ӘККІ ШЕНУНІКТЕРДІҢ ОРАЛУЫ
Сонымен Мемлекет басшысы арнайы Жарлықпен Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған Әділбек Жақсыбековті жаңа ғана Ақорда ұжымына таныстырды. Әділбек мырза бұған дейін 2004-2008 жылдар аралығында Президент әкімшілігін бір рет басқарып көрген. Ал Нұрлан Нығматуллин бүгін Мәжіліс депутаты болып тағайындалып еді, енді ертең-бүрсүгүні депутаттар оны спикерлікке сайлап жібереді-ау деп “қорқып” отырмыз. Ол да бұдан бұрын, 2012 жылы 20-шы қаңтардан 2012 жылы 3-сәуір аралығында Парламенті Мәжілісінің Төрағасы қызметін бір рет атқарып қойған.
Әсет Исекешовтің Астана қаласының әкімі болып тағайындалуына байланысты оның орнына Инвестициялар және даму министрі болып Жеңіс Қасымбек тағайындалды. Бақтықожа Ізмұхамбетов Өмірзақ Озғанбаевтың орнына Республикалық ардагерлер ұйымының төрағасы болып сайланды. Ішкі мүмкіндігі мол Бақтықожаның бұл қызметіне шынымен қоңылтақсып қалдық. Депутаттық орынтақ керек болып қалған ғой.
Мені ойландыратыны бір орында істеп кеткен адамдардың сол орынға екінші рет қайтып оралуы (К.Мәсімов, Ә.Жақсыбеков, Н.Нығматуллин) сияқты фактілер Қазақстанда кадрлық тапшылық орын алып отырғанын, Елбасыға «сенімді» адамдар легінің мүлде аздығын байқатады. Әрі жаңа да көне кадрлар мемлекеттік билікті нығайтпайтыны, күрделі өзгерістер жасауға құлықсыз болатыны рас. Ұлттық мүдделерді алға жылжыту орнына әккі шенеуніктер көбіне өздерінің сүйікті «кілемасты» ойындарымен шұғылданып кетеді-ау деген күдік те жоқ емес.
Бір сүйініштісі Нұрлан Нығматуллиннің Ақордадағы ықпалының әлсіреуімен Серік Ахметовке, Сейітқазы Матаевқа, т.б. тағылған айыптар босаңсыр, әділеттілікке жетудің ауыр жолы жеңілдер деп үміттенеміз.
Пікір қалдыру