|  |  | 

Көз қарас Әдеби әлем

Азаттық жыры (Өмірхан АЛТЫНҒА)

omirhn

 

Күлкісін баланың,

Әлдиін ананың,

Кісінеуін жылқының,

Боздаған  түйенің,

О, ғажап киелі үн,

Мен соны сүйемін.

Киелі дауыстар,

Жер  жарып тарады.

Жұпыны тірліктен,

Қорғанып  барады.

Рухын жоймауға,

Ертеңін ойлауда,

Ұлы көш үдере көшуде,

Сатылу ақшаға, алтынға.

Жоқ мінез, қазақтың салтында.

 

Мезі боп, ыс түтек ғасырдан,

Қанжардай атылған,

Көктегі күнді жайлатып,

Найзағай ойнатып,

Арыстандай аһ ұрған.

Намысын бермеуге,

Жел сөзге ермеуге.

Дінсіздің қолынан,

Қиянат көрмеуге.

Дінінен айрылып,

Имансыз өлмеуге.

Ізінен шаң борап,

Өлгенін тоңға орап.

Айқасқа мінген ұл,

Айшылық жол қарап.

Туы бар көтерген,

Қолында  ардан ақ.

Аталар шешімін,

Ботасы жөн санап.

Ұлы көш барады,

Бір-бірін қаумалап.

 

 

Ұлы  құл, Қызы күң

Болуды қаламас.

Бұл тірлік тағдырмен,

Бетпе-бет жағалас.

Азат аспанға  жетуге,

Ана долыдан  алқынбай өтуге,

Өздерін сайлаған,

Көздері жайнаған,

Сұлтаншәріптің соңынан ілескен,

Жауымен бетпе-бет күрескен,

Абадан ұлдар-ай,

Маңдай тер, көз жасын бұлдамай,

Жаяулап асқан ел есен-сау  Гималай.

 

Боз жусаны бұрқыраған,

Туған жер топырағын сағынып,

Қайтпаған жолынан жаңылып.

Қара бұлт төнсе де аспаннан,

Кездерде қиыршық тас жауған,

Алған бетінен қайтпаған,

Жалған сөз айтпаған,

Тағдырын  Аллаға тапсырған,

Түйелер  қомында,

Тарихы  бүрлеген,

Ешкімнен тосылып,

Қайтуды білмеген.

Шүршітке қосылып,

Өтірік күлмеген.

Баһадүрлер-ай!

Туды оңынан,

Арайлы  күн мен ай.

 

Солардың тұяғы,

Заңды жалғасы.

Бар еді тілінің алмасы,

Ойының ораған шалмасы,

Өмірхан Алтынның,

Патшаға дат айтқан ерлігі,

Топшысын қатайтқан,

Ағажай Алтайдың өрлігі.

 

Ұлты үшін, жауына-

бас берген, бабаның баласы,

Ертерек оянған санасы.

Сөндірмес дұшпанның табасы,

Теңгелмес  даңқына,

Ешкімнің шамасы.

Есіне түскенде бабаның моласы,

Ағады көзінің сорасы.

Бауырдың ағасы,

Елінің жағасы болды деп,

Оянар сәтің толды деп,

Астана төрінде Алашқа  ой салған,

Жүз жаса, баһадүр батырым.

Бұл сенің киелі,  жүйелі ғасырың!!!

 

К. БОҒЫДАБАЕВ.  kerey.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: