ЖАҒЫМПАЗДЫҚ НОКАУТҚА ТҮСТІ!
Ауруханадан кеше шыққанмен ФБ-ға бүгін ғана кіріп едім, оншақты күннің ішінде қаншама өзгерістер болып кеткен?! Қарадан қарап тұрып Астананың аты өзгеріп кете жаздапты! П@ламент ғимаратының төбесіне шапалақ соғып тұрған алақан бейнесінде жағымпаздық символын орнатуға лайық па деп қалдым.
«Партия қалаулылары» жағымпаздық олимпиадасының желаяқтары болғанымен, ал ұлт үшін маңызды мәселенің бәрінде – «страус». Жер дауында бұғып қалады, Петропавл мен Павлодар қалаларының атын ауыстыруға келгенде жақ ашпайды, Конституцияға мемлекет құраушы ұлттың аты мен құқығын енгізуге – керең, құқықтық актілер мен заң жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеуге – соқыр. Ал жағымпаздық жарысында құлақтар «ашылып», соқыр көздері «көріп кетеді». Осындай жағымсыз «қылықтарымен» абыройдан айырылып бітті.
Өздерінің батпаққа батқан абыройын қойшы, Президенттің ішкі-сыртқы беделін жойқын зілзаладай күйретіп кете жаздады емес пе. Мемлекет басшысы «Ресей-24» телеарнасына берген сұқбатында елорда атының өзгертілмейтіні туралы мәлімдемесімен парламенттік жағымпаздықты кезекті рет талдырып түсірді! Өздеріне де сол керек! (Ұзаққа созылған ду қол шапалақ).
Пікір қалдыру