|  | 

Әдеби әлем

Саз сыңғырлы ғазалдар

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ

Саз сыңғырлы ғазалдар
Маңдайымнан сипар ма
Түн ортасы, жағада
Жалғыз жүрмін далада,
От тұтатсам, шоқпенен,
Жүрегім жылу таба ма

Айнала қап қара тұңғиық,
Бұлбұл құс ән сала ма,
Сыбызғыма жан салсам,
ішімдегі шер шыға ма

Айда батып барады,
От та сөніп барады,
Аспаннан түсіп періште,
маңдайымнан сипар ма!

 

 

Бір күй
Ақ гүлім солып қалды ма
Тапталып қалдың ба,
аяқ астында Ақ гүлім,
Гүлдердің ішіндегі
сүлейі едің маң гүлім.

Бой жазбайсың ба,.
көтермейсің бе енді, басыңды,
жадыратпайсың ба, жанымды,
қайран да менің жаз гүлім!

Көркі де едің,
сәні де едің көк бақтың.
Сұлуы едің,
аппағы едің гүлдердің.

Отырғызамын сол баққа,
сендей нәзік бір гүлді,
Бәрібір болмас,
әсеріндей өткен күндердің

 

 

 

Қос ішектің бір сазы
Дүниеге қалай сиярмын
Сары дала,
Сары құм,
Ыстығына сахараның
шыдар кім,
Анау жатқан құдықтың,
ызғарына түсіп кетсем,
шыдар ма ем?,
Мынау жатқан апанға,
құлап кетсем,
алауына қызып кетсем,
шыдар ма ем!?
“Пәлен деген, пәлен жерде қызық бар”
Бәрін көрсем,
қызығына тояр ма ем!?
Қиялым ғой, қиялым,
Періштем жатыр уатып,
Қиялмен жүрген риясыз
құл пендесін.
Бұл дүниеге қалай сиямын!

 

Аппақ гүлдей жан қайда
Сұлулар көп,
Арулар көп,
Аппақ гүлдей,
Жан қайда!?
Мөлдір шықтай,
қап қара тұнық,
бұлақтай таза
Көз қайда!?

 

Бір ауыз лирикалық сурет
Бірін бірі тұр қарып
Ай сәулесі төгіліп тұр,,
Айнала аппақ,
түн жарық.
Екі жас тұр тал түбінде,
сүйіседі кіл үнсіз.
Ғашықтардың дүрсілі ме,
естіледі жаңғырық.
Сезім ыстық,
жүрек ыстық,
жалынына кім шыдар.
Түн асырмай,
таң асырмай,
бірін бірі тұр қарып!

 

 

 
Қобыз күймен емдесем
Ғашықпын мен ағаштарға
жарылмайтын,сынбайтын
Күнге ыстық, аяздарға
шыдайтын.
Ғашықпын мен ақ қайыңға,
еменге,
Бір ғұмырдың сынағына
қыңбайтын.
Арманым ед,
ойып жасау бір қобыз,
Сар даланы бір жаңғыртып,
сарнайтын…

Сол қобызды
қыл шертпемен,
өзім тартсам деп едім,
Іш жарамды
май жаққандай,
күймен жазсам деп едім…

 

 

Күйік күй

Қолыңды созшы, қолыңды берші, қарағым
Көп пендедей күнаһармын,
күнәлі,
Нәпсіге ерген,
шайтанға ерген дүрәлі.
Дозаққа салса,
қазірде тез жанатын,
Күнаһармын,
пендесімін пірәлі.
Күйді ішім,
ішіп кеттім күйіктен,
Түсіп кеттім тесікке,
Анау жарық, мүмкін
шығар есік пе?.
Періштем қайда,
кейде аман сақтап қалатын?,
Қолыңды созшы,
қолыңды берші, қарағым,
Дозақтан шығар,
анау тұрған көпір ме?

 

 

Бір ой, бір түйін
Алдымда тұр таразы
Алдымда тұр таразы,
Бір жағында құмырысқа,
бір жағында жұмыртқа.
Құмырысқалар мініп жатыр табаққа,
Мінгесіп жатыр өрмелеп,
Мініп жатыр әлі де сол табаққа.
Баса алмады құмырысқалар
сонда да жұмыртқаның салмағын,

Ақылды да салмақ болар қашанда,
Білімсіздер қалады екен, бер жақта!
 

 

 

БЕРЕКЕЛІ ДАЛАМДЫ КӨРУ БІР АРМАН

Далам менің,
Сары далам,
Сарыарқам!
Елге толы ед,
малға толы ед
жон арқаң!
Қуанышы да, бейнеті де көп кез еді,
Берекесі мол жұртымды көру
бір арман!
Байлыққа толар,
малға да толар Сарыарқам,
Ел аман болсын, Ел аман болсын,
Ел аман!
 

Бір кем дүние
Бұ дүние мен о дүние таразы

Тілеп жүріп біреудің күнде өлгенін.
Білмей қапты өзінің қалай өлгенін.
Көп күнәні арқалаған бұл пақыр,
Білмей қапты өзін қалай көмгенін.
Жатыр дене,
Жатыр әне, ақ кенепке оралған
Қасында жоқ қара шайтан жан алған.
Бұ дүние мен ана дүние таразы,
Өтер ме екен, алтын берсе, амалдан!

 

 

 

Алаштың армандары көк туымдай желбіреп
Іздерім қалды,
сонау Тосынның құмдарында,
Ізлерім бар- Торғайдың даласында,
жотасы мен сайларында.
Іздерім қалды дулы- шулы
Арқалық қаласында.
Іздерім бар-
сонау көктегі құс жолындай.
Алдымда үлгі
Сырбай, Ғафу, Кеңшілік,
Бұлақтардан таза мөлдір бас алғам.
Сөздерім бар,
Торғайдың қыштарында қашалған,
Сырларым бар,
ұлылардың құдіретіне бас иген,
Айтып келем, жазып келем, жеткенше,
Алашымның тұлғаларын ұлықтап,
Армандары,
армандары қазақтың
алда келеді, Көк Туымдай желбіреп!

Related Articles

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

  • Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Елдес Орда Сурет: Автордың жеке архивінен алынды. Қазақ қоғамында жаңа интеллектуалдық кезең туып келеді. Бірінші, қазіргі қазақ қоғамында сенім мәселесіне қатысты пікірталастардың күшеюі кездейсоқ құбылыс емес. Бұл дегеніңіз әлеуметтік желілердің, ашық ақпараттық кеңістіктің және жаһандық интеллектуалдық ағымдардың ықпалымен қалыптасқан жаңа қоғамдық ойлау формасының көрінісі. Атеистік көзқарастардың ашық айтылуы, тәңіршілдік идеялардың қайта жаңғыруы және дәстүрлі діни орта арасындағы пікір қақтығысы зиялы ортада алаңдаушылық тудырғанымен, шын мәнінде бұл құбылыс қоғамның рухани әлсіреуін емес, саналы ізденіске бет бұрғанын көрсетеді. Екінші, ұзақ уақыт бойы қазақ қоғамындағы діни дискурс негізінен МОНОЛОГТЫҚсипатта болды. Уағыз айтылды, ал тыңдаушы тарап оны талқылаусыз қабылдауға тиіс еді. Сұрақ қою күмәнмен, күмән әлсіз иманмен теңестірілді. Мұндай ортада сенім дәлелдеуді емес, қайталауды талап етті. Ғылыми

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: