|  | 

Мәдениет

ҰЛДЫҢ БАЛАСЫ – НЕМЕРЕ! ҚЫЗДЫҢ БАЛАСЫ – ЖИЕН!

iGYJKs7sypSwLZEjAlz7lGQtwXjDyQ

Ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты дәріптеуде орны ерекше «Дәстүр» журналының былтырғы бір санындағы «Немере жиен деген кім? Қазақта осындай атау болып па еді?» деген мақала қолымызға еріксіз қалам алдырды. Неге? Себебі, мақала «Ұрпағына ат қойып, айдар таққан қазақ халқы әрбір сөздің мән-мағынасына, аталуына ерекше мән берген” – деп басталып, «… дәстүрлі сөздерді өз орнымен қолданғанымыз абзал. Жүйелі сөз қашанда жүйесін табады. Әйтпесе, сөздің киесіне қалуымыз мүмкін» деп аяқталады.
Дұрыс-ақ. Бірақ, мақала сол айтылған сөзге қарама-қайшы болып шыққан. Сөзіміз дәлелді болу үшін «бисмилла» деп, автордың «…5. Немене. 6. Жүрежат. 7. Туажат», ары қарай жұрағат, жекжат болып кете береді» деген сөзін алайық. «Жекжат» деп құдалар елін айтады. Ағайынға бара жатсаңыз «жекжатыма бара жатырмын» дей алмайсыз. «Ағайын-туған, тума-туыс» деген тіркес секілді, «құда-жекжат» деген тіркес те бар. «Жекжат» сөзінің өзі «жік» пен «жат» деген екі сөздің бірігуінен шыққан, жігі бөтен ел деген сөз.
Енді мақалаға тақырып болған сөзге келейік. Автор «қазақ өз перзентінен туған (мейлі ұл, мейлі қыз болсын) нәрестені немере деп атаған» деген бір ауыз сөзімен Қожанасыр секілді айды аспанға шығарған. Ол да аз, қазақ ұғымына төңкеріс жасайтын «жаңалық» ашып отыр! Бірақ, ол жаңалық та емес, оның айтып отырғаны тікелей орыс тәрбиесінен көшірілген калька – орыстар, өздеріңіз білесіздер, баланы ұлдікі, қыздікі деп бөлмейді, оларға бәрі «внук». Себебі, оларда «өз жұрты», «нағашы жұрты», «қайын жұрты» деген ұғымның өзі жоқ! Автор Сәрсен Қармыс «жиен сөзі ұрпақтардың еншісінде»; «қыздан туған бала ұлдан туғаннан еш кем емес» деген сөз»; «қазақ «қыздан туғанның қиығы жоқ» деп кесіп айтқан» деген неше түрлі әдемі сөздермен өз ойын дәлелдеуге тырысып баққан. Бұл – мүлде басқа мәселе, баланы кемсіту қазақтың ойына да кірмейді. Мәселе – отанға, ошаққа ие болып қалатын мұрагерде.
Ұлтымыз мұрагер мәселесіне өте терең мән берген. «Ұл өссе – ұрпақ, қыз өссе – өріс» деген. (Осы сөзді Ә.Кекілбаев «Үркер» романында Төле бидің аузына салады). Бізді бұл ұстанымнан айырған кешегі кеңес дәуірі. Қалай айырды? Бірінші – орыстандыру, еліктегіш қазаққа орыстың ісінің бәрі, тәлім-тәрбие, әдет-ғұрпы да, дұрыс етіп, қазақтың салт-дәстүрі артта қалған, көнерген, түкке жарамсыз етіп көрсету арқылы. Оның бір салдарын жоғарыда айттық. Екінші – әйелге теңдік беру арқылы. Шын мәнінде әйелдің еркектен құқығы жоғары болып кетті. Оның дегені деген, айтқаны айтқан болды. Себебі, ол күйеуімен бірдей жұмыс істеп, жалақы тапты, кейде одан да жоғары алды. Көп бала туу олардың қызметіне кедергі келтірді, қолбайлау болды. Содан олар баланы 3-4-пен шектеді. Үш қыз немесе төрт қыз туғаны күйеуіне «ұлы не, қызы не, бәрі өз балаң емес пе? Ұлдан жақсылық көресің бе, қыздан жақсылық көресің бе, оны бір Құдай біледі. Қайта қыз деген әкеге жақын болады, қамқоршыл келеді, так что Алланың осы бергеніне ризашылық қыл!» деді. Кеңестің қатал тәртібі етінен өтіп, сүйегіне жеткен еркек байғұс аузын аша алмады. Ол заманда ұлы жоқ жігіттердің мыңнан біреуі ғана «маған мұрагер керек» деп, жүген-шылбырын үзіп шығуға жарады, басқа әйелге үйленіп, немесе бейресми түрде екіншісін алып, ұл көрді.
Кеңес өкіметінің құлағанының тағы бір жақсы жағы – ұл перзенті жоқ ер-азаматтарға ұрпақты болуға мүмкіндік берді. Оны да мінезді жігіттер ғана пайдалана алды, елуді еңсерген, алпыстан асқан, тіпті жетпіске жеткен талайы ұлының құрметіне жүрегі жарыла жаздап ат шаптырып, бәйге беріп, той жасады. Қазыбек бише айтсақ, ел қатарлы «аузы күйіп ұл сүю» дәрежесіне жетті. Қазақ неге ең үлкен қуанышын «әйелі ұл тапқандай қуанды» деп, осы бақытқа теңестіріп айтады? Ойланайық та, бауырлар!..
Менің өзім осы журналистикаға келген соңғы 12 жылдың өзінде ғана ұл баласы жоқ қазақтың қанша жақсы мен жайсаңын көрдім… Министр дейсің бе, депутат дейсің бе, академик дейсің бе, толып жатыр… Алла пендем десе адамның басына бермейтін жағдай! Солардың әйелдері қыз шыққан жерден ұлдың да шығатынын білмейді емес, өте жақсы біледі, бірақ «қашан ұл тапқанша туа беремін!» деп жанын қинағысы келмеген эгоисттер. Ал, дәл сол кезде «күйеуің – пірің!» деген қазақы теңдессіз тәрбиені құлағына сіңіріп өскен, «менің өмірдегі ең басты міндетім – күйеуімнің ұрпағын көбейту» деп білген қазақтың ибалы да батыр қыздары аз болса да табылып жатты. (Жалпы, батырлар көп болмайды ғой). Менің Жұпаркүл есімді марқұм қайынбикем 5 қыздан соң, оның өзінің құрбысы 7 қыздан соң, ал, Шәмші Қалдаяқовтың туған қарындасы Раушан 9(!) қыздан соң қос-қос ұлдарын дүниеге әкелді. Бұл – Алланың олардың адалдығы мен төзімділігі үшін берген сыйы! (Раушан апайдың екінші ұлы ерте шетінеп кетті…).
Міне, қазақтың осы қарапайым әйелдеріне көзінің тірісінде ескерткіш қойса әбден жарасатын жандар! Ал, анау эгоист әйелдер ертең шошайып шалы екеуі ғана қалатынын біліп тұрып, сондай қадамға әдейі барғандар. Қыздың баласы саған ешуақытта немере бола алмайды, өйткені Алла-Тағала қызды о баста жат жұрттық етіп жаратқан, сенің қызың барған елінің ұрпағын көбейту үшін туып отыр. «Менің де немерем!» деп, олардың ұрпағына таласуға сенің қандай хақың бар? Сен оны әлпештеп бақсаң да (күйеу балаң сенің мүшкіл халіңе жаны ашып, бауыр еті баласын саған көзі қиып берген күнде де), ол бала өзінің тегіне тартқысы келіп тұрады. Дұрыс онікі, табиғаттың заңы солай. Сол себепті қазақ «жиен ел болмайды» дейді. Әр нәрсенің өзінің орны бар. Оны басқамен алмастырамын деу түпнұсқаның орнына көшірмені қойғысы келгенмен бірдей бос әурешілік. Сондықтан, өзімізді де, өзгені де алдағымыз келіп, жылтыр сөзбен ойнағанды қояйық, келер ұрпақты жаңылыстырмайық, әрнәрсені ашып айтқан, шындықтың бетіне тіке қарайық. Ең дұрысы – ұлымыз жоқ болса, бойымызда қуат бар кезде, малымызды түгел шашсақ та ұлды болудың әрекетін жасайық. (Біздің биліктегілерден үлгі алатын жалғыз нәрсе – осы…) «Әрекет жасағанға берекет берем!» деген Алла-Тағала! Ертең бармағымызды шайнап қалмайық! Өйткені, «шаңыраққа ие болып қалатын, ұлдың аты ұл ғой, шіркін, қашанда!»

qazaquni.kz

Өмірзақ Ақжігіт

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: