|  | 

Жаһан жаңалықтары

Өзбекстанда Каримовтың саясатын алғаш рет сынады

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримов.

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримов.

Өзбекстан телевидениесінде алғаш рет елдің тұңғыш президенті марқұм Ислам Каримовтың жүргізген саясаты сынға ілікті.

Өзбекстанда мемлекеттік ақпарат құралы елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтың жүргізген саясатын сынға алды деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек қызметі (Озодлик радиосы). Хабарда Каримовтың тұсындағы “[аймақта] лидер атану үшін үнемі көршілермен бәсеке жарыстырып, үстемдігін дәлелдеуге” тырысудың кесірінен шиеленіскен проблемаларды қазіргі таңда президент Шавкат Мирзияевке шешуге туралы келгені айтылды.

Аталған хабар жақында ғана, елдің қазіргі президент Шавкат Мирзияевтің туған күні – 24 шілдеде жұмысын бастаған, тәулік бойы ақпараттық-сараптамалық хабар тарататын “Өзбекстан 24″ телеарнасының “Таҳлилнома” бағдарламасының алғашқы санында көрсетілген.

Шілденің 30-ы күні эфирден берілген телеабағдарламада Ислам Каримовтың аты-жөні аталмағанымен, оның тұсында жүргізілген саясат “кесек астында қалды” деп хабарлайды Озодлик.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитінде сөйлеп тұр. Ташкент, 24 маусым 2016 жыл.

Өзбекстан президенті Ислам Каримов Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитінде сөйлеп тұр. Ташкент, 24 маусым 2016 жыл.

Өзбекстанды ширек ғасыр уақыт үздіксіз басқарған тұңғыш президент Ислам Каримовтың тұсында және былтыр ол дүниеден өткеннен кейінгі уақытта Каримов билігі кезінде жүргізілген саясат үкімет бақылауындағы ақпарат құралдарында ешқашан бұлайша ашық сыналмаған.

“Таҳлилнома” бағдарламасында қоғамның барлық саласы – экономикадан бастап әлеуметтік, рухани және ауыл шаруашылығы салаларындағы жағдайға талдау жасалған. Хабарда сөйлегендер Ислам Каримовтың билігі тұсындағы жіберілген қателіктерді сынға алған. Олардың айтуынша, мысалы, бұған дейін “сыртқы саясатта жіберілген кемшіліктердің шешімін табумен бүгінгі таңда жаңа президент Мирзияев айналысып жатыр”.

 

“Билікке келген сәттен бастап жақын көршілермен қатынас – үстемдік үшін күрес емес, керісінше, өзара сенім және адалдық екенін жариялауы Өзбекстанның орталықазиялық республикалармен қарым-қатынасын жақсартып, сенімнің нығаюына септігін тигізді. Шындығында, қордаланған проблемалар, әсіресе жылдар бойы бытысып келген шекара мәселелері бір-біріне кінәрат артып, талап қою және өз үстемдігін көрсетумен емес, жылы сөз және тәулік мезгіліне қарамай атқарылған тынымсыз жұмыстың арқасында шешімін тапты”, – деді хабарды жүргізуші.

Телеарна бағдарламасында Каримов басқарған жылдары Өзбекстан барлық салаларда дағдарысқа кезіккені айтылды. Хабарға қатысушылардың пікірінше, жағдай сегіз ай бұрын билікке келген жаңа президент “Шавкат Мирзияевтің жүргізген реформаларының арқасында жақсара бастаған”.

Өзбекстан полициясының "қара базардағы" ақша айырбастаушыларға қарсы операциясы. 16 наурыз 2017 жыл. (Әлеуметтік желідегі сурет.)

Өзбекстан полициясының “қара базардағы” ақша айырбастаушыларға қарсы операциясы. 16 наурыз 2017 жыл. (Әлеуметтік желідегі сурет.)

 

Сонымен бірге Ислам Каримов билігі кезіндегі қаржы саясаты да қатты сынға қалды.

“Жетекші экономикалық ұйымдардың Өзбекстанды жазғырып, мамандарымыздың кәсібилігіне шек келтірген барлық айыптаулар тек сол қаржы саясатының кесірінен. Бүгін біз бұл туралы ашық айтуға тиіспіз. Сонымен бірге, шетел валютасының төрт түрлі бағамы және “қара базар” тәрізді масқараның болуы экономиканы дамытуға тұсау келтіргенін де батылдықпен айтуға тиіспіз. Алайда президент бастаған реформалардың арқасында бұл проблемалардың барлығы да біртіндеп шешімін тауып келеді”, – деген жүргізуші.

Өзбекстан қоғамында телебағдарлама түрліше реакция туғызды деп жазады Озодлик сайты. Кей көрермен “жұртқа белгілі жайтты жаңалық қылған” хабарды ашу-ызамен қабылдаса, кейбіреулерге марқұм Ислам Каримовтың атына сын айтылғаны ұнамай қалған.

“Каримовты үнемі көршілерінің алдында кеудесін керіп, үстемдік танытты деп айыптайды. Отбасымызбен телеарна хабарынан жиіркендік. Екіжүзділер саясаты деген осы” деп жазған бір көрермен Озодлик сайтына.

Осы телебағдарлама эфирден көрсетілерден екі күні бұрын, шілденің 28-і күні Өзбекстан бас прокуратурасы бұрынғы президент марқұм Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримова “ақша жымқыру” және “бопсалау” баптары бойынша айыпты деп танылып, 2015 жылғы тамызда сот үкімімен оның бас бостандығы бес жылға шектелгені туралы алғаш рет ресми жариялаған.

Оқыңыз: Каримованың бас бостандығы 5 жылға шектелген

 

2003 жылдың соңынан Өзбекстан үкіметін басқарған Шавкат Мирзияев былтыр күзде Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін әуелі ел президенті міндетін атқарушы болды, ал желтоқсанның 4-і күні өткен сайлауда, көпшілік күткендей, 90 пайызға жуық дауыс жинап оңай жеңіске жеткен.

Содан бергі уақыт ішінде жаңа президент қол қойып, бекіткен шешімге сәйкес, Ташкенттегі ең ұзын көше мен халықаралық әуежайға, жоғары оқу орны мен зауытқа Ислам Каримовтың есімі берілді, оның басына кесене тұрғызылып, Ташкент, Самарқан және Қаршы қалаларында тұңғыш президенттің ескерткіштері орнатылмақ.                                                                                                  Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: