Біздің Трамп
Америка бұрын әкімнің орынбасары, департаменттің бастығы, аппарат жетекшісі, пәленшенің түгеншесі боп күшік кезінен таланып қалмаған, мүлде тың адам іздепті. Жаһанның проблемасымен емес, өз елінің мәселесімен шұғылдансын депті. Трамптың көктен түскені сол)).
Бізге де азаматтық қоғамды түсінетін, аздап ұлтшыл, негізінен либерал президент керек. Ондайлар бар. Мәселен, Мұхтар Тайжан.
1. Трамп секілді Мұхтарда да Атырау мен Астанаға күнара ұшып бара алатын ақша бар.
2. Трамп Мексикамен араға қабырға тұрғызбақшы. Мұхтар Ресеймен Еуразиялық одақтан шығармақ.
3. Трамп бизнеске салықты азайтпақшы. Мұхтар салықты көбейтуге қарсы.
4. Трамп діни және ұлттық азшылыққа көзқарасын сайлау кезінде жұмсартты. Мұхтарда онсыз да жұмсақ.
5. Трамп бірнеше әйел алған. Мұхтарда біреу ғана. Бірақ Мұхтарда әлі де мүмкіндік бар.
6. Трамп әйелдерге қатысты дау-дамайға қалды. Мұхтарда пияз дауы бар.
7. Трамптың балалары АҚШ-та оқиды. Мұхтардың балалары да АҚШ-та оқиды.
8. Трампты өзінің республикашылдары ұнатпайды. Мұхтарды да өзінің ұлтшылдары ұнатпайды.
9. Трамп АҚШ-тың мүддесі үшін он күн де түрмеде отырмаған. Мұхтар да отырмаған. Бірақ әлі үлгереді.
10. Трампты Обама қолдамады, Мұхтарды да Назарбаев қолдамайды. Бірақ Мұхтардың әлі де мүмкіндігі бар. т.б.
Пікір қалдыру