін ұқсайды, ـــ деді сыбырға жақын дауысымен шөкені құшақтап жыламсырай.
ـــ Қалай кірдің көке, күзетші… ـــ дегенше көке:
ـــ Олар мен ас беріп асыраған күшіктер, тілімды бұрмайды, және қойнын толтырып қойдым, енді бұл жерден құтыл аға! ـــ деген көке шөкені босатбақ болған еді, шөке:
ـــ Тоқта көке.. Тоқтай тұр! Дала толған аңдушы құтыла алмаймын, өзіңнің басыңа қатерге жолама, ең жақсысы шешеңе қара! ـــ деген еді, көке оның сөзін бөліп:
ـــ Шешем жіберді аға. ‹‹сені құтқар! Маған қарайлама, ағаңмен бірге бұл ауылдан кетіп бикенді панала›› деп жіберді, ـــ деген көке пышағын алып шығып шөкенің сірісінің сыртынан тіккен көгін қюға әбігерге түсіп жатып, _ астыртқа екі ат әзірлеп қойдым, солай жетсең болды, ـــ деді.
ـــ Ендеше сіріге әуіреленбейік көке, етіммен ет болып әбден құрысқан сірі саған бой бермейді, кетер болсақ осы күйі кетейік, бірақ, күзетшілер…
ـــ Біз үйден шыға бере, күзетшілер ‹‹қашты›› деп айғай-сүрен салып хабарлайды. Болмаса ол байқұстардың күні де қаран болады ғой. Осы орайда біз аман-сау атқа жетіп алсақ болды, ـــ деді көке.
Көкенің жаста болса алды-артын болжап, келер-кетерге сақтана орналастыру жасаған пысықтығына шөке разы болып кетті. ‹‹рақымет көке, ал кеттік›› деп екеуі есіктен баспалап шығып қараңғыға сүңгіді, ‹‹қашты, қашты›› деген айғай ауылды басына көтерді. Ауыл бірдемде қараңғылықта аласапырандыққа түсті. Бұлт астында қыдырып жүрген ай жарығы төңіректі әлі де айқын көрсетіп тұр. Шөке мен көке белегірдің астына аман түсіп екі атқа іліне бере аттың кейнінде жасырынып тұрған бөкенің шыға келгенін көргенде, көке абыржып қалды.
ـــ Иттің қана баласы, ـــ деп қылышын қынабынан жалт-жұлт еткізіп суырып алып айқұлақтана ұмтылған бөкеге ‹‹аға›› деп көке тұра жүгіргенде шөкеге сілтенген қылыш көкенің иығынан шауып түсірді. Көке майданда кескен шөркедей құлап түсті.
Шөке бөкенің қылышын елең құрлы көрмей жығылып түскен көкені құшақтай алды. Алдеқашан жаны шығып кеткен екен. Бөке өзінің оқыс қимылына өкініп қолындағы қылышын тастай беріп тұрған орнында сілейіп қалыпты. Бұл кезде қашқынды қууға шыққан ауыл азаматтары да арт-артынан мұнда қара шыбынша қаптап, істің насырға шапқанын көріп үнсіз дағдарысып қалған еді. Іле-шала келген батыр жерде сұлап жатқан көкені, оны құшағына қысып отырған шөкені, сілейіп тұрған бөкені көргенде у шыққан жағдайды айтпай аңғара қойды да сілейіп тұрған бөкеге қара найзасын қорс еткізіп салып жіберді де өкіртіп түсірді. Еңірей барып көкені құшақтады. Шөке бұлардың бұл қырқысының біреуіне де назар аудармай ауылды бетке алып кете берді. Бұл жолы шөкенің жолын ешкім тоспады. Шөке барған күйі мәкей шешейге енді. Ауру азабынан арсы-күрсі болып ыңқылдап бір-ақ уыс болып жатқан мәкей шешейді көрпесімен қоса алдына балаша көтеріп далаға шығарған шөке сай тағанындағы топты адамға қарай алып келеді.
Халы төмендеп, сөзден де қалған мәкей шешей шөкенің келгеніне қуанғандай көзіның қиығымен бір қарап қыбырсыз жата берген. Өмірі мақұлық еркектің дойыр мінезіне тап болып өткен шешейдің қол-аяғы сылқылдап бос қалыпты. Бетіндегі қылыш табынан қалған терең тыртығы, шүйкедей болып ұйысқан шашы оның өміріндегі азабының айғағындай, шөкені еріксіз еңіретті.
ـــ Бұл өмірде не рақат көрдің шеше, әкеден, шешеден, күйеуден, баладан да не бақыт таптыңыз, қамыққанда қамқор болып, таяқ жесеңізде мен үшін араға түсіп жүруші едіңіз, әуелі анау тинамдай жаны шыжақ болып жүретін сүт кенжеңіз көке не болды, анау ырылдасқан әкелі-балалы екеуі жазым етті, енді әкелі-балалы екеуі ырылдасып жатыр, сол көкеңіздің сүйегін көзіңызбен көріңіз, бала күнімнен маған мейіріңізді төгіп қамқор болып келген едіңіз, енді ‹‹құтқар›› деп көкені жіберген екенсіз, сіз маған шеше мейірін түсіндірген, шеше жүрегін танытқан қамқор жансыз ғой, менде өзіңізге мәңгі қарыздармын, ـــ деп еңіреп келе жатқан шөке, аяқ-аяғына тимей мәкей шешейді мынау топтасқан адамдар арасына алып келді. Шөкенің мәкей шешейді бұлайша көтеріп келгеніне таңырқаулы еді, тұп-тура бөкенің мүрдесінің жанына әкелгенде бірақ түсінді.
Шөке мәкей шешенің бетіне қараған еді, көз жасы жүзын жуып, талаураған ерні әлденені айтқысы келіп жыбырлап келді екен. Келген күйі көкенің қасына әкеп ақырын қойды да, мәкей шешейдің жүзіндегі жастарын сүртіп, одан көкенің басын шешейдің кеудесіне таман әкелген еді. Шеше байқұс қолын созғандай болды. Шөке шешесінің қолын көкенің жүзіне тигізген еді. Мәкей шешенің қолы дірілдеп кетті. Әлденені айтқандай ернін жыбырлатқанын көрген шөке мәкей шешенің аузына құлағын таятқан еді. ‹‹Ке.. Е.. Т›› деген сөзді зорға айтты да сылық етіп жан үзді. Шөке оның көзін алақанымен жауып орнынан тұрды. Жиналған ауыл адамдары, батыр, санынан жараланған бөке болып шөке мен мәкей шешейдің әр қимылдарына қадала қарап еңіреп тұрған екен. ـــ Шеше,.. Шеше ـــ деген бөкенің дауысы қасыретты шықты. Бұл қасыреттың соңы бөкенің әйелінің, ауыл адамдардың зарына айналған еді. Осы шуылды ауылдың бір қарты тоқтатты.
ـــ Тоқтатыңдар, тоқтатыңдар енді, аруақ көз жұмды дегенмен көкірегі ояу, тірі де сыйласпай, өлгенде жыласудың не қажеты, итше ырылдасып, қасқырша таласқан өмірдің соңы осылай болатында жөні бар, болды енді, аруақты арулау жұмысына кірісіңдер, сүйектерді марқұмдардың үйіне кіргізіңдер! ـــ деп басу айтып, тіліның сұғында қадап алды.
Бұл кезде таң атып жер жүзын жарық сәуле қыдырып кеткен. Шөке осы күні мәкей шеше мен көкенің жерлеу расмиятын орындап болған соң атына мінді де үн-түнсіз ауылдан шығып кете барды.
* * *
Шөке ауылдан ұзап шықпай-ақ өзін құтқаруға шыққан тұмардың бір топ азаматтарына кезігіп қалып олармен бірге тұмардың ауылына бет алды. Шөкенің келуін сарыла күтіп, екі көзі төрт болып отырған нүркен, тұмар, бикендер шөкеден елдің хал-жайын сұрап ақтарылып қалды.
Шөкенің етіне батып, сүйегіне жетермен сіріге мұншалықты қайсарлық көрсеткеніне ел болып таңдай қағысты. Сіріні алып тастау үшін әуелі жылқы майын жағып жібітіп барып, көктеулерін бірден кесіп жүріп, зорға ағытты. Шөкенің үстінен сірі түскенде еттері ойылып сірінің батқан орны ақ жем болып қалған екен. Шөке сірі алынғанда тынысы кеңіп қалғандай болғанымен өн-бойынан жел аңқылдап, сіріге сүйеніп алған денесін еркін билей алмай әреңге көнді.
Тәңертең ертемен тұрған шөке, батыр ауылында болған жағдайды тұмар ақсақалға жеткізіп, ұлы карілерді шақырып алып шешесі мен бауырының өлімін бикенге естіртті. Жылап-еңіреп қайғы бүркенген бикен ертесі күйеуін және атшы, қосшыларымен төркініне жол алды.
Шөкенің аман оралғаны тұмар карияны қуантты. Тұмардың өзінің ендігі мақсатқа алған ойы, нүркен екеуінің басын құрап беру екенінде жасырмады. Шөке тұмардың бұл сүзіне қысылып тіс жара алмағанымен нүркенге кезіккенде той жасау дегеннен күдерін үзуін өтінді де нүркенге ел ішінен бір қолайлы азамат тауып ұзатып қоятынын білдіргенімен бұған көнген нүркен болмады. Сөзсіз озымен той жасауы керегін, өзінің қайтседе өзінен айырылмайтынын білдіріп тістей қатқан соң, шөке:
ـــ Мен сені жолбарыстың аузынан аман алып қалу үшін ғана той жасаймын дегенмін. Бұл екеуміздің де өмірді де махаббатты да алдауымыз. Ораты келгенде жолыңды тауып бақтыыңды іздеуіңе рұқсат дегенді ескерткен еді нүркен:
ـــ Жарайды шөке, тойы өтірік екен деп ешкімде айтпайды. Осы етегінен ұстағаным ұстаған ـــ деді наздана. Нүркенмен осылайша амалсыз той дайындығы басталды.
* * *
Қия беттен атын аз желдіріп әндетіп бара жатқан жігітке ауашада сырласып отырған шөке мен нүркен қызықтай қарады. Әсіресе, шөке еш уайым-қайғысыз, он екі мүшесі сау азаматтың дүниені алшысынан басып бара жатқан бейнесіне іштей қызғанып кетті. Адамға кедейлік, тірліктегі михынаттың ауыртпалығы мен азабы жуса кететін кір сайқты уайым-қайғы болмайды екен. Қайта сол бөгеттіктер мен қабысқан пәледен құтылу үшін адам асқақ жыгер арқалап, ертеңіне ұмытпен қадам басуына қамшы екен емес пе. Ал мына кем салиқалық орны толмас өкініш. Төбеңнен ұрып тұрған тоқпақ сынды, әйтеу ептеп жігеріңді жасытып, рухыңды майырып қара жерге қайтып кіргіземін деуден басқа бақыты да жоқ екен. Міне осындай уайымдар шөке көңіліне түйнектелгелі қашан. Бүгін той дайындығын ақылдасамыз деп отырған мына отырысында желгесінен зыл батпан бір нәрсе басып көз алды қарауытып барады. Бөке айтқандай: құрғақ тұлыпқа мөңіреген сиырдай, нүркен өзіне еркелегісі келгенімен бұл еркелік, бұл наздық жанына түрпіше тиеді. Ең соңы нүркенге өзінің шынайы жүрегін тағы да білдіре кеткісі келіп:
ـــ Нүркен-ау, тілімды алшы, біз ақ көңіл тұмар карияны құр әуреге салып отырмыз, ـــ дегеніне нүркен көнер емес.
ـــ Жақтырмаймын, көңіліме олқысың десең айт, әйтпесе қандай азап болса да озыңмен бірге болуға бекідім, ـــ дейді қасарыса қатар отырған шөкенің тізесіне басын қойып. Шөкеде оның ай маңдайына алақанын апарып, ып-ыстық денесін бауырына тартқан сайын нүркен қойыны-қоншына еніп жабыса құнығып, еніп келеді. Оның ыстық демі өзіне таяғанда шөкенің өн бойы балбырап, жүйке-жүйкесі босап, аймалай берді. Нүркен шөкенің мойнына ақ білегін сала:
ـــ Біздің бақтымыз осы ғой шөке, неге ‹‹болмайды›› деп зәрезеп боласың? Шөке нүркенің мына түсінігінен оның өмірде тек жыныстық қатынас үшін ғанаемес, тату-тәтті тірлік етуді көксейтіін аңғарып.
ـــ Ер-әйел қатынасының орны бөлек ғой нүркен. Бірақ та сенің іздегенің тек ғана берекелі тірлік, еркін өмір болса айтқаныңа көнбей қайтемын, ـــ деді шөке ағынан ақтарыла.
ـــ Менің нағашыларым осы қара тауда деп естігем, алла жол берсе біз той жасаған соң, солай барып олардан бір бала асырап алып, әкем мен шешемнің түтінін түтететін мұрагер тапсақ ـــ деген көңілінде жасырмады. Шөкенің жүрегінен шешіле шыққан мына тоқ етер тұжырымға нүркен дән разы болып оған кенеше жабысып құмарта құша отырып:
ـــ Бәрі де болады, алла берейін десе олда әлі-ақ ـــ деді жүптей.
* * *
Шөке той жасағанына айдан асты. Неге екені белгісіз күн сайын жүдеу тартып еңсесі түсіп, көз жасын бір тимады. Нүркен үшін бұл маңда мұңын шағып зарын төгетін бикеннен басқа ешкімі жоқ еді. Ол бүгін уақытын шығарып бикенге барған еді. Көзі жасты бикенөзін тіпті сар уайымға салды. Бикеннің айтары өзінің төркінінің жағдайы еді. Есіресе әкесінің бұл күнде есінен жаңылып әңгүдік болып ел кезіп, әркімнің есігінде жүргенін айтп еңірей отырып:
ـــ Кім білсін, елдің қарғысы, шешемнің көз жасы әкемді жібермеді ме? Ел аралап қаңғып қайыр тілеп қалыпты. Қайран дәурен ей, біреудің лақтырған сүйегі басын жарып, итпен бірге қораға түнеп жүргенін көргенімде шыдамым әбден таусылды. Жат-жұрттық менің қолымнан не келеді. Бөкеге айтқан едім? Әкеміздің найзасынан бір аяғы кем болып қалған бөке әкемізді өзінің қас жауы санап әбден өшігіп алған екен. Қолымнан келгені шаш, сақал, мұртын бастыртып, бір қабат киім кигіздім де қайттым, ـــ деп сұңқылдаған бикенге:.
ـــ Бұл да тәңірдың ісі, қайғырып қамыққаныңмен амал жоқ ғой, ـــ деген нүркен шөкенің айта беретін ‹‹қанға ортақ адамның тағдырына тәңірдың сиы осылай болар›› деген ойын айтып қалғысы келді деді де өзін ұстап қалды. Шөке батырдың осындай күйге түскенін естігенде тәңіріне шын разы болып ‹‹шіркін батырдың осылай ел кезіп, езгіде жүргенін шешем марқұм көрген болса›› ـــ дейтінін ойлай отырып тағы да ойлады. ‹‹шешем көре алмаса да шешемнің көзі өзім көрдім. Жол болса оның қасыретты қалын көзімен көріп келсем аруақ разы болар›› еде дегебеб есіне алған нүркен:
ـــ Жол болса шөке ауылға бір барып қайтқым бар деп отыр. Тірлікте өзіме ас беріп, өмір сыйлағандығы үшін батырға қолымнан келген жақсылығымды көрсетуге қақылымын ـــ дегенін бикенге ексертіп қуантып тастады.
ـــ Жөн ‹‹бір күндік досқа мың күн сәлем›› деген сол. Біреу дұшпандық етсе, сен достық ет. Өзінен қайтпаса құдайдан қайтады, ـــ деуші еді шешем марқұм деді бикен тұмсығын тартқыла отырып.
ـــ Өзің күн сайын жүдеп-жадап барасың ғой нүркен. Бір жерің ауырып жүрген жоқсың ба? ـــ деді бикен. Бикенің бұл сөзіне нүркен құлақ шекесіне дейін қызарып сала берді. Мүмкін әдейі сұрап отыр ма дегендей қуыстана қарап:.
ـــ Өзім де озыңмен әңгімелесіп шерімді төгейін деп едім, қолым тимей жүргені, ـــ деді тағы бикен.
Нүркен той жөнінде, тұрмыстары жайында сөз қозғалғанда шынымен қыслатын болды. Кейде құдайдың өзін осындай сорлы етіп жаратқанына талай рет өліп алғысы келген. Бірақ, жарық дүние нүркенге ыстық, әр күнгі күйбіңі алдыңғы азабын есінен шығарып әр күнін мимырттап өткізіп келе жатыр.
Нүркен бикенің үйінен тез шығып өз отауына барды. Бағанадан шөке жайындағы сөздің бәрін, оның белсіздігін меңзеп қорлап тұрған сөздей сезіп, жылап та алды. Міне қырсық болғанда бикен мен нүркеннің сөзін бағанадан шөкеде тыңдап тұрған көрінеді. Нүркен үйден шыққанда үйді айланып кете бергенін нүркен байқап қалған. Нды міне отауына келген күйі қабағы қатулы ер-тоқымдарын ерттеп кетудің қамына кіріскенін көргенде нүркен оның ылғи да далаға аң атам, мал қуамын деп кететін қылығының сырын түсініп тұр, шынында шөке көп ойланды, ол үшін далада безу уайымнан арылтудың бірден-бірі жолы осы ғана, сондықтан нүркенде оған тосу болмады.
* * *
Аң атып, ауылды асырау тұмар ауылының дағдысына айналып барады. Әсіресе шөке мұнда келгелі оған ілескен азаматтар аң аулау дегенге әбден құнығып алған. Ылғи да ‹‹жон тау››, ‹‹қара тауды›› бетке алып кететін аңшылар азық-түлігін алып, неше күнде әреңге оралатын. Бүгін бұлар ну орман көмкеріп жатқан қара таудан елік пен бұғыны көздеп шыққан болатын. Жол-жөнекей өздеріне қосылған аңшы жігітті бұлардың мақсатқа алған ойын бұрып әкетті, ол неше жылдан бері бұл өңірде қайтыс болған адамдардың қабырын қазып мәйітті алып кетіп жүрген қара аюдың апанын көргенін айтып, шөкелерді солай жетеледі. Дүркіресіп желдей ескен азаматтар осынау елге тыныштық бермеген қара аюдың көзін құртып, елдің алғысын алуға бекіді. Шөкелерге қосылған аңшы азамат қанша жылдан бері қара аюдың соңына түскен талай аңшы бөлғанімен, бірақ әккі аю, қақпан, тұзақтың бәріне ілінбей талайды сенделтіп, жар соқтырып кетіп жүргенін, бұл жолы өзінің қара аюдың апанын әрең іздеп тапқанын айта келіп бұл жолы қара аюдың көзін сөзсіз жоғалту керектігін айтып азаматтарға жыгер бере түсті.
Күздің қоңыр желі тау ішінде салқын самалмен аймалап, көк садағын асынған орман ішінде алуан түрлі құстар алуан түрлі әуенмен ән салып, түрлі-түсті тиындар бұтақтан-бұтаққа секіріп жүрген көріністер аңшыларды шаттандырып жібергендей көсіле кеңесіп күзеулі жергеде жетті.
‹‹шатқал›› аталатын таужолы жүргіншілер үшін тым күдір еді. ‹‹шатқалдың›› түстігіндегі құзардың етегін ала аңырайған үңгір аузын екінші беткейде тұрып көрсеткен жол бастаушы аюдың осы апанда екенін нұсқады.
Қыс болмаса апан сақтамайтын аюдың табиғатын білетін шөкелер алғаш аюдың үңгірде жатыр дегеніне сенгісі келмеген еді. Мына азаматтың ‹‹Көзіммен көрдім›› дегеніне танбасына да амал жоқ еді. Аюдың иісін тез біле қоятын аттарын аттарын белегірдің астына тастаған аңшылар аю апанына садақ оғы жетер жерге дейін жаяулап келген еді. Жол-жөнекей аюдың әр жердегі қиын, соны шөптері жапыра аунаған орындарын көріп, даланың аңын емес, ылғи да адам өлігін азық етіп дәніккен әккі аюдың бұл күнде әсілгі табиғатын өзгертіп, күндіз апанында жатып, түнде жортуылға шығатынына шөке сезіктенгендей болды да, асты қуыс секі тастың үстінен бекініс алып, апанды аңдумен болды.
Осы күні кеш батқанша сарыла күткен аюдан еш хабар болмады. Енді бір азамат кезектеп аңдығанымен еш сыбыс болмаған соң аңшылар әбден үмітін үзді. Шөке мынау қара тұмсығы күндік жердің иісін білетін аюдың өз иістерін сезіп, апаннан шықпай жатып алды ма? Деген оймен апанға кіріп көргісі келген еді. Басқалар қосылмады. Әсіресе тұмар ақсақал байбалам салып:.
ـــ Оның аты жыртқыш қой шөке, онымен қоймай адам етін жеп дәніккен аю жазым етіп кетеді, жолама! ـــ деп, зәрезеп болғанымен беттеген бетәлісінән құр қол қайтпайтын шөке ақыры тамақ істеуге ала жүрген қоржынның бір басындағы кішкентәй шойын қазан мен пышақ, қанжарларын әзірлеп апанға тартты.
Шөке қасына екі азамат ертпек еді. Бәрі азарда-безер болғандықтан өзі жалғыз кетті. Әсіресе өздеріне ілесе келген екі орыс жігіттің ес мақлұқтың апанна бір өзі енгелі тұрған шөкені көргенде көздері тұздай болып зәресі қалмады.
Шөке баспалап барып апанның ауызына барғанда аюдың әлі де кебе қоймаған жас тезегін байқады да арғы беттегілерге аюдың апан ішінде бар екенін ымдаған еді, тұмарда оған ‹‹қайт›› дегендей қолын бұлғап ишарат еткенімен, жанынан қанжарын суырып алып, басына қазанды төңкере еңкейген шөке апанға сүңгіп кетті. Шөкенің серіктері мына тәуекелшілдіктің соңы немен тынарына алаңдап, көздерін апаннан айырмай пәленің ақырын күтіп отыра берді.
Шөке аю апанның түбінде жатқан болса әуелі өзінің басынан бас саларын межелеп қазанды басына төңкеріп, қанжарын әзірлеп алға ілгерілей берді. Апанның ауызынан ене бере-ақ қолқаны жарған иістен апан түбінде аюдың жатқанына шөке гүмән келтірмей әзірлене бастады. Шөке алдыға ілгерілеген сайын сасық иіс қолқаны қауып, тұншықтырып барады. Батырсынып келіп алып, құрғақ қол шығудан ары намыс болмасын ойлаған шөке тәуекелмен жылжып келеді. Аюдың күркіреген дауысы да білінді. Көзды ашып-жұмғанша басындағы қазанмен бірге өзі де үңгірдің босағасына ұрылып барып, шапшаң қимылмен аюдың бауырына қанжарын қадай үңгір түбіне қарай лып берді. Үңгірдің тұбы тарлығы шөкеге мұндай жақсы болар ма? Аюдың қорбаңдап қайта бұрылғанына үлгіртпей, оның шабына қанжарын тағы салып үлгірді де, қолына ілінген ен қалтасынан бұрай тартқанда өкірген аю үңгір ішін зілзәлә етіп барып, күрс етіп құлады. Шөке аюмен алысқаннан емес, сасық иіске тұншығып, тынысы тарылғанына шыдамай, аюдың үстінен аттай үңгірдің ауызына шықты. Үңгір ішінен өкіріп, бақырған аю дауысын естіген тұмарлар, ашулы аю апаннан тірі шықса, өздеріне ұмтылып, мерт қылады-ау деген оймен орындарынан өре тұрып, қашудың қамында еді. Үңгір аузына шыға келген шөкені көргенде азаматтар енді шөкеге қарай жүгірді.
Үңгір ауызында алқынып отырған шөкенің қан-соқта бейнесіне қарап тұрардың зәрелері қалмады. Келген жерден оны бас салып:
ـــ Ойпырым-ай, шөке, амансың ба, ـــ деді алқына шөкенің қан болған денелерін сипалаған еді, жарақат емес, аюдың қаны екенін көрген азаматтар қуанысып кетті. Екі азамат үңгірге еніп өгіздей қара аюды апанның аузына зорға сүйреп шығарды.
ـــ Қазаннан ештеңе қалмапты, ـــ деді бірнеше шойын сынықтарын алып шығып.
ـــ Қарашо, қарашо, ـــ деп таңырқаған орыстар шөкенің беті-ауызына жұққан қандарды орамалмен тазалап әлек.
ـــ Ойпырым-ай, шөке-ай, өлдің-ау деп ойлаған едік, құдай қағып аман қалдың.
ـــ Жау жүрек, нағыз ер екенсіз.
ـــ Еш жарақаттанбапсыз ғой өзі.
ـــ Батшағар қанша елді зарлатты, ـــ деді тұмар аюдың ырсиып жатқан үшкір тістері мен сойдиған имек тұяқтарына қарап, ـــ Сонда қалай тындым етіп жібердің шөке?
ـــ Көріп тұрсыңдар ғой, әуелі басымдағы қазанды қағып жіберген сәтте қарнын жара кейніне шығып алдым да, жан жерінен бұрай тартқанымда майданда жан үзді.
ـــ Сондай қатер төнген қас қағым сәттерде бәрін қалай ойлап жете қойдыңыз?
ـــ Құдай қақты.
ـــ Шөкенің көк бөрісі бар деуші еді, рас-ау осы ـــ деді тұмар ақсақал. Бұл сөзге шөке күліп:
ـــ Оны кім айтады? ـــ деген еді. Тұмардың ұлы сөзге араласып:.
ـــ Баяғы бикен де сізді ауыз жаппай мақтайтын, ـــ деді күліп.
Аюдың терісін сыпырып, сүйек-саяғына дейн қалтырмай жиыстырып алған аңшылар ауылға жол алғанда кешкі бесін уағы болған еді.
Шөкенің елді қан қақсатқан қара аюды апаннан соғып алған ерлігі жалпақ жұртқа тарап, оны сиқырлы да сырлы адамға айналдырып жіберді. Әсіресе шөкенің қызыл қолымен аю соғып алған ерлігі айбатын асырып қана қалмастан шөке бар тұмардың малына да көз қызартушылар тиыла қалды.
Шөке ерлігімен ел алдында қанша марқайғанымен нүркен алдында күн сайын жасып, жалы жығылып, жалыны өше берді. Нүркенді түрлі айламен өзінен қожыратқысы келгенімен, нүркенің не білген ойы бар, кенеше жабысып, айырылар емес. Өзінен айырылмасын аңғарып шөке ‹‹аңға шығамын››, ‹‹елдің ісі үшін›› деген сылтаумен үйіне тоқтамай ылғида дала безумен болды да, нүркенің тұрмысын бикендерге тапсырды да, әр оралған кезде қанжығасына байланған олжасы біреу алса жартысын, екеу алса біреуін тұмар ақсақалдыкыне әкеліп тұрғандықтан нүркенге тұмар ақсақал оң көзімен қарай қамқорлығына алып отырды.
Шөке бүгін бір кезде шешесінің басын алып, елін шауып кетседе өзіне тірліктің тырбыңын сыйлап, итаяқтан ас беріп, жарық дүниеге қалдырған батырдың қалын, оның ашкөз ұлы бөкенің күй-жайын біліп келуге жол алды. Ол жақыннан бері өзінен қару өнерін үйреніп жүрген азаматқа өзі келгенше осында болуын, өзінің асығыс аттанып кеткенін нүркенге ұғындырып қоюды тапсырып кете берді. Шөкенің бұлайша орналастыруында мән бер еді. Мынау ел ішінде нүркенге осы заматтың назары ауған өсегінде естіген. Иә, ол нүркенді осы ауылға тастап өзі батырдың ауылына мекен шешейді жеткізіп тастауға кеткен кез еді. Кейін өзінің атын естіп, білген соң ба, әлде басқа себептен бе қол ұзып кетті. Міне осыны есіне алған шөке нүркеннің ептеп осы азаматқа назары ауып қалса екен деп қару өнерін үйретуден бас тартпай осында алып қалған болатын. Бірақ таң бозынан сауынға кететін нүркен түс, кештерде бұл азамат жөнінде ешбір таныстықтың, жақындасудың бейімін аңғартар емес. Ақыры шөке осы бір сапарға кету арқылы оларды жақындастыра түсу мақсатымен міне нүркен келмей тұрып жолға түскені еді.
* * *
Шөке үйінен аттанған күні далаға түнеп, екінші күні түс қиған кезде ұзақ жүрістен бұрдығып кеткен атының ертоқымын алып аунатып-қунатып алды да, шылбырына жан арқанын жалғап атын отқа қойып ер-тоқымын жастанып кеткен еді, атының оқырынған дауысынан оянған еді. Таң рауандап төңіректі таңғы ақ сәуле қоқыдыра бастаған екен. Андайтында өзін қоралай қоршап желе жортып, келе жатқан он неше адамды көргенде олардың мына жүрісінен-ақ мына канікі шабуылшылардың қоралай келе жатқанынан-ақ құтылмасын аңғарып, атының тізгінін ұстап орнынан тұрды.
Арқан бойы жерден аттарының басын тарта тоқтаған жортуылшылар ішіндегі көк түсті күпі киген, басындағы күләпәрәсін шарта байланған дембелше адам басқалардан оза өзіне қарай таяй келіп:
ـــ Жол болсын жолаушым! ـــ деді ауыздықпен алыса тұрған атының тізгінін тарта, үзеңгісіне шірене тұрып.
Шөкенің құлағына мына дауыс таныстай сезілгенімен дәп басып танымады.
ـــ Аты-жөніңді сұрасақ жөн болар ма?
ـــ Атым шөке, аң аулап жүрген жайым бар, ـــ деген шөкеге әлгі адам оқыс мойын бұрып ‹‹шөке›› деп қайталап қалды да атынан күрс етіп түсті де ـــ Е, шөкемін де, қалай халың балам, жай-күйің жақсы ма? ـــ деді де өзін таныстырып жатпай-ақ андайтын тұрған азаматтың біріне, ـــ Тұтқынды бері таман әкелсін! ـــ деп бұйыра дауыстап өзі шөкеге таяй:
ـــ Бауырым, ـــ деді, ـــ дауысы сәл дірілдеп, ـــ Көкіректегі шемен болып орнаған кек қанша жыл өтседе тарқар емес. Сол шер, мұң, зарды таратам дегелі қашан. Әкемді, екі інімді өлтіріп, қарындасымды олжалап кеткен тоқтан деген көріңде өкіргірді сен әбден білесің. Онымен қоймай баласын тауып, шаңырағын шайқалытпай ұстап отырған қарындасымды да көзіне көк шыбын үймелетіп өлтіргенін білесің. Қанпезер жендет аяғы өзі қаңғырып, елдің есігінде қалып, екі шошқасы бірін-бірі өлтіргенін сен тағы білесің, ـــ деп зарлана тоқтаған адам, андайтында өздеріне қарай келе жатқан азаматтарына қарап:
ـــ Анау байланып, маталып атқа теріс мініп келе жатқан сол тоқтаның ұлы бөке. Әкесін де өлтіріп, тыныш табайын деп едім, құрттап-биттеп, елдің есігінде иттің күнін көріп жүргенін көрдім де тәңірдың сыйлаған сол жазасы оған жарасып-ақ тұрғанын ойлап, өлтіре салғаннан солай азаптанып жүргені жн болар деп тиіспедім де, мына күшігін ұстап, қатынын олжалап, малын қуып, дүние-мүлкін талан-таржылап келемін. Енді кегімді ол дүниеге әкесінің қолымен шайт болған адамдардың кегін осыдан аламын, ـــ деп тынды.
Шөке енді білді, кезінде түн жастанып келіп жүретін мәкен шешенің ағасы екен. Рас оның кек алсам деп осы күнді күткені қашан. Әне сол зыт көкірегінде өртке айналып ақыры қас жауының ұрпағына төнгенін көрген шөке мына ержүрек азамат алдында өзінің ынжықтығын есіне алып жасып қалды.
Шөке тұтқынға мойын бұрған еді. Бөкені жайлақ атқа теріс мінгізіп, қолын артына байлап, аяғын ат бауырына шандып тастаған екен.
Шөке кезінде ‹‹батырдан шешемнің кегін алсам›› деп ит арқасы қияннан осы ‹‹Маралсуға›› келгенін, бірақ, әр күнгі ит жығыс тірлік, бірде қарынның тоқтығына, кейде ата жауының уақыттық көрсеткен мейіріне, боқ дүниенің мастығына алданып ‹‹ертең››, ‹‹тұра тұрайын››, ‹‹құдайдан тартар›› деген сабырлықпен келе жатып аяғы өз қолын қандауға батылы бармай бір құдайға тапсырған болатын. Әне сол құдыретты жаратушының қаﮬары оңай емес екен. Біріне-бірін өлтіртіп, батырды есінен айырып торғай тозын шығармады ма? Ал мына тұрған бөке өзіне талай рет жараған бурадай тісін қайрап, жынын шашып, қылышын білеп жүрседе, өзі онысында кешіріп ырқына қоя бергені өзіне аян. Себебі ол өзі олжалап әкелген нүркенді өз әліне қарамай тартып алып отырмай ма. Бала күнімнен өзінің шыққан төбебесін бөке шыққан төбеден биік болуын, жетер көмбеге одан бұрын жетуге жанталасқан өзіне оның өшігіп, өкпелеуі де орынды деп сезген. Енді міне дәл бүгін бөкенің басына күн туып тұрғанда оның бұл өмірден мүрдем кетуін алақайлап, жығылған үстіне жұдырық көрсеткенім жөн болмас, қалайда батырдан сауға сұрап, жанына араша болып көрейін деп ойлаған шөке:.
ـــ Аға, сіздің өз кезінде мені танымасаңызда тауқыметы бір тағдыры ортақ ғұмырыма жан ашырлық етіп, қарындасыңызға тапсырған кісілігіңізді естіп күні бүгінге дейін адамгершілігіңізге қарыздар болып жүрген жайым бар. Сол үшін өзіңізге рақымет айтам аға, ـــ деп бір тоқтаған шөке, бөкенің әзіргі бейшәрә бейнесіне қарап жанашырлық еткендей.
ـــ Қасқырдың өзі қасқыр болғанымен бөлтірігін қолға үйретсеңіз итаяқ жалап, иесін қаппас ит етіп тәрбиелеп алуға болады ғой. Оның сыртында мәкен қарындасыңыздың көзі өзіңіздің жиеніңіз, ‹‹жиеннің зары қатты болады›› деуші еді бабаларымыз, өзіңізден өтінерім мына бейбақтың жанын кешіріңіз. Тартса құдайдан өзі тартар, ـــ деген еді, әлгі адам шөкенің сөзін бөле:
ـــ Шөке бауырым ـــ деді әрбір сөзін тісінің арасынан сыздықтата шығарып, ـــ ‹‹қасқыр қашанда қасқыр››, менің кек алмай шерім тарамайды. Бүтін ұрық-жұрағатымның түбіне жеткен жендеттен кек аламын деп осы күнді тосқаныма жиырма неше жылдың жүзы болды. Елден аулақ, көзден таса болып, қар жастанып, мұз төсеніп жүріп, осы күнге қолымды әрең жеткізіп отырғанда, бұл талабыңды орындай алмаймын. Астыңдағы атыңды бер десең міне атым, ـــ деген кескін жауапты естіген шөке уыты асқынып, қаны қарайып алған азаматтың алған бетінен қайтаруға болмасын аңғарсада тағы үміт үзбей:
ـــ Арыны басылып, айдыны өшкіндеп жатқан елді шауып, жүрегі шайлығып, күші майырылған жанға тепеңдеу ердің ісі емес қой ағасы, ـــ деген еді бұл сөзге ежірейіп, теке көздене қалған мәкен шешенің ағасы:
ـــ Сен осындай ынжық па едің, әке-шешеңді өлтіріп, өзіңді тозаққа салып қойған қанды қолға қабырғаң сөгіліп не жетті. Қарының тойғанға итаяққа үйір бұралқы итше бұраңдағаның қай қылығың, ـــ деп шөкемен енді сөйлескісі келмегендей атына шапшаң қонды.
Шөке мына сөзге намыстанып кетті. Өзі де атына қона бөкеге қатарласа кеткен еді. Бетін қан дағы айғыздаған бөке бағанадан өзін танып тұрған екен. Дауысы дірілдей:
ـــ Арашалап қалғың келіп өтінгеніңе рақымет, әкенің жырындылығы аяғы зұлымдыққа айналды. Әлкеуде, апербақандық елін де, ұрқын да көктетпейтіндігіне көзім жетті. Ертеңгі елге біздің отбасымыздың кешірмесі тамаша бір тәлім болар, ـــ деп бір тынды да, ـــ Бикенге сәлем айт, ـــ деп бөкеден бетін бұрып кетті.
ـــ Осы реткі сапарым өз жайыңды білуге шыққаным еді. Балалығымыз бен азаматтық шағымыздағы азынаулақ егес, бір үйдегі баланың шекісіп-бекісуі ғой бөке. Оның бәрін зыт көрмеймін. Қайта ауаша кетсем өздеріңді сағынамын, ـــ деді мүсеуреңкі бейнедегі шөке, шынымен бөкені аялап.
ـــ Әй, шөке… Деді өзін жанасалай келген мәкен шешейдің ағасы, айтпақшы сен, ‹‹аңға шықтым›› демеп пе едің, бөкені ертіп, төрт-бесеуіміз аңға барып қайтсақ қайтеды? ـــ деген ды. Шөке құптай кетті. Өйткені бағанадан өзінің өтінгені ет жүректі пендеге әсер болды-ау деп ойлады. Үш азаматты ертіп алған мәкен шешенің ағасы шөке мен бөкені қосып етегі салбырай созылып жатқан ‹‹жон тауды›› бетке алды. Бөкенің қол-аяғын босатпай, жайлақ атқа теріс мінгізген қалпы желе жортып кете берді.
Аңшылар таудың етегін түре аңғарлы сайды өрлеп барып бастау басына түсті. Бөкенің аяғын ат бауырына шешіп, аттан түсірген азаматтар кісенді қайта салып тастады да шөкені оның жанына қалдырып өздері аң атып келетін болып кете берді.
Шөке бұлардың мына түсініксіз қылығының байыбына бара алмады. Бір ойлап өздері бас қосып ауаша қалғанда қайтер екен деп әдейі тастап сыртымыздан аңдып отырма деп те ойласа, енді бірде өздерін ауаша тастап кеткен орайдан неде болса қашып құтылса жаны олжа кетсін деген орай беріп тұр ма, әлде, сыртымыздан екеумізді бірдей жайратып кетеме деген түрлі оймен сақтана жүрген шөке бақыр шәугімге от жағып, шай-суанды да әзірлей бастады.
Тау қойнауы күн батпасада көлеңге түсіп көлегейлене қалды. Мәкен шешейдің ағасы кеткелі ет пысырым уақыт болғанда: ‹‹тарыс›› еткен мылтық дауысымен қатпарлы тау іші жаңғыра жеткен ашты дауысты шөкелерді де селт еткізген еді. Іле-шала құрымдарды құлата жеткен аңшылар бір тәутекені жәркемдеп алып жетті. Сылдырап аққан тау бұлағның бойында, күздің салқын самалы тербеген балқұрақтар ішінде, алаулап көтерілген от жалынына тәутекенің етін қақтаған мәкен шешейдің ағасы бөкенің екі қолын босаттырып, тамақтан тартынбай жеуіне рұқсатын беріп, бүгін осы арада мызғап алып, таң ата жолға шығуды жөн көріп қоналқыға қалды. Аттарын отқа қойып, ер-тоқымдарын жастанып жатқалы жатқан шөкені іргелей келіп жатқан мәкен шешейдің ағасы аса жайдары бейнеде, ақтарыла әңгіме қозғап жатты.
ـــ Өмір қандай қызықты, қандай мейірімді десеңдерші бауырларым, әсіресе мынау еркін даланың жанға рақатты салқын ауасы, аймалап тұрған үпілдек желемігі-ай. Осындайда алланың бұйырып отырған дәмі ауыздан кетпес, аңның еті қандай бәлзәм. Осы өмірді аңсағаным қашаннан, ал енді біреулер бұндай бақытты менен, басқадан қызғанып, жалғыз өзі еншілегісі келді. Тағы біреулердің әлі қолы жетпей мысы құрып сенделектеп жүр. Шіркін, еркін тірлік-ай, ـــ деп тамсана сөйлеген мәкен шешенің ағасы аспандағы жымыңдаған жұлдыздарға рақаттана қарап жатып одан-бұдан әңгіме қозғап жатып мызғап кетті.
Шөке мәкен шешейдің ағасының бұлайша сұралған шешендігіне таң қалды. Әйтседе ұзақ кеңесінің ішінде бөкені еш аузына алмағанына, тіпті қол-аяғын байлаудан босаткан бөкені ‹‹қашып кетуінен хауыптенбей бейғам ұйқыға кеткеніне тіпті таңырқап, қанша айтқанмен ет жүректі пенде жиені болған соң кешкенде болар, ـــ деген түрлі олайдарда жатып көзі ілініп кеткен екен. Кенет шөкенің құлақ түбінен ‹‹гүмп›› еткен дауыстан шошына оянған еді. Таң рауандап келеді екен. Шөке өз іргесінде миы шашылып жатқан бөкенің мүрдесін көрді де мәкен шешенің ағасына қараған еді, ол қолындағы қара мылтықтың ауызынан бұрқырай шығып тұрған түтінді үрдеп қойып өзіне жымия қарады да:
ـــ Үркітіп атқан аңның обалы болмайды шөке, біздің ата-аналарымыз қапыда кетіп, көмусіз қалған, ал мына бейбақ тамағына тойды. Бір күнде болса еркін тірліктің ләззәтін көріп барып көз жұмды, өлетінінде кеше өзіне ескерткенмін. Енді бәріміз қаптап бетін жасырып кетсек арманы да жоқ, ـــ дейді каперсіз ғана.
Шөке кешкі жатар алдындағы мәкен шешейдің ағасының әңгімесінің төркінін енді білді. Деседе бөкенің иегінен атқан оқтың миын шашып кеткенін көріп, көңілі босап кетті. Бөке екеуінің балалық шақтары, қылқа мойынға өзін ұрдырамын деп ақыры өз әкесінен таяқ жегені бәр-бәрі көз алдынан суреттей өтіп жатты. ‹‹байқұс, қызғаншақ, іш тарлығың бар еді, әлкеуде әкең өзінің жастығы жалындаған күндеріндегі ерлігі, қолындағы жалаңдаған найза, қылпылдаған қылыштың құдыреты мәңгі өз ойын іске асыра береді деп аңғарып, есірік тірлікпен әспенсіп өткізген еді, оны көрген сенде әкенің өркөкірек, әлкеуделігі арқасында мәңгі дәурендеп өтетіндей, ізгілік дегенге иілмей есіре өскен едің. Ақыры түбіңе жеткен сол ессіз, есерлігің болды-ау марқұм›› деп ойлаған шөке, азаматтармен бірге оның сүйегін қыр басына шығарып, жер ошақтай шұңқыр қазып мәйттің бетін жасырды да, үстіне таудың бұжыр тастарынан оба тәрізді тіктеп сайғақ етіп тұрғызып кете берді.
Бөкені жерлеп, етекке түскен мәкен шешенің ағасы артта қалып бара жатқан үйінді тасқа мойын бұрып, бетін сипады да:
ـــ Тірлікте ата-анамның мойныма жүктеген жүгінен жеңілдегенім бүгін болып ұйқым қанып, рақаттанып қалдым, ـــ деп шөкеге бұрылып, ـــ Енді ауылға барып үлесіңді алып қайт. Ал еруге ұнамасаң жолың әне, қайда болсаң аман жүр! ـــ деген мәкен шешейдің ағасының екі жанары оттанып алған екен, қашан да беттегенін алып, айтқанын орындамай қоймайтын адамға таңырқай қараған шөке:
ـــ Мен енді еліме қайтайын, ـــ деп ауыр күрсініп алды да ـــ ‹‹жаман айғыр жалын жейді›› дегендей марқұмның түбіне есірік әкесінің тәлімі жетті. Мәкен шешенің ақылын алып, асын ішкен басым оның өліміне жаным ашиды, ашығанымен амал не? ـــ деді жанары жасқа толып.
ـــ Адам өмірінің алды бұлдыр, арты күрделесіп жатады бауырым, балалығыңды ойласаң ит мініп ирек қамшылап жүрген жүрісіңде сәнді-мәнді, қызығы мол болып сезіледі. Тай-құлындай бірге өскен серігіңнен айырылғаныңа ішің ашып тұрғанын білемін. Бірақ мен бұлайша кек алмасам өлгенде көзім ашық кетеді. Ол дүниеде аруақтарда разы болмас, ـــ деп аздап кеңкілдеп күліп алды да, ендеше кеттік бауырым. Қайда жүрсең аман бол! ـــ деп өзі беттеген жаққа қарай кете берді.
Шөке мәкен шешейдің ағасының қарасы өшкенше жанарымен ұзатып тастады да, қыр басындағы оба тасқа ұзақ қарап тұрып өзі білген дұғасын айтып бетіне кетті.
* * *
Тұмар ауылының шетін ала шөкенің қараша отауы тігілген, бұл күнде шөкені іздейтін адам көбейіп келеді. Іздеушілердің бұйымтайы шөкеден сайыс өнерін үйренетін жастар мен шөкенің ерлігіне тәнті болып, өткен-кеткенді кеңесуге келетін ақсақалдар.
Шөке үйінен шыққанына бір аптаның жүзы болған. Бөкенің өлімін өз көзімен көргендіктен үйіне сүлдерсіз оралды. Екі иығынан бір нәрселер басқандай отауына енген шөке нүркен сауыннан әлі оралмаған екен. Ол отауын жанарымен бір тінтіп шықты. Қашан да отауына енген жерден еңсесі түсіп, жалыны жаситын шөкенің бүгін бөке өлімі мен батырдың жан ұясының тағдыры әбден желкелеп уайымға батырған. Ойлап тұрса сол басы бүтін батыр семиәсінің дәл әзір жат жұрттық болып кеткен бикеннен басқа ешкім де қалмапты, батырдың түтіні өшіп, тыныш тапты. Иә, өмір жолы қандай бұралаң десеңші. Тізгініңді дұрыс алып жүрмей, аз ауытқысаң болды, қасырет, қайғы, мұң-зар, азап-мазақ дегендер желкелеп астына басып алып тырып еткізбейді де, аяғы деміңді ішіңе бірақ түсіретінін қайтесың. Шөке осындай ойдың шөңетінде жатып есіктің қатты жабылған дауысынан есін жинағандай төсегінен басын көтерді. Нүркен екен. Екі иығы түсіңкі, қабағы кірбең тартқан нүркенде маңдайының ажымдары айғызданып, жанары өлеусіреп қалғандай сезген шөке ‹‹байқұсты азаптап жібердім-ау, несін үйлендім›› деп өз жаны да қиналып кетті.
Шайын әзірлеп, дастарқанын жайған нүркеннің қарлығаштың қанатындай қиылған қасы қайшыланып әлде нені айтқысы келгендей еріндері қозғалақтап отырғанын шөке аңғарып, кеңесті өзі бастады.
ـــ Әлгі азаматқа мен келгенше бол деген едім, ـــ деген еді. Нүркенің жанары жасқа тола қалды:
ـــ Азап пен мазақта жүрсем де таза арымды ешкімге таптатпай өзіңе деп арнағанымды тірліктегі жеңіс деп білемін, әсте сен ойлағандай көрінгенге көз сататын көрсе қызар, арымды өмірдің саудасына қия салатын адам емеспін. Бетің шімірікпей мені басқа адамға қия салғаның, қиналғаның емес шөке. Шынымды айтсам напыстың мұндай желігі боларын, жаныңа сыздауықша батып, санаңды сарғайтарын бұрын аңғарып, білмегенім рас. Деседе өмірде талай азапты жеңген басым бұны да жеңуге неге болмайды. Жатқа арымды қиып, жанымды таптатқың келгенің азаматтығың емес, абыройсыздығың, ـــ деген нүркеннің асау толқынша бұрқыраған ашулы сөзін естіген шөке жерге кірердей бұға берді. Талайдан толғанып, ойын жөн санап жүрген жоспарының нүркенге жәнәшірлік емес, жаза басқандық екенін енді сезіп, маңдайынан тер бұрық ете түсті де, аз үнсіздіктен соң барып:
ـــ Менде басқалай ой болмаған нүркен, бар ойым өзім оралғанша жалғызсырамасын, қорықпасын дегенім ғана болатын ـــ деп өзін арашалаған шөке өзінің көрген-білгенін айтқан еді ـــ Нүркен егіле жылап алып, сопа басы қалған бикенді мүсеурей, өткен-кеткеннен де сөз қозғай отырып, түннің бір уағы болғанын байқап жатудың қамына кірісті.
Нүркенің өзіне деген өкпе-назын бөкенің қайғысына араластырып құтылғандай болған шөке жатудың қамына кірісіп жар төсегінің шетін көрген шөке төлінен жеріген хаюандай аза бойы қаза болып, денесі тітіркеніп кетті. Бұндай алдамшылық тірлікке шөкенің жаны төзбеді. Ылғида құрғақ қойынға еніп, нүркенің өзін өліп-өшіп аймалағанына ырық беріп, есі кетіп есеңгірегеннен басқа дәнеңе жоқ екенін ойлаған шөкенің дәл бүгін бір мұңы бір мұңына қосылғаннан ба, тірліктен әбден торығып іштей күңіреніп кетті де:
ـــ Атымды отқа қойып келейін, ـــ деп отауынан шығып кетті.
Аспандағы ай сәулесі жер бетіне сүт сәулесін құйып тұр. Үйден шыққан шөке іш құсталығын жалын атқан күрсінумен ортайтпақ еді, одан ештеңе өнбеді, түйдектелген дерт жүрегін түйреп, кеңірдегін күйдіріп барады. Енді қайтпек, қашанғы дала безіп жүре беретін өмір қашанға жалғаспақ. Өмірде жоқтықтың, жетімдіктің азабын тартсада жүзы гүл-гүл жайнап, сыңғырлап күліп жүретін жайдары нүркен бұл күнде бұйығы, жасқаншақ, рухсыз, жүзіне мұң ұялаған нүркенге айналды. Байқұс өз кезінде әйел затының нәпсіге қажеттылыгы жайында ол мүттемге байқұс өзі ойланбады да тілеп алған дертін жеңуге қайсарлығын білдіргісі келеді. Бірақ қажеттылыктен жұда болған әйел заты рухи жақтан өгейсіп, кетеуі кетіп, тек опықтың құрбаны болуға бел байлап келеді. Шынын айтсам оны осылай азапқа шегу, тәуекелге келу, амалсыздықтың сорын арқалауы тек менің тірі тұрғаным, ол өзі айтқандай мен тұрғанда ол ‹‹сүйгеніне деген адалдық›› деген шеңберді бұза алмайды. Тірлікте өзін алдайтын азапқа таңылуға мәжбүр ғой. Ендігі жерде өзінің өтіріктен оның қойнына еніп, азаптаудан асқан намысыздық жоқ, ендігі жалғыз жол өзім бұл дүниеден өшсем ғана ол бәрінен азат болды. Иә, қиын қылғанда екі, үш күн қасырет бүркенер. Сонсоң жалғыз қалған жас әйелге неге ие шықпасын›› деген ойдың тұйығына шындап тірелген шөке бұл ойдан енді малтығып шыға алмай қайрандай берді де нар тәуекелге келіп, сиыр қораға қарай беттеді.
* * *
Шөкенің отауының маңында бикенің күйеуі бастаған үш азамат баспалап жүрген. Себебі бикен нүркенің жүдеп-жадап жүргенін байқап, елдің ‹‹шөкеде бел жоқ, әтек екен›› деген өсееінің бетін ашқысы келіп нүркенмен ұзақ әңгімелескенде, нүркен ‹‹солай еді›› деп айта алмасада боталаған көз жасымен мұңын шаққан. Осы шешілмей кеткен күдіктің сырын ашпаққа бикен шөке келіпті дегенді ести сала, шөке бикенмен төсектес болып жататын-жатпайтынын байқауға күйеуіінің аңдауылдап білуін бұйырған бикенің әмыырн екі етпеген күйеуі бірер азаматты ертіп алып кеш батқаннан бастап шөкенің отауының төңірегінде болып тың-тыңдап жүрген болатын.
Нүркенің жылап отырып, әлде нелерді айтып отырғанын, ұзамай шөкенің ат қоюға тысқа шыққанын көріп тасалана қалған.
Шөке мама ағаштағы атына бармай байлаудағы сиырдың бас жібін алып, сиыр қораға еніп кеткенін байқаған азаматтар бір сұмдықты сезіп, іле-шала шөкенің соңынан қораға жүгіре енді. Бұл кез таң қараңғысы сырылып, жер бетін ақшолаң сәуле қыдырып таңның тамылжыған ауасы көтерілген шақ еді. Азаматтар қораға ене шөкенің аспақтаулы тұрғанын көріп жамба-жам оның аяғынан көтеріп, шөкенің мойнындағы жіпті босатып отауына ала жөнелді. Тәңертеңгі сиыр сауынына төсегінен тұрып жатқан нүркен шөкені дерендей ғып көтеріп келген бикенің күйеуін көргенде, шошығанынан дауысы шығып кетті.
ـــ Ойбай-ау, құдай… Не болды, не жетті шөке!
ـــ Ештеңе… Ештеңке кетпейді нүркен, сабыр, сабыр ет! ـــ деген бикенің күйеуі шөкені төсегіне жатқызып, бетіне суық су сеуіп есін жиғызды.
Шөке есін жинап көзін ашқанда, өзінің жар төсегінде жатқанын, төңірегінде өзін қоралай отырған азаматтар мен нүркеннің отырғанын байқап еріксіз көзінен жас маржаны домалап кетті.
ـــ Шөке… Сен ақымақ болдың ба, бұл қай қылығың? ـــ деген бикенің күйеуі ـــ Бұл іс осы бірнешеуіміздің арамызда қалсын, ешкімге тіс жармаңдар, басқа әңгіме соңынан болсын, ـــ деп кесете, ـــ Мынау ер азаматтың ісі емес ғой шөке, қай сайтан түртті сені, ـــ деп сөйлей жүріп үйден шығып кетті ?.
* * *
Жамандық қайдан жерде жатсын, кімнен тарасада шөкенің өзін өлтірмек болған өсегі желдей есіп біреуден-біреуге тарап жатты. Бірді екі, жоқты бар етіп жеткізетін өсек әуелі өршіп, ‹‹нүркен басқа біреумеу жүріп қойған екен, шөке соған құсаланып өлмек болыпты›› деген жел сөз гулеп кетті. Мұндайда кімнің ауызын басуға болсын, осындай жел сөздің бәріне нүркен шыдаған-ақ еді, бүгін сиыр саууға барғанда сауында жүрген әйелдер өзін қорлай қалып:
ـــ Не дейді мына ел, шөке асылып алды дей ме?
ـــ Жаны сірі, ақыл-есті азаматқа не қайғы батты?
ـــ Қайтсын байқұс, ‹‹ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді›› емес пе.
ـــ Бетім-ау, ондайы бар несін үй болып жүр.
ـــ Сені түсініп жетпей жүріппіз ғой нүркен, неге жүдеп-жадап жүр деуші едік, сар уайым жаныңды жеп жүргенін қайда білейік деп әрі жан ашырлық етіп, әрі мүсіркеп кекеп-мұқап сөйлеген сөздерді естігенде нүркеннің құлағы шулап, басы айналып, көзі қарауытып жанарынан боталаған жасын жаулығының ұшымен сүртіп жүріп, кешкі сауынын аяқтатып отауына қайтты. Ол жол-жөнекей осы азапты өзіне зорлап таңған шөке емес, айтқанына көбеген өзі екенін, шөкенің бүгінгі өзін өлімге қюы да өзінің зорлығынан екенін ойлаған сайын өзін-озы айыптай береді, әсіресе шөкенің жар төсегіне енген соң өзінің құшып-сүйіп аймалағанына тыжырынып, шегіншектейтін қылықтарын ойлап, ‹‹байқұс жаны төзбей қиналатын болды ғой›› деп өзінің түсінбеген аңқау, аңғал айыбына өкінді, нүркеннің бүгін көп жылағандықтан екі көзі бұлаудай болып қызарып, бет еттері көлкілдеп ісіп қалған еді. Қара мақпал шашы басына тартқан шыт жаулығының маңынан бұрқырай шығып келе жатып, ендігі алдағы кешірер тірлігінде ойлады: ‹‹бүгін өлімге бел байлаған шөке ертең тастап кетерінеде сенді. Егер дәл солай болса одан қалған тірлігі енді біреуге телмең болады. Телміргенде қандай ‹‹біреудің тастанды жесірі››, ‹‹ерден кетсе елден кетпейді›› болып көк соққан біреуге таңылмасына кім кепіл деген ойлар нүркенді әбден ширықтырды. Тұмар ақсақал, оның ұлы бастаған ауыл адамдары шөкемен кеңесіп отыр екен. Бәрі де өзіне білдіргендей аялап қарап, жамыраса жан ашырлықпен амандасты. Нүркен шайын асып, дастарқанын әзірлеп жүріп, бұлардың әншейін топтасып отырмағанында аңғарып жүрді. Шай құйылып кеңи бастаған бір сәтте әңгімені тұмар қарт бастады.
ـــ Нүркен қарғам, біз бірер іске келіп отырған жайымыз бар. Шөкені бұл ауылдан басқа жаққа аттандырып қоюға мақұл болып отырмыз, ـــ дегенде нүрке шөкеге оқыс қараған еді. Шөке нүркеннің жанарынан жасқанғандай мөлие жерге қарады. Тұмар ақсақал сөзін сабақтай ـــ Азаматтың өлім тұзағына мойнын ұсынғаннан тірліктің жолына түсіп жер аударып кетуіне сен де мақұл болады деп сеніп осы бекемге келіп отырмыз, ـــ деген еді. Нүркен көз жасын жаулығының ұшымен құрғатты да батылдана сөйледі:
ـــ Сонда менің тағдырымды қалай орнастырып отырсыздар? ـــ деді үй ішіндегілерге көз қыдырта.
ـــ Балам-ау, сен жассың ғой әрі қаймағы бұзылмаған өрімдей қызсың, елге де, ерге де керексің, сенің жолың ашық, бетің оң балам.
ـــ Жо… Жоқ… ـــ деді нүркен дауысы қатқылдау шығып, ـــ Менің бұдан бұрынғы тірлігім қолдан-қолға өту болды. Бұрын ғой әркімге бала болып өткен едім. Енді шөкеден айырылған тірлігім қанша адамға әйел болып өтерімді бір құдай білсін. Мені енді қанша алқап-аптап, мақтағандарыңызбен менің шөкенің қойнында жатқан қатыны атым өшпейді. Сондықтан менің басым алда өзімнің еркімде болмай, ел ішіндегі ақсақал, көксақал, би-бектерінің ұйғарымымен дойбының тасынша ойнатады. Сіздер мына шөке осыны ойлап, біліп отырсыздарма? ـــ деп бір тоқтап, тамағын керней жұтынып алды да міне шөке өлген жоқ, тірі отыр. Тірісінде мені біреуге қара шұнан құлы, есіктегі күңи етіп беремін десе өз қолымен беріп кетсін. Жоқ оған қимаймын, ‹‹бір күндік досқа қырық күндік сәлем›› десе өзі қаңғырып кеткен жаққа мені де ала кетсін. Ессіз далада өзі де жасай алмайды. Тағы бір бөгде елге барғанда ағалы, қарындас болып барсақ маған бір жол табылар, ـــ деген нүркен сөзін естіген үй толы адам бір мезет тым-тырыс күйде қалды. Осы үнсіздікті бикенің күйеуі бөліп:.
ـــ Әке, ـــ деді жүзінде күлкі ойнап, ـــ Осы ақылды біз неге ойламағанбыз. Орынды ғой, нүркенің осы талабы, солай ма шөке? ـــ деп жайраңдап.
ـــ Нүркеннің айтқаны жөн, ‹‹нүркен үшін бақыт іздеймін›› деп айтқан өтінішім бар еді. Бүгіннен бастап қарындасым деп ел аралап, жер кезіп жүріп, оның бақытын өз көзіммен көріп отыруға мен де разымын, ـــ деді шөке иығын көтере. Нүркеннің парасатты ойынан шыққан мына ақылға шынымен қосыла сөйлеп.
Отырған тобыр қайта дуылдаса қалды. Бәрі де кеңестерінің бетәлісін оңап жол тапқанына шаттана күлісіп кетті.
ـــ Өте орынды, осыдан артық ақыл жоқ.
ـــ Нүркен де ойламды екен ғой.
ـــ Ендеше ат-көліктерін әзірлеп, аттандыруға дайындалайық.
ـــ Бүгін бикенің бауырының өлімін естіріп, жақсы сөз айтып алсын, ертең жылжысада жарайды.
ـــ Жоқ, ақсақал, уақыт бар ғой, ‹‹өлім де болса тезі игі›› бикенге кіріп үлгіреміз, бізге қанша көлік керек дейсің. Бір түйе, екі ат болса болды. ‹‹ер азығы жолда ғой›› ـــ деген шөке, кеш жастап аттануға бекіді.
ـــ Сонда қайда беттейсіздер? ـــ деді бір азамат. Бұған шөкенің орнына тұмар ақсақал жауап беріп:.
ـــ Қайда барарын өзі де білмейді, жаны сірі азамат бір бақытын табар, ـــ деді.
ـــ Шынын айтсам шөке өлімге басын имей өз мінезімен жүре берсе менің бір күнде айырылу ойым жоқ еді. Енді намысты істен аулақ кеткені жөн. Бұл халық қандай, айыбын бетіне басып желкелегенге жүріп тұр ғой. Онан да тың жер, тың елге барып, тың тірлік бастағаны орынды, ـــ деген бикенің күйеуі әкесіне бір қарап алды да: ـــ Жасырып жабары жоқ мына орыстар шөкенің ерлігіне тәнті болып ‹‹тобымызға қосып аламыз›› деп жүрген. Ондада бағы жанар еді. Болды, енді қанша мойны ұзаққа кетсе сонша жақсы, ақ батамызды беріп, ақ тілегімізді білдіріп аттандырып қояйық, ـــ деген есті өлінің сөзіне тұмар дән разы болып ақ батасын беріп, ақжолтай тіледі.
Тұмар ақсақал шөкенің ат-көлік, жол азығын әзірлеудің дайындығына кірісті. Шөке мен нүркенде отаудағы керек-жарақтарын жиыстырып жолға шығудың дайындығына кірісті.
Осы күні түс қиыла тұмар ордасына бейсәуәт екі адам келіп түсті. Бұлар батырдың ауылынан келгендер екенін тұмар азаматтары шөкеге хабар берген соң нүркен болып жиналып бикенге інісі бөкенің қазасын естіртуге топталды. Батырдың ауылынан келген екі адам бір аптаның алдында қаза болғанын, сүйегін даладан тауып әкеліп жерленгенін шөкеге түгелімен айтып шықты. Шөке батырдың қазасынан да қайғырып-қасырет жұтты. Оның шешесінің басын шауып түсіріп, өзін артына мінгестіріп кеткенін, кейін талай қиындықпен, азапты жұмыстарға салып, сайып қыран етіп баулығанын көз алдынан өткізіп шықты.
ـــ Е, е… Жаратушы өз пендесінің пиғылының асып-тасығанына қарай теңшеп қояры шын-ау сірә. Жасынан жендеттікті жанына серік етіп, мал тапса есіріп, ауызы толса елге береке бермей, жан ұясының да құтын қашырған пенденің отбасынан бастап, өз өліміне дейін қандай қасыретпен айыақтады. Алладан тілер ақ өлім бұйырмай, ұрпақтан тілер топырақ бұйырмай сүйегі далада қалып қарға, құзғынға жем болып, ақыретсыз кеткен екен-ау. Иә, бұл сол зар жылап, қаны судай аққан пенделердің қарғыстары болар… ـــ деген шөкен жанарын шаңырақтың сыртындағы көк аспанға қадай, алақанын жайып, бетін сипады.
Осы күні түнді шөке мен нүркен тұмар ақсақал мен оның ұлына және бикенге рақыметын айтып аттанды. Аттанар алдында туып өскен жер, жанашыр елге деген қимастық қоңысын бір саумал жібек желемік торғын лебімен кеңсіріктерін ашытып, көздеріне қиымастық жасын жеткізді.
ـــ Аман бол балам, ـــ деп кемсеңдеген тұмар сақалынан жас сорғалап тұрып, ـــ Амал не халқыңа керек шырағыдан едің, ـــ дейді қоңқылдап.
ـــ Артымнан ерген жалғыз інім, төбемді көкке жеткізер төркінм сен едің, басқадан өлі айырылсамда өзіңнен тірі айырылатын болғаным-ай деп еңіреген бикенің зары төңірегіндегілердің көкірегін қарыс айырғандай болды.
Осылайша шөке мен нүркен жүк артқан бір түйелерін жетектеп алып шексіз-шетсіз даланы бетке алып кете берді.
Адырлы дала, асқар тау, айдынды дарияларды басып, шөлейт дала, жаңбырлы күндерді бастан өткізіп, жылжып келе жатқанына міне он бесінші күн, шөкенің әсілгі бетәлісі өзінің орман қиып жүріп қашып құтылған жағына бет алғанымен жүре-жүре жер ұйығын іздеген асан атадай қолайлы, жақсы жер табу ойымен барар бағытынан жаңылып сенделіп қалды.
Ат-көліктің күйіне, нүркенің халыне қарай жылыстап келе жатқан шөке мен нүркен арасында бұрынғы төсектестік тірлік ғайып болып, айтылған уағда бойынша аға-қарындастық тұрғыдағы сыйластық қалыптаса бастаған.
Жол бойы әңгіменің негізі өздерінің балалық шақтары, азапты күндері. Қолдан-қолға өтіп, әр үйдің босағасында өткен тірліктер мен жау қолынан жазым болған ата-аналарының аянышты жағдайлары болды.
Таулы дала, адырлы алқап, айдынды көлдерді басып келе жатқан шөкелер жол-жөнекей қиыр шетіне көз жетпейтін бір алқапты қаққа түсіп алып жарым күннен артық жүріп, зорға құтылды да орман бүркеніп, басына бұлт үйірілген қара тауға ымырт үйіріле зорға жеткен еді, бұларға бөктерлеп келе жатқан бір топ атты адам кез бола кетті. Қара қосын артып, қаңырығы түтеп келе жатқан шөкелерге бейсәуәт тобыр кезіккен жерден жалпылдаса амандасып жай-жапсарларын сұраса кетті.
Шөке жылы жүзды жандардың ақ еділінен үміттеніп, өзінің қаңғып келе жатқан ағалы-қарындас екенін жасырмай айтқан еді. Топты адам бұларға үйіріле қалды. Бұлардың ішіндегі тіс қақты еңгезердей қара жігіт мейірімділік көрсетіп, өздерін таныстыра. Тозған елдің басын қосып тобыр етіп, ауыл, аудан құрып жүрген үкіметтің үгітшілері екенін жасырмай, әзіргі кедейдің, жоқ-жітіктің қамқоры болып, алдына мал салып, жатақ етіп, егін ектіріп жатқан жаңа үкіметтің көөперәтсиәсінә қосылуларын өтіне жығыла жабысты.
Бірінен соң бірі ескі заманға нәлет айтып, жаңа үкіметтің аңғарылығын, халықшылдығын ауыз жаппай алқап, кедейді сүліктей сорған бай мен молдаларды сазайы етіп, дүние-мүлкін, мал мен жерін тартып алып, кедейге үлестіріп беріп жатқанын, қарсы келгендерді су түбі құрдымға жіберіп, кедейдің бақыты жанып жатақ болып, малын бағып, егін егіп жатқанын, сондықтан шөкенің осы маңда тау бөктерінен орын алып, көөперәтсиә болған елуден астам кедей түтінге барып қосылуына қолқа салды.
Шөке мына үгітшілердің уажына елжіреп кетті. Онсызда мына орманы сыңсыған, арқырай аққан суы жатқан өңірге бір топ жаңа тірлік бастаған кедей жиылғанын естіп, өзі де жаңа тірлігін осында бастауды жөн көріп нүркенге қараған еді. Еріні кеберсіп, жол азабынан жүдеген нүркен ‹‹өзіңіз біліңіз›› деп үкімді өзінен күтті.
Шөке тәуекелге келді де азаматтарға ере жөнелді. Азаматтар шөкені қырық үй жатақ еліне әкеліп, оның ендігі тағдырын талпақ танау, адуын азамат мөйінсерік бастығына тапсырып кете берді.
Шөке қара қосын мөйінсерік бастығының іргесіне қалқитып отыра қалған еді. Ауыл адамдәріөздерін жатсынбай, жатырқамай арт-артынан аман-сәлемдесе келіп, бірі шынысын, енді бірі табағын беріп, кем-кетігін толықтап жәрдем етіп шөкені құшақтарына алды да кетті.
Қырық темірдің қылауындай құралып, қытымыр өмірдің қыспағына шыққан қырық үй кедейлердің бақтары жанып, тастары өрге домалап, тірліктерін жандандырудың әлегіне құлшына кірісіп кеткен екен. Біреуінде үй жоқ болса, бәрі қаптап үй тұрғызып, мал жоқ болса екі малының бірін әкеп беретін берекелі тірлік шөкені де, нүркенді де мұнда әбден қайрандатты. Біреуі туыс, біреуі құда, біреуі нағашы, енді біреуі жиен болып кеткенімен қоймай қоңқақ тұмсық, бадырақ көз, ибалы азаматтың шөкенің өзін ағалап, жағалай жүріп, нүркенге сұғын қадай бастағаны шөкені қуантып тастады. Әке-шешесі мен қарындасын бағып отырған азаматтың бәрінен де кісілігі қандай керемет, бұрынғыдай емес, осында келгелі көңілді жүрген нүркен де ұзамай сол қоңқақ жігіттің етегіне ілесіп оған үйір бастақтай қалды. Шөке мен нүркен арасындағы махаббат өздігінен ұмытқа айналып, аға-қарындастық, сыйластық қоюлай түсті де, нүркен пәк, таза бейнесімен қоңқаң жігіттің құшағына құлай кетті.
Шөке алғаш осы оқтан атты қоңқақ жігітпен нүркен жақындаса кеткенде, іштей қызғанышы да болған. Бірақ дәрменсіз сезім өзінің шарқын шамалап, барлық қасыретын ішіне жұтып тынды да, нүркеннің бақытына құтты болсын айтып, алақай етуге амалсыз болған. Ал нүркен де оқтатының етегінен ұстаған заман кезінде шөкеге берген уағдасын есіне алған. Бірақ сезімсіз тірліктің қасыретын аз тартты ма, жасандылық пен азап арқалатқан махаббатты есіне алғанда, өзінің бақытын табу шөкенің бақытын жандандыру деп білген. Сондықтан да ақ көңіл оқтаның талабын тез орындады. Оқтаның кары ата-анасын қуантып, шөкені құдалықпен оқтаның төріне шалжитқан. Арты азап, алды бұлдыр ғұмыры бар шөкенің ертеңін ойлаған нүркен оқтанға қойған жалғыз талабы болды. Ол жалғыз ағасы шөкені сопитып тастамай той жасағанда бірге әкетіп, өз қолына ұстайтындығын мақұлдатып алды. Нүркеннің бұл талабына оқтан өзінің естілігін аңғартып, құба-құп көрді. Осылайша аңсаған той ырымы да жасалып, шөке шаңыраққа мінген бала немесе қанжығаға байланған қара торсықша нүркенмен ілесіп, оқтанның шаңырағының бір мүшесі болып келді. Шөке бұлайша нүркенмен ере жаңа отауға келуге әуелде иланбаған, бірақ күйеу бала болған оқтаның пиғылы мен адамгершілігіне сеніп, амалсыз мақұл болды. Сөйтседе тірлігіне қолайсыздық болса әлі де бөлек шығып алу әзірлігі де жоқ емес еді, алайда үй болған күннен бастап өзін әрі ата әрі қайын аға жолында құрметтеп төбесіне көтерген оқтанға разы болған шөке мұнда орнығып қалды. Шынын айтқанда шөкенің бұл семияға пайдасынан басқа зияны да жоқ еді. Қол-аяғы жеңіл, іске епті. Тепсе темір үзетін шөкенің еңбегі күйеу бала болатын оқтанға да қажет болатын.
Сарпалдаңы мол, сергелдең өмірінің әр таңы бұрынғыдай уайым-қайғымен емес, мынау тобыр болған елдің таңымен бірдей арайлап атып жатқанына асқақ сезінетін шөке еркін тірлікке кенелген сайын ерлене әрбір жұмысына кірісті. Өзінің жалғыз басты тірлігіне ажырғыдай телінген азапты күндерін ойлағанда бүгінгі еркін тірлікке көңілі марқайып, мәз болды, әсіресе бүгінгі тірлігіне бақыт, үміт бағыштаған мына жатақ жандардың жер бетінде теңдігі болмасада, теңдік үшін талпынатын үміткер тірлігі барлығын аңғарып бақытын да, базарын да осы жерден тапқандай болған шөкеге алдындағы ала тауда, қара тауда ашасынан келмей алшаңдай басып, жаңа тірліктің сапарына ат салды…
* * *
Шөкенің көңілді тірлікке көсіле жатқан бір күні ‹‹Ойбай, қызылдарға қарсы ақтар ауылымызға таяп қалыпты›› деген дүрдігуге мұндағы қырық үй кедей алғаш селт етпеген еді, ‹‹Ой, мына ақтар бұл дүниеде байдан басқа пәнде жоқтай кедей біткені келемеж етіп, кедейдің қолын жеткізем деп жүрген қызылға қарсы екен›› дегенді естігенде мұндағы жатақ болып күн кешіп отырған кедейлер қаﮬарына мінді.
Жан-жануар, жәндіктің бәр-бәрінің тірліктегі күресі, кеңіредегі мен мүдде үшін ғой. Енді ауыздары аққа тиіп, еркін тірлікті қолға келтірдік-ау деп отырған елге, сұғын қадаған ақтарға бір шөке емес, мұндағы қырық үй кедей біткен кектеніп атына қонып айғай-сүрен салып шыға келді.
ـــ Кедейдің ертеңгі қамын жеп, қарқын ашып, қазанын толтырсам деп отырған қызылдан басқа бізге қамқор болған ешкім жоқ қалайық. Мынау ұтылыс алдында жанталасқан ақтар кедейдің мәңгі құлдық ажырғысынан құтылмай жүре беруін көксеп, іргемізге келіп жетті. Біз қарап жатпай қызылдардың қамқоры болып аттанайық халайық! ـــ деген көөперәтсиә басының сөзіне топты кедей жігерленіп кетті.
ـــ Аттанайық, ендеше!
ـــ Жерге жастайық ол ақтарды!
ـــ Кеттік, алға… Ендеше! ـــ деген дауыстар әр жерден көтеріліп ат тұяғымен шаң боратқан елудей азамат ауыл басының соңынан ере лап қойды.
Өмірдің аштысы мен тәттісін әбден татып жетілген мына кедейлер сайдың тасындай іріктелген сартоқым сайып қырандар екенін шөке олардың қимылдарынан-ақ аңғара қойды.
Күзеулі жерге жете, тоқ, жарау аттанарда, әбден зыттанған сарбаздарда бір беткей демдерін ішіне тартып, қарсы алдынан кезігер ‹‹жау қайда›› дегендей айбар шеге қасқайып тұра қалды.
Жансыздап себезгілеген жауынмен қоса бұлдыр тұман күн көзін көлегейлеп, бурыл бұлт әукесін салып, орман ішін қыдырып жүр.
Тас түліктей қатулана тұрған азаматтарға ауыл басы бала құстай саңқылдап:
ـــ Әзір осы таудың екі беткейіне бытырап тасалана тұрамыз. Қызылдар зеңбірек құдыретымен ақтарды торғай-тозын шығарғанда, қашқан жау осы аңғармен кетеді. Сонда алдыға келген жемді қалай қылғу өз еріктеріңде. Қыспаққа келген жаудан қалай олжа алуларыңа рұқсат, ـــ деп қадағалап ширшық атқан сарбаздарды жігерлендіріп жіберді.
Азаматтар табанда екі қапталдағы биік қарағай ішіне бытырап сіңіп жоғалды. Айтқандай аз уақыт өткенде зел-зала болған зеңбірек ұнымен азаматтар астындағы аттарда тыпыршып ауыздығымен алысып сала берді. Арада ет пысырым уақыт өткенде қашқан жаудың сайды өрлеп келе жатқан хабары бірінен-біріне жетіп үлгірді. Мына кекті жандардың күткені де осы орай еді, бәрі де бақыттарына қызылкөз болған жауларына кектене әзірлік көрді, айтып-айтпай жан ұшырта қашқан ақтар астаудай сайдың шұңғылына тығылып ұйылығыса жеткенде әр тұстан андағайлаған азаматтар төңірегінен селше төгілді де, атылған оққа қарамай жаумен алысты да кетті. Айғай-шу, өкіріп-бақырған адамдардың жан тәсілім дауысы, кісінеген жылқы, біреуді-біреу ұғар емес, арпалыс айқас басталды.
Шөке қолындағы қайың шоқпармен алдына келгенін жамсатып жапырып келеді. Бейне айтулы батырдай әбден айбаттанып алған шөкенің алдындағы жауы қоғаша жапырылып жатты. Аңғал батыр көзі қанталап жауына қырғиша тиіп келе жатқанда қарағай қалқалап тұрған жау өзін көзеп тұрғанын аңғармаған екен. Тек аяғы шым етті де үзеңгіге тіреуге келмей сылқыдап бос қалды. Қарағайды далда етіп оны әдейі атқан жауды ілезде қара құстан қағып өткен азамат шөкенің қасына жәрдемге жеткенше байқұстың ту сыртынан тиген оқ ат үстіне қалпақтай ұшырды. Шөке өзін өлімнен құтқарған азаматтың бұлайша өлгеніне іші удай ашыды. Осы бір қас пен көздың арасындағы арпалыста алдеқайдан ту сыртына мысықша жабысқан біреу кеңірдегін қыса бунап жіберді. Шөке өзінің демінің сығылып бара жатқанын аңғарып қайратын жиды да артына келіп жабысқан адамды мойнынан лақтырып жыберды.қарай бұтағына жаудың қапиада жазып етіп кете жаздағанын шөке енді білді. Әккі жауда осал емес екен, ат үстінен өзін аудара кетті де, қолындағы пышағымен шөкенің қарнын есіп үлгірді. Осы бір алпарыс үстінде шөкеге бір азамат жәрмдемге келе қалды. Шөкенің астындағы орысты дәл маңдайынан көзеп тұрып қағып жіберді де, аяғы жарақат, қарыны ақтарылып қанға малшынған шөкеге көмекке ұмтылды. Шөкенің ақтарылған ішек-қарыны өзінің орнынан тұруына мұрса бермей, ақтарылып тоқтамаған соң шөке жардамшы азаматқа өзінің шарбы майын сыпырып тастап, ішек-қарынды ішіне салуды бұйырды. Әлгі азамат шөкенің ішек-қарынға ілесе келген сарғуаң түсті шарбы майдан бұрап-бұрап жұлып алды да, кейніне тастай беріп, ішек-қарынды қан жынымен қайта салды да, қарынның аузын түйреп жатқан бәйбішедей жарақаттың аузын қолына ілінген қарағай бұтағымен қорс-қорс еткізіп түйреп жіберді де шөкенің белін мықтап буды да атқа балаша көтеріп қондыра салып, ‹‹ал енді ұмтыл!›› деді дауыстай. Бұл кезде төңірек жаудан ауашаланып қалған еді. Шөке атын қамшылап жіберіп жөнелмек еді. Оқ үзген аяғы сылқыдап, атқа шабуына көлденең болған соң қатарласа келген әлгі азаматқа:
ـــ Мынаны қанжығаға байлай салшы! ـــ деп бұйырған еді, серігі шөкенің оқ тиген аяғын қайыра артқы қанжығаға байлай салып алдарындағы сайды өрлей жөнелді.
Жаудың өлгені өліп, қашқанның соңынан бір топ адам қуа кетіпті. Шөкенің ауыр жараланғанын көрген ауыл басы бастаған азаматтар бір алаңқыға түсіріп жарақатын қайта таңды. Саптама етіктің іші қанға толып қалған екен, етіктің қоншын пышақпен тіліп алды даоның жарақаттарына қан тоқтататын дәрілер істетіп, мықтап таңды да қарнындағы түйрелген қарағай бұтағын суырып тастап, орнын спиртпен тазалап, тебен инеге сабақтаған тарамыспен бір қарыстай тілінген жарақат аузын олақ қолдың қолынан шыққан істей көктеп тігіп тастады.
Шөкеден қан көп ағудан өңі қуарғандай болған бейнесі болмаса ‹‹ыңқ›› етіп дауысын шығармай тісін-тісіне басып жата берген қайсарлығына разы болып алқаған азаматтар оның бәрінен де аман қалған жанына шүкіршілік деп, ауылдарына қайтты.
* * *
Шөке ауылға орала бірнеше дохтрда келіп үлгірді. Қарнын тіккен орнын қозғамай тек қабынуға қарсы дәрі-дәрмегін істетті де бір аяғын жамбастан кесіп тастады.
Шөке айдан астам уақыт жатып сауығып, екі аяқтың бірінен айырылып таяқпен жүретін болып шықты.
Ол өзінің бір аяғын кесетін болғанда ажал деген пәлекеттің сол қан майданда жанын жалмап кетпей кем салиға етіп қойғанына құсаланып, ертеңгі тірлігін ойлап есеңгіреп кеткен еді. Әйтседе мынау ағынан ақтарылып қотарыла келіп қалын сұрап жатқан қызыл үкіметтің мейірін көргенде, олардың өзін ‹‹қаﮬарман››, ‹‹ел қорғаған әрдәгер›› деген алтынмен апталған медәлдәрін кеудесіне тағып, алқасып, әлпештегенде шөкеге сол бір алғашқы қасыретты ойын қайталауғада үлгіртпеді. Бәріне мақұл болды, міне осы күннен бастап ел ішінде шөкенің ерлігі, қайсарлығы, жәуінгерлігі ауыздан-ауызға тарап, радио, газет, материалдарда дабыралы үгіттеліп, оның отаншылық рухынан үйрену науқаны қозғалғанда шөкеде ес қалмады.
Бақытпен, сор егіз дегендей міне зар жұтып, тірлігінен айрылардай болған миқынатты ғұмыры ендігі жерде алақанға салынып, халқының құрметыне бөленгенге шөке кешегі мұңы мен зарын бүгінгі жанына батқан азап пен ертеңгі бейнетін естен шығарып марқайып сала берді.
Бәрінен де шөкені тебіреніткен отанның болашағы болған ұрпақтардың құшақ-құсақ гүл шоқтарымен құшағын гүлге толтырып, тілшы дегеннің аяғы суымай, алқау, марапаттарға шөкені әбден масаңғыратып жіберді. Шөке олардың әлсын-әлі өзіне қойған сұрақтарына да жатылды. Бәрінен де қайталай беретіні ‹‹шарбы майыңызды жұлып алып тастағанда ауырды ма?›› дегеніне ‹‹білмедім, ештеңке сезбедім, әйтеу шым ете түскендей болды›› десе, ‹‹қарнын ағашпен түйреп, тарамыспен тіккенде қандай қалде болғанын›› сұрағанда, ‹‹қарағай бұтағымен түйремесе сол жерде қалмаймын ба, құтқарған азаматқа рақымет›› деп жауап берусе, оқ үзген аяғын қанжығаға байлап алып жауына қайта шабу›› сияқты адам баласында сирек кезігетін ерлігі тек отаншыл, нағыз халықшыл жандардан ғана кезігетін асқақ руч екенін, мұндай жаны сірі, өлімді елемейтін шөкенің бір аяғын өз отанына арнаса да ‹‹бір басыма бір аяқ жетеді, осымен де отанға аянбай тер төгемін›› деген арынды да асқақ рухты барлық адмдардың ұранына, үйренетін үлгісіне, жететін мұратына айналып жатқанда шөке мұндай бақытқа әбден есеңгіреді.
Кеудесін медалға толтырған шөке жасы өсіп уақыт жылжыған сайын тағдырдың сыйлаған сиы мен азабының молая түскеніне өкінбеді, анадан туғанда он екі мүшесі сау дүниеге келген шөкенің уақыттың жілжуіменәрбір мүшесі кемейіп келе жатқанын есіне алған шөке қамшының сабындай қысқа өмірін еліне арнаған ерлігін шынымен абырой сезіп, талай дабыралы жиынның төрінде отырып, не бір қасқа мен жайсаңдардың тізесін басып сөйлесіп, табақтас болып өмірін өткізе берді.
* * *
Шөкенің ерлікке толы ізгі істері оның қара қосын шалқытып, қам көңіл қарындасы нүркенді де шаттыққа бөлеп мынау жатақтасқан қырық үй кедей ауылының да абыройын асқақтатып ‹‹әрдәгердің››, ‹‹қаﮬарманның ауылы›› дегізіп қызыл үкіметтің оң көзбен қарауына жол ашты
Әсіресе қызыл үкіметтің отаншыл отбасына қамқорлық беру деген бекімі оқтаның да отбасының дәулетін шалқытып, тасын өрге домалатты.
Иә, бұл күндердің дүбірі де жақынша шабатын аттың шабысындай уақыт өткен сайын діңкелей берді. Айғайы күшті, арыны тебінді марапаттауларда солғындап аяғы үзілмейтін қонақтарда шаршағандай сиреп қалды. Марапат пен тіршілік жолының екі басқа екенін аңғарған шөке ендігі тірлігінің күйбіңіне тағы бас қатырады. Мынау кем салиқа болған тіршілігін ойлаған шөке жатақ ауылдарының қойын бағуға бір семиә шығатын болғанда өзінің тірлігіне осыдан басқа қолайлық жоғын ескеріп, күйеу баласы оқтанды иландырды да елден ауаша тірліктің күйбіңіне түсті де кетті. Алдыдағы бағымына алған малының амандығынан басқа бас қатырары жоқ, өзі би, өзі қожа күйбіңге шегілгеніне күн бойы жер тырнап күйгі тірлігі бір түгемейтін егіншіліктен құтылтқан бәрінен де оқтан қуанып, қайнағасы болған шөкенің парасатына дән разы болып, мұндағы түрлі ауыр жұмыстарды өз міндетінде алды да ат үсті болған мал қайырту шаруасын шөкеге міндетіне берген еді. Міне шөке аз уақытта-ақ нағыз ысылған қара табан қойшыға айналды.
* * *
Нүркен оқтанмен семиә болған соң бірнеше жыл шыр еткен көрмей қатты мүсеуреді. Бұнысына оқтан іштей мұңайып аз уақыт ыңыршағын мойнына алып азаматтығын байқатып кірбеңдік таныта жүргенде болды. Бұлардың мұндай албырттығына тек-тек айтып сабырға шақырған тағы осы шөке. Шөкенің дуалы аузына құдай салып, бесінші жылы нүркен шекесі торсықтай ұл тапты. Семиәнің береке туы желбіреп, жұбайлардың жарасымдылығынан, ырыстары да артып, дәулеттері шалқыса, шөкенің бұрынғы ‹‹қаﮬарман›› атынан көрі, мынау шөке ‹‹жүз қойдан жүз елу төл алған››, ‹‹Мал басын арттырған›› үлгілі шопан, ‹‹қасқырмен алысып коллективтың малын аман алып қалған еңбек ері›› дейтін атағы баспып түсті де сан мәртебе ел ордасы астанаға дейін барып, ел ағаларымен де суретке түсіп абыройы асқақтай берді. Бұл күнде жалғыз аяқты шөке таяғымен шықса оның ерлікке толы еңбегін ауызға алмайтын, оны танымайтын ешкім жоқ. Барлық адам ‹‹Мынау біздің әрдәгер, қаﮬарман, еңбек еріміз›› ғой деп қан көтеріп, төреше төріне шығарады. Шөке осылайша қара тауға тірлігін телігелі қайғысы арылып, ерлігі артып, еңбегі жанып қамсыз тірлікпен бүгінге жетіп отырған кешірмелерін еске ала:
ـــ Міне балам, атаңның тірлігі, титықтап жүріп жеткен жері осы, туып өскен балалығым өткен құт мекенім ‹‹Маралсу›› есімнен бірде-бір күн кеткен емес, пенде болған соң, арман болады ғой. Кейде сол қашқын тірлікте өзенге түсіп кеткен үш баладан аман қалғаны барма екен. Бар болса қайда екен, тірі болса ол байқұстар қандай ғұмыр кешкенін білгім келіп, сол қанды шапан балаларды сағынамын да тұрамын, ـــ деп жылау мен күлудің арасындағы кеңкіл мен шынын бір босатып алғандай болды да:
ـــ Тәм балам, өмірімді бақыт пен сордың тел тепкісіне салған тәңіріме өкпелемеймін. Осы арпалыстан нағыз адам болып шыққанымды білемін. Міне кейінгі сенделген өміріне ұйтқы болып, соңғы өміріме тұрақ болған мынау қара тау маған бәрінен де шуақты, ыстық сезіледі. Ендігі арманым мынау өзіме бақыт, сүйегім осы қара таудың құшағында қалса болды, бұдан ары мен жететін көмбеде жоқ балам.. ـــ деп кеңесін ақырластырды.
Мен қара тауда жатқан қамбалы карияға сол бір қанды шапан серіктерін іздеуге көмек қолымды созып ‹‹бармысың бауырым›› праграммасынан қузау салатыныма уғда беріп аттандым.
Соңғы сөз
Тіршілік доңғалағы дамылсыз жылжи береді. Осы қимылға іліккен адам өмірі әр басқа кешулерді бастан кешіретіні заңды. Біреулер өмірдегі бақыты мен барлығына қанағат етпей, одан да биік байлық, бақытқа қол созып, өз өмірін зорға ақырластырып жатса, енді біреулер жаратушының тамтұмдап бергеніне қанағат етіп, қиындық пен михынаттың артында бақыт жасырынып тұратынын ескеріп, ерінбей-жалықпай сол бұлдыр елес болған бақытқа талпына береді. Ал, тағы біреулер балалық шағы бақытты өтседе азаматтық шаққа келгенде арбадан бұзылған аттай аяқ-астынан қыңыратқып, өмірдің керенәу жолдарына түсіп, ажалға, бақытсыздыққа бұрын ұмтылатынын қайтесың. Міне бұндайды біздің халық ‹‹құдайға бой бермей қаңғырғандар›› қатарына жатқызады. Ал, менің кейіпкерім шы, бұлардан да дара, ол өмірді сүйеді, ертеңге деген құштарлығы уақыт өткен сайын жалындай түседі, мүмкін оның санасында жасырын бір алау жатты. Сондықтан, әрқандай ауқымдық, қоғамдық жағдайда сол алаудан ол ұшқын алып тірлігін маздата жүріп, әлгі бұлдыр елесті қуа береді, қуа береді… Қандай қиындық кез, машақатты күндерде жанының жарақаттарын жақсылықпен жамап, бүтіндеп отырды. Әйтседе, оны өмірінің соңында бір жасырын өкініш ішкі дүниесін ұры мысқтай тырналап, мазалай берді. Әуелде оған да қайрат еткен еді, бірақ, қайсар жан ендігі жерде тірліктің тәсілін өзгертіп, алданыш махаббатты ақыры туыстыққа айырбастап, одан өрбіген бір ұрпақты артына белгі етіп қалдыруды соңғы тұжырым етті. Әйтсе де осы белгі қашанғы қалтқысыз қақиып, табандап тұрарына жүрегі кейде дір-дір етеді де, қылғына жұтынып қынжыла береді. Құрғыр мұндайда көзден жас шығу деген де, бақыт екенін енді білді. Жанардан ағыл-тегіл жас кетсе ішкі дүниең кеңіп қалар еді-ау! Бірақ, сарқыла бастаған өмірмен, үзіле бастаған үміт бірге жас құрғырды да тиған-ау сірә…
Иә, ендігі бір арман бұл өмірдің соңғы арманы, білтесі қарауытқан шырағыданның біреудің үстемелеп аз да болса май құйып кетуін аңсаған арман, ол болса анау бала күнінде кешуді бірге кешкен сол серіктері қайда? Олар қандай тірлікті бастан кешті екен? Міне бұл шөкен карияның жатса-тұрса есінен кетпес арманының бірі, шыны керек, әке мен шеше айтылым шын, болса ол дүниеге барғанда озымен кезігіп, сағынышын ақырластырмаса, мына жарық дүниеде олармен қауышу жоғын кария әбден быледы.сондықтан, ылғи да жүрегі сезіп, жүйкесін жұлындыра беретін, кешегі тағдырлас болған сол балалық дәуірдегі ажал апанына бірге аттанып, қысылтаяңда бөлініп кеткен серіктерін бір жолықтырып, олармен өткен-кеткенді қозғасып алса, өмірдің ендігі арманы да, рахаты да сол ғана. Иә, бұған мүмкіндік бар болу керек. Өйткені, мына дәуірді, електрондық дәуір дейді ғой. Жоғалғаныңды демде тауып беретін техникаларды ауыз жаппай айтып жатпайма, оның сыртында міне бүгін бір түкпірден өзін іздеп тапқан өзіме тіпті ұмытпен қарап, ‹‹соларды сен ылаждап тап, мен әлі де тосамын›› дегендей, жапақтай берді.
Иә, сырлас болған карияның жоғын іздеуге мен де уағда беріп аттандым. Әрине, техниканың құдыретыне мен сенем.
Соңы
Пікір қалдыру