|  |  |  | 

Көз қарас Руханият Қазақ шежіресі

Алтайымыздың қадiрiн шетелдiктер бiзден артық бiледi

“Алтай, Алтай болғалы не көрмеген,
Кiмдер туып, Алтайда кiм өлмеген?!
Қытай, дүңген бауырында ойнақ салып,
Сорлы Алтайдың емшегiн кiм ембеген?!”, – деп,

Бұқара Тышқанбаев ағамыз жырлағандай, қасиеттi Алтай сан ғасырлар бойы кiмге пана болмады дейсiз! Тарихқа көз жiберсек, бүгiнгi таңда Ресей, Қазақстан, Моңғолия, Қытай мемлекеттерi төрт емшегiн таласа емiп отырған қойнауы кенге бай, қолтығы сыңсыған қара орман, жүгiрген аң мен ұшқан құстың базары, етегi егiндi алқап, төрт түлiк малдың мамыражай мекенi Алтай ықылым заманнан берi бiздiң ата-бабаларымыздың алтын бесiгi, кiр жуып, кiндiк кескен өлкесi болғанын ешкiм де жоққа шығармаған. Жоққа шығара алмайды да.
Алтай Алтай болғалы, бауырына адамзат қоныс тепкелi сан ғасыр өтсе де өзгермеген екi нәрсе бар. Бiрiншiсi, қасиеттi өлкенi қандай ұлт мекендесе де бiздiң бабаларымыздың қойған ардақты аты Алтайдың өзгермегенi. Екiншiсi, күнi бүгiнге дейiн Алтайдың Қазақстаннан тыс үш мемлекеттiң қайсысына қарасты өңiрiнен де қазақтардың кiндiгiнiң үзiлмегендiгi (Ресейдiң Таулы Алтайында 10 мың қосағаштық, Моңғолия жерi болып есептелiнетiн Моңғол Алтайында 100 мың байөлкелiк, Қытайда миллионға жуақ өр алтайлық қазақтар мекен етуде).
Бiз бүгiн бұлайша тарихты қозғағанда өзгелерден жер даулағалы отырған жоқпыз. Сол бiр бiздiң ата-бабамыздан қалған Алтай деген қасиеттi атты өзге ұлттардың қалай ардақтап, өзiмiздiң қалай қадiр тұтпай отырғандығымыз жайлы айтпақпыз. Бұл күндерi аталмыш үш елде Алтай – тау аты ғана емес, көптеген қалалардың, ауылдардың, елдi мекендердiң, мекемелердiң, ғылыми жобалардың, экономикалық аймақтардың да атауы. Ең қызығарлығы, сол өлкенiң басты қалалары Алтай деп аталады. Ресей Федерациясы Таулы Алтай автономиялық республикасының астанасы Горно-Алтайск қаласы, Моңғолияның Говь-Алтай аймағының орталығы да Алтай қаласы. ҚХР Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының Алтай аймағының орталығы да Алтай қаласы деп аталады. ҚХР құрылғанға дейiн бұл қала “Сарсүмбе” деп аталған. Сол сияқты, “Алтай” атты шағын ауыл, елдi мекен аттары бұл үш елде де толып жатыр. Таулы Алтай Республикасында Алтай атты аудан орталығы бар. Моңғолияның Алтай тауы бауырына орналасқан Баян-Өлгий, Қобда аймақтарының екеуiнде де Алтай атты сұмын (ауыл) бар. Мұның барлығы жергiлiктi халықтардың қасиеттi Алтай тауына тәу етуiнен, аялап, ардақтауынан туған атаулар екенiнде күмән жоқ.
Ал Алтайдың атам заманнан бергi төл тумасы, осы өлкенiң төрттен бiрiне күнi бүгiн ие болып отырған бiзде қалай? Алтай атты қала түгiл, елдi мекен бар ма? Егер Глубокое ауданындағы бiр ғана елдi мекен Алтайск кентi болмағанда, мүлдем ұятқа қалар едiк. Әрi кеткенде, Өскемен қаласындағы инновациялық жобалар дайындайтын технопаркiмiз “Алтай” деп аталады дерсiз. Өзге еш нәрсе жоқ. Рас, бұрын Катонқарағай ауданында “Алтай” атты совхоз болған. Бұл күндерi ол да атын жойған. Тiптi “Төр Алтай” деген айшықты атауды Қалихан Ысқақов, Әлiбек Асқаров, Әлiбек Қаңтарбаев сынды төл жазушыларымыздың шығармаларынан оқығанымыз болмаса, қарапайым халық “Төр Алтайды” ауызға ала да бермейдi.
Шынында солай, бiз Төр Алтайдың төрiнде туып, бар ғұмырымызды осында өткiзiп жатқандықтан қасиеттi мекеннiң қадiрiн бағалай бермейтiн сияқтымыз. Әйтпесе, неге бiр қаланың, бiр ауылдың атын Алтай деп атамаймыз? Осыдан кейiн “қазақ” деген халық Алтайдың төл перзентi деп қалай мақтанамыз?!

Бодаухан ТОҚАНҰЛЫ, журналист.
Өскемен қаласы

zhasalash.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: