|  |  | 

Саясат Әлеумет

Шекарашылар Қытайдан келе жатқан жесір ананың бар ақшасын тәркілеп алды ЭКСКЛЮЗИВ

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Зайсан ауданының «Майқапшағай» кедендік бекетінен Қазақ еліне Қытайдан көшіп келе жатқан жесір ананың 49 900 АҚШ долларын шекарашылар тәркілеп алған. Baq.kz редакциясына көмек сұрап келген Гүлжан Мәуітхан есімді кейуананың басындағы ауыр жағдаймен оқырмандарды хабардар еткенді жөн көрдік.

Өмір бойы жиған-тергенінен бір-ақ сәтте Қазақстан шекарасына келіп айырылған ананың қазіргі жағдайы ауыр.

Оқиғаның толық мән-жайы былай…

Мәуітхан Гүлжан ақпан айының 8-і күні Қытайдан Қазақстанға балаларымен және інісімен бірге көшіп келу үшін ШҚО Зайсан ауданына қарасты «Майқапшағай» кедендік бекетінен өтеді.

Күйеуінен жастай жесір қалып, екі баласын өмірдің небір тауқыметін тарта жүріп ер жеткізген Гүлжан Қытайдағы өзіне тиесілі үйі мен бар дүние-мүлкін сатып, ол ақшаға Астана қаласынан үй алуды көздеген екен.

Шекарадан өткен екі кішкентай баламен қоса есептегенде жеті адамның қалтасында жалпы жиыны 59,900 АҚШ доллары болған. Яғни, Мәуітхан Гүлжанның өзінде – 19,700, бірге туған інісі Мәуітхан Мұқияттың қалтасында – 10,500, ұлы Мұқташұлы Әділбектің жанында – 9,900, жиені Сайлан Мейрамбектің қалтасында – 9,900, жиен келіні Гүлжанат Солтікеннің қалтасында 9,900 АҚШ долары болған.

Гүлжан Мәуітханның айтуынша, оларды Майқапшағай кеден бекетіндегі шекара қызметкерлері бақылау терминалынан «құжаттарыңыз толық, бәрі заңды» деп өткізген.

«Шекара торынан Қазақстанға қарай шығарып салатын автобусқа отырған кезімізде артымыздан қуып келіп, қайта тексерді. Меніңше, бұлай істеуі заңға қайшы. Сосын, бәрімізді бақылау терминалына қайта тізіп алып кіріп, шешіндіріп, қойны-қонышымызды ақтарды. Тіпті, жылағанына қарамай, 3 жастағы және 8 жастағы екі баланы да шешіндіріп, тұла бойын тінтіп шықты. Жоғарыда аталған бесеуміздің қалтамыздан шыққан 59,900 АҚШ долларын түгелдей сыпырып алды. Бізде жолда тамақ алып ішетін, жолға төлейтін, қонақ үйге жататын көк тиын ақшамыз қалмай, екі ортада дағдарып қалдық. Ақыры бір таныс кісілердің көмегімен Зайсан қаласына келген кезде менің жүрек ауруым ұстап, есімнен танып, жедел жәрдеммен емханадан бір-ақ шықтым. Ол жерде де тағы бір қырсық дайын тұр екен. Көші-қон заңы бойынша, Қазақстан азаматтығын алғанша осы елдің азаматы ретінде қаралатын «ықтиярхат» куәлігім болса да емханадағылар: «Сіз шетел азаматы екенсіз. Емделуіңіз де ақылы болады» деп басымызды қатырды. Шырқырап жүгірген ұлым Алматыдағы таныстарынан ақша алдырып, емханаға жатып, зорға аман қалдым», – дейді ол.

«Атажұртым бар» деп алыстан ат терлетіп келген жесір ананың басындағы бұл ауыр жағдай туралы енді құзырлы орындарға арыздану үміті тұр.

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 1997 жылғы 18 шілде күнгі №10 нормативтік қаулысының 6-2 бөлімінде «Адам қолма-қол және (немесе) ұлттық валюта және (немесе) жол шектері контрабандасын жасаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті жазбаша декларациялауға жатпайтын, яғни, баламасы 10 мың АҚШ долларынан аспайтын мөлшердегі оның бөлігі контрабанда мүлкі ретінде танылмайды және адамға тағылған айып көлеміне енбейді. Осы сома иесіне қайтарылуы тиіс», – деп анық көрсетілген.

Ал шекарадан өткен кезде декларация толтырмаған жағдайда белгіленген көлемнен көп емес мөлшерде асып кеткен ақшаға заң бойынша айыппұл салынып, иесіне қайтарылуы тиіс дейді заңгерлер.

Олардың қолындағы бұл ақшаның қайдан алынғаны жайлы Қытайдың Көктоғай аудандық құрылыс басқармасының анықтама қағазы да бар.

«Ал оқиға болған кезде шекарашылар орысша сөйлеп, бізге тіпті, не жағдай болғанын да ашық түсіндірмеді. Кеден қызметкерлері әрқайсымызды бөлек-бөлек үйге кіргізіп алып, қоқан-лоқы жасап, сұраққа алды. Қысқасы, інім Мұқият пен ұлым Әділбекке, жиенім Сайлан мен жиен келінім Гүлжанатқа: «Бұл ақшалардың бәрі жеке өздеріңдікі емес, бір адамға тиесілі. Соны ашық мойындаңдар, әйтпесе, дәл қазір қамауға аламыз. Сосын паспорттарыңа қара таңба басып, шекарадан Қытайға қайта қуамыз!», – деп қорқытқан. Қытай елінде туып-өскен, орысша білмейтін, кириллица жазуын түсінбейтін, Қазақ елінің заңдарымен таныс емес олар, қорыққанынан шекарашылар не деп айт десе, солай айтып, түсініктеме және тергеу қағаздарына қол қойып берген. Сұрақ сұрау кезінде қастарында не аудармашы, не заңдық қорғаушы болмаған. Ақыры олар барлық ақшаны маған тиесілі етіп көрсетіп, қағаздар толтырып, менің мойыныма қылмыстық жауапкершілікті артып, бір өмір жиған қаржымды тартып алды. Анығында ол ақшаның бәрі жеке өзіме емес, балаларыма, ініме тиесілі болатын», – дейді Гүлжан Мәуітхан.

Бірнеше күн өткен соң тергеушілер келіп, мән-жайды түсіндірген әрі Зайсан ауданындағы экономикалық тергеу бөліміне шақырып алып, Гүлжан Мәуітханға: «Заң бойынша сізге тиесілі ақша осы» деп қолына 10 мың АҚШ долларын қайтарып берген. Қалған 49,900 АҚШ доллары ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер депертаментіне жіберілгені жайлы айтқан.

Сонымен, не Қытайға қайта алмай, не Қазақстанда тұрақтап тұра алмай, ауыр күйге түсіп, жолы кесіліп, бар ақшасынан айырылған көңілі қапалы, жаны жаралы ананың мұң-зарын тыңдар құлақ табылса деп тілейміз.

Baq.kz

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: