| украина дағдарысы
  • Жаһан жаңалықтары

    Трамп Германия мен Францияның Украина дағдарысын реттеу әрекетін қолдады

    АҚШ президенті Дональд Трамп пен Германия канцлері Ангела Меркель. АҚШ президенті Дональд Трамп Германия мен Францияның Украинаның шығысындағы қақтығысты реттеу жөніндегі талпыныстарын қолдайды деп мәлімдеді Ақ үйдің баспасөз қызметі. Дональд Трамп 24 сәуірде Германия канцлері Ангела Меркельмен телефонмен сөйлескенінде оның Франция президенті Франсуа Олландпен бірге Ресей және Украинамен “Донбастағы қақтығысты Минск келісімі негізінде бейбіт реттеу” жөнінде мәміле жүргізу әрекетін қолдайтынын білдірді. 2015 жылы ақпанда жасалған Минск келісімі Украина үкіметі мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасында бітім орнатуға тиіс еді, бірақ тараптар оның шарттарын әлі күнге толық орындамай отыр. Трамп пен Меркель Украина дағдырысынан өзге Сирия мен Йемендегі қақтығыстарды да талқылап, “Солтүстік Корея тарапынан төтеннен қауіп төніп тұрғанын” айтты.

    568
  • Жаңалықтар

    Елбасы Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

    Әңгімелесу барысында П.Порошенко қол жеткізілген бұрынғы уағдаластықтарға сәйкес Украина Қазақстанның ДСҰ-ға кіру үдерісін қолдағанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев көрсеткен қолдауы үшін Украина Президентіне ризашылық білдірді-деп хабарлайды Ақорда баспа сөз қызметі. Екі елдің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне қатысты пікір алмасып, алдағы уақытта өтетін Қазақстан-Украина экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі бірлескен мемлекетаралық комиссия отырысында жемісті нәтижелерге қол жеткізіледі деп үміттенетіндерін айтты. Қазақстан мен Украина президенттері П.Порошенконың Астанаға жасайтын алдағы сапарын да талқылады. Телефон арқылы сөйлесуге Украина жағы бастамашы болды.

    335
  • Жаңалықтар

    Саакашвилиді Одесса губернаторы қызметіне ұсынды

    Грузия экс-президенті Михаил Саакашвили Киевтегі жиында сөйлеп тұр. 29 наурыз 2014 жыл. Украина үкіметі ел президенті Петр Порошенкоға Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилиді Одесса облысының губернаторы қызметіне тағайындауды ұсынған. Бұл туралы жұма күні «Интер» телеарнасына Украина президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Валерий Чалый мәлімдеген. Ол президент үкімет ұсынысын қараған соң шешім қабылдайтынын айтқан-деп хабарлайды Азаттық радиосы. Бұған дейін Украинаның экология және табиғи ресурстар министрі Игорь Шевченко Facebook-тегі парақшасында Саакашвилидің Одесса облысының губернаторы болып тағайындалғаны туралы жазған еді. Бірақ, Украина президентінің сайтында Саакашвилидің Одесса губернаторы болып тағайындалғаны жөнінде ресми ақпарат жоқ. Былтыр мамырдың 6-сы күні Одесса облыстық әкімдігі басшысы болып Игорь Палица тағайындалған. Жұма күні Грузияда Тбилиси қалалық соты елдің экс-президенті Михаил Саакашвили, экс-премьері

    386
load more

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: