|  | 

Сұхбаттар

Мекемтас Мырзахметов: Сананы біріктіретін идеология қажет

kollazh-dlya-sajta2

Мәскеулік кейбір  интернет басылымдар рухани құндылыққа шабуылын үдетті. Оларға сенсең, құдды  Ресей империясында  мұсылман қауымға «қамқорлық»  керемет болған. Соңғы кездері мұндай  дүниелердің көбеюі ойландырмай қоймайды. Осыған орай біз абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметұлымен сұхбаттастық.

9b6d4c22af282dcb6a72905abd420368

 Жас қазақ: Мекемтас аға, орыстілді бір сайттан мынадай материал оқып қалдым. Онда мақала авторы П.Густерин «Ресей империясы мұсылман дінінің дамуына жағдай жасаған. Патшалық Ресейдің үкімет басшысы П.Столыпиннің жүргізген саясатының арқасында бірде-бір мұсылман қысым қөрмеген», – деп жазады. Алайда Сіздің «Қазақ қалай орыстандырылды?» атты еңбегіңізде бұл нақты дерекпен жоққа шығарылған.

Мекемтас Мырзаметов: Ерте кезде, яғни Екатеринаның тұсында қазаққа ауыл-ауылды аралап Құран кітабын арбамен жүріп таратты. Ол уақытша ғана болатын. Себебі басты мақсаты –  «Аз уақыт ішінде қазақтарды жаулап алсақ, Орталық Азияны, Шығыс Түркістанды қолға аламыз» – деп ойлады. «Ақ патша жақсы, дінімізге тиіспейді екен» деген пікір қалыптастыру үшін осындай қадамға барды. Молдаларға профессордың айлығын берген кездер болды. Әбден жаулап алғаннан кейін, Қытаймен шекара анықталған соң, саясат 180 градусқа өзгерді. Қазақтарды орыстандырып, шоқындыру миссиясы басталды. Ондай айланы жиі қолданып отырған. Тарихшыларымыз осыны айқындап көрсетуі керек. Егерде олар бірден бізді шоқындыруға көшкен болса, жағдай ушығып, өзге елдердің қарсылық білдіретінін жақсы түсінді. Енді келіп, бұлай ақталудың еш қажеті жоқ.

Жас қазақ: Тағы бір орыстілді сайт ислам дінінің кемшін тұсын жіпке тізіп, оны жек көрінішті етіп көрсеткісі келген. Оған не себеп?

Мекемтас Мырзахметов: Мұның түпкі себебі –  орыстың ескі ауруы ғой. Өйткені, христиан дініндегілер ислам дінін жақтырмай, оған барынша күйе жағуға тырысады. Мәселен, біз христианның барлық пайғамбарларын мойындаймыз, ал олар мойындамайды. Өкінішке қарай, біз әртүрлі жағдайға байланысты әлсіреп қалдық. Христиандардың өктемдігі болашақта да бола береді. Бірақ жаңа дүниетаным келгеннен кейін мүмкін өзгерісболар. Комунисттік партияның қағидасы бойынш абіз атеист-материалист болдық. Алайда ғалымдар «бізді үлкен сана билейді» деген пікірді алға тартып отыр. Менің ойымша, осы ұстанымға жаппай бетбұрыс болады. Әйтсе де,   қазіргі таңда бұл мүмкін емес болып отыр. Өйткені, аталған ұстанымды Ресей мен АҚШ және Еуропадағы алпауыт мемлекеттер қабылдай алмайды. Ал түріктектес бес республика –  Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Әзірбайжан тез қабылдайтын болады. Қазір біз Абай арқылы мұны көпшілікке түсіндіріп жатырмыз.  Мәселен, біз Мұхаммед пайғамбарды мойындап, Құранның бір сөзін де өзгертпей отырмыз. Ал христиан дініндегі кітаптардың түп нұсқасы жоқ. Сондықтан да олар христиан дінінің осал екенін біледі. Алайда олардың қолында бұқаралық ақпарат құралдары болғаннан кейін ислам дінін құбыжықетіп көрсетіп отыр. Қазір ең үлкен қауіпті дүние- ақпарат. Олар өздері ойдан құрастырып, әрнәрсені айта береді. Дегенмен, христиандардың жапқан жаласы күн өткен сайын әшкереленіп жатыр. Сондықтан да бұған мән бермей сенімімізді нық қылып, алға қадам баса беруіміз керек.

Жасқазақ: Осындай сан түрлі айладан қорғануды жолы қандай?

Мекемтас Мырзахметов: Абай заманында тұсында қазақтың қамалы тастай еді. Кейін жан-жаққа тарадық. Бес саусағымыз бес жақта. Дін, тіл жағынан бөлініп кеттік. Кеңес үкіметі кезінде ең қатты орыстанғандар қазақтар болатын. Соның салдарынан біздің 40 пайыз қазағымыз шала және ада қазақ болып отыр. Ада қазақтарымыз енді қазақ болмайды. Ал шала қазақтардың бетін бері бұрып алуға болады деп ойлаймын. Басты мақсат – бізді рухани құлға айналдыру еді. Дін саласында біршама өзгеріс бар. Арнайы министрлік құрылды. Алайда уахабистердің тамыры тереңде жатыр. Бүгінде  адасқандар көп. Жан жақтағы шашырап жүрген қазақтың басын қосатын, халықтың санасын бір жерге түйіп беретін – ұлттық идеология. Одан басқа ешнәрсе көмектеспейді. Әсіресе, қазір ауадай қажет болып тұр.

Жалпы, біз бүгінде аз ғана халқымызбен әлемде 9 орын алатын жерге иелік етеміз. Алдағы уақытта ең болмағанда, 20 миллионға жетіп алуымыз керек. Қазір өсім жақсы. Жыл сайын 500 мың бала дүние есігін ашуда. Мәселен, бұрын қазақ мектептері 35 пайыз ғана болатын, қазір 80 пайыздан асып кетті. Бүгінде мектеп қабырғасында оқып жатқан балалар өсіп жетілсе, олардың көзқарасы мүлде басқаша болады. Олар біз сияқты бұғып жүрмейтін болады. Себебі біз дүниеде езілуіндей ақ езілген халықпыз. Бірақ сонда да мемлекетін құрып, оны Нұрсұлтан Назарбаевтай мықты азамат басқарып отыр.

Жасқазақ: Зиялы қауым өкілдері ұлттық мәселе де пікірін білдіріп жатады. Үкіметтегілер оған назар аударып жатыр ма?

МекемтасМырзахметов: Интеллигенция қай кезде күшті болады? Зиялы қауым өкілдерінің тыңдаушысы күшті болса. Өкінішке қарай, біздің тыңдаушыларымыздың санасы қалың ұйқыда жатыр. Мәселен, жақсы мәселе көтерілген кезде халық дүр ете түсуі керек. Сонда биліктегілер мәселені шешуге асығады. Әлі күнге дейін соған жете алмай отырмыз.

Жасқазақ: Ел сыйлайтын ақсақалсыз. Соған қарамастан, бірде Алматыда, бірде Шымкентте шапқылап жүресіз. Кейде барлық жұмысты тастап демалғыңыз келмей ме?

МекемтасМырзахметов:Демалып өз-өзіме қарауға уақыт жоқ. Шымкентте 500 кітап шығарып жатырмыз. Сондай-ақ Бауыржан Момышұлының 100 томдығын құрастырып жатырмыз. Өзімді аяп демалған адам емеспін. Өзгелер сияқты курортқа барып, шалқайып жатқан жоқпын. Оған уақытым жоқ. Уақыты мен ақша бар адамдар шалқып өмір сүреді. Ал білдей бір профессорға төленетін 130 мың теңге не болады. Бірақ мен «айлығым аз» деп қарап жатқаным жоқ. Шамам жеткенше, халыққа қажетті дүниені жарыққа шығарып кетуім керек.

 

Сұхбаттасқан Серік Құдайбергенұлы

jasqazaq.kz

Related Articles

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • Саясаттанушы: Еуроодақпен әріптестікке Орталық Азия көбірек мүдделі

    Саясаттанушы: Еуроодақпен әріптестікке Орталық Азия көбірек мүдделі

    Нұрбек ТҮСІПХАН Еуроодақ жетекшілері мен Орталық Азия елдерінің басшылары “Орталық Азия – Еуроодақ” саммиті кезінде. Самарқан, Өзбекстан 4 сәуір 2025 жыл 3-4 сәуірде Самарқанда “Орталық Азия – Еуропа одағы” саммиті өтті. Орталық Азияның ресми БАҚ-тары мен мемлекеттік құрылым сайттары Самарқан саммитінің “тарихи маңызын” айтып жатыр. Ал екі аймақ арасында осындай форматтағы алғашқы кездесуді сарапшылар қалай бағалайды? Азаттық тілшісінің сұрақтарына саясаттанушы Жәнібек Арынов жауап береді. – Орталық Азия және Еуроодақ саммиті қаншалықты тең жағдайда өтіп жатыр деп айта аламыз? – Орталық Азия мемлекеттерінің 30 жылдық сыртқы саясатына, тарихына үңілсек, Еуроодақ әрдайым тең дәрежеде жұмыс жасауға тырысатын үлкен әріптестердің бірі. Мысалы, АҚШ немесе Ресей не болмаса Қытаймен салыстырғанда мемлекет тарапынан болсын, қоғам

  • Жин Нода: Қазақ хандары мен Цинь империясының байланысы тым терең

    Жин Нода: Қазақ хандары мен Цинь империясының байланысы тым терең

    Өткен жылы қолыма Токио шет тілдер университетінің профессоры Жин Ноданың «Ресей мен Цин империялары арасындағы Қазақ хандықтары: XVIII-XIX ғасырлардағы Орталық Еуразия халықаралық қатынастары» атты зерттеу еңбегі түсті. Өз тарихымызға қатысты болған соң, бір деммен оқып шықтым. Аталған кітапта қазақ ханы Абылай мен өзге сұлтандардың Цин императорына жазған хаттары туралы баяндалады. Жақында Жин Нодамен хабарласып, көкейімізде жүрген сұрақтарды қойдық. – Ғылыми зерттеу кітабыңыз ерте­дегі Қазақ-Цинь империясы қатына­сын өзгеше тануға арналған академия­лық еңбек екен. Бұндай зерттеуге бет бұруға не түрткі болды? – Мен Орталық Азияны зерттеу барысында Ресей және Цинь империясы туралы көзқарастарда үлкен алшақтық бар екенін байқадым. Осы алшақтықты жою мақсатында мен қазақтардың тарихын ресейлік және қытайлық дереккөздер негізінде зерттеуге кірістім.

  • Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка.

    Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка.

    “Сұхбатты” енді ғана оқып шықтым. Әзірге, сипаты туралы аз сөз: Әлбетте, бұл – журналистика стандарттарына сай, шынайы, нағыз сұхбат емес. Конституциялық құқығы тең, екі саналы азаматтың өзара пікірлескен, еменжарқын әңгімесі емес. Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка. Пәленбай адам түзеп-күзеген, ананы да, мынаны қамтуға тырысқан, аяғында жаны жоқ мәтіндер жиынтығы туған. Тоқаев айналасындағыларға: “осыншалық жасанды кейіппен халық алдында көрінуім ұят болады, қойыңдар, айналайындар, қателессем де өз болмысыммен шығам” деуге түсінігі жетпегені өкінішті. Былтыр “Егеменде” “сұхбаттасқан” Дихан Қамзабек те, биыл “Ана тілінде” “әңгімелескен” Ерлан Жүніс те, кешіріңіздер, ешқандай да интервьюер емес. Иә, біреуі терең ғалым, екіншісі тамаша ақын, бірақ, өмірінде бір

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: