|  |  | 

Тұлғалар Әдеби әлем

Болам дейтін адам кем дегенде екі нәрсені ескеруі тиіс…

Muhtar , Galim

классик жазушысы Мұхтар Мағауин мен шығыстанушы-журналист Ғалым Боқаш

Ақпанның ортасы мен сәуірдің басында екі мәрте АҚШ-қа іссапармен барғанымда Вашингтонның орталығынан көлікпен қырық минуттай жүретін жерде – Мэриленд штатының Роквилл қаласында тұрып жатқан қазақтың классик жазушысы Мұхтар Мағауин ақсақалмен жүздесіп, жата-жастана әңгімелесіп қайттым. Жасы 77-ден асқан шағында да өзіне тән жазу дағдысы мен дисциплинасынан айнымаған екен. Қазіргі күн тәртібі шамамен мынадай. Таңертең тұрғасын қазақша таңғы ас ішеді: бал қосқан жылы су, шағын құтыдағы женьшень тұнбасы, ірімшік, авокадо мен май жаққан ақ нан, бір жілік суық қой еті, сүт қатқан шай. Сосын бірден жазу бөлмесіне кіріп кетеді. Сырт-сырт еткен машинка дауысы үзілмейді. Түс уағында жарты сағатқа шығып, үй ішінде, патио-балконда аяқ жазып жүреді. Қолына немересі сыйлап, қатты тапсырып кеткен адым санағыш сағатын тағып алады. “Жағанбике күніне мың жарым қадам жүр деген, соған толтыруым керек, интернет арқылы қашықтан қадағалап отырады екен” дейді. Сосын үйде қызмет қылуға әзір адамдары бола тұра ешкімді әурелемей өзі бір тостақ шайы мен сусынын құйып алып, қайта бөлмесіне кіріп кетеді. Кешке дейін бас-аяғы кемінде жеті сағат тапжылмай отырып жазады. Жазу бөлмесінің үш қабырғасы түгел шыны есікті биік кітап сөресі. АҚШ-қа әкеткен кітаптарының дені – өзі сүйіп оқитын әлемдік классиктер, әдебиеттану бойынша көрнекі жазбалар мен түркі-моғол жұртының тарихына қатысты жазылған фундаменталдық еңбектер. Сөрелерге бала-шағасымен түскен фотолар да қойылған. Бір бұрышта – теріге салынған Шыңғысханның алып суреті. Мен барған кезде Ілияс Есенберлин туралы 120 беттік естелігін аяқтап, көңілі көтеріңкі жүрді. Бұл естелікті жазу кезінде әрбір деректі академиялық дәлдікпен өлшеп, Қазақстандағы кітапханасынан көптеген құжаттар алдырумен болды. Алматыда тұратын қызы Айғаным айтқан сәтінде әлгі құжатты жазушы тұрған пәтерден тауып, WhatsApp-пен ағасы Едігеге салып жібереді, Едекең оны дереу әкесіне принтерден шығарып бере қояды. Сол себепті Роквилдегі үйдің қонақ күтетін орта бөлмесінде тұрған Brother принтері – ақсақалдың машинкасынан кейін үздіксіз үн шығарып тұратын екінші құрылғы. Жазу үстелінің үстінде машинкасынан бөлек қалам мен қарындаш, қайшы, ұстараның жүзі, өшіргіш пен штрих-корректор жатады. Машинкамен терген жазбасын әуелі бір сүзіп оқып, штрих-корректормен қателерін түзеп шығады. Сосын қайта көшіріп басады. Таза көшірмені Едекең жақын бір адамдарына компьютермен теруге жібереді. Әдеби шығармаларын тек қаламмен жазатын ақсақал публицистика мен мақалаларға келгенде жазу машинкасын қолайлы көреді. Кешкі сағат алтыдан аса жазушы бөлмесінен шығады. Сосын әр тараптан келіп ас үйге жинала бастаған бала-шағасымен һәм немерелерімен бірге кешкі асқа отырады. Едекең қызметінен, келіні Алтын мен Бақытжамал әжеміз сырттағы шаруаларын пысықтап үйге оралады. Одан бөлек қай елде тұрса да, бұл шаңырақты ақсақал мен Едекеңнің үш жұртынан келген ағайын-туыс пен бала-шаға түрлі себеппен уақытша паналап жатады. Біреуі қоныс аударушы, біреуі білім іздеуші дегендей. АҚШ-тағы саяси ахуал мен халықаралық оқиғалар туралы бізбен әңгімелесіп болған соң жазушы Dell деген ноутбугын ашып, бір жарым сағаттай Қазақстанның, Қытай мен Моңғолияның қазақша сайттарын қарайды. Сосын орыс тілінде америкалық және ресейлік бірнеше сайтты оқиды. Кейде Бақытжамал әжеміз екеуі YouTube-тан тарихи телесериал көріп отырады. Әзірше интернетте игерген тараптары – осылар. Әлеуметтік желілер туралы естуі ғана бар. Түнгі оннан көп асырмай ұйқыға жатады. Ақсақалдың күн сайын тынбай 8-9 сағатын ой еңбегіне, шығармашылық жұмысына арнайтын кестесіне қайран қалмасқа болмайды. Бір әңгімелесіп отырғанда жазушы болам дейтін адамның кем дегенде екі нәрсені ескеруі тиіс екенін айтты. Біріншісі, қуатты көркем шығарманың өзегі мен ажары – адам тағдыры. Екіншісі, кәсіби жазушы дисциплинаға бой үйреткені дұрыс. “Күзде жазам, түнде жазам, ішіп алсам ғана жазам” дегеннің бәрі жүйесіздік һәм ішкі тәртіптің нашарлығы, кәсібиліктің жоқтығы. Аз-аздан болсын күнде жазу керек, күнде оқу керек” деді ақсақал бір сөзінде. Ал мен естелігімді әзірге осы жерден қайыра тұрам  :)                                                Ғалым Боқаштң facebook  парақшасынан  

 

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: