|  | 

Көз қарас

Шыңғыс ханның анасы – Қоңыр әулие

Konir aulye

Түркi дүниесiне теңдессiз асыл мұра қалдырған ұлы ғұлама Махмұд Қашқаридың ХI ғасырда жазылған “Диуани лұғат әт түрк” кiтабының қазақ тiлiндегi “Түбiрi бiр түркi тiлi” (ТТТ) атты қысқаша нұсқасында «үзүк» деген сөзге «әйелдерге берiлетiн құрметтi жанама есiм» деген анықтама берілген. Ал, Ұлы Шыңғыс ханның анасының аты – Өэлүн үжин. Осындағы  «үжин» мен М.Қашқари сөздігіндегі «үзүк» сөзінің өз ара байланысы бар ма?  Өйткені Шыңғыс ханның анасының асқан сұлу, ақылға кен, жігерлі де қайратты, қабілетті адам болғаны көне шежiрелерде айқын баяндалған. Бұрынғы замандарда елге танымал, белгілі адамдардың әманда лақап атпен әйгiлi болып келгенiн ескерсек, Өэлүн үжин де дәл сондай лақап есiм деп жоруға болатын сияқты.

Үзүк және үжин сөздерiнiң түбiрiнде сингармониялық қана өзгерiс бар.  Моңғол тiлiнде көрiктi, әдемi, сымбатты, сұлу мағынасындағы сөздер үнемi “үз” түбiрiнен туындап жатады. Мысалы: үзэмж, үзэсгэлэн, үзэмжтэй. Егер үжин сөзiнiң түбiрiн “үз” десек, онда үжин – көрiктi деген мағынаға сай келедi.

Моңғол тiлiнде “з” мен “ж” дыбыстары бiр-бiрiне сусымалы және бастапқы буындағы дауысты дыбыс келесi буында сақталады, не жiңiшкередi. Мысалы: хүлүг, төмөр, үзэг. Бұлар айтылуында хүліг, төмір, үзіг болып айтылады. Олай болса “үжиндi” “үзүн” түрiне келтiруге болады. Ал, М.Қашқари сөздігінде “саф алтындай ақ көңiл қатын Алтын үзүк” деп аталады. Ендеше «үжин» сөзінің соңындағы “н”-ны “г” не “к” болған деп көруге болатындай. Ал сөйлемдегi “саф алтындай ақ көңiл” дегеннiң орнына “саф алтындай көрiктi” деу анағұрлым сәйкесiмдi. Сонда Алтын үзүк – алтындай көрiктi сұлу болып шығады. Бұдан шығатын қорытынды: Өэлүн ананың жан-тәнiнiң сұлулығына сай берiлген құрметтi лауазым – Өэлүн үжин – Өэлүн үзүк – Өэлүн сұлу.                 Сонымен қатар «үзүк», «үжин» сөздерiн сары ұйғыр тiлiндегi шамандық ұғымда “тәңiр елшiсi”, “әулие рух” мәнiне келетiн “үзен” сөзiнiң сингармонизм заңы бойынша өзгерiске түскен түрi деп қарауға да болатындай.

Шыңғысхан ата-бабаларының арғы-тегi аңызбен астасып, тәңiр құдiретiмен жаралып жататынын ескерсек, оның анасы Өэлүн де қасиеттi рухты адам болуы ғажап емес. Демек, Өэлүн үжин – Өэлүн үзүк – Өэлүн үзен – қазiргi қазақ ұғымына көшiрсек, Өэлүн әулие дегенге саяды.

Тарихтағы ең соңғы еңбектердің бірі Ілияс Есенберлин құрастырған “Шыңғыс хан әлем сілкіндірушісі” атты кітапта Өэлүн үжин ананы «Оэлун-Үжен», «Үже ана» деп жазған. «Үже ана» қазақтың «әже», моңғолдың «эжээ», түріктің «анне» деген сөздеріне жақын келеді. Ал «Моңғолдың құпия шежіресін» екі мәрте қазақ тіліне аударған Мағауия Сұлтанияұлы болса «Өгэлүн үжин» деп қолданған. Зардыхан Қинаятұлы «Шыңғыс хан және Қазақ мемлекеті» атты монографиясында «Өгөлең Ужин» дейді. Мұхтар Мағауин «Шыңғыс хан және оның заманы» атты еңбегінде «Өгелін», «Өгелін-әйкен», «Өгелін-Ана» деп атайды. Демек ғылымда бұл есім әлі тұрақтанып, бір ізге түспеген.

Махмұд Қашқари сөздiгiнде өлең шөп «өлйан» деп аталады. Өлең – тау баурайлары мен бөктерлерiнде өсетiн, малға аса жұғымды, тұяқ тимеген жерлерде басы күлтеленiп қоңыр самалға үкiдей ырғалып, бүкiл бiр беттi толқын жауып кеткендей көрiктi көрiнетiн, жайдары жайсаң жанның есіміне эпитет, теңеу бола аларлықтай өте биязы шөп. Ел құрметiне бөленген ананы жұрттың осылай суреттеуi әбден мүмкiн. Адамның берiктiгiн еменге, биiктiгiн бәйтерекке, нәзiктiгiн талға, сұлулығын қайыңға, даралығын шынарға, иiсiн – даланың жусанына теңеу иiсi түркi-моңғол жұртына жат құбылыс емес.

Қазақ жанға жайлылық пен жайсаңдықты “қоңыр” сөзiмен байланыстырып жатады: қоңыр күз, қоңыр үн, қойдай қоңыр, қоңыр самал, қоңыр өлең… Оның үстiне “өэлүн” және “өлйан” сөздерiнің мағыналық және дыбысталу жағы да бiр-бiрiнен алшақ емес. Ендеше, Шыңғыс ханның анасының аты Өэлүн үжин тума есім емес, лақап атау Өэлүн әулие деп тұжырымдауға болады. Бұл қазақ тiлінің бейнелі “Қоңыр әулие” деген атауымен жарасымды сәйкеседі деген қорытындыға келеміз. (Сурет автор архивінен алынды. 1960 жылдары түсірілген Әже Б.Күланда).

Бақытбек Бәмішұлы

 

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: