|  | 

Әлеумет

АЙДЫНЫНА ОРАЛҒАН АҚҚУ ҮНІ

Aydn Qumarqan

Салтанат Құмарханұлы ақын

АЙДЫНЫНА ОРАЛҒАН АҚҚУ ҮНІ

Не үн мынау мұыңын шеріткен даланың,

Даусы ма екен, әлде жарлы ананың

Қан майданда қапылыста жоқ әлде

Қанға батқан ашшы үніме бабаның.

Не үн мынау түсіне ме тірі жан,

Арыстан ба әл дәрмені құрыған.

Көкжал ма екен қапияда оқ құшып,

Қаратауға қасыретпен ұлыған.

Не үн зарлы сағынышқа малынған,

Тұлпар ма әл де оқыс орға шалынған,

Қыран ба әлде торға түсіп абайсыз

Күңіреніп көк аспанын сағынған.

Жетім көл ме жағаны ұрып,жылаған,

Ормандарма шөлден тамшы сұраған.

Қара бұлт па қара аспаннан күркіреп,

Қара жерге найзағай боп құлаған.

Не үн өзі, айтшы мынау боз далам,

Сар інген бе, сар жұртына боздаған,

Ақ боран ба, ақ жалын боп ысқырып,

Көк пен жердің көкірегінен қоздаған.

Бұл зарлы үн запыранға оранған,

Жер мен көлден айырылып жоғалған

Тым алыстан талып жеткен,

Тұла бойы сағынышпен толы арман,

Аққулардың үні екен ғой оралған.

Оңнан туып, жұлдыз, күнің, айымда,

Гүл тербелсін қырың мен сайың да.

О, жаратқан, салмау үшін уайымға,

Аққуыңды айдын көлден айырма…

ЖЕТІСУ ГҮЛГЕ

Аспан көңілің күн кірпігімен нұрланып,

Қарадың ба екен ай жанарың мен ұрланып.

Бұлақ күлкіңмен баурадың ба екен тағыда,

Әйтпесе мұндай ғашық болмас еді бұл халық.

Жасады ма екен көркіңе сенің нұр қаптап,

Дала беттерің тамсанарлықтай нұрлы аппақ.

Балауса гүлің бал қылық жасап баурайды-ау,

Тау тақияңның бұлт үкісі де бұлғақтап.

Күн көзің нұрлы от болып жанып қараған,

Қас сұлу сен бе ең халқымның көңілі қалаған.

Сағыныш жаңбыр лебізің болып төгілсе,

Саусағың самал даланың шашын тараған.

Жап-жасыл көйлек жаныңмен әсем жарасып,

Жатыр ма екен іңкәр көңілдер таласып,

Сұлу бейнеңе жүрме екен құлай ғашық боп,

Тірі жан біткен есінен танып адасып.

Тал бойың сырлы тамаша неткен тамсанам,

Өзіңе іңкәр жүрегім, көңіл, жан, санам.

Жұлдыз моншағыңды түн тамағыңнан көрінген,

Әнімен иіскеп, жырымен сүйді қанша адам.

Жетісу гүлім ғашығым сенсің аңсаған….

Алдамшылық

Айналамды басқандай қараңғылық,

Еш пенде жоқ қарайтын маған күліп.

Жаратқандай көзіме көрінеді,

Тіршіліктің барлығын сараң қылып.

Беті қайтып пендеден періштем жүр,

Көрсетсе де тірлікке табандылық.

Ойым ойран, денем сал, миым батпан,

Тірлігімді немене қиындатқан.

Тек күдік тұр, күйзеліп, күңіреніп,

Көкпен жердің көңілсіз күйін қаққан.

Сыр білдірмей келемін кеуде керіп,

Кедергіге қарамай құйындатқан.

Арманымда арымнан тоналғандай,

Үмітім жоқ, кеудемнен жоғалғандай.

Есі ауысқан екпінсіз бұл тірліктен,

Кім біледі күні ертең болам қандай.

Сайқы мазақ санамнан заман көшер,

Құбылмалы құлқынсыз қоғамдардай.

Беретіндей айналам уын келіп,

Түсіп кеткен білмедім құным не ғып?

Адалдығым адасып айқайлайды,

Сайтанның сарайында туын керіп.

Жақсылықты жамандық сүйіп жатыр,

Майысқан махаббаттың гүлін беріп.

 

Ата арманы..

Ата жұрттың қырқа белес адырын.

Көріу үшін біліу керек қадырын.

Ажалымда жақын қалған секілді,

Болу керек менің сонда қабырым.

Деп айттыда терең бір сәт дем алып.

Маңдайынан тарам-тарам тер ағып.

Кеттік балам жат өлкеден дедіде,

Жолға шықты атам солай мені алып.

Шегараға келе сала асығып.

Қақпасына сүйендіде асылып.

Өксіп-өксіп біраз жылап алдыда,

Балам деді жасын менен жасырып.

Анау тұрған бйктегі желбіреп.

Біздің көк ту оны қазыр ел білет.

Оны қанша аңсауменен өтті күн,

Сай сүйегім сағыныштан елжіреп.

Мынау міне ел таңбамыз ұғып ал.

Аңсап өткен оны талай ұлылар.

Мұны саған әдей ұлым көрсеттім,

Жанымыздан артық болғн құны бар.

Міне балам қабырғаға қарашы.

Деді жас боп жанарының шарасы.

Біздің тұңғыш Елбасымыз президент,

Көзін тіккен бүккіл адам баласы.

Ал мынаушы жеріміздің кәртасы.

Маған қымбат ата жұрттың әр тасы.

Міне осындай байлық тұңған өлке бар,

Барлығда Тәуелсіздіктің арқасы.

Салтымызді, ұлтымызды сақтадық.

Енді балам айталасың мақтанып.

Отандасың, арманым жоқ дедіде,

Кете берді бұл пәниден аттанып.

Берекемен бірлік болып ұраның.

Жасай бер сен алтын отан тұрағым.

Содан бері жұма сайын атама,

Оқығанда құранын.

Тәуелсіздік үшінде,

Дұға етіп тұрамын…

Салтанат Құмархан

kerey.kz

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: