|  | 

Әдеби әлем

ИТ ӨМІР

BoriРизығын күл қоқыстан теріп жеп жүрген ала қаншықтың басына бір ақ күнде бақ қонды.Күл қоқысқа жақын тұратын үйдегі таныс қара төбет ауыл иттерінің атаманы болып шықты.Өзі де беймаза төбет еді.Сұлу қаншық көрсе сілекейі шұбырып,көзі жайнап шыға келетін.Алып бара жатқан атан күші болмасада аздап айласын асыратын.Сылаңдаған сұлу қаншықтардан төбеттердің бәрінің үміті бар.Бірақ сол үміті құрғыр біреуін арманына жеткізсе енді бірін сағымдай алдайды.Қара төбетте түрлі өмір соқпақтарынан өтті.Басқа төбеттердің  иемденген сұлу қаншықтарын тартып алу жолында аяусыз күрестер жүрді.Неше түрлі дене жарақатын(телесныи травма)алды. «Жалғыздың үні шықпас  жаяудың шаңы шықпас»деген өтірік екен.Бұл жалғыз өзі басқа төбеттердің шаңын да жанын да шығарды.Кейде өз өзіне таңқалады.Сойқан төбелескіш екен.Басқаның сұлу қаншығын тартьып алып с…п жіберген қандай бақыт,қандай ләззәт десеңші!Сондай ләззәтті күндерінің көбін бірге өткізген ала қаншықты,қара төбет атаман болған күні ақ өзіне шақыртып алды.

Қара төбеттің ұясы алтынмен апталып,күміспен қапталған екен.Өмірінде мұндай «сарайды»бірінші рет көрді.Кіре берісте күзетші болса керек екі мәшке шәңк- шәңк етіп ала қаншыққа сес көрсетіп еді,төрде көлденең жатқан қара төбет «ырр-ырр»деп дыбыс бергені сол екен,ана екеуінің дауысы шиқылдап барып сайқалдана басылды.Қара төбет сөйледі:Кел жаным.Өзіңді көрмегелі көп айдың жүзі болды.Талай иттің дәмеленіп жүзі келді.Бірақ ,дәл өзіңдей жан тәнімен берілген адал итті көрмедім.Сосын қанша ғұмыр қалды дейсің.Күл-қоқыста сүйек-саяқты қажап азап өмір сүргенше ,менің қасымда аздап болса да сылаңдап жүріп қалмайсыңба.Оның үстіне бұл жерде жіліктің майлы басын мүжисің.дәмді быламықтардың бәрі осында.Күніне бір рет биенің сүтіне шомылып жүндерің жылтырап,жарқырап жүресің.Анау күл-қоқыстың қасындағы иттерді өзің көрдің ғой жалба-жұлба,көздеріне көк шыбын үймелеп жүр.Бұл жерде таранып,айнаға қаранып басқа төбеттердің арманына айналасың.Әне қарашы күзетші екі мәшкенің екеуіне де педикюр жасатып тастадым.Біздің қожайын шіріген бай адам.Жақсы көрген итіне алтыннан тіс салдырып,күмістен қоңырау тағады.Ала қаншықтың қуаныштан көңілі алабұртып сиіп жіберуге шақ қалды.Сосын «один момент»деп күркенің бір бұрышына дәрет сындыруға ыңғайлана беріп еді қара төбет саңқ етті

-Стоп!

Ала қаншық тізесін бүккен күиі қатты да қалды.Көзі жасаурап қорғансыз кейіпте қара төбетке қарады

-Ана жерде арнайы  «унитаз»бар.мәшкелер көрсетеді- деді қабағы кіржиіп.Ала қаншық келген соң әңгіме әрі қарай жалғасты.

-Біз иттер ішіндегі іріктелген ақсүйектерге жатамыз.Сондықтан адамдарға ұқсап өмір сүру керек қой. «Ауылбайский»әдеттен арылып, «цвилизовный»өмірге үйрену қажет.Бұрынғыдай көрінген жусанның түбіне көлдей қылып сиіп кетуді ұмыт.Бүгін жуынып шайынып «косметикаңды»жағып өз өзіңе келесің.Ертеңнен бастап менің қасымда сылаңдап жарыққа шығасың.

Ала қаншықты күл-қоқыстың маңындағы иттердің көбі танымай қалды.Бұрынғы мұңдас,тағдырлас «құрбылары»жақындайын десе күзетші мәшкелер шәңкілдеп маңына жуытпайды.Ала қаншық тек алыстан(езуінде мысқыл күлкі)қол бұлғаумен шектеледі.Кейбір иттер күл-қоқысқа (случаиный)түсіп қалған майлы жіліктерін ұсынып әлек.Күзетші мәшкелер ескертіп қойған «көшедегі иттердің берген тамағын жемек түгілі аяқпен түртуге де болмайды»деп.себебі ол жарылып кетуі мүмкін.Қазір террористер адам екеш адамды жарып жатқанда иттер дегенің не тәиірі.Жәй «эксперимент»ретінде күліңді көкке ұшыруы мүмкін ғой.

Ала қаншық күннен күнге сүлуланып,бөксесі бұлтыңдап төбеттердің көз құртына айналды.Бір күні оппозицияда жүрген төбеттер мәжіліс құрып күн тәртібіне қара төбет пен ала қаншықтың мәселесін салды.

-Соңғы кезде- деді бақа ауыз кәрі төбет-ала қаншық бізді елемей жүр.Өздерінен артылған сүиек-саяақты да дұрыстап бөлмейді.Жіліктің майлы басына таласып күнде ырылдасып жатқанымыз.Көз алдымыздан сылаңдап ары өтеді бері өтеді.Мысымызды басып бітті.Бірдеңе дейін десең кұзетші мәшкелер шәңкілдеп естіртпейді.Не істейміз?

-Ала қаншықтың қылығын қара төбет білмейтін шығар.Ол білсе сүйек-саяақты бәрімізге тең бөліп қарық болар едік деді шыбын бет сары төбет.

-Білгенде қандай-деді бір көзі соқыр қаншық.

Иттер жиыны әрі талқылап бері талқылап,бай қожайынның арқасында биті семірген қара төбетпен ала қаншыққа шара қолданатын болды.Ол қандай шара?Жүретін жолын торуылдап бәрі жабылып талап тастау.Түс кезінде алыстан шәңкілдеп күзетші мәшкелердің дауысы естілді.

-әні келе жатыр дайындалыңдар деді тіс қаққан кәрі төбет.

Ала қаншық сылаңдап,қара төбет ыржалаңдап көше иттерінің қасынан өте бергені сол еді,ызадан ашынған көп иттер жабылып кетті.Қара төбет есінен танып қалды.Бір кезде көзін ашса ит тұрмақ сайтан да жоқ.Үсті басы қан жоса.Артқы жамбасын шайнап тастапты.Сүйретіле ақсаңдап жолдың жиегіне шықты.Анадай жерде үйіріле қалған көп иттерді көзі шалды.Шөптердің арасымен бойтасалап жақындап келіп қарады.Өз көзіне өзі сенбеді.Ала қаншықтың үстіне кәрі төбет мініп алып с…п жатыр екен.Қаншықтың тілі салақтап,аузынан сілекейі ағып ләззәтті бір күй кешіп тұр.Өзін кұзеткен екі мәшке енді кәрі төбеттің бесігін тербетіп,есігін ашып жауып жүр.

Қара төбеттің жанарына мөлтілдеп жас келді.Кезінде күл-қоқысты мекендеген иттердің жағыдайын жасамағанына өкінді.Күштіге күйлеп,әлсізді илеп жүрген дәурен өтті.Тағдыр солай.Мына түрімен қожайынның бетіне көріну де масқара.Қазақтар айтушы еді «жақсы ит өлігін көрсетпейді»деп.Менде өлігімді көрсетпей иттер тарихында жақсы атпен қалайын деп қара төбет басы ауған жаққа қаңғып кетті.

 

Төреғали Батырханұлы

Related Articles

  • Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Елдес Орда Сурет: Автордың жеке архивінен алынды. Қазақ қоғамында жаңа интеллектуалдық кезең туып келеді. Бірінші, қазіргі қазақ қоғамында сенім мәселесіне қатысты пікірталастардың күшеюі кездейсоқ құбылыс емес. Бұл дегеніңіз әлеуметтік желілердің, ашық ақпараттық кеңістіктің және жаһандық интеллектуалдық ағымдардың ықпалымен қалыптасқан жаңа қоғамдық ойлау формасының көрінісі. Атеистік көзқарастардың ашық айтылуы, тәңіршілдік идеялардың қайта жаңғыруы және дәстүрлі діни орта арасындағы пікір қақтығысы зиялы ортада алаңдаушылық тудырғанымен, шын мәнінде бұл құбылыс қоғамның рухани әлсіреуін емес, саналы ізденіске бет бұрғанын көрсетеді. Екінші, ұзақ уақыт бойы қазақ қоғамындағы діни дискурс негізінен МОНОЛОГТЫҚсипатта болды. Уағыз айтылды, ал тыңдаушы тарап оны талқылаусыз қабылдауға тиіс еді. Сұрақ қою күмәнмен, күмән әлсіз иманмен теңестірілді. Мұндай ортада сенім дәлелдеуді емес, қайталауды талап етті. Ғылыми

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: