|  | 

Саясат

Өз туын өзектен тепкендер

Өз туын өзектен тепкендер

Таласқа түссе жан мен ту,
Жан емес маған керегі –
Көк тудың желбірегені.

Осы әндегі таласқа түсіп отырған тудың тағдыры талайдың жанына батып жүргені белгілі. Алайда «жан емес маған керегі, Көк тудың желбірегені» болмай тұр. Жуырда Алматы қаласының Абай мен Гагарин көшелерінің қиылысында жалау сатып жүрген азаматты байқап қалдым. Қолында Қазақстан жалауымен қоса, Ресей туын ұстап алыпты.

Әңгімеге тартайын десем сөйлей алмайтынын білдіріп, ымдап көрсетті. Сосын сол маңда орналасқан саябақтағы орындыққа жайғасып, екеуміз ымдап болса да біраз әңгімелестік. Жігіт бұл жалауларды Қытайдан әкеліп сатады екен. Оның айтуына қарағанда, Алматыдағы «қазақстандық» өзге ұлт өкілдері мемлекеттік жалауымыздан гөрі терістік көршіміздің туын сатып алғанды жөн көреді. Оған «қазақ жерінде өзге елдің туын сатуға болмайтынын» ыммен түсіндірдім. Түсінген болуы керек, 2-3 күннен бері сол маңнан жігітті көрмей жүрмін. Өскеменнің Галина есімді тұрғыны өз саяжайындағы көкөністерін жаңбырдан қорғау үшін еліміздің бірнеше туын жинап алыпты. Оларды қайдан алғаны белгісіз. Алайда қызанақты жаңбырдан қалқалау үшін жалаудан басқа заттарды пайдаланса да болар еді ғой. 1993 жылы 15 қараша күні төл ақшамыз – теңге жарыққа шыққанда тағдырын тарихи отанымен байланыстыратын талай «қазақстандықтар» теңгемізді атауға намыс­танып, «рубль» деуші еді. Бүгінде мемлекеттік жалауымызға да осылай қырын қарайтын «қазақстандықтар» жеткілікті.
Өз туын өзектен тепкендер
Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты «kz 844 AH 13» мемлекеттік нөмірлі қоқыс таситын көліктің жұмысшылары мемлекеттік тумен қоқыс тасып жүргені анықталды.

2007 жылы 4 маусым күні қабылданған еліміздің «Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық Заңының «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын және басқа да туларды Қазақстан Республикасының аумағында бiр мезгiлде пайдалану» туралы 5-бабында былай делінген:
«1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын шет мемлекеттердiң, қоғамдық бiрлестiктердiң және басқа да ұйымдардың туларымен бiр мезгiлде көтергенде (тiккенде, орналастырғанда) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туының көлемi басқа тулардың көлемiнен кiшi болмауға тиiс.
Бұл ретте Қазақстан Республика­сы­ның Мем­лекет­тiк Туы басқа тулар­дан төмен орналастырылмайды.
2. Қоғамдық бiрлестiктердiң және басқа да ұйымдардың тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туымен бiрдей болмауға тиiс».
Заңның осы бабына тағы бір үшінші тармақ жетіспей тұрғандай көрінеді. «Елімізде шет мемлекеттердің туын пайдаланғанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы қатар қолданылады» деген 3-тармақ енгізілсе, өзге елдің жалауын көтерген азаматтардың саны азаяр ма еді?!
Еліміздегі өзге ұлт өкілдері жалауымызды менсінбейді деп өкпелеп отырғанда қалың қазақ тұратын Шымкент қаласындағы қоқыс тасып жүрген «қарагөздеріміз» мемлекеттік туымызды кенеп қаптың орнына пайдаланып, қорлағаны жанымызға қатты батты. Әрине, кінәлілер жазасын алар, алайда мұндай жағдай үнемі қайталанып келеді. Былтыр Алматы қаласында жүк таситын көлік жүргізушісі көк туымызды қоқыс жабуға пайдаланып, әкімшілік жауапқа тартылған болатын. Елімізде жыл сайын 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні мерекеленеді. Алайда осы мерекенің қарсаңында осындай келеңсіз жәйттер жиілеп кетеді. Неге?

2015 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген «Еліміздің әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Кодексінің мемлекеттік рәміздерге қатысты баптары:

458-бап


1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдалану және орындау – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк рәміздерді пайдалану мiндеттi болып табылатын жағдайларда оларды пайдаланбау – лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер – төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

“Жас қазақтан” сауал

Өз туын өзектен тепкендер
Мұрат Ахмадиев, Мәжіліс депутаты:

– Өз басым Қазақстанда жат елдің туын көтеруге мүлдем қарсымын. Мұндай жағдай басқа елдерде жоқ. Тәуелсіз Қазақстанның аумағында тұрып, қалайша жат елдің туын көкке көтереді. Меніңше, осы мәселені реттейтін заңға өзгеріс енгізіп, басқа мемлекеттің туын көтеруге қатаң тыйым салыну керек деп санаймын. Көк туымызды қорлаған оқиғалар көп. Жуырда Шымкентте тағы қайталанғанына куә болдық. Мұндай масқараны болашақта болдырмау үшін «мемлекеттік рәміздер туралы» заңымызға өзгерістер енгізу керек. Мәжілістегі бірқатар әріптестерім бұл мәселені қолдайды. Олай болса, сол заң жобасын күтеміз. Жылдың соңына дейін Мәжіліске 100-ден астам заң жобалары келіп түседі. Соның ішінде «Рәміздер туралы» заң жобасы да бар.
Өз туын өзектен тепкендер
Тұрсынбек Өмірзақов, Мәжіліс депутаты:

– Рәміздерді қорлауды тоқтата алмай отырмыз. Себебі заңымыз қатал емес. Әрине, тудан қоқыс жинайтын қап жасаған адамды түрмеге қамаудың қажеті жоқ. Осыған орай менің бір ұсынысым бар: рәміздерді қорлаған адамға аса мол мөлшерде айыппұл салуымыз керек. Айыппұлдың көлемі жүздеген айлық есептік көрсеткіш болғаны жөн. Біріншіден, бұл туды қорлағандарға үлкен сабақ болады. Екіншіден, бюджетке айтарлықтай қаржы түседі.

Шектен шыққан

 

Көк ту «көкпар» емес

Шұғыл тексеру жұмыстары нәтижесінде Шымкент полицейлері мемлекеттік туды аяқасты еткен екі жұмысшы мен жүргізушіні қолға түсірді. Осы келеңсіз жайтқа байланысты қала әкімінің баспасөз қызметі арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.
Өз туын өзектен тепкендер
Кала әкімінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбектің мәлімдеуінше «оқиға қаланың Әл Фараби ауданында болған. Қоқыс таситын «844 АН 13» нөмірлі жүк көлігі «Бек-Асыл Сервис» ЖШС-ға тиесілі. Қылмыстық кодекстің 372-бабына сәйкес еліміздің мемлекеттік рәміздерін қорлау 2000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салумен немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын атқаруы­мен, әйтпесе 2 жылға дейінгі бас бос­тан­дығын шектеумен, не сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады».
Көк туды қорлағандар қоқыс жинайтын «Бек-Асыл Сервис» компаниясының жұмысшылары екені анықталғанымен, мемлекеттік рәмізді қоқыс жәшігіне тастаған мекеме әлі іздестіріліп жатыр. Көліктің 49 жастағы жүргізушісі мен 41 және 29 жастағы жұмысшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір олардан жауап алынуда. Тергеу кезінде серіктестік қызметкерлері өздерінің кінәсіз екенін айтып ақталды. Айтуларынша, сол жерде құлап жатқан мемлекеттік тудың үстіне қоқыс шашылып кетіпті. «Біз, керісінше, туды тазаладық» дейді күдіктілер. Әрекеттері суретте анық көрініп тұрса да, олар кінәсін мойындаған жоқ. Жауапкершілікті арқалағысы келмесе де, олардың әрқайсысына ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін.

Жылбек КЕРІМБЕК
jasqazaq.kz

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: