|  | 

Әдеби әлем

«Өш алу» феномені

Бұл шағын ғана жазбам жасы баршын тартқан қарияның автобустың орындығында отырып қалғып кеткен жас жігітке «неге ғана орын бермейсің, қазіргі жастардың еш ұяты жоқ» деп құлақ тұндыра айқайлаған оқиғасының негізінде жазылды. Сол кезде менің санама басқа бір себептің сәулесі жарқ етіп, «ШЫНТУАЙТЫНА КЕЛГЕНДЕ КІМДЕРДІҢ ӨЗІ ҰЯТЫ ЖОҚ» деген сауал төңірегінде ойға қалдым (Бұл әлеуметтік сұрақтың жауабы маған әлде қайда әріде жатқандай сезіледі).
Әйгілі данышпан Сенека «…Болып жатқан оқиғаның барлығы сөзсіз, болуы тиіс нәрсенің белгісі» дейді. Рас, себепсіз еш нәрсе жоқ. Мұны дәрменсіз жастардың әлде бір әділетсіздікке іштей қарсылығы мен бұлқынысы, дәлірек айтсақ «өш алу» әрекеті десек те болатындай.
Әлеументтану ғылымы қоғамда әділетсіздік белең алғанда қорғансыз топтың қолынан келері тек кіжіну мен қырсығу ғана екендігін көлденең тартады. Біздің бұл жердегі (яғни автобустағы) оқиғамыз көп себептің тек бергі беті ғана. Ал арғы жағы адам жаны шошырлықтай ірі факторларға толы.
…Біздегі осы үлкен кісілердің түсінігі қызық. Оларға салсаң қолыңа құман, иығыңа сүлгі іліп мәңгілік солардың қызметіне жегілуің керек. Бұған енді әмәнда үлкендердің ғана айтқаны дұрыс деген «классикалық пәлсапаны» қосыңыз. Ал осы бір «ғажайып» пәлсапаға сәл қиғаш келсеңіз болғаны басыңызға бәле үйіріліп «бұлардың сірә дә ұяты жоқ, үлкендерді еш сыйламайды» деген секілді нөпір сөздің астында қаласыз.
Көкем-ау деймін, осы жерде сіз қандай сыйластық туралы айтып отырсыз. Сыйламайды дейсіз налып… Сыйластық бір жақты ғана (тек үлкендер үшін) деп кім айтты сізге. ОЛ ЕКІ ТАРАПТЫҢ ЯҒНИ ЖАС ПЕН КӘРІНІҢ ӨЗАРА ҮНДЕСТІГІНІҢ ОРТАҚ БІРЛІГІ ЕМЕС ПЕ (Осы ортақ құндылықты табаныңызбен таптап тұрып «жастар үлкендерді сыйлау керек» деген көтензор мораліңізге жол болсын. Кешіріңіз, бұл ескі низам енді еш жоралғыға жүрмейді).
Сонымен, өмірдің ұлы гармониясы неден бүлінді? Үлкенге құрмет қату түсінікті жәйт… Ал, ініге ізет ше? Әлде, бұл үлкендердің қарым-қатынасының ішіне кірмей ме сонда? Сыйластық дедік…
АЙТЫҢЫЗШЫ, АҒА БОЛЫП ІНІГЕ ЖАСАҒАН СІЗДІҢ НЕНДЕЙ ІЗЕТТІ ІСТЕРІҢІЗ БАР? Береген қолым алаған десек, сыйламайды деп реніш сайламас бұрын алтын басыңызды ардақ тұтардай кішіге қандай өнегеңіз өтіп еді («Айда бала деп» үлкендігіңізді бұлдап бір жерлерге жұмсап я болмаса құрғақ ақылды құр соққаннан басқа).
Өмір болса мынау…
Жарықтың жылдамдығындай қазіргі ақпаратық ғасырдағы бір күннің жаңалығы ілкідегі он жылдың дидарына пар.
Адам түсінігі де бейне бір тауар секілді ғой. Уақыт өткен сайын кей түсініктер де ескіріп (көнетоз заттар секілді) еш ілдебайға жарамай қалады. Ал, бір күнді қойып, отыз жыл өз орынынан қозғалмаған бүгінгі саяси билік туралы не айтуымызға болады (Уақыт көшінен ада осы жандардың көп түсінігі кешегі зілдей ауыр, есігі еш жабылмайтын көнетоз кеңестік сервант шкафтарын есіме салады).
Расын айтайық, буынның өзара алмасып ескі танымның еш өзгермеуінен біз көп артқа кеттік. Отыз жыл бойы осы бір атмосфераның сақталуы екі буынның табиғи түрде билікте өз идеясын жүзеге асыруын толығымен тежеді (Бұл біздегі барлық мемлекеттік мекеме атаулыға тән дүние десек те болады). Ал, жаны жараланып тауаны қайтқан жастардың әлемтапырық халінде ешкімнің де шаруасы болмады.
ЕНДІ СІЗ ЕШ ҰЯЛМАСТАН ӨМІРДЕН ӨЗ ОРЫНЫН ТАППАҒАН ОСЫ ЖАНДАРДАН ЗОР ҚҰРМЕТ ПЕН ҒИЗАТ ДӘМЕТЕСІЗ.
Өсетін ел әмәнда жас ұрпақ қамында болады десек рас, қариямыздың көбінен қасиет кетті. Кей кездері осы бір аға буынның түбі жоқ тойымсыздығына қайран қаламын (Бір басында бес үйі бола тұра бұл шіркіндерге алтыншы я болмаса жетінші үй беріліп жатса әмәнда жоқ демейді ғой тоба…)
Міне, дәл қазір жыл сайын берілетін мемлекеттік стипендияға ие болғандар тізімін қарап отырмын. Тағы да тоқсан пайызы осы буын (Бибігүл Төлегеновадан басталған ұзын сонар тізім Асанәлі Әшімовпен аяқталған екен). Жаман жәутік балалардың әзер дегенде қол жеткізген мүшайрасына араласып солардың аз ғана ырыздығымен таласып жүретін де тағы осылар.
«Осылар» туралы сөзіміз осымен тәмам…
Әгәрәки бұл жазбамыз арқылы әлдебір әдемі қартайған жандардың ашуына тиіп кетіп жатсақ тек қана ғафу дейміз.

PS… Онсыз да қоғамда орыны жоқ жастардың әзер дегенде қол жеткізген орындығына (мейлі ол автобус орындығы болсын) көз алартып қызғануды доғарып, «үлкен басымызбен» бір дегдарлық танытуымызға болар еді ғой.
Әттең, қатыбаспыз ғой шіркін…

Ықылас Ожайұлы

facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: