|  | 

Жаһан жаңалықтары

Stratfor:  РЕСЕЙДІ ЫДЫРАУ КҮТІП ТҰР

Марат Токашбаев20264779_10213584890926170_912489721076125608_n

Америкада Stratfor деген жекеменшік барлау-аналитикалық компаниясы бар. Толық аты – Strategic Forecasting Inc, қысқартылған аты – Stratfor. Жұмысының бағытына қарап сыртқы жұрт оны көлегейлі ОББ (ЦРУ) деп атайды. Сол барлау-сараптамалық орталығы 2015-2025 жылдарға арнап жаһандық болжамдар жасапты. Бұл бесінші болжам. Бұған дейінгі болжамдары (1996, 2000, 2005, 2010жж) түгелге жуық шындыққа жанасымды болды.

Ал осы соңғы болжамында не делінген? Еуразиялық одақ арқылы кіндігіміз байлаулы болған соң бізді Ресей тағдыры қызықтырады. «Украина үшін Ресеймен дау-дамай таяу жылдарда халықаралық қауымдастықтың басты назарында болады, алайда біз Ресей Федерациясы қазіргі қалпында тағы он жыл өмір сүруге қабілетті деп есептемейміз. Көмірсутегі шикізаты мен мұнай бағасының ауытқуына тәуелділік Мәскеудің орасан аумақты алып жатқан Ресей Федерациясында мемлекеттік институттарды басқарып отыруына мүмкіндік бермейді. Біз Мәскеу билігінің әлсіреуі Ресейді формальды және неформальды түрде бөлшектеуге ұрындыратындығын күтіп отырмыз», – дейді олар.

Ресей Федерациясы қазіргі қалпында аман қалуы екіталай. Энергоресурстарды экспорттаудан түскен табысты тұрақтылығы мығым экономикаға айналдыра алатындай қабілетінің жоқтығы Ресейді көмірсутегі шикізатының бағасына тәуелділікпен қоса ең осал тұсына айналып отыр. Экспорттан ағылған пайда ең алдымен Мәскеуге түседі, аймақтарға қалған-құтқаны ғана тиеді. Бұл баяғы 1980, 1990 жылдардағы кеңестік кезеңдегі тәрізді аймақтардың өз мәселесін өзі шешуге ұмтылуын үдетеді. Мұндай жағдайды Мәскеу билігі әдетте КГБ (қазір ФСБ) арқылы шешетін, алайда жазалаушы органдардың өзі ары қарай «орталықтан безу» үдерістерін тоқтата алмайтыны анық. Ресейге қарсы күннен күнге күшейіп отырған санкциялар осыған қызмет етуде. Бұл шынымен біртіндеп Ресей ыдырайды деген сөз.Марат Токашбаев суреті.

Ресейдің батысында Польша, Венгрия және Румыния бір кезде орыс басқыншылығынан айырылған жерлерін қайтарып алуға тырысады. Олар Украина мен Белоруссияны өз жағына тартады. Ресей болса Солтүстік Кавказға бақылауын жоғалтады, ал Орталық Азияда бей-берекетсіздік басталады. Солтүстік батыста Карелия қайтадан Финляндия құрамына қосылуға әрекеттенеді. Қиыр Шығыста Приморье аумақтары Мәскеуге тәуелсіз саясатпен Жапонияға, Қытай мен АҚШ-қа қарай бағыт ұстанатын болады.

«Бір ерекшелігі аумақтар өз автономиясы үшін күреспейді, керісінше әлсіреген Мәскеу вакуумдық кеңістік қалдырады, сол кеңістікте бұрынғы Ресей Федерациясының жекелеген бөлшектері ғана өмір сүруі ықтимал», –дейді Stratfor.

Мұндай жағдайда Қазақстан не істеу керек? Апатқа ұшырап аударылып бара жатқан кемеге өзін шынжырмен байлап сонымен бірге су астына жөнелген кеме тарихы жер бетінде жоқ. Сондықтан аман қалу үшін Қазақстан суға қарық болатын Ресеймен арадағы Еуразиялық одақ деген шынжырды үзуі қажет!                                                                                                                                                                   Марат Токашбаев

facebook  парақшасынан алынды

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: