Көкбөрі киелі баһадұр ер бабам
Тасқын ысқақ ұлы
(ер жәнібектің 300 жылдық мерейтөйінә арналған жыр мұшайрасына)
бүгінгі арайлы таң аппақ,
шырқалған ұрандап ән асқақ.
Құлдықтан құтылған азат-ел,
Тарихын тұр қайта парақтап.
Оралған дәстөрлі салты бар,
Әлемде беделді даңқы бар.
«мәңгілік ел» болып қалуға,
Бірлікті ту еткен халқы бар.
Далада, қалада той бәрі,
Көгаршын шарықтап ойнады.
Осынау дүбірлі доданың,
болғаны бір шындық айғағы.
Қуаныш ұялап асқарды,
Көңілдің көзінен жас тамды.
Аруағың бір аунап тұрғандай,
Мерейлі мереке басталды.
жырлады сен болып кең далаң,
көгінде қыраны самғаған.
жауыңа найзағай секілді ең,
«көкборы киелі» ер-бабам.
Нағашың қазыбек батырдың,
Қолында ержетіп жатылдың.
Қалап ап «көк дөнен» тұлпарды,
Жастықтың жалынын сапырдың.
Үстіңде тор көзды ақ сауыт,
Жолыңды көкборы басқарып.
Қалың қол шұбырған артыңнан,
Жүрдің сен жорыққа аттанып.
тебінгің тер болып шірумен,
еліңді күзетіп жүріп ең.
қолыңа серт ұстап найзаңды,
атойлап майданға кіріп ең.
арқаңда қалың ел қазағың,
шегіну сен үшін азабың.
дұспанның өлігін тау ғылып,
үстіне туыңды қададың.
күркіреп ұрандап дауысың,
ерліктің қайрадың намысын.
елім деп, жерім деп күрестің,
қалмадың аянып жан үшін.
сөгіліп ақ сауыт көбеден,
қан кештің қасқайып дізеден.
халқыңның қонысын қайтарып,
елдіктің ұранын дүзеп ең.
о, менің−көкбөрі киелі,
− баһадұр ер-бабам!
сен жәйлі көп аңыз тыңдағам.
рухыңнан көктеген ұрпақпын,
намыспен жауыңа сынбаған!
Қытай халық ресбөбіликасі шинжияң Алтай қаласынан Тасқын ысқақ ұлы
Пікір қалдыру