|  |  | 

Тарих Әдеби әлем

ҮРЕЙЛІ ҮШ СОРАҢ 

―Үшінші бөлім
“Мәңгітастан” үзінді14502849_611298465697625_5190145110399756983_n

Жорықшы қол түн ортасы ауғанша ептеп көз шырымын алып, аттанып кетті. Таң атпай олар манағы от көрінген тауға жақындап келіп ат басын ірікті.
Сол кезде солтүстіктің ақша қары қылаулап тұр еді. Таң ата үскірік жел басылып қар торғайбастап түсе бастады. Дала ақ көрпеге оранып, тек қара сеңгір жон-жоталар мен секі тастар, биік сораңдар ғана қарауытып көрінеді. Қосын жақындап келсе манағы от жаққан жерде ешкім қалмапты. Тек жапа қостың орнындай етіп үйген сексеуіл маздап жана-жана басылып, бықсып қалыпты. Жаңа жауған қар астында атты аламанның ойқастаған ізі ғана жатыр. Жорықшы қол сол ізге түсті.
Бұл әдейі шырға екенін білген жорықшы қол жан-жағына жіті байқастап, өте сақ келе жатты.
―Тақсыр, бұлар онша көп емес, ары кетсе елу шақты атты адамның ізі, деді Ван Либэнь.
―Қарай гөр, өздерінше алдап соқпақшы! – деді Сяо Сы-ие үзеңгісін шірене алға таман ұмсынып қойып.
―Соны демейсіз бе?! – деп Ли Дачжэн де оны қостап қояды. Сол кезде алда келе жатқан бір сардар:
― Ананы қара! – деп айғай салды.
Анадайда жота басында бір қауым атты сарбаз ұйлығып, бұларға қара беріп тұр еді.
―Жаңағы отты жаққан осылар. Оларды тұс-тұсынан қоршап ұстап әкеліп, әкесін көзіне көрсетейік. Сонда өздері-ақ маңырап береді! – деді Сяо Сы-ие.
―Ендеше не тұрыс, екі бағытқа бөлініп қоршаңдар! – деді. Сол-ақ екен, Ли Дачжэн мен Ли Цзиньцзя өз қосындарын бастап, екі қанаттан шұғыл шеп жайды. Манадан жорықшы қолдың санын, ат-көлігінің қарымын байқап тұрған түріктер табғаштар екі қанаттан бүруге айналғанда жіті қимылдап, кезқұйрықтан тайсаған күйкентайдай жалт беріп, ізім-ғайым жоқ болды. Манадан арсалда болған қалың қол ойда-жоқта жер сипап қалды.
―Қап әттеген-ай! – деп Сяо Сы-ие санын бірақ ұрды, бұл немелер қарамызды байқап қалды.
―Қалың қолдың келе жатқанын байқаған олар енді әсте тұзақ баспайды.
―Ол рас. Біз олардың елін басып алсақ, салт атты қол қайда барар дейсің.
―Бәле!
Қалың қол Бөрілі тауды бөктерлеп, оның батыс жақ сауырына қарай тартты. Әлгіндегі елу шақты атты адамның ізі де солай қарай кеткен еді. Олар тауды қапталдай шолғыншылардың ізінен жаңылмай тартып отырды. Бір кезде Бөрілі таудың биік сораңдары азайып, тау бара-бара жатағандап, салбыртыланып келіп тура батысындағы үлкен ойпаңға ұмсынып барып тоқтады. Әлгі аттылардың ізі ар жақ, бер жағына көз жетпейтін сол үлкен ойпаңға таман ойысып, одан әрі тура оңтүстік батысқа – Құлантау жаққа тартып кетіпті. Жорықшы қол соңынан тағы біраз қуғанымен олардың қарасын кезіктіре алмады. Оның үстіне сәл желемік аралас борай жауған қалың қар біраздан соң ізді көрсетпей тастады.
―Бұлар Құлантауға кетті. Ұры-қарының бәрі сонда деген сөз. Қырсыққанда күннің райы да мұнша бұзылар ма. Мұндайда бөрі мен түріктің бірдей құтыратын әдеті ғой. Құрып кеткір, сақ болыңдар, -деді Сяо Сы-ие атының басын іркіп.
―Бас қолбасшы, ендеше бұлардың негізгі халқы Шұғай құзында қалған екен! – деді Ван Либэнь.
―Бізден бір қателік кетіпті, – деді Сяо Сы-ие де қабағат ойланып, әсілінде Шұғай құзының шығысынан бастап сүзсек болғандай екен.
―Дегенмен сіздің айтқаныңыздың да жаны бар, түріктер ешқашан да бізді текке шырғаламайды. Олардың мал-мүлкі мен ошарлы елінің Шұғай құзында қалғанына еш күмәнім жоқ, – деді Ли Дачжэн.
―Мен алыстағы он оқтардың жеріне барғанымда олар бізді ылғи да осылай алдап апарып жасанған жауға тап қылатын еді. Сөйтсек, олардың салт атты сарбаздары бір жақта, жай бұқарасы бір жақта жүреді екен. Меніңше, олардың қалың қолымен айқасқаннан көрі, ауыл-аймағын, қатын-баласын басып қалған жөн. Сол кезде олар өздері-ақ келіп айқасқа түседі. Ал біз шаршамай, шалдықпай-ақ табандап тұрып оларды бір-бірден жамсата береміз. Өйткені біз – көп, олар – аз. Олар қаншамызға төтеп береді дейсің.
―Табылған ақыл! – деп Ли Дачжэн бөркін аспанға атты.
―Қалың түрік қыр астынан тап бергенде көрермін әуселеңді! – деп Ван Либэнь анадайда тұрып мырс-мырс етіп миығынан күлді. Түйе пішкен жеріне жоламайды демекші, оның түріктерден жүрегі шайлыққалы қашан.
Түрік шолғыншылары Құлан тауға беттегенде, бұлар қалған ел-жұртты басып қалу ойымен мүлде кері бағытқа – Шұғай тауына қарай тартты. Қар барған сайын үдей жауып, арты ақ түтекке ұласты. Жорықшы қол батыстан үрген борасынға арқасын беріп желдің ығына қарай үдіре тартып отырды. Құдды әлде бір көне заманғы қытай ақынының солтүстіктің қарлы бұрқағын өлеңге қосып:

Аспан қолы қаһарланып күміс теңіз сапырды,
Ақ кіреуке меруерттер жарқ-жұрқ етіп шашылды,
Ағараңдап айдағарлар көк жүзінде жұлқысты,
Саудыраған қабыршағы қапалақтап жерге ұшты,

-дегеніндей болды. Жер мен көктің көбесі қайда жымдасқаны белгісіз осынау аппақ әлемде мынау төбеден төніп тұрған Бөрілі таудың қара сеңгір шоқылары да бұлдырап әрең көзге түседі. Егер Бөрілі таудың ұзыннан ұзаққа созылған сұлбасы болмаса бұлар әлде қашан бағыттан адасар еді. Оның үстіне уақыттың да қай шама болғаны белгісіз. Түс пе, бесін бе әлде екінті ме – білу қиын. Бірақ күздің күрмеуге келмейтін қысқа күні қанша тұрар дейсің. Бір демде жер-әлем қара барқындап, қас қарайып бара жатты. Осы кезде таңертеңнен ақ бұрқаққа бөленіп, мәре-сәре болып жатқан ақ ұлпа әлем де енді біртүрлі үрей құшағына тоғып бара жатқандай еді.
Көк түндігі жабылып, жерге қараңғы түссе де, ақша қармен шағылысқан түнгі алакеуімде қосын үздіксіз алға жылжып келе жаты. Бірақ олар арттарынан мыңдаған түркі аттыларының ізге түсіп келе жатқанынан хабарсыз еді. Олар ойлағандай түркінің қаймана қалың жұрты да Шұғай құзын қыстап отырмаған болатын. Ата-бабасынан сан айқасты басынан кешкен түріктер табғаштардың сыр-сипатын жақсы білетін. Сол себепті, олар жауды әдейі бейбіт халық бекінген Құлантауға қарай бастады. Жау мұны әдейі жасалған шырға деп ойлап, шығысқа қайтып кетті. Енді міне, иен жатқан Шұғай құзына қарай бекер ат терлетіп келеді.
Басы Бөрілі таудан басталатын Шұғай құзы ұзыннан-ұзақ мың шақырымға созылып жатқан орқашар қара тау еді. Оңтүстігі – тау бөктерін кенерелей аққан Сарыөзен, Қара Нарын. Шығысы – Талқымға тиіп жатқан жатаған, миқы адырлар. Шұғай құзы шығысқа қарай салбыртылана созылып барып таусылған жерде Сарыөзен жалт беріп оңтүстікке қарай ағатын.

Тұрсынхан Зәкенұлы

Related Articles

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: