|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Тарих

Қазақстанды алманың арғы отаны атайды


Алматы теміржол вокзалында сатылатын алмалар. 2 қазан 2014 жыл.

Алматы теміржол вокзалында сатылатын алмалар. 2 қазан 2014 жыл.

Батыс баспасөзі Қазақстанның экономикалық өсімі, көшпенді халықтар арасында кең тараған көкпар ойыны жайлы және Тянь-Шань тауы баурайында өсетін алманың шығу тегін қазіргі Қазақстанмен байланыстыратын зерттеуге қатысты комментарий жазған.

СТАТИСТИКА ЖӘНЕ ШИКІЗАТҚА СҮЙЕНГЕН ЭКОНОМИКА

Америкалық Stratfor сараптама орталығының сайты журналист Чарльз ван дер Лееувтің «Қазақстан: экономикалық дамуға қатысты болжам мен нақты жағдай» деген мақаласын жариялаған. Мақалада елдің ұлттық статистикалық агенттігі дерегінше, Орталық Азиядағы ең ірі ел – Қазақстанның экономикасы биыл алғашқы жарты жылда 4,2 пайызға өсті деп көрсетілген. Салыстырсақ, биылғы бірінші тоқсанда өсім 3,6 пайызды, ал 2016 жылдың алғашқы жарты жылында бар-жоғы 0,1 пайызды құраған болатын.

Бұл деректер халықаралық экономикалық ұйымдардың болжамдарына қайшы келеді. Мысалы, Азия даму банкі (АДБ) Қазақстанның биылғы экономикалық өсімі 2,6 пайыз, ал келер жылға 2,9 пайыз деңгейінде болады бағалайды. Бірақ АДБ комментариінде «2017 жылдың бірінші тоқсанындағы күтпеген экономикалық өрлеу» жайлы айтылған. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) сарапшылары елдің жалпы ішкі өнімінің (ЖІІ) өсімі – 2,5 пайыз, ал Өзбекстанда – 6 пайыз, Түркіменстанда – 6,5 пайыз болады деп санайды. Ең төмен болжам жасаған Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) мәлімдеуінше, 2017 жылғы өсім 2,4 пайыз болады. Бірақ Чарльз ван дер Лееув бұл ұйымдардың ешқайсысы ЖІІ өсіміне қатысты «дұрыс жүйеленген немесе сегменттік талдау» жасамайды деп жазады.

Алақандағы мұнай. Қызылордадағы кен орнынан түсірілген сурет. 22 қаңтар 2016 жыл.

Алақандағы мұнай. Қызылордадағы кен орнынан түсірілген сурет. 22 қаңтар 2016 жыл.

Мақалада Қазақстанның шикізат саласында ежелден тәуелді ел екенін көрсеткен. «Ұлттық статистика агенттігіне сілтеме жасаған Reuters агенттігінің жуырдағы есебіне сәйкес, 2017 жылдың алғашқы алты айында Қазақстан 35,863 миллион тонна мұнай мен 6,691 миллион тонна газ конденсатын өндірген, бұл тиісінше 8,7 және 15,6 пайыз өсім» деп жазады Stratfor.

«Мұнай сатуға үнемі тәуелді болу өнеркәсіп өндірісі мен капитал жұмсалымы моделіндегі тенденцияны айтарлықтай ауырлатып отыр. Өнеркәсіп өндірісі көрсеткішінен көп үміт күтуге болатындай көрінгенімен, инвестициялардың жалпы көрсеткіші Қазақстан экономикасының түрлі салаларында қаржы ресурстары тапшылығы барын көрсетеді, бұл тіпті ауыр тиеді, өйткені инвестицияның көп бөлігі жер қойнауын пайдалануға салынып, ауыл шаруашылығы, құрылыс және өндіріс сияқты өзге салаларға жанама зиян келтіріп жатыр» деп жазады Stratfor.

 

Көкпардан Азия чемпионаты. Астана, 12 қыркүйек 2013 жыл.

Көкпардан Азия чемпионаты. Астана, 12 қыркүйек 2013 жыл.

КӨКПАР ЖӘНЕ ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ АЛМАЛАР

Ұлыбританияның Guardian газетіндегі «Тақымымдағы лақтан айырылмаймын: қазақстандық ежелгі спорттың қазіргі күйі» деген мақаласында журналист Уилл Бост ат үстінде ойналатын спорт түрі – Қазақстанда кең тараған көкпарды «Көкпар спорты – доптың орнына басы кесілген лаққа таласатын поло ойыны сияқты.Тіпті Қазақстан өзін қазіргі заманға лайықты, озық технологиялы ел ретінде көрсетуге тырысқанымен, әлгі ежелгі ойын оның мәдениетінің негізгі бөлігі ретінде насихатталады» деп сипаттаған.

Мақалада көкпардың шығу тарихы «13-ғасырдың басында, тіпті одан да ертеректе өмір сүрген Шыңғысханның шабандоздарынан» басталады, әдетте бұл ойын ауылдар арасында ойналады, ойын алаңы көбінесе көшпенділердің қоныстары арасындағы қашықтыққа созылатын деп жазылған. Автордың жазуынша, қазір көкпар «кәсіпқойлар ойынына» айналып барады. Қазақстан тарихының негізгі дәуірлерін шолып өткен Guardian «өткенді жаңғырту мен Қазақстанның 21-ғасырдағы жылтыраған, жетілдірілген постмодерндік архитектурасын, сән-салтанаты келіскен дүкендерін, жасыл энергияны насихаттау қилы аномалиялар мен салыстыруларға ұласты. Шыңғысханнан тараған тайпалар бүкіл Моңғолия мен Орталық Азияға өз мәдениетін таратты, бірақ Қазақстандағы сияқты қазіргі заман мен ежелгі дүние арасындағы контраст аймақтың еш жерінде анық білінбейді. Бұған қоса, бұл өзара әрекеттестік қазақтың кәсіпқой көкпарындағыдай еш жерде білінбейді» деп түйіндейді.

Осы аптада Батыс басылымдарындағы Қазақстан тақырыбы алғашқы алмалар қазіргі Қазақстан территориясында өскен деген мәлімдемелерді жариялаумен жалғасты. Үндістандық Hindu газетінде «Қазіргі алмалардың шығу іздері Қазақстанға жетелейді» деген мақалада америкалық Boyce Thompson институтының қатысуымен жүргізілген жуырдағы зерттеу деректері қазіргі алмалардың отаны Қазақстанның таулы бөлігі, нақты айтқанда – Тянь-Шань тау тізбегінің батыс бөлігі екенін көрсетеді деп жазған. «Жиханкездер Жібек жолы арқылы шығыс пен батысқа барып жүрген кезде жабайы ағаштарда өсіп тұрған ең шырынды жемістің – алманың дәнегін әкеліп жүрген […] Зерттеушілердің айтуынша, ақыры бұл ежелгі сұрыптау қазіргі кезде өсетін алманың жеті жарым мың түрінің пайда болуына ұласты» деп жазады The Hindu.

Алматы апорты мен алмалары жайында өткен «Алматы деген біз » көрмесіне келген көрермен. Алматы, 30 қыркүйек 2015 жыл.

Алматы апорты мен алмалары жайында өткен «Алматы деген біз » көрмесіне келген көрермен. Алматы, 30 қыркүйек 2015 жыл.

Тақырыпты Лондонда жалғастырады. Ұлыбританияның Daily Mail таблоидында «Алманың шығу тегі: Еуропаға жемісті 10 мың жыл бұрын Жібек жолы арқылы саяхаттаған саудагерлер әкелген, олар Қазақстанда жұлып алған [жемістердің] тістелген қалдығын лақтырып тастап отырған» деген мақала шықты. Бұған қоса, мақалада жер жүзінен жиналған алманың 117 түрінің ДНК-сын салыстырып, алғашқы алма ағаштары қазіргі Қазақстанның таулы аудандарында өскен деп ұйғарған ғылыми зерттеудің жуырда жарияланған нәтижелерін сипаттайды. Алманың қазіргі түрі «қазақ» алмасы Еуропадағы дәмі қышқыл ранет алмасы ағаштарымен будандасып, қазір біз білетін сорттардың пайда болуына түрткі болды делінген зерттеуде.

Апорттың екеуінің салмағы бір килограмнан асады. Алматы, 16 қыркүйек 2012 жыл.

Апорттың екеуінің салмағы бір килограмнан асады. Алматы, 16 қыркүйек 2012 жыл.

Атауы алмаға байланысты Қазақстанның ең ірі қаласы Алматыда кей энтузиаст жандар әйгілі апорт алмасы сортын қалпына келтіруге тырысып жүргені белгілі. Совет Одағы күйрегеннен кейін Алматы маңындағы алма бақтарының көбін үй салу үшін кесіп тастаған немесе қараусыз қалдырып құртқан болатын. Ауыл шаруашылығы күйрегеннен кейін бүкіл елде алма және өзге жемістерді өсіру азайды. Енді Қазақстан алмаға сұранысын көбінесе импорт есебінен қанағаттандырады, ел жыл сайын 100 мың тоннадай алма сатып алады. Кейінгі жылдары әлгі импорттың көп бөлігін Польшадан келетін болып жүр.                                                                           Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Математик Henry Cohn 12 өлшемде 841 kissing arrangement табылғанын растады.

    Математик Henry Cohn 12 өлшемде 841 kissing arrangement табылғанын растады.

    NU математика тобы үшін ғана емес, жалпы әлемдік математика қауымдастығында маңызды жаңалық. Әріптестеріміз 12 өлшемді евклидтік кеңістіктегі kissing number үшін жаңа төменгі шекара тапты. Бұған дейінгі төменгі шекара 840-қа тең болатын және оны британ математиктері Джон Лич пен Нил Слоун 1971 жылы дәлелдеген еді. 55 жыл бойы математиктер бұл нәтижені жақсартуға тырысып келді. Енді ол нәтиже жақсарды: 12 өлшемде kissing number кемінде 841-ге тең. Жаңа нәтиже терең математикалық идеялар мен қуатты GPU-есептеулердің үйлесімі арқылы алынды. Сфералық кодтар мен шарларды тығыз орналастыру теориясының жетекші мамандарының бірі, MIT профессоры Henry Cohn (Maryna Viazovska-мен бірге 24 өлшемдегі әйгілі жұмыстың авторларының бірі) осы саладағы негізгі ақпарат көзі болып саналатын сайтты жүргізеді. Henry Cohn 12

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: