|  | 

Әдеби әлем

ӘЛЕМ ТАРИХЫНДАҒЫ ТҮРІКТЕР ІЗІ

 Ұлттық музейде Мемлекеттік және Күлтегін сыйлықтарының лауреаты, белгілі ғалым, жазушы Қойшығара Салғараұлының «Жер жаһанда арғы атаңның ізі бар» атты кітабының тұсаукесері болды.

 «Жер жаһанда арғы атаңның ізі бар» атты кітап автордың бұған дейін жарық көрген «Ежелгі түріктер», «Шығыстағы түріктер» және «Ортағасырлық түріктер» атты зерттеу еңбектерінің қорытынды түйіні іспеттес. Мұнда автор қазіргі таңда «түріктектес», «түріктілдес» деп аталатын халықтардың арғы ата-бабаларының естен өшкен ескі замандардағы тарихына қатысты бұрын-соңды зерттеушілер қаламына ілікпеген әлем халықтарының мифологиясындағы тарихтық, тілдік деректерді бүгінгі археология, лингвистика, генетика, тарих ғылымдарының жетістіктерімен сабақтастыра талдау арқылы өзіндік жаңа, тосын пайымдаулар жасайды. Тың ойлары оқырманын бірден баурап, қызықтырып, одан әрі оқуға жетелеп отырады.

   Тұсаукесер рәсімін өткізуге мұрындық болған ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай кітап авторына шығармашылық табыс тілеп, Қойшығара Салғараұлына алғашқы сөз тізгінін ұстатты. 2de4b093e90e756cbb8bb7064817620f.jpg «Ардақты ағайын, жиналған қауым, тарих жанашырлары! Бүгінгі айтылар ойда, сөйленер сөзде сіздердікі мен сөзімді бүгінгі кітабымның тұсаукесер рәсімін ұйымдастырып отырған Дархан бауырым басқарым отырған ұжымның қызметкерлеріне шынайы алғысымды білдірумен бастаймын»,-деді.  Одан әрі Қойшығара Салғараұлы «Жер жаһанда арғы атаңның ізі бар» кітабының жазуына не түрткі болғанын, ұлттық тарихты танудағы алғы шарттарымыз туралы, қайдан шыққан тегіміздің тарихы туралы мәселелер төңірегінде талғамды ой-пікір білдірді.  4961aa43b13786ffc408eda79d4b8853.jpg«Бастапқыда, кәсіби тарихшы болмасам да, төл тарихты танып-білуді перзенттік парыз санап, тарих оқулықтары мен шығармаларын теріп оқып, «біз кімбіз, қайдан шықтық, қайда келдік, қалай келдік?» деген тәріздес көкейде туындаған сұраққа жауапты қиналмай-ақ бірден табамын ғой деген үмітте болғам. Бірақ олай болмады. Арнайы ғылыми зерттеу институты шығарған академиялық еңбектерден де, жекелеген тарихшы ғалымдардың зерттеулерінен де, оқулықтардан да іздегенім табылмады. Сондықтан да ізденіс алаңына өзіндік соқпағымды салып, зерттеуімді жүргізіп, жаңаша іздеуіме тура келді. Соның нәтижесінде он шақты кітап жаздым»,-деді кітап авторы Қ.Салғараұлы.  Тұсаукесерде жұртшылық алдына шығып пікірлерін айтқан ғалымдар, ғылым докторлары, әдебиет пен өнер қайраткерлері болды. Түрколог ғалым, жазушының досы Қаржаубай Сартқожаұлы автордың тарих ғылымындағы зерттеу еңбектеріне тоқталып, кәсіби тарихшылардан артық еңбек жазып келе жатқанын айтып өтті. a7294f1946995d45f4354c86cd26e476.jpg  Іс-шара барысында сөз алған ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлы автордың тарихты жазудағы ақиқатттан ауытқымай, түркілер әлемін танудағы еңбегін жоғары бағалады. Алтай халықтары деген тарихи терминді де терең зерттеп, алтын елі деген тұжырым айтқанын айтып өтті. Сонымен қатар, жиында Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Төлен Әбдік сөз алып, «Жер жаһанда арғы атаңның ізі бар» кітабының тарих ғылымы үшін бағалы екендігін жеткізді.  «Ұлттық сана тарихи санадан басталады. Тарихи сана қалыптасуы үшін, адам өзінің тарихын, арғы тегін танып білу керек. Сол тұрғыда қазір үлкен бетбұрыс бар екені анық. Қазақ жазушыларының ішінде Ілияс Есенберлин, Әбіш Кекілбаев, соңғысы Қажығали Мұханбетқалилар тарихи шығармалар жазу арқылы, ұлттық тарихты тануға даңғыл жол ашты. Әдеби тұрғыдан келетін болсақ, тарихи шығарма жазу, тарихи таным қалыптастыру шығармашыл адамға пайдалы емес. Өйткені жазушы адамның бойында үлкен концепциялар, философиялық ойлар болады. Ал, енді тарих туралы жазғанда сен тарихтан шыға алмайсың. Сөйтіп сен түгел шығармашылық идеяларыңды бір құрсауда ұстайсың. Сондықтан тарихи танымды жазу бір жағынан абырой, бір жағынан қиын. Қазір енді сол тарихтың өзіне тарихшылар сияқты тоқталып өткендердің бірі Қойшығара Салғараұлы. Одан бөлек Әнес Сарайда бұл қатарды толықтырады. Жарылқап Бейсенұлы және бар. Бұлардың бір қызығы бұлар тарихты оқылатын етіп жазады. Тарихшыларды оқу қиын»,-деді Т.Әбдік.  Салтанатты шараға тарихшы ғалымдар, қоғам қайраткерлері, музей қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚҰЛЫ

 e-history.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: