|  |  | 

Мәдениет Тарих

Қазақтың байырғы дәстүрі. Бала асырап алу

Қазақтың байырғы дәстүрі. Бала асырап алу Бала асырап алушы отағасының әйелі үлкен бәйбішенің көйлегін киіз үйдің оң жағына ұзынынан тастайды. Бала сол көйлектің жағасынан кіріп етегінен шығады. Бала асырап алу дәстүрі атам қазақ заманында өте жиі кездеседі. Оған негізгі себеп елдің басындағы жаугершілік, қоғамда үстем болып отырған туысқандық байланыстар жүйесі, ата баласы  ру-тайпа ішіндегі адам саны көп болсын деген мүдде, себебі сан кейін сапа туғызады. Қазақ шежіресінің ұзын-ырғасы осындай асырап алу оқиғаларын жиі баяндайды.  Қазіргі қазақ ру-тайпаларының көпшілігі белгілі бір тарихи кезеңде бір-бірімен саяси және шаруашылық мүдденің ортақтығы жақындастырған қауым деп есептеуге болады. Біздің әкімшілік-территориялық құрылым, яғни аудан, облыс деп жүргенімізді байырғы заманда ру-тайпа ұғымдары алмастырыған. Бала асырап алуға мүдделі қазақ ешкімді де бөтенсінбейді ағайын-туыстың баласы, алыс жамағайын, қолға түскен тұтқын, ат арқасына мінгесіп келген олжа, панасыз қалған жетім бәрі де қазақ ішінде егер пысық, еті тірі болса өз орнын, яғни әкесі мен шешесін тауып кетеді. Бала асырап алатын адам алдымен ауыл ақсақалдарына ақылдасады, батасын алады. Содан кейін ауыл-елді жиып, бір қойын сойып қазан көтереді. Осы тойдың үстінде баланың қолына қойдың, не жылқының ортан жілігін ұстатып үйге кереге астынан кіргізеді. Ол үшін бірнеше қарулы жігіт киіз үйді аздап көтереді, сол саңылаудан бала үйге еңбектеп кіреді. 56065244d3fea1bd322207cce9a55fcc.jpg «Ортан жілік ұстады ма екен ?» деген сөз осыған байланысты қалған, ол жілікті ұстаған бала әкеден қалған жан мен малға мұрагер есепті. Егер баланы ауыл-аймақ түгел мойындасын десе отағасы маңайындағы ата баласын түгел шақырады. Сол ата баласының ішіндегі үлкен бір бәйбішенің көйлегін дайындайды. Бала сырттан киіз үйдің ішіне еңбектеп кірген соң екінші бір ғұрып жасалады. Бала асырап алушы отағасының әйелі үлкен бәйбішенің көйлегін киіз үйдің оң жағына ұзынынан тастайды. Бала сол көйлектің жағасынан кіріп етегінен шығады. Бұл ишара бала сол бәйбішенің ішінен шықты дегенмен бірдей. Асырап алған баланы осыған байланысты «киімді ұл» деп атайды және бәйбішенің бауырынан тарағанның бәрі оны бірге туған туысындай қабылдайды. Егер отағасы және ауыл ақсақалдары тұтас ру осы баланы жатсынбасын десе, артық сөз айтылмасын десе ру басы көсем-билерге осы шешімді хабарлайды.  Осыған байланысты ру көсемі бастап жиналған қалың елдің алдында үшінші бір ғұрып өткізіледі. Ол ауыл-аймаққа аты белгілі бес береке атанып жүрген үлкен бәйбішелердің отыз-қырығы тізіліп тұра қалып, асырап алынатын бала аяқтарының арасынан еңбектеп өтеді. Енді ол осы елдің баласы, ешкім бөтенсімейді деген ишара. Қырық бәйбішеден тараған ұрпақ оны енді тұмсықтыға шоқыттырмайды, қанаттыға қақтырмайды. Ол да өз кезегінде өзінің ағайындары үшін жанын беруге дайын тұрады.  Жамбыл Артықбаев, тарихшы-этнограф

e-history.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: