|  |  |  | 

Көз қарас Руханият Саясат

Тоқаев: Жаңа әліппеде комиссия қоғам ұсынысын ескеруі қажет

"Наурыз саябағының" латын әрпімен жазылған атауы. Шымкент

“Наурыз саябағының” латын әрпімен жазылған атауы. Шымкент

Бүгін Қазақстан сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиіне өту жөнінде құрылған ұлттық комиссия қоғам талқылауындағы елеулі ұсыныстарды ескеру керектігі жайлы айтты.

Бұл туралы сенат төрағасы өзінің Twitter желісіндегі бетінде білдірген. “Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам талқылауындағы мардымды ұсыныстарды ескеруі қажет” деп жазған ол.

Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам талқылауындағы мардымды ұсыныстарды ескеруі қажет

Осы пікірінің алдында Қасым-Жомарт Тоқаев аталған желідегі бетіне “Елбасы айтқанындай, латын әліпбиін қолданысқа енгізуді кезең-кезеңімен іске асырған жөн” деп жазған болатын.

Елбасы айтқанындай, латын әліпбиін қолданысқа енгізуді кезең-кезеңімен іске асырған жөн.

Апострофты латын әліпбиі президент жарлығымен бекітілгеннен беріде мемлекеттегі “екінші тұлға” латын әліпбиі туралы алғаш рет өз позициясын білдіріп отыр.

Қазақстанда латын әліпбиінің екі нұсқасы ұсынылып, соңынан апострофты нұсқа бекітіліп, оны сынаған қоғам әлеуметтік желіде және баспасөзде айтарлықтай талқы тудырған болатын.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев биыл жыл басында жасаған мәлімдемесінде “2017 жылдың соңына дейін латынша қазақ әліпбиінің жобасын әзірлеу, үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің” нақты кестесін жасауды тапсырған еді.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Қытайдағы экономикалық крезис

      Қытай экономикасының тарихы Біздің ерамыздың 138жылы Қытай елшісі жаң циан батыста ферғанаға дейін келіп қайтады.Бұл кезде Қытайдың Хань империясымен көшпенді Ғұн империясының арасында бітпес соғыстар етек алған болатын.Бұл соғыста тек қана жер територия таласы ғана емес үлкен экономикалық мүдделерде жатқаны анық,олай дейтініміз ол заманда Қытай халқы негізі егіншілікпен қосымша тоқымашылық,аздап қолонеркасыппен айналысты.Басты өндіріс өнімі саналатын фарфор мен жібекті сату үшін ұлкен базар керек еді.Хан уди патшаның тұсына дейінгі империяторлар тұсына дейін халықтан тек1/30 салық жиналып тұрдыда халықтың әл -аухаты жақсарды,бұны сол кездегі деректерде:«дала мыңғырған малға ,қамбалар астыққа толып,қазына алтын,күміс ақшаларға толып кетті,тіпті санын алудың өзі мүмкін емес еді»деген деректен көруге болады.Хань патшалығы алғаш құрылған кездері Ғұндардан ойсырай жеңіліп жылына

  • Марғұлан Сейсембаев Қазақстанға тағы да қайтып келді 

    Азаттық радиосы Қазақстандық бизнесмен Марғұлан Сейсембаев. Шетелге кетіп қалған кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев Қазақстанға оралды. Ол өзі мен отбасының қауіпсіздігіне кепілдік берген “жоғарыдағы кісілердің” сөзіне сенімді болған соң елге келгенін айтады. Ақпанның 2-і күні Азаттық тілшісімен телефон арқылы қысқа ғана сөйлескен Марғұлан Сейсембаев қазір Қазақстанда екенін растады. Бұған дейін Қазақстанда өзі мен отбасының қауіпсіздігіне “ең жоғары дәрежеде кепілдік берілгені” туралы хабарлаған бизнесмен елге қандай шарттармен оралғаны туралы журналистерге комментарий бермейтінін айтты. Азаттық тілшісінің “Қауіпсіздігіңіз туралы кепілдікке сенімдісіз бе?” деген сауалына Марғұлан Сейсембаев: – Сенімді болмасам келмес едім, – деп қысқа жауап берді. Ол елге қайтып оралғанына байланысты кейін әлеуметтік желіде ақпарат жариялайтынын айтты. Біршама уақыттан бері шетелде жүрген Марғұлан Сейсембаев ақпанның

  • “Путиндік Ресей” жайлы 100 сұрақ 

    Азаттық радиолы Татьяна Кастуева-Жанның “Путиндік Ресейге қатысты 100 сұрақ” кітабының мұқабасы. “Путиндік Ресейге қатысты 100 сұрақ” (La Russie de Poutine en 100 questions) – қазіргі Ресейдің жағдайы түрлі дереккөздерден алынған фактілер мен жеке автордың тәжірибесіне сүйеніп сипатталған 100 қысқа тараудан тұратын кітап. Шығарманың мақсаты – либералдық құндылықтар негізінде тәрбиеленген Батыс Еуропа тұрғындарына қазіргі Ресейдің болмысын түсіндіру. “Путиндік Ресейге қатысты 100 сұрақ” кітабында Ресей мен Франция қоғамының арасында түсініспеушіліктер тым көп екені айтылады. Кітап авторы әрі Франциядағы ІFRI халықаралық қатынастар институтына қарасты Ресей және ТМД орталығының директоры Татьяна Кастуева-Жан Азаттықтың Орыс қызметіне сұхбат берді. – Фукуяманың (Фрэнсис Фукуяма – америкалық философ, саясаттанушы, саяси экономист әрі жазушы – ред.) “Тарихтың ақыры” деген кітабы

  • АҚШ санкция ықтималдығымен «Кремль есебін» жариялады 

    Азаттық радиосы Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта), осы елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков (арт жақта) ТМД елдері басшылары жиынында отыр. Сочи. 11 қазан, 2017 жыл. АҚШ қаржы министрлігі жариялаған “Кремль есебінде” Ресей президенті Владимир Путиннің айналасындағы санкция салынуы мүмкін адамдардың аты-жөні белгілі болды. Есепке ілінген 210 адамның ішінде үкімет мүшелері, Путин әкімшілігінің қызметкерлері, олигархтар және “өзге де жоғары лауазымды саяси жетекшілер” бар. АҚШ-та жариялануы көптен күтілген осы тізімдегілер болашақта Америка санкциясына алынуы әбден мүмкін. “Кремль есебіне” Ресейдің 114 жоғары лауазымды саясаткерлері және 96 олигарх қамтылды. Бейресми түрде бұл есеп “Путин тізімі” деп аталады. ТІЗІМДЕГІЛЕР Аталған тізімге алынғандардың ішінде Ресей президентінің баспасөз хатшысы

  • Шәкерім қажының атына қатысты

    Шәкерімді “Шәкәрім” деп атау қалыптасып кетті. Өзім де осылай айтып жүргем. Мұхтар Мағауин ақсақалдың екі уәжінен соң пікірімді өзгерттім. Ақсақалдың сөзінше, біріншіден, Шыңғыстау, Бақанас пен Шұбартаудағы ағайыны көзі тірісінде һәм кейін шайырды “Шәкерім” деп атаған. Екіншіден, тіпті замандастарының көзін көріп, сөзін естігендерге сенбеген жағдайда, мынадай қисынға тоқтауға болады: қазақ тілінде “әкә” деген буын мүлдем жоқ, сөз ішінде кездеспейді, фонетикалық заңдылыққа қайшы. “Әке”, “дәке” (марля), “Сәке” деген сияқты атаулар соның айғағы. Ақсақалдың осы бірінші уәжі-ақ өз басыма жеткілікті еді, екіншісі мұның дұрыстығын әбден ұғындырып тұр. Ғалым БОҚАШтың facebook парақшасынан алынды БАС ТӘУЕЛСІЗДІГІ Адамның шын мінезі, ой-пікірі һәм қабілеті жеке басы үшін саяси-экономикалық тәуелсіздік туғанда ғана білінеді (салыстырмалы түрде айтып отырмын, абсолют

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: