|  |  | 

Суреттер сөйлейді Әлеумет

Сіргелі қазақтары

Осыдан 50 жыл бұрын 1966 жылғы сәуірдің 26-сында Ташкент аймақ тарихындағы күшті жер сілкінісін бастан кешті. Тоғыз балдық зілзаладан қаланың орталық бөлігі түгелге жуық қирап қалды. Табиғи апат кезінде оншақты адам өліп, екі миллион шаршы метр тұрғынжай талқан болып, 300 мың тұрғын баспанадан айырылды. Өзбекстан астанасын қалпына келтіруге СССР-дің барлық республикалары қатысты. Сол кезеңде қайта салынған Ташкенттегі Сіргелі шағын ауданында негізінен этникалық қазақтар тұрып жатыр. Азаттықтың фототілшісі жуырда олардың тұрмыс-тіршілігін көріп қайтты.
Түгелін оқыңыз

1966 жылдан кейін Сіргеліде көптеген үйлер қайта салынып, жаңа көшелер пайда болды. Қыпшақ көшесінде тұрған мына үй сол кезде салынған.
1

1966 жылдан кейін Сіргеліде көптеген үйлер қайта салынып, жаңа көшелер пайда болды. Қыпшақ көшесінде тұрған мына үй сол кезде салынған.

Үй құрылысына әскер де тартылыпты. Жергілікті халық баспананың шұғыл түрде бес жыл мерзімге деп салынғанын, бірақ содан бері 50 жыл өткенін айтады.
2

Үй құрылысына әскер де тартылыпты. Жергілікті халық баспананың шұғыл түрде бес жыл мерзімге деп салынғанын, бірақ содан бері 50 жыл өткенін айтады.

Қыпшақ көшесін бойлай аққан су. Тұрғындардың сөзінше, Сіргелі де, басқа да ауылдар сулы жерлерде ірге көтерген.
3

Қыпшақ көшесін бойлай аққан су. Тұрғындардың сөзінше, Сіргелі де, басқа да ауылдар сулы жерлерде ірге көтерген.

Сіргелі жұрты әулие санайтын Әшірмат Оразов атты шайқының қабірі. 1961 жылы қайтыс болған шайқыны ауыл халқы ишан деп білген. Бұл зират қазір Сіргелінің ортасында шағын арал құсап қалған.
4

Сіргелі жұрты әулие санайтын Әшірмат Оразов атты шайқының қабірі. 1961 жылы қайтыс болған шайқыны ауыл халқы ишан деп білген. Бұл зират қазір Сіргелінің ортасында шағын арал құсап қалған.

Сіргелінің Қыпшақ көшесінде тұрған аралас мектеп. Оқушылар өзбек және қазақ тілдерінде оқиды. Жергілікті тұрғындар бұл көшенің орнында бұрындары Қыпшақ ауылы болғанын айтады.
5

Сіргелінің Қыпшақ көшесінде тұрған аралас мектеп. Оқушылар өзбек және қазақ тілдерінде оқиды. Жергілікті тұрғындар бұл көшенің орнында бұрындары Қыпшақ ауылы болғанын айтады.

Сіргелі ауылындағы мектеп ауласында ойнап жүрген оқушы қыздар.
6

Сіргелі ауылындағы мектеп ауласында ойнап жүрген оқушы қыздар.

Сіргелідегі аралас мектептің оқу ісі бойынша меңгерушісі Гүлсара Тұрдымұратова физика және еңбек пәндерінен сабақ береді. Сынып бөлмесі оның оқушылары жасаған бұйымдарға толы.
7

Сіргелідегі аралас мектептің оқу ісі бойынша меңгерушісі Гүлсара Тұрдымұратова физика және еңбек пәндерінен сабақ береді. Сынып бөлмесі оның оқушылары жасаған бұйымдарға толы.

7-сынып оқушысы Арыстан Саттаров.
8

7-сынып оқушысы Арыстан Саттаров.

Қазақ тілінде оқитын 7-сынып оқушылары Аслиддин Салибаев пен Асқар Қаппаров
9

Қазақ тілінде оқитын 7-сынып оқушылары Аслиддин Салибаев пен Асқар Қаппаров

7-сыныптың және бір оқушысы Әзиз Әкімбеков
10

7-сыныптың және бір оқушысы Әзиз Әкімбеков

Әбибулла Оразов соңғы 10 жыл бойы Қыпшақ махалласы комитетінің төрағасы болған.
11

Әбибулла Оразов соңғы 10 жыл бойы Қыпшақ махалласы комитетінің төрағасы болған.

Әуелі Сіргелі деп тұтас шағын ауданды емес, темір жол станциясын атаған. Бұл аудан арқылы темір жол өтеді. 
12

Әуелі Сіргелі деп тұтас шағын ауданды емес, темір жол станциясын атаған. Бұл аудан арқылы темір жол өтеді.

Сіргелі шағын ауданындағы Спутник қалашығының бір көрінісі.
13

Сіргелі шағын ауданындағы Спутник қалашығының бір көрінісі.

Спутник қалашығы тұрғындарының бірі Рафик (сол жақта) "бәріміз бір атаның баласымыз" деп әзілдеп қояды. Мұнда да этникалық қазақтар аз тұрмайды.
14

Спутник қалашығы тұрғындарының бірі Рафик (сол жақта) “бәріміз бір атаның баласымыз” деп әзілдеп қояды. Мұнда да этникалық қазақтар аз тұрмайды.

Спутникке келгенімізде қайтыс болған отағасының жылын беріп жатқан үйдің үстінен түстік. Түрлі түсті реңкпен боялған үйдің ауласында тұрғындар қой сойып, ас әзірлеп жатты.
15

Спутникке келгенімізде қайтыс болған отағасының жылын беріп жатқан үйдің үстінен түстік. Түрлі түсті реңкпен боялған үйдің ауласында тұрғындар қой сойып, ас әзірлеп жатты.

Сіргелінің жастары ас беріп жатқан бір үйге қазан әкеліп, жәрдем қылып жатыр. "Ұлтқа бөлінбейміз" дейді сол жақтағы жігіт.
16

Сіргелінің жастары ас беріп жатқан бір үйге қазан әкеліп, жәрдем қылып жатыр. “Ұлтқа бөлінбейміз” дейді сол жақтағы жігіт.

1966 жылғы жер сілкінісінен соң Сіргелі ауданында салынған жаңа үйге көшірілген өзбек отбасылардың бірі сумаляк атты ұлтық асын пісіріп жатыр.
17

1966 жылғы жер сілкінісінен соң Сіргелі ауданында салынған жаңа үйге көшірілген өзбек отбасылардың бірі сумаляк атты ұлтық асын пісіріп жатыр.

Сіргеліде қазақтардан бөлек бірнеше этникалық азшылық өкілдері тұрады. 
18

Сіргеліде қазақтардан бөлек бірнеше этникалық азшылық өкілдері тұрады.

Қазақ отбасы тұратын пәтердің терезесі.
19

Қазақ отбасы тұратын пәтердің терезесі.

Шағын аудандағы ағаштан салынған үйлер "Спутник" деп аталып кеткен. Атау сол күйі өзгермей қалыпты.
20

Шағын аудандағы ағаштан салынған үйлер “Спутник” деп аталып кеткен. Атау сол күйі өзгермей қалыпты.

Тып-тыныш аулалардың ар жағында қала өмірі қайнап жатқанына сену қиын.
21

Тып-тыныш аулалардың ар жағында қала өмірі қайнап жатқанына сену қиын.

Зілзаладан кейінгі баспана мәселесі арада 50 жыл өтсе де, әлі өзекті күйінде қалған. Әсіресе орыс тілді Ташкент тұрғындары жиі қоныс ауыстырып, пәтер іздеумен жүреді. Мынадай хабарландыру қабырғалары жиі кездеседі.
22

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: