|  | 

Сұхбаттар

ҚАЗАҚ МЕДИЦИНАСЫН БІР ЖАРЫМ МИЛЛИАРД ҚЫТАЙ ХАЛҚЫ МОЙЫНДАП ОТЫР..

Asya Beysanbayqizi

Шыңжаң медицина унверситетінің фармакология докторы, профессор, Шыңжаң дәрі-дәрмек зерттеу мекемесінің орынбасары, Шыңжаң Қазақ шипагерлік-дәрігерлік зерттеу орталығының бастығы, Шыңжаң Қазақ медицина ғылыми зерттеу қоғамының орынбасар төрайымы Асия Бейсанбайқызымен сұхбат

– Қара шаңырақтағы қалың жұртыңыз Сіздің жеке өмір-баяныңыз, үлкен ғылым жолындағы еңбектеріңізді біле бермеуі мүмкін. Алдымен өзіңіз жайлы айтып берсеңіз.

– Менің жеке өміріме келсек, менің әкем 1948 жылдан бастап Үрімжі қаласына қоныстанған, алғашқы қазақ зиялыларынының қатарынан. 1966 жылы басталған қытайдағы «мәдениет төңкерісі» кезінде, сол кездегі төменге түсіріліп,жер аударылған қазақ зиялыларымен бірге Үрімжіге жақын ауылдарыға қоныстандық. Ол кезде қазіргідей жағдай жоқ.Сондықтан балалық шағым біраз қиыншылық мезгілдерге тура келді. Біздің балалық кездегі арманымыз- құрсағымыз тойса,айт мезгілдері кезінде бір жаңа киімдер кисек,мектепке барып оқысақ деген арман еді. Басқа одан артық арман болмаған,үлкен арман ойлауғада мүмкіндігіміз де жоқ еді.

Кейін орта мектепке түскен соң, қытай елінде билік ауысып, Дың Шяу Пиің кезіндегі «реформа жасап,сыртқа есікті ашу» саясаты іске асып,сол кездегі әр ұлт жастарына жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігі туды. Орта мектептегі арманым-жақсы оқып,қытайдағы белгілі жоғары оқу орындарына түсу болатын. Бала арманның жетегінде орта мектепті өте жақсы оқыдым. Орта мектеп бітіріп, унверситетке емтихан беріп, сол жылдары емтихан тапсырған жастардың арасында Шыңжаң бойынша үшінші болып, Пекин унверситетіне қабылдандым.Бырақ ол кез менің әкем мәдениет төңкерсі кезінде қайтыс болғандықтан, шешем жалғыз және денсаулығы болмағандықтан, шешеме қарайласу үшін алыстағы Пекин унверситетіне барудан бас тартып,Шыңжаң медицина унверситетіне оқуға түстім. Бұл әрі менің анамның арманы болатын. Шыңжаң унверситетінде дәрігерлік мамандықты алты жыл оқып,үздік бітіріп,содан ары қарай фармакология мамандығы бойынша аспирантураны жалғастырдым. Аспирантураға түскен соң бір жағынан жұмыс істеп,бір жағынан оқу оқыдым. Сол жылдары тұрмысқа шығып,үлкен қызымды өмірге әкелдім. Аспинатураны бітірген соң қытайдағы мамандарды шетелге шығарып оқыту үшін жолға қойылған мемлекеттік бағдарлама бойынша бір жыл Үрімжіде ағылшын тілі мамандығын үйрендім. Келесі жылы қытайдағы аз санды ұлттардың мамандарының біліктілігін арттыру бойынша Бейжің қаласына екі жылдық білім асыруға бардым. Сол жерде екі жылдық курсты бітірген соң Үрімжіге қайтып келіп,Шыңжаң медицина унверситетінде жұмысқа орналастым. Сол жылдары менің жолдасым Францияға медицина саласы бойынша оқуға барды. Бір жылдан соң мен жолдасымның соңынан Францияға барып,фармакология мамандығы бойынша докторлыққа түстім. Францияда төрт жыл тұрып,докторлықты сәтті қорғап,сол елдегі ұсынылған жұмыстардан бас тарта отырып,туған еліме келіп еңбек етуге бел байладым. Содан кейін алғаш жұмыс бастаған Шыңжаң медицина унверситетіне қайтып келіп,жұмысымды тағы жалғастырдым. Шыңжаң медицина унверситетінде істеп жүріп, 2005 жылдан бастап «Қазақ медицинасын» қолға алдым.2011жылы «Шыңжаң Қазақ шипагерлік-дәрігерлік зерттеу орталығын» құрдым. Сол жылы Қазақ медицинасы мемлекеттік тіркеуден өтіп,толымдылық сертификатын алғаннан кейін,осы салада еңбек етіп жүрген азаматтармен бірігіп, «Шыңжаң Қазақ шипагерлік-дәрігерлік ғылыми зерттеу қоғамын» құрдым.

– Қазақстанда Шығыс медицинасы,Тибет медицицинасы деген ұғым халыққа жат емес,ал «Қазақ медицинасы» деген атау бізге әлі қалыптаспай отыр,олай болса осы атау аты- затына лайық деп ойлайсыз ба?

– Бұған дейін Қазақ медицинасы «Қазақ емшілігі», «Халық емшілігі» деп аталып келді. Қазақ емшілігі-қазақ халқының арасындағы дәстүрлі емшілердің атадан балаға жеткен тәжірибесі негізінде диагноз қойылып,даладан жинап алған өңделмеген шөп дәрілермен,өңделмеген жануарлардың әртүрлі органдарымен емдеп келген болатын. Ал қазіргі кездегі қытайдағы Қазақтардың айтып жүрген,зерттеп жүрген емшілігінің деңгейі жағынан халық емшілігінен әлде қайда жоғары өреге көтерілді.Оған төмендегі дәлелдерді келтіруге болады.

Бірінші: қазіргі Қазақ медицинасының біртұтас ортақтыққа келтірілген,жүйелі назариясы-диагноз қою негіздері,дәрі-дәрмек жасау әдістері,рецептері,мамандар даярлайтын оқулықтары жасалды.

Алғаш Қазақ емшілігін ғылыми айналысқа түсіру үшін 1980 жылдары Алтайда қазақ ауруханасы құрылып,Қазақ емшілігіне қатысы халық арасындағы емдеу,дәрі жасау әдістері жиналып,жүйелене бастады. Халық арасында кеңінен қолданып жүрген шөп дәрілер мен жануарлар органдары рецептері жинақталып,кітап болып баспадан шықты. Қазақ хандығының Әз-Жанібек хан тұсындағы орда емшісі Өтеубойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегі табылып,алғаш рет реттеліп баспадан шықты. Осы еңбектерге сол кездегі Алтай аймағының әкімі Қадыс Жәнабілұлы, сол кездегі Шыңжаң Ұйғыр автономиялы өлкесінің орынбасар төрағасы Жәнабіл Сымағұлұлы бастаған аға буын үлкен үлес қосты.

Алтай Қазақ емханасының база еткен мамандармен зерттеушілер Қазақ медицинасының негізі болатын барлық кітаптар мен еңбектерді «Шипагерлік баян» жане басқа да халық арасындағы еңбектерді жүйеге келтіріп, Қазақ медицинасы жайында «Алты тұғырлы негіздеме» атты еңбек жасап шықтық. Сол жинақталған жүйелі зерттеу негізінде, Қазақ медицинасының орта техникум мамандарын оқытатын оқулықтарды жазып шықты.
Шыңжаң медицина унверситетінде өзім бас болып, унверситет жанынан ашылған «Қазақ медицинасы кафедерасын» құрып, Қазақ дәрігерлеріне арналған университеттік білім беруге арналған оқулықтарды жазып,пайдалануға бердік.

Екінші:Қазақ медицинасы негізінде жұмыс істейтін мамандар тобы қалыптасты. Бұлар негізінен Қазақтың шөп дәрілері, Қазақтың дәстүрлі диагноз қою,емдеу әдістерін қолданып жатыр.

2010 жылдан бері «Алтай медициналық колледжі» жанынан «Қазақ медицинасы факультетін» құрып, Қазақ медицинасының мамандарын даярлауды жолға қойды. Сол жылығы 100 ге тарта студент қабылданды. Содан бері әр жыл сайын «Қазақ медицина» группасы үзбей қабылданып келеді. 2011 жылдан бастап Шыңжаң медицина унверситетінен «Қазақ медицинасы кафедерасы» ашылып, енді жоғары дәрежелі қазақ медицинасы мамандарын даярлау басталды.Бұл кафедраға екі жылда бір группа қабылданады. Қазір қазақ медицинасының орта жане жоғары білім алушыларға сабақ беретін ұстаздар тобы қалыптасып болды. Әрі осы оқу орындарын бітірген мамандар бәрі Қазақ медицинасы факультетін бітірген соң «Қазақ медицинасының мемлекеттік толымдылық» сертификатын алады.

Үшінші: «Қазақ медицинасы ауруханасы» мен «Қазақ медицина орталықтары» әр аймақ ,аудан қалалардан бой көтерді.

1980 жылдары алғаш рет Алтай қаласында қазақ ауруханасы ашылды. Бұл Қазақ медицинасына жасалған алғашқы қадам болатын. Кейін Қазақ медицинасының дамуының екінші толқыны басталды. Қытай үкіметі қабылдаған «Әр ұлттың ұлттық дәстүрін,ұлттық медицинасын дамыту» бағдарламасы негізінде Қазақ медицинасына қаржы бөлініп,үкіметтің қамқорлығына бөленді. Соның арқасында Іле ,Тарбағатай,Алтай аймақ орталықтарында,аудан орталықтарында «Қазақ емханалары» мен «Қазақ ауруханалары» салына бастады.Жекелеме медициналық орталықтар бой көтерді.Кейбір мемлекеттік ауруханалардың ішінен «Қазақ медицина бөлімі» ашылды.

Төртінші: Қазақ медицинасының дәрі-дәрмегін өндіретін,зерттеу-сынақтан өткізу зерттеме орталықтары қалыптасты.

Алтайдағы Қазақ емханасының жанынан құрылған «Қазақ дәрі-дәрмегін өндіру орталығы» бар. Бұл орталық қазірге дейін жаңа технология негізінде 40 тан астам дәрі-дәрмекті өндіріп келеді.Алайда бұл орталық өндірген дәрілер қазір мемлекеттік стандарттан өте қойған жоқ.Сондықтан бұл орталық және Құлжадағы «Қазақ дәрі-дәрмек өндіру» орталықтары шығарған дәрілерді сынақтан өткізу,мемлекеттік және халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін өзім бас болып құрып шыққан «Шыңжаң Қазақ дәрі-дәрмек зерттеу орталығы» құрылды. Бұл орталық алдағы жылы алла қаласа Алтайдағы «Қазақ дәрі-дәрімегін зерттеу ораталығы» жағынан шығарылған 5 түрлі дәріні мемлекеттік жане халықаралық стандарттарға сай сертификаттаудан өткізгелі отыр. Егер бұл сертификаттаудан өте алсақ қазақ медицинасының айбыны асқақтап,бүкіл қытай мемлекетінде бұл дәрілер қолданысқа ие болып қана қоймай, Қазақ еліне және басқа да елдерге шығаруға мүмкіндік ашылады.

Бесінші:2012 жылы Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесі бойынша «Қазақ медицинасын зерттеу ғылыми қоғамы» құрылды.

Бұл қоғамды өзім бас болып құрдым. Бұл Шыңжаң тарихында өлке дәрежелі бірден- бір ұлттық медициналық қоғам. Өлке дәрежелі ұлттық медициналық қоғам ұйғырларда да жоқ. Бұл қоғамда 800 адам бар. Біз ел ішінде жыл сайын бір рет жиналып,қазақ медицинасы жайлы талқы жиын өткіземіз. Бұған жыл сайын қазақстаннан де өкілдер қатысады.

Алтыншы :2014 жылы Қазақ медицинасы Қытай мемлекетіндегі «Алтыншы ұлттық медицина» болып мемлекеттік тіркеуден өтіп,мемлекеттік толымдылық куәлігін алды.

Сол мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мемлекеттік біртұтас Қазақ медицинасының толымдылығын сынау жүйесі іске қосылып,сол «Қазақ медицинасының толымдылығын тексеру» тестінен өткен мамандар «Біртұтас мемлекеттік толымдылық» сертификатын ала алады. Осы сертификат алған қазақ медицинасының кез-келген маманы қазақ медицинасымен айналысуға,емхана,медициналық орталық ашуға құқы бар.

Жоғарыдағы дәлелдерлі келтіре отырып, «Қазақ медицинасы» деп толық айтуға болады. Бірақ бұл «болдық,толдық» деген сөз емес. Қазақ медицинасын өз тұғырына қонатын жері тәуелсіз Қазақстан. Қазақтың медицинасы біздің ұлттық тілі, дәстүр,әдебиет мен мәдениетімен бірдей Қазақ үкіметінің қолдауымен қорғауында болу керек. Сондықтан менің арманым Қазақ мемлекетімен бірлесіп,Қазақстандағы қазақ медицинасын дамытып,зерттеу арқылы Қазақ медицинасын халықаралық деңгейге көтерсем деген арманым бар.

– Қазақ медицинасы десе болды,тілдің ұшына «Шипагерлік баян» оралады. «Шипагерлік баянның» Қазақ медицинасындағы орны мен рөлі қандай?

«Шипагерлік баянның» қазақ медицинасындағы рөлі өте жоғары. Қазіргі қазақ медицинасының негізі болып отырғанда осы «Шипагерлік баян». Қазақ медицинасының қытайдағы өзге ұлттық медициналарынан парқы-біздің өзіміздің медициналық назариямыз бар. Бұл назария «алты тұғыр назариясы». «Алты тұғыр назариясы» бойынша көптеген оқулықтар,көптеген кітаптар шығып жатыр. Мысалы ұйғыр медицинасында мұндай жүйелі ғылыми негізге құрылған жүйелі назария жоқ. Ал біздің Қазақ медицинасында жүйелі,ғылыми назария бар.

– Қазақ медицинасының өзіне тән дәрі-дәрмек құрамы,дәрі жасау технологиясы,диагноз қою әдістерінің батыс жане шығыс медицинасымен айырмасы барма? Айырмасы бар болса қандай ерекшеліктері бар?

Қазақ медицинасының басқа медицинадан айырмашылығы бар. Бұл аурудың алдын алу, диагноз қою,емдеу,сауықтыру,дәрі-дәрмек жасау,дұрыс азықтану,дұрыс өмір сүру салты ережелерін өз ішіне алады. «Қазақ медицинасының аурулары, диагноз қою әдістері» деген қалың кітап баспадан шықты. Онда қайсы ауруға,қандай әдіспен диагноз қояды және Қазақ медицинасының Шығыс және Тибет медицинасының диагноз қою әдістерінің парқы жайлы бәрі толық жазылған. Мен ол бір том кітапға арқау болған Қазақтың диагноз қою әдістерін бір сұхбат көлеміне сыйғыза алмаймын. Бірақ, қазақтың диагноз қою әдісі -тамыр ұстау, көзбен көру,дене мүшелеріне қарау,сөйлесу әдістері негізінде іске асады. Қазір жоғары ғылыми-техниканың дамуын пайдаланып,Қазақ медицинасының диагноз қою әдістері де жетіліп келеді.

Сонымен бірге әрбір ұлттың өзінде көп кездесетін аурулар болады. Мысалы, біздің Қазақтардың жасаған ортасы, ұлттық шаруашылық негізіне қарай сүйек –буын аурулары,ревмантизм,суықтан болатын әртүрлі аурулар көп болады. Азық-түлік тұтыну дәстүріне қарай қан қоюлық,қанның май құрамы жоғары болу,қан басым аурулары көп болады.

Сондай-ақ әр ұлттың дене қуаты ұқсамағандықтан осы ауруларды емдеудегі рецептерде,дәрілердің дозалары да ұқсамайды. Біздің қазақ медицинасының істетіп жатқан дәрілері табиғи өсімдіктермен хайуанаттардың ішкі органдары,майларын қолданады. Ол өсімдіктермен хайуанаттар географиялық жағдайларға қарай тек қазақ даласында өсуі не өмір сүруі мүмкін. Сондай-ақ ол өсімдіктермен хайуанаттардың өмір сүрген жерінің құнарлығы мен азық-түлігіне байланысты емдік әсерлері де өзгеше болуы мүмкін. Қортып айтқанда біздің Қазақ медицинасының негіздеме назариясы,диагноз қою-емдеу әдістері,дәрі-дәрмектері басқа шығыс жане тибет медицинасынан айырмасы болғандықтан да Қытай елі Қазақ медицинасын Қытайдағы «Алтыншы ұлттық медицина» деп танып,мемлекеттік тіркеуден өткізіп, «Мемлекеттік толымдылық» сертификатын беріп отыр. Шыңжаңның жер-жерінде Қазақ ауруханаларын құруға,зерттеу орталықтарын құруға үкімет қаржылық және рухани жақтан қолдау жасап отыр. Қазақ медицинасы ғылыми негіздемеге сүйенбесе, өзгешелігі болмаса,өзіндік әдістері мен артықшылықтары болмаса осындай көңіл бөлудің бірі де болмас еді.

– Ұлттық медицина,яғни, Қазақтың өзі өмірлік тәжірибесіне сүйеніп жасаған Қазақ медицинасы мен ұлттық сапаны қалай көтеруге болады?

-Бір ұлттың сапасына әсер ететін дүние өте көп. Ол өте күрделі дүние. Мұның ішінде қазақ медицинасының ұлттың сапасына әсер ететін мүмкіндігі өте жоғары. Өйткені, кез-келген ұлттың мүшесі сапалы білім алып,сапалы қызмет істеу үшін міндетті түрде денсаулығы болуы керек. Соған қарай біздің Қазақ медицинасы -қазағымыздың ауруларының алдын алу,оны емдеу,адам өмірін ұзарту,ауру азабынан құтқару жағынан өз үлесін қосады деп ойлаймын.Себебі, жоғарыда айтқандай әр ұлттың өзіне тән өмір сүру дағдысы,өмір сүрген жерінің өзіне тән табиғаты,тұтынатын азық-түлігі,дене қуаты әртүрлі. Олай болса, Ұлттық медицина ұлттың денсаулығына жоғары дәлдікпен көмек беретін ең жақын медицина деп айтуға болады.

Сонымен қатар бір ұлттың сапасын өлшейтін бейресми өлшемдер бар. Мысалы: шетелдерде «Қазақтарда қанша ғылым докторлары бар?» деген сұрақтар қойылады. Егер Шыңжаңды мысал етсек ,Шыңжаңда «Қазақта 30 ғылым докторы,ұйғырда 70 ғылым докторы бар» десек сырттағы ел «Ұйғыр ұлтының сапасы Қазақ ұлтынан жоғары екен ғой» деп ойлайды. Сол сияқты Қытайдың,Тибеттің,Ұйғырдың әлем мойындаған ұлттық медицинасы бар. Ал Қазақтарда барма? Қазақтар неше мың жылдық тарихында өздерін емдеп-сауықтыра білген бе? Өздерінің ұзақ жылдық емдеу әдістерін жинақтап,өз ұлттық медицинасын жасай алған халық па? деген сұрақтарда Қазақтың сапасын білдіретін сұрақтар болып есептеледі. Ал қай елде болмасын осы сұрақтар алдымыздан шықса ,біз «Қазақта өзінің ұлттық медицинасы,өзінің дәрі-дәрмек зерттеу орталығы,өзінің дәрі өндірісі бар,Қазақ медицинасының негіздеме назария бар,Қазақ медицинасының мамандарын даярлайтын оқу орны бар » деп жауап бере аламыз.Осындай жауап естіген басқа халық, Қазақ ұлты өзіне тән медицинасы,дәстүрі ,тамыры бар ежелгі мәдениетті халық екендігін жете түсінеді. Біз Қазақ медицинасын дамытсақ біздің халықтың денсаулық сапасы ғана емес,рухани сапасы да жоғарылайды. Егер Қазақтың денсаулығы жақсы,рухани дүниесі таза болса,ішкен азығы мен дәрі-дәрмегі,алған ем-кеңесі таза болса, онда жан-тәні таза ұрпақ өз еліне де өз үлесін қосып,ұлттың сапасын көтеретін болады. Міне бұл қазақ медицинасының ұлттық сапаны көтеруге қосатын үлестері.

– Қазақ медицинасының Қазақстан елінде жаппай танымал бола алмауына қандай себептер бар? Қазақ медицинасының Қазақстан елінде дамып,халықтық қолданысқа ие болу үшін қандай қызметтер істеу керек?

Қазақ медицинасының Қазақстанда танымал бола алмауына көптеген себептер бар. «Жыламаған балаға сүт бермейді» деген мақал бар. Мен алғаш Франциядан фармакология саласы бойынша докторлық бітіріп келгеннен кейін, осы Қазақ медицинасында қолданылатын дәрі-дәрмектерді зерттеуді қолға ала бастадым. Сонымен Шыңжаңдағы Қазақ медицинасымен айналысатын жеке адамдарға,Алтайдағы қазақ ауруханасына іздеп бардым. Қазақ дәрі жасау ісін заман талабына сай қолға алу үшін ,Қытай елінің денсаулық сақтау минстірлігіне,Шыңжаң өлкелік денсаулық сақтау мекемесіне хат жаздым. Әр дәрежелі басшылармен кездесіп,Қазақ медицинасын түсіндірдім,еңбектендім,көп тер төктім. Соның арқасында ғана, Қазақ медицинасына Қытай үкіметінің назарын аудартып,үкіметтен «Қазақ медицинасы дәрі-дәрмектерін зерттеу орталығын», «Қазақ медицинасын зерттеу ғылым қоғамын» құруға рұқсат және қаржылық қолдау алдым. Бұған дейінде сонау 80- жылдары сол кездегі Қазақтың жоғары дәрежелі басшылары қолға алған жұмыстардың бүгінгі күнге жетіп, «Қазақ емшілігінен «Қазақ медицинасы» дәрежесіне жетуіне 35 жылдан астам уақыт кетті. Осы 35 жылда әр буын,әр саладағы адамдар еңбек етіп,бір күн тоқтамай еңбектенумен түсіндірудің арқасында бүгінгі жағдайға жетіп отырмыз. Сондықтан Қазақ елінде де Қазақ медицинасының танымал болуы үшін қажымай,талмай еңбектеніп,«жылап сүт сұрайтын» адамдар болумен қатар, «жылаған балаға сүт беретін» үкімет керек. Егер Қазақ елі қазақ медицинасын түсініп,оның пайдасын аңғарып,қаржы бөлмесе,ақпараттық қолдау көрсетпесе онда Қазақ медицинасының қазақ елінде сол «қара емшілік» деңгейінде қалуы әбден мүмкін.

Қазақ медицинасының қазақ елінде танымал болып,халықтық қолданысқа енуі үшін ақпарат құралдарының маңызы өте зор. Мейлі газат-журнал болсын,интернет порталдары болсын, телеарналар болсын қазақ медицинасының әлемдік стандарттарға сай ғылыми медицина екенін үгіттеу керек.

Өйткені, Қазақстанда қазақ медицинасы десе оқитын,ұшықтайтын,қамшысымен сабайтын,дұғамен үшкіретін деңгейдегі ем-дом деп қана түсінеді екен. Халық арасындағы қара емшілікпен бүгінгі өзіндік теориясы бар,ғылыми негіздемесі бар,дәрі-дәрмек өндіретін, зерттейтін орталықтары бар,мамандарын даярлайтын оқу орындары бар,мемлекеттік және халқаралық стандарттармен сертификатталған толымдылық куәлігі бар Қазақ медицинасының арасы жер мен көктей. Сондықтан ақпарат құралдарының көмегі көптеп керек деп ойлаймын.

Қазір Қытай-Қазақстан ортасында «Жібек жолын дамыту» деген үлкен мемлекетаралық бағдарлама бар. Осы бағдарламаның мүмкіндігін толық пайдаланып, Қытай-Қазақстан екі ел ортақ қаржы қосып, Қазақ медицинасын дамытатын бағдарламалар жасап, қазақ медициналық орталықтарын құруға болады.Қорыта келсек, Қазақ үкіметіне, қазақстандағы қазақтарға қазіргі қазақ медицинасының жеткен жетістігін толық түсіндіріп,қолдау алып, тәуелсіз Қазақ елінде Қазақ медицинасын қытайдағыдан да жоғары деңгейге көтеру міндеті тұр. Оған Қазақстан үкіметі,денсаулық сақтау минстрлігі, ақпарат құралдары жәрдемдесу керек деп ойлаймын. Сонда ғана Қазақ медицинасы өз тұғырына қонады.

–Қазақстандағы Қазақ емшілігі- Қазақы ем-дом,қара емші,бақсы-балгер деген атаулармен ерекшеленеді, ал қытайдағы Қазақ медицинасымен айналысатындар кімдер?

Қытайдағы «Шыңжаң- Қазақ медицинасын зерттеу ғылыми қоғамына» кірген 800 ге тарта қазақ медицинасының мамандарының бәрі медициналық білімі бар.Емдеу-сауықтыруды тек ғылыми негізге сүйеніп жасайды.Қолданылатын дәрілерінің бәрі өсімдік түрлері мен жануарларлың органдарынан өңделіп жасалған. Олардың ішінде ешқандай тылсым күштермен ғылымға жат әдістермен емдейтін адам жоқ. Ал халық арасында атадан- балаға жалғасқан емшілер бар шығар,бірақ олар нақты медициналық білім,толымдылық куәлік алмай біз оларды Қазақ медицинасы қоғамының мүшесі санамаймыз. Біз бақсы-балгерлікті,тылсым күштерді дәріптемейміз.Оларды жоғалтайық деген ойымызда жоқ. Бірақ қазіргі таңда Қазақстанда қазақ медицинасының дамымай,танымал болмауына себеп болып отырған басты себептің бірі де осы ғылымға сүйенбеген бақсы-балгерлік пен қара емшілікке халықтың сенім артпауынан келіп болып отыр.

-Қазақ еліндегі дәстүрлі медициналық орталықтармен ұйымдар бар.Олармен қарым-қатынастарыңыз қандай?Бірлескен жобалар бар ма? Болсы, ол жобаларды іске асыру ойларыңыз барма?

Қазақстандағы дәстүрлі медицина ұйымдары мен емшілері бізге келіп,біздің ғылыми зерттеу жиналыстарымызға қатысып,бізді қолдап,қуаттап отыр. Егер сол елдегі дәстүрлі емші-домшылар біліктіліктерін арттырып,ғылымға арқа сүйеген Қазақ медицинасына ден қоятын болса олардың да Қазақ медицинасына қосатын үлесі аз болмас еді.

Алайда талай реткі кездесулер мен конференцияларда бас қосып,жақсы идеялар айтылса да әлі күнге дейін Қазақстан тарапынан нақты іс-әрекетке барған не ұйым,не жеке адамдар жоқ. Егер ұсыныстар түсіп,шынайы ғылыми жобаларға шақырып жатса,Қытайдағы Қазақ мамандары өздерінің тәжірибелерімен білімдерін қазақ елі үшін жұмсауға әзір.

–Қазақ медицинасын дамыту үшін шыр-пыр болып,қарлығаштың қанатымен су сепкендей еңбектеніп жүрсіз. Қазақтың медицинасын жоқтаған адамның бойында Қазақтың қаны да бар. Қазақ еліне келіп, Қазақ медицинасына қызмет жасауыңыз үшін, қазақ елінен қандай жасағанын қалар едіңіз?

Менің ойым Қазақстан халқы,Қазақстан үкіметі Қазақ медицинасының қай деңгейге келгенін,қандай еңбектер жасалғанын білу керек деп ойлаймын. «Жалғыздың үні,жаяудың шаңы шықпас» деген мақал бар,сондықтан мен жалғыз барып,Қазақстандағы қазақ медицинасын көтеріп тастаймын деп айта алмаймын. Ол ұзақ уақыттық еңбек пен белгілі қауымның еңбегінің жемісі болу керек. Мен қазір қазақ еліне барғанда қазақ медицинасын үкіметпен халықтың қаншалықты дәрежеде түсініп кетерін де білмеймін. Ал егер шынымен ел бастаған ағаларымыз қолдау көрсетіп,Қазақ медицинасын дамытуды қолға алып жатса,2005 жылдан бергі жинаған тәжірибеммен еңбегімді Қазақ елі үшін де аямаймын.

Қазақстан еліне барып келген сайын қытайдағы әріптестерім «Қазақстан еліндегі Қазақ медицинасының деңгейі қандай,қандай қызметтерді қолға алып жатыр?» деген сұрақтар қояды. Бірақ әр рет мен сол сұрақтарға жауап беруге қиналамын. Өйткені, алғаш Қазақ елінде,Қазақтың ұлттық медициналық орны көктейтін,көгеретін жерде әлі Қазақ медицинасы жайлы мемлекеттік жұмыстар түгілі,үкіметте де,халықта да түсінік жоқ. Сондықтан әлі де еңбектенуге тура келеді.

– Уақытыңызды бөліп сұхбат бергеніңізге үлкен ризашылығымды білдіремін.Алдағы уақыттағы жұмыстарыңызға, жемісті еңбек тілеймін!

Сұхбаттасқан:  Серік Мұратхан. Үрімжі

“Алты Алаш-ақпараты”

Related Articles

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

  • “Қазақстан дұрыс бағытта”. Деколонизация, Украинадағы соғыс және Қаңтар. Балтық елшілерімен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК Балтық мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілері (солдан оңға қарай): Ирина Мангуле (Латвия), Эгидиюс Навикас (Литва ) және Тоомас Тирс. Совет одағы ыдырай бастағанда оның құрамынан бірінші болып Балтық елдері шыққан еді. Өзара ерекшеліктері бар болғанымен, сыртқы саясатта бірлігі мықты Латвия, Литва және Эстония мемлекеттері НАТО-ға да, Еуроодаққа да мүше болып, қазір көптеген өлшем бойынша әлемнің ең дамыған елдерінің қатарында тұр. Ресей Украинаға басып кіргенде Киевті бар күшімен қолдап, табандылық танытқан да осы үш ел. Соғыс басталғанына екі жыл толар қарсаңда Азаттық Балтық елдерінің Қазақстандағы елшілерімен сөйлесіп, екіжақты сауда, ортақ тарих, Ресей саясаты және адам құқығы тақырыбын талқылады. Сұхбат 8 ақпан күні алынды. “БІЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ДҰРЫС БІЛМЕЙДІ” Азаттық: Сұхбатымызды Балтық елдері мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасы

  • “Саясаткерлер пафоспен сөйлегенді жақсы көреді”. Түркі мемлекеттері ынтымақтастығының болашағы бар ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы мәртебесіне ие елдердің басшыларының Самарқанда (Өзбекстан) бірігіп түскен суреті. 11 қараша, 2022 жыл Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) оныншы саммиті өтіп жатыр. Бұл кездесу не береді? Түркия Ресейдің Украинамен соғыстан бас көтере алмай жатқанын пайдаланып, аймаққа ықпалын күшейтуге тырыса ма? Түркі мемлекеттері ынтымақтастығының, әсіресе әскери салада болашағы бар ма? Азаттық осы жөнінде Солтүстік Кипрдегі Таяу Шығыс университеті саясаттану кафедрасының доценті Әсел Тутумлумен әңгімелесті. ТҮРКИЯНЫҢ МҮДДЕСІ МЕН ЫҚПАЛЫ ҚАНДАЙ? – Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) оныншы саммиті өтіп жатыр. Ұйым азаматтық қорғаныстың бірлескен механизмін нығайтуға мүдделі. Сондай-ақ күн тәртібінде аймақтағы және сырттағы саяси-экономикалық оқиғаларды талқылау мәселесі тұр. Саммиттің уақыты мен геосаяси контексі жөнінде

  • АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты өзгерді ме? Елші Дэниел Розенблюммен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК  АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмнің Азаттық радиосына берген сұхбаты АҚШ дипломаты Дэниел Розенблюм Қазақстанға елші болып келгеніне бір жылға жуықтады. Оған дейін ол Өзбекстандағы елші қызметін үш жыл атқарған. Орталық Азияға маманданған дипломат аймақ басшыларының Нью-Йоркте президент Джо Байденмен оңаша кездескені саяси жетістік дейді. Азаттық елшіден сұхбат алып, C5+1 саммитінде адам құқығы тақырыбы қаншалық қозғалғанын, Қазақстанға төнген санкция қаупін және АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты қалай өзгергенін сұрады. НЬЮ-ЙОРКТЕГІ КЕЗДЕСУ ҚАЛАЙ ӨТТІ? – АҚШ президенті Джо Байден жақында Орталық Азия басшыларымен C5+1 форматында кездесті. Саммит алдында құқық қорғау ұйымдары осы жиында адам құқығы басты назарда болса екен деп үміт білдірді. Бұл үміт ақталды ма? – Нью-Йоркте өткен C5+1 саммиті

  • “Украинадағы соғыс ондаған жылға созылуы мүмкін”. Британ генералымен сұхбат

    Важа ТАВБЕРИДЗЕ Украин сарбаздары зенитті қарумен атқылауда. Архив суреті. Ұлыбритания бірлескен күштерінің бұрынғы қолбасшысы, қорғаныс және қауіпсіздік тақырыбында кеңес беріп, дәріс оқитын генерал сэр Ричард Бэрронс майдандағы айла-тәсіл, өндірістік мобилизация және Украина мен Батыс елдері таңдауы соғыстың ондаған жылға жалғасуына қалай әсер ететінін айтып берді.  Генерал сэр Ричард Бэрронс Ұлыбритания бірлескен күштерінің бұрынғы қолбасшысы. Қазір Universal Defense & Security Solutions қорғаныс және күзет компаниясын басқарады. Ол Азаттықтың Грузин қызметімен сөйлесіп, Украинадағы соғыс неге ұзаққа созылатынын талдап берді. Азаттық: Украинада соғыс басталғалы бір жылдан асты. Осы уақыт ішінде қандай сабақ алдық? Ричард Бэрронс: Еуропа үшін жоғары деңгейде сабақ алатын дүниелер болды. Біріншісі, 90-жылдары Қырғиқабақ соғыс аяқталғаннан кейін көбі “енді соғыспайтындай болдық” деп ойлағанымен,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: