|  | 

Спорт

Париждегі қазақ жастарын атамекенмен футбол табыстырды

Париждегі қазақтардың Paris kazak spor футбол командасы Қазақстанда жолдастық кездесулер өткізіп жатыр. Парижде туып өскен қазақ жастары “мұндай кездесу тарихи отанымызды тануға, қазақ тілін үйренуге септеседі” дейді.

Париждегі қазақтардың Paris kazak spor командасы мүшелерінің (көк формада) қазақстандықтармен түскен суреті. Астана, 9 маусым 2015 жыл.

Париждегі қазақтардың Paris kazak spor командасы мүшелерінің (көк формада) қазақстандықтармен түскен суреті. Астана, 9 маусым 2015 жыл.

Paris kazak spor футбол командасы маусымның 9-ы күні Астанаға келіп, “Жас батыр” спорт кешенінде екі ойын өткізді. Астана футбол клубының 1997 жылы туған жастар құрамасымен және астанадағы журналистер командасымен жолдастық кездесу өткізген олар екі ойынды да тең аяқтады. Парижден Қазақстанға 17 мен 20 жас аралығындағы 15 футболшы, бес үлкен кісі келген. Олардың біреуінен басқасы – Парижде тұратын этникалық қазақтар.

“ФУТБОЛ – ҚҰДАЛЫҚҚА ДА СЕП”

Азаттықтың тілшісімен француз тілінде сөйлескен Paris kazak spor ойыншысы Эдуард Катриан (этникалық қазақ – ред.) жергілікті команданың доп ойнау шеберлігін “жоғары” деп бағалады және өздерінің ұшақтан шаршап келгендерін түсіндірді. Франция қазақтары енді маусымның 11-і күні Қарағандыдағы “Шахтер” футбол клубының жастарымен, одан кейін Шымкент және Алматыға барып жергілікті футбол клубтарының жастар құрамасымен жолдастық кездесулер өткізбек.

Париждегі қазақ жастарын Қазақстанға әкелген кәсіпкер Ерлан Әшім:

– Мұстафа Шоқайға былтыр мүсін қойылғанда Францияға барған едім. Сол жерде жергілікті қазақтармен танысып, әңгімелерін тыңдасам, өздерінің ұл-қыздарын футбол арқылы бір-бірімен таныстырып, араластырып отырғандарын айтты. Содан, неге сол жастарға Қазақстанды футбол арқылы көрсетпеске деген ой келді. 15 ойыншы, бес үлкен кісіні алып келдім, – дейді.

Сол жерде жергілікті қазақтармен танысып, әңгімелерін тыңдасам, өздерінің ұл-қыздарын футбол арқылы бір-бірімен таныстырып, араластырып отырғандарын айтты.

Ойыншылармен бірге келген Франция тұрғыны Зейнел Сойер Азаттықтың тілшісімен қазақша сөйлесті. Ол бұған дейін Қазақстанда екі рет болған. Оның айтуынша, қазір Парижде Түркиядан шыққан 270 қазақ отбасы, үш мыңға жуық этникалық қазақ тұрады. Парижде туып өскен жас ұрпаққа қазақ тілін үйрету қиындаған. “Ұлттық байланысты” үзіп алмас үшін Еуропа қазақтарының дәстүрлі құрылтайына жастарын қалдырмай алып барып, бір-бірімен таныстырады екен. Ол “Париждегі үлкен кісілердің кейінгі ұрпақты өзара үйлендіріп, қазақтықты сақтауға тырысатынын” да айтып қалды.

– Құрылтай мен той-думаннан өзге, жастардың басы осы футболда жақсы бірігеді. Париж қазақтарының өздері құрған Paris kazak spor командасы бар. Оның сыртында өзіміз ойнайтын үш команда, 70-тей ойыншымыз және бар. Бәрі – жастар. Футбол арқылы басымыз бірігеді, байланыс орнайды. Сыйластығымыз артады. Қазақстанға алып келген де осы футбол, – дейді Зейнел Сойер.

“ТІЛ ҮЙРЕТУ ҚИЫН”

Азаттықтың тілшісіне өзін Мәки деп таныстарған, түрікше-қазақша араластырып сөйлеген жігіт ағасы Түркияның Стамбул қаласында туғанын, 1980-жылдары Парижге көшкенін айтады. Тері өңдеу ісінің маманы. Үш баласы бар. Ол өзімен бірге Қазақстанға футбол ойнауға келген жастардың “тіл білмегендері үшін ұялып жүргенін” айтты.

– Францияда жастарға тіл үйрету қиын. Қолданыс аясы жоқ. Тіл, домбыра үйрететін маманға зәруміз. Естігендер болса, үйретеміз дегендерге есігіміз ашық. Үйрететін жеріміз [сабақ өтетін орын] бар. Мына жастар тіл білмегендері үшін ұялып жүр. Тіл білсе, барыс-келістері, таныстықтары көбейер еді, – дейді Мәки.

Парижде туып өскен студент Эдуард Катриан “үйінде әке-шешесімен французша сөйлесетінін” айтады. Францияда оқып жүрген қазақстандық студенттермен әлі танысып, араласпаған.

– Қазақ достарым көп. Бірақ олардың бәрі Парижде не Еуропада туған, үнемі французша, аздап түрікше сөйлейді. Қазақстанға бірінші рет келіп тұрмын. Мүмкін жаңа достармен танысармын. Солардан тіл үйренермін, – дейді Эдуард Катриан.

Мына жастар тіл білмегендері үшін ұялып жүр. Тіл білсе, барыс-келістері, таныстықтары көбейер еді.

Париж  жастарымен алаңда бірге футбол ойнаған спорт журналисі Төлеубек Қадырмолла мұндай жолдастық кездесудің пайдасы көп деп санайды.

– Paris kazak spor командасы Францияның 7-лигасында ойнайды. Соған қарамастан, шеберліктері ерекше екен. Жас жігіттері көп. Қанша дегенмен Франция футболының деңгейі жоғары ғой, сол жақта тәрбиеленген осындай қазақ жастарын елдегі клубтарға шақыртуға болар ма еді, – дейді ол.

Paris kazak spor командасы 1986 жылы құрылған. Биыл Францияның 7-футбол лигасында 3-орын алған. Бұдан бөлек, Париж чемпионатында, Париждің аймақтық чемпионатында 1-орын алған кездері де болған. Командада 44 ойыншы болса, оның 30-ы – этникалық қазақ.

Related Articles

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

  • Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    “Слован” командасының қақпасына гол соққаннан кейінгі сәт. Дастан Сәтпаев (сол жақта). “Қайрат” футбол клубының парақшасы. 6 тамыз 2025 жыл. Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды. Матч кестесі турнирдің ресми сайтында жарияланды. Алматының “Қайрат” командасы чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты “Қайрат” футбол командасының мүшелері жеңісті тойлап жатыр. 26 тамыз, 2025 “Қайрат” фк Instagram парақшасынан алынған скриншот.  Футболдан Алматының “Қайрат” командасы Еуропа Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде “Қайрат” Шотландияның “Селтик” командасын пенальти сериясы арқылы жеңді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

  • “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    Руслан МЕДЕЛБЕК Өзбек ойыншысы Абдукодир Хусанов (2) пен БАӘ ойыншысы Луанзиньо (21) әлем кубогына іріктеу ойынында. 5 маусым, 2025 жыл. Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына Өзбекстан құрамасының жолдама алғанына жастар футболының қандай қатысы бар? Өзбекстан футболы жетістігінің себебіне үңілдік. “ӘЛЕМДІК АРЕНАҒА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР” Өзбекстан Азия құрлығында Иран, Катар, БАӘ, Қырғызстан, Солтүстік Корея бар топтан екінші орын алып, 2026 жылғы әлем кубогына лицензия иеленді. Өзбек футболшылары тоғыз ойынның бесеуінде жеңіп, үшеуінде тең түсіп, бір ойында жеңілген. Осы нәтиже ұлттық команданың әлем чемпионатына шығуына жеткілікті болды. Бұл топтан Өзбекстаннан бөлек Иран да әлем чемпионатына қатысады. Өзбекстан әлем чемпионатына шығуға бірнеше рет өте жақын болған еді. Мәселен, 2014 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуінде Иран,

  • Ер Жәнібек батырдың есімі ұлықталды 

    Ер Жәнібек батырдың есімі ұлықталды 

      Айдос Мырзахметов Өскемен қаласының Жекпе-жек сарайында аты аңызға айналған Ер Жәнібекті еске алуға арналған жасөспірімдер мен кадеттер арасында семсерлесуден ХІХ ашық республикалық турнир өтті. Ер Жәнібек ұрпақтары ұйымдастырып отырған турнирге Шығыс Қазақстан, Абай, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан келген 200 жасөспірім спортшы қатысады. – Кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы ашық республикалық турнирді осымен 19-шы мәрте өткізіп отырмыз. Біз жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, спортқа, оның ішінде семсерлесуге баулу мақсатында өткізіп келеміз, – деді турнирді ұйымдастырушы, Ер Жәнібек ұрпақтарының өкілі Әлібек Ерубаев. Турнирдің салтанатты ашылуында ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев спортсүйер қауымды мемлекеттік мерекемен құттықтап, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында және Отан қорғаушылар күнінде өтіп отырған жарыстың мәні мен мағынасы зор

  • “Жеңіліс ауыр тиді”. Қазақстан Еуро-2024 додасына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ әлі бір мүмкіндігі бар

    “Жеңіліс ауыр тиді”. Қазақстан Еуро-2024 додасына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ әлі бір мүмкіндігі бар

    Словения-Қазақстан матчы. Любляна, 20 қараша, 2023 жыл Футболдан Қазақстан құрамасы Люблянада Словения құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп, 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ Қазақстан келесі жылы наурызда Еуро-2024 додасына лицензия алуға тағы бір рет талпынып көрмек. Словениядағы ойын қалай өтті? Қазақстан құрамасының бас бапкері жеңіліс жайлы не деді? Люблянадағы матчқа барған Азаттық тілшісінің репортажы. МАТЧ ҚАЛАЙ ӨТТІ? Ойын бастала сала Словения құрамасы шабуылға көшіп, матчтағы басымдықты өз қолына алуға тырысты. Матчтың 26-минутына дейін Словения ойыншылары Қазақстан қақпасына төрт рет қауіпті соққы жасап үлгерді. Ойынның 40-минутында қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский Петар Стояновичті қақпа маңында шалып шығып, польшалық төреші Шимон Марчиняк Қазақстан қақпасына пенальти белгіледі. Бұл 11-метрлік пенальтиден

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: