|  | 

Көз қарас

«А» – деген албастыны аластайық…

 12607169_1675810842691850_1065942310_nСоңғы кезде фб да «О» әрпіне қатысты біраз адам мәселе көтергенін, тележурналистерге қалай сөйлеу керектігін үйретіп жүргенін, журналистердің соларға еліктей бастағанын байқадым. Жанашырлықтарын түсінем. Бір-екі мәрте «жігіттер, осыларың жаңсақ-ау»,–деп едім, елемеді. Енді осы мәселеге дұрыстап тоқталар кез келген секілді. Орфоэпияны түзе! – деген ескерту жасар кезде тілдік нормалар, ережелерден мысал келтірілсе жақсы болар еді. Ал құры «мен білемдік» жақсылыққа апармайды, дұрыс сөйлеп жүргендердің өзін жаңылдыруымыз мүмкін. Сонымен, «О»-ға оралайық. Қазірде дәл осы әріптің дыбысталған кезде «А»-ға айналып кетуі көп адамның шымбайына батып жүр екен. Және « о-ға обал жасамайық» біртіндеп « (а) деген албастыны аластайыққа» айналып бара жатыр. Түсінуімше кей кірме сөздегі «О»-ны «А» етіп айтуды біз орыс тілінің үндестік заңынан сіңіріп алғанбыз?! Бұл – түбегейлі қате! Керісінше «О»-ға басымдық беру орыс тілінің ерекшелігі. 1940 жылы ҚазССР Жоғарғы Советінің 5 сессиясында жаңа алфавит, емле жобасы бекітілді. Соның негізінде орыс графикасына негізделген жаңа алфавит, орфография басылды. Морфологиялық принцип басты назарға алынды Осы кезден бастап біз совет, колхоз, совхоз, газет деп жаза бастадық, тіліміз сынғанша айта бастадық. Ал оған дейін латын алфавитін пайдаландық. Латын алфавитінің басты ерекшелігі – фонетикалық принципті, демек, қазақтың тілдік ерекшелігін ескере отырып жазуға мұрсат беретінінде еді. Жоғарыдағы совет – сәбет, газет – кәзет, совхоз – сабқоз болып жазылатын да, айтылатын да. О дыбысы біресе ә-ге біресе а-ға айналып кеткенін байқап отырған шығарсыздар… Дәл осы 40-жылдан бері қарай қазақ тілі қатты қыспақ көріп келеді, ұлттық ерекшелігімізді ұстап тұрған фонетикамыз ғана. Әбдірахмановтың – Әбдірақманып, Оттағановтың – Оттағанып, т.б. болып айтылуы тіліміздің «өлмесем!» – деп тырмысып келе жатуының жемісі. «О»-ны үстем ету – сол фонетикалық соңғы үмітті өлтіру! Рас, «о» бұзылмай айтылатын сөздер де жетерлік, мысалы «компьютер» дегенде сол қалпы айтылады. Өйткені бұл сөздегі соңғы дауысты да ерінді к – й+у (ю) (екі еріндік -е езулігін жұтыңқырап жібереді). Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Бірақ, түсінем деген, түсінгісі келген адам болса осы да жеткілікті деп ойлаймын. Егер таза қазақша сөйлеуді көксесек 1940 жылғы талаптарды өзгертіп, фонетикалық принципке негіздеп жаза бастауымыз керек. Журналистер де біреудің айтарын “ләппайлап” қағып алардан бұрын: “Осым жөн бе?” деп “Қазақ тіліне” бір үңілсе жөн болар еді.

Serik Abikenның facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: